ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Кез келген мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатына үлкен көңіл бөледі және оны дамыта отырып әлемнің көптеген мемлекеттерімен әр түрлі салада қарым-қатынас орнатады. Қазақстан Республикасы 1991 жылы өз тәуелсіздігін алғанан кейін, әлемдік аренада басқа мемлекеттермен тең құқықтық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды. Әрине, ең алдымен мемлекеттің сыртқы саясатын орнату үшін, өзінің дипломатиялық және консулдық қызметін жолға қойып, тұрақты өкілдіктер орнату керек болды. Әлемнің көптеген ықпалды халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастық орнатып, халықаралық келісім шарттарға белсенді түрде қатысып отыруы Қазақстанның халықаралық беделінің жоғарылауына өз септігін тигізді. Еліміздің кең байтақ жері мен табиғи байлығының молдығы, ішкі саяси тұрақтылық пен экономикалық көрсеткішіміздің жылдан жылға көтерілуі, еліміздің дүние жүзі мемлекеттерімен әр түрлі салада қарым-қатынас орнатуында алар орны бөлек. Қазақстан Республикасының 2002 жыл 7 наурыздағы №299 «ҚР дипломатиялық қызмет туралы» заңына сәйкес консулдық қызмет дипломатиялық қызметтің буыны болып, шетелде Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларының және мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған [1] . Жалпы дипломатия сияқты консулдық қызмет те уақыттың өзгерулеріне икемді әсер етеді, ішкі және сыртқы саяси жағдайлардың өзгерулеріне өте сезімтал сезіледі. Оның қызметін координациялауды Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрінің Консулдық қызмет департаменті жүргізеді. Оның негізгі міндеттеріне: Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерімен консулдық қатынастарын қамтамасыз етуіне қатысу, Қазақстан Республикасының шетелдегі жеке және заңды азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және визалық мәселелерді шешу болып табылады.Яғни, қазіргі кездегі дамыған осындай саяси құрылым өзінің бастауын ертедегі Еуропадағы саудагерлерден алған. Ал консулдық институттың алғашқы түрі Еуропалық көпестердің Шығыстағы мүдделерін қорғау үшін құрылған болатын. ХІ- ХІІ ғасырлардағы еуропалық елдер арасындағы сауда саттықтың терең дамуы бұл институттың таралуының негізгі себептері болып саналады. Мемлекетіміз өзінің халықаралық дипломатиялық және консулдық құқықтық статусын анықтау үшін 1993 жылы наурыз айында, 1961 жылғы «Дипломатиялық қатынастар туралы» Вена конвенциясына, және 1963 жылғы «Консулдық қатынастар туралы» Вена конвенциясына қосылды [2]. Бұл құжаттардан басқа, еліміз дүние жүзінің бірнеше мемлекеттерімен көпжақты және екі жақты консулдық конвенциялар мен келісім шарттар орнатты. Әрине, осы халықаралық құқықтық құжаттар, республикамыздын сыртқы саяси бағытын жүзеге асыра отырып, оның шет мемлекеттердегі мүддесін қорғайтын дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің ашылуы және жұмыс істеуі тәртібін анықтайды. Қазақ халқын ардақ тұтқан және елге қызметі сіңген дипломаттарымыздың да Қазақстанның дипломатиялық және консулдық қызметінің дамуында қосқан үлестері мол. Тұңғыш дипломат Нәзір Төреқұлов қазақ елі үшін дара тұлға. Мелекеттік қайраткер қазақ, өзбек, тәжік тілдерін бірдей менгеріп, тамырлас, туыс үш тілде туған тіліндей сөйлеген. Татар, қырғыз, әзербайжан, ағылшын тілдерін оқып үйренген азамат. 1928 ж Араб еліндегі КСРО ның Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Сөйтіп, Нәзір Төреқұлов КСРО дағы тұңғыш қазақ елшісі атанды. 1937 ж зұлматтың құрбаны болған азамат кеш болса да уақыт өте ақталады. Сол кездері Монғолия мемлекетіндегі КСРО ның өкілі, мемлекеттік және қоғамдық қайраткер Тұрар Рысқұлов болды. Кеңес одағы кезінде, 1944 ж Тәжібаев Төлеген Тәжібаевич Сыртқы Істердің алғашқы ұлттық комиссары болып тағайындалды. Кейін ұлы қайраткер өзінің дипломатиялық жұмысын шетелде атқарады. Ол көптеген жыл КСРО ның Үндістандағы елшілігінде қызмет атқарады. Елге қызмет еткен мемлекеттік қайраткер Фазылов Мәлік, КСРО ның Марокко және Мали республикаларында елші қызметін атқарды. Қазақстан Республикасы өз егемендігін жарияланған кезден бастап-ақ, халықаралық қатынастарды жүзеге асырып, ел мүддесін қорғап жүрген елшілеріміздің дипломатиялық және консулдық кызметтердің дамуында қосар үлестері мол. Ұлы қайраткер Сулейменов Төлеутай, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары мемлекеттің сыртқы істер министрі болып қызмет атқарды. Сонымен қатар, Қанат Саудабаев, Қасымжомарт Тоқаев, Ідірісов Ерлан, Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин сияқты дарынды да елшілеріміз Қазақстаннның халықаралық қарым- қатынастарын дамытып келуде. Қазақстан өз егемендігіне қол жеткізгеннен кейін, өзінің сыртқы және ішкі саясатын орнату оңай соқпады. 1992 жылға дейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде консулдық мәселелермен айналысатын кішкене бөлімше болды. Уақыт өте осы бөлімше негізінде Консулдық басқарма құрылды. 1994 жылы консулдық міндеттер мен жұмыстардың көлемінің өсуіне байланысты консулдық басқарма Басты басқармаға өзгертілген болатын. 1997 жылы ҚР СІМ нің құрылымы өзгеруімен байланысты Консулдық қызмет Департаменті құрылды [3]. Бұл департамен ҚР ның басқа мемлекеттік мекемелері, министрліктері және ведомстваларымен тығыз байланыста болады. Консулдық қызмет департаменті қазақстандық шетел консулдық мекемелерінің, шетелдегі Қазақстан Республикасының құрметті консулдарының, Қазақстан Республикасыны олардың 352 353 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы № 1 (80) 2011 бөлімшелерінің және аумағындағы Қазақстанның СІМ өкілеттерінің және олардың бөлімшелерінің, халықаралық әуежайлардағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі жұмыстарына басшылықты жүзеге асырады. Консулдық қызмет департаменті өзінің құзіреттілігі шегінде заңнама және өзге де нормативтік актілерді дайындауға қатысады. Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығу мен Қазаұстан Республикасының аумағына қазақстандық және шетел азаматтары мен азаматтығы жок тұлғалардың келуі тәртібін, сондай- ақ, соңғылардың Қазақстан Республикасының аумағындағы құқықтық жағдайларын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстарды дайындайды. Қазақстан Республикасының консулдық жұмыстарын үйлестіру мен оны дамыту сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаментіне жүктелген. Департаменттің маңызды қызметтерінің біріне шетелдегі консулдық мекемелерді басқару және оның қызмет етуіне көмектесу болып табылады. Сонымен қатар, департамент қазақстандық консулдық қызметтің заңдық базасын үнемі жаңартып, жетілдіріп отырады. Консулдық қызмет департаментінің құқықтық базасы болып 1963 ж « Консулдық қызметтер туралы» Вена конвенциясы және 1999 ж ҚР Консулдық жарғысы табылады. Консулдық департамент өз қызметі шеңберінде жасалған барлық республикалық халықаралық келісім шарттардың және конвенциялардың консулдық мәселе бойынша орындалуын қадағалайды. Қазақстан Республикасы осы кезге дейін көптеген мемлекеттермен консулдық қарым-қатынас орнатып келеді. 1994 жылы наурыз айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында консулдық конвенцияға қол қойылды. Яғни азаматтардың өзара сапарлары және шекараларда құқықтық жеңілдіктер беру туралы мәселелер қарастырылып бірнеше шарттарға қол қойылды. 1996 жылы Беларуссия Республикасымен, 2006 ж 31 мамырда Польша мемлекетімен сондай-ақ басқа да бірқатар мемлекеттер мен қатынас орнай бастады. Ол мемлекеттер қатарына АҚШ, Италия, Автралия, Греция, Ұлыбритания, Қытай, Түркия, Германия т.б мемлекеттер жатады. 2000 жылдары шетелдегі консулдық мекемелердің саны 38 болса, қазіргі кезде олардың саны 71 ден асады [4]. Еліміздің басқа елдермен сауда-экономикалық, мәдени және туризм салаларында байланыстары дамыған сайын шетелге шығатын және келетін шетелдіктердің саны да көбейе түседі. Бұл әрине консулдық қызметтің жандануын қажет етеді. Еліміздің визалық және көші- қон саясаты консулдық қызметтің басты міндеті. Сонымен бірге визалық саясат еліміздің саяси және экономикалық мүдделері және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын есепке ала отырып жүргізіледі.1992 жылдан бастап Қазақстан өзінің визалық саясатын белсенді түрде дамытуға кірісті, себебі ол консулдық қызметтің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. 1992 жылы 9 қазанда Бишкек қаласында ТМД ның 9 мемлекеті арасында сауда-экономикалық, ғылыми техникалық, мәдени және көршілік қарым қатынасты дамыту мақсатында ТМД территориясында визасыз жүру туралы келісімге қол қойылды. 2000 ж 30 қарашада, Минск қаласында Кедендік одақ және Біртұтас Экономикалық Кеңістікке қатысушы мемлекеттер азаматтарының олардың аумағында визасыз жүруі туралы келісімге қол қойылды.Консулдық қызмет департаменті БЭК-ке мүше елдер территориясында олардың азаматтары 30 күнге дейін тіркелмей жүре алу туралы талдауға қатысты [5]. Шетелге шығу және шетелдік азаматтардың келуі туралы мәселені жеңілдету біздің қазақстандық консулдық қызметтің басты міндеттерінің бірі. 1996 жылға дейін еліміз бірнеше елдермен шекарадан жеңілдіктермен өту туралы келісімге қол койды. 1992 ж Туркиямен, 1993 ж Қытаймен, 1994 ж Иранмен, 1995 ж Пакистанмен, 1996ж Венгриямен орнатылды. Екіжакты визалық режим дипломатиялық және қызметтік паспорттарға ие тұлғалар үшін. Еліміз Азия, Еуропа, және Америка елдерімен толық және жартылай визасыз режим бекіткен. Монғолия мемлекетімен 90 күн, Словакиямен де 90 күн, Венгрия, Иран, Қытай, Үндістан мемлекеттерімен 30 күндік визасыз әрекет етуге мүмкіндік беретін келісімге қол қойылған. 2004 жылдан бастап Қазақстан Републикасының консулдық қызметі визаларды компьютерлік әдіспен толтыруға көшкен болатын. Бұл виза рәсімдеуді және мемлекеттік шекаралық пункттердің жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді. Және де осы кезге дейін азаматтарға визаларды рәсімдеу процедураларын жеңілдету мақсатында көптеген мемлекеттермен келіссөздер жүргізілуде. Қазірге дейін Қазақстан бірнеше мемлекеттермен сол туралы халықаралық шарттар бекітілген. 2004 ж бұл мемлекеттердің саны 28 болса, қазіргі кезде олардың саны 45-тен асады. Бұл Канада, АҚШ, Корея, батыс Еуропа елдері , Сауд Арабия тағы да басқа елдер. 2008 ж. Қытай Халық Республикасының Бас консулдығының ашылуы, 2010 ж. 17 шілдеде Алматы қаласында Франсуз республикасының Бас консулдығының ашылуы яғни осы мекелердің ашылуы, келісімдер мен құжаттардың бәрі халықаралық қатынастың жақсаруының дәлелі [6]. ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР-да тіркелген Еуропалық Одаққа мүше елдердің дипломатиялық өкілдіктері арасында келіссөздер болды. Қазақстандық делегацияны СІМ Жауапты хатшысы Р.Жошыбаев, Еуропа елдерінің елшілері ұсынған ЕО делегациясын — ЕО Өкілдігінің басшысы Н.Жюстен басқарды. Келіссөздердің барысында консулдық-құқықтық мәселелер бойынша екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму болашағы, Қазақстан мен ЕО арасындағы өзара консулдық ықпалдасуды кеңейту талқыланды. Қазақстан өкілі қатысушыларды СІМ жүргізіп отырған ЕО елдерінің ҚР азаматтарына арналған визалық режимді оңайлату, тиісті келісімге қол қою және ЕО құрылымдары аясында консулдық мәселелерді іске асыру бойынша кешенді іс-шараларының барысымен егжей-тегжейлі таныстырды. Қазақстанның визалық рәсімдерді оңайлату және реадмиссия мәселесі бойынша ҚР – ЕО бірлескен іс-қимылдарыңың «жол картасын» жасау бойынша кейбір келіссөздерді өткізуге қызығушылығы аталып көрсетілді [7]. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының консулдық қызметін жүзеге асыратын негізгі құжаттар:  2002 ж 7 наурыздағы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы» заңы,  1999 ж 27 қыркүйектегі «ҚР консулдық қызмет туралы жарлығы»,  1993 ж 5 наурыздағы «ҚР СІМ нің консулдық басқаруы туралы» ережесі,  1997ж 29 қаңтардағы «ҚР құрметті(штаттан тыс) консулдар туралы» ережесі, тағы да басқа сол сияқты нормативтік құқықты актілер мен халықаралық шарттар. ҚР-ның консулдық қызмет органы негізгі екі түрге бөлінеді: • Ішкі мемлекеттік органдар, оларға мемлекет басшылары, парламент, үкімет, сыртқы істер министрлігі. • Шетелдегі органдар, бұлардың қатарына консулдық мекемелер, дипломатиялық өкілдіктегі консулдық бөлімдер [8]. Қазақстан Республикасының президенті мемлекет басшысы ретінде сыртқы қатынастарды жүргізуші маңызды орган болып табылады. Конституцияның 40,44 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының президенті барлық халықаралық қатынастарды, келіссөздер мен халықаралық шарттарды жүргізуші, яғни консулдық қызмет саласында да. Тәуелсіздік алған кезден бастап әлемдік қауымдастықтың теңқұқылы мүшесі ретінде Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдарға (Мысылы: БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИКҰ, ЕО, ХВҚ, ЭЫҰ ) мүше болды, жүзден аса мемлекеттер мен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынас орнатып, әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жұмыстарына белсенді қатысып, ядролық қарудан бас тартуы және мемлекеттермен достық қарым қатынастар орнатуы дүние жүзінде Қазақстанның беділінің жоғарылауның себептері. Дипломатиялық және Консулдық қызметтің дамуы мен елдің саяси, әлеуметтік-экономикасының жағдайының жақсаруы елбасымыз Н. Назарбаевтың дұрыс саясат ұстануының арқасы. Қазіргі кезде қазақстандық консулдық қызмет бірте – бірте дамып, шетелдегі консулдық мекемелердің саны өсуде. Осындай жасалып жатқан шаралардың барлығы қазақ халқының жарқын болашағының дәлелі.

Читайте также:  УСУНЬДЕР ТУРАЛЫ

Оставить комментарий