Загрузка…

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі. Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, сөздік қоры мол, лексика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Мемлекеттік тіл – сол мемлекетте тұратын барлық халыққа ортақ, күнделікті тұрмыста, қоғамның барлық салаларында, тұрмыс-тіршілігінде, рухани-мәдениетінде, іс-қағаздарында, халықаралық қатынаста кеңінен қолданылатын тіл. Мемлекеттік тіл әрбір ұлттың мәдениеті мен рухани болмысының негізгі тірегі, түп қазығы, ұлттың өзіндік бейнесін айқындайтын, рухани келбетін көрсететін төлқұжаты, ұлттың табиғи даралығын анықтайтын айнасы. Осы тұста елбасы н.назарбаевтың «қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдамасы қазақстандағы тіл саясатының бүгіні мен болашағын айқындайды. бұған қазақстан республикасы конституциясының 7-бабында, қазақстан республикасы «тіл туралы» заңының 4-бабында: «қазақстан республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі», деп анық көрсетуі, сондай-ақ қазақстан республикасы президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы жарлығымен бекітілген тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясындағы атқарылған жұмыстар және 28 қаңтар 2011 жылғы қазақстан республикасының президенті н.ә.назарбаевтың «болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты қазақстан халқына жолдауы нақты дәлел бола алады. президент жолдауында 2020 жылға дейінгі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты жоспарын айқындап берді. бұл жоспар қазақстанның әлемдік дағдарыстың қашан аяқталуын күтпей, өзіндік даму стратегиясын белгіледі. президентіміз н.ә.назарбаевтың тек экономиканы ғана емес, сонымен қатар ғылым мен білім, денсаулық сақтау салаларын барынша дамытуға көп көңіл бөлгендігі ерекше аталып өтілді. президент жолдауында «біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу» деп мемлекеттік тілге үлкен көңіл бөлу туралы назар аударды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан — 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында тіл туралы мәселеге тоқтала келе, «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген қағидатты тағы да қайталап айтты. «Тәуелсіздігін алған тұста еліміздегі қазақтың саны 6,8 миллион немесе 41% болса, қазір 11 миллионға жетіп, 65%-дан асты. Қазақтың саны 4 миллионға артты. Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді. Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз», — деді Президент. Сонымен қатар осы жолдауда мемлекет басшысының айтуынша, тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Сондықтан алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту 20 жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру табандылықпен жалғасады. «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне кӛ шіру үшін дайындыққа осы бастан кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз», – деді Елбасы. Сонымен қатар, Елбасы терминология мәселесінде де қолға алар істердің әлі баршылық екенін айтты. «Мемлекеттік тілді үйрену – міндет, ал оны білу – әрбір қазақстандықтар үшін абырой» деген Елбасымыздың дана сөзі бүгінгі қоғамға, жас ұрпақққа игі әсерін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекттік тіл – қазақ тілін үйренуді өзіне парыз санап, жақсы меңгергені дұрыс деп санаймыз. Қазақстан жерінде туып, қазақтың тілін, салт-дәстүрін, тарихын білмеу, іс-қағаздарын жүргізе алмау және үйренуге тырыспау – қоғамнан тыс қалушылық. Қазақ тілі заң жүзінде мемлекеттік тіл болып қабылданғалы бергі уақыт аралығында, әрине, аз жұмыс істелінген жоқ. Алғашқы кезде қазақ тілін үйрететін мұғалімдер мен мемлекеттік тілді оқытатын оқулықтар мен оқу құралдары да, бағдарламалар да аз болатын. Қазір, құдайға шүкір, мұғалімдердің саны да, оқулықтар мен оқу құралдарының саны да, түрлері де көбейді. Ең бастысы, ана тілімізді – мемлекеттік тілді үйренушілер саны, тілге деген ілтипат, құрмет артып келеді. Қысқасы, мемлекеттік тіл: біріншіден қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмысың әдет-ғұрпың мәдениетің тарихын білуге жол ашты, екіншіден көпұлтты халықтын қарым – қатынасындағы өндірістік әрі тұрмыстық қажеттілікті іске асыруға, халықтардын достық қарым-қатынасын күшейтудің құралына айналды. Демек, Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тілімізді жоғары көтеріп, жұлдызын биіктетуіміз керек. Қазіргі заман талабына сай Тіл саясатына ақпараттық технология келді. Интернет желісінде мемлекеттік тілдің порталы құрылды. Оған интернет-сервистің жиырмадан астам түрлері орналасты. Портал онлайндық сөздіктерге, мультимедиалық кешендерге, қашықтан оқыту жүйесіне, энциклопедияларға, тест жүйесіне және басқа да тіл үйренудің әдістемелеріне қол жеткізуге жол ашады. Мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің айнасы. Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 20 жылдан астам тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарыктың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезенде Қазақстанды ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген Қазақстан республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандады, күтумен өтті. 1991 жыл — еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы, 21 бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», — деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр. Қолданған әдебиеттер тізімі 1. Елбасы «Мәңгілік ел» қақпасын ашты. //Айқын. Республикалық қоғамдық-саяси газет. 17.12.2011. 1-2 бб. 2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 28 қаңтар 2011 жыл.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar