Қазақстан XIX ғасырдың бірінші жартысында

Қазақтардың шаруашылық құрылысы.
Қазақтардың шаруашылық құрылысын талдауға; кірісердің алдында үш жүздің ­ Кіші, Орта және Ұлы жүздердің қоныстарының жағрафиялық орналасуын қысқаша еске салайық. Кіші жүз ­ Сырдария өзенінің төменгі сағасынан Орал және Тобыл өзендеріне дейінгі аумақты алып жатты. Кіші жүз жерін мекендеген толып жатқан рулар мен кіші ру тармақтары үш ұрпақтың ­ Байұлы, Жетіру және Әлімұлы ұрпақтарының кұрамына енді. Кіші жүздің шығыс бөлігін осы рулармен қатар Арғын руының кейбір тармақтары (Шақшақ, Айдарлы, Қырық мүлтік және басқалар) мекендеді. Билеуші сұлтандардан жинаған мәліметтеріне сүйеніп Бларемберг100 XIX ғасырдың 40­ жылдарында Кіші жүз халқының жалпы саны еркек ­ әйелін қоса есептегенде, шамамен 500 000 адам, ал шаңырақ саны 100 000­ға жуық деп анықтаған. Орта жүз ­ Семей, Ақмола облыстарының, Сырдария, Жетісу облыстарының бір бөлігінің жерін алып жатты. Орта жүз жерін мекендеген барлық рулар мен ру тармақтары Арғын, Найман, Керей, Уақ, Тарақты, Қыпшақ және Қоңырат деп аталатын жеті ру бірлестігінің құрамына кірді. 1833 жылы подполковник Бутовский101 жазған статистикалық суреттемеге сәйкес, Орта жүзде 116 500 шаңырақ болды, ал егер әр шаңыраққа 4 адамнан келді деп есептейтін болсақ, халық саны 468 000 адам болған. Ұлы жүз ­ Жетісу, Әулиеата (қазіргі Жамбыл, Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облыстарының жерін алып жатты және Дулат, Жалайыр, Албан, Суан, Шапырашты, ЬІсты, Сіргелі, Ошақты, Қаңлы және Шанышқылы деп аталатын негізгі рулардан құралды. Ю.Южаков’02 жинаған ең соңғы мәліметтер бойынша, Ұлы жүзде шаңырақ саны 95 000­ға жетті, ал Аристовтың101 мәліметтері бойынша, халық саны еркек, әйелді қоса есептегенде 550 000 адам болды. Қазақтар шаруашылығының негізгі саласы көшпелі мал шаруашылығы еді. Олар жылқы, түйе, сиыр, қой және ешкі өсірумен айналысты. Көшпелі мал шаруашылығының өзіне тән ерекшелігі ­ оның көшіп жүретіндігі. Жас шөп қылтиып көрінісімен қазақтар ерте көктемде көше бастаған. Олар әуелі көктемгі жайылымға (көктеу) көшіп барған, мұнда ыстық түскенге дейін болып, со сын шөбі шүйгін, суы мол жазғы жайылымға (жайлау) қоныс аударған. Жазғы жайылымнан қазақтар күзгі жайылымға (күздеу) орын ауыстырған, ал қараша айында қысқы қонысқа (қыстау) көшіп барып, күн жылынғанға дейін, әдетте наурызға, кейде сәуірге дейін сонда тұрған. Қазақ рулары жақсы жайылым үшін өзара қырқысып келген. XIX ғасырдың бас кезінде жекелеген рулар арасында кешу жолдарын, жазғы жайылымдарды және қыстақтарды болу негізінен алғанда аяқталды. Қыстақтар жазғы жайылымдардан көбінесе жүздеген шақырым қашық болатын. Шекті руының екі ауылы ежелден Арал теңізінің солтүстік жағалауын, «Құланды» түбегін малдың қысқы тұрағы етіп таңдап алған, ал екінші қысқы тұрақ Ырғыз уезіне қатысты Орда ­ Қорған болысының жерінде бола¬тын. Шекті руының жазғы жайылымдары Ембі уезіндегі Темір ­ Орқаш болысы шекарасының бойымен Мұғаджар тауы арқылы өтетін де, одан әрі Ор өзенінің жоғарғы ағысына дейін созылатын. Көшу жолының шалғайлығын көрсететін екінші бір мысалды титулды кеңесші Идаров103 келтіреді.

Шөмекей руы ауылдарының бір бөлігі Сырдария және Қуаңдария өзендерінің бойында, екінші бір бөлігі Қызылқұмда қыстаған. Бұл ауылдар өз қыстауларынан шамамен алғанда сәуір айында көшіп, маусымның бас кезінде­ақ, Тобыл өзеніне, Құм және Ұлқияқ өзендеріне дейін ұзын саны 1 500 шақырым жер жүретін. Идаров бұл жазғы жайылымдарға қазақ ауылдарының бәрі бірдей жете алмайтындығын атап көрсетеді. Кедей қазақ ауылдары, Тобыл өзеніне жетпей, орта жолда, Қараөзек жағасында, Қарақұмда және басқа жерлерде тұрып қалады. Кейбір зерттеушілер қазақтардың көшіп жүретін белгілі бір жерлері болған жоқ, сондықтан олардың боранға киліккен жерде қыстауына тура келеді деп дәлелдемек болады. Мұндай пікір сын көтермейді. Ашмарин былай деп жазып, дұрыс атап көрсетеді. «Әр қазақ руында өзінің белгілі бір көшетін жолы бар. Оның бағыты тек топырақ және климат жағдайларына ғана емес, руаралық қатынастарға да байланысты болады. Қырғыз руының белгілі бір көшу жолына ие болуы ең жақсы дегенде ­ руаралық тату келісімнің нәтижесі, ал ең нашар дегенде ­ондаған жылдарға созылған руаралық күрестің салдары».104 Егер қазақ руларының көшіп жүретін белгілі бір аймағы, қысқы қоныстары болмаса, олар мүлде мал ұстай алмас еді. Гәп жазғы жайылымдар мен қысқы қоныстардың мал шаруашылығының белгілі бір талаптарына сай келуге тиіс екендігінде. Жазғы жайылым үшін шұрайлы шөбі мен тұщы суы мол жер таңдап алынды. Қысқы қонысты таңдап алуға қойылатын талап ерекше болды. Қысқы қоныс қар басып қалмайтын, бораннан ықтасыны бар жерден алынды. Қыстақтың жұқа қар жамылғысының астында қалған, мая жейтін шөбі жеткілікті болуға тиіс. Жұртқа мәлім, қазақтардың жылқысы мен қойлары жыл бойы далада жайылып жүреді. Қыста мал тебінде болады, яғни қардың астында қалған шөпті тұяғымен аршып жейді. Қазақтар қысқы қоныстарын жазғы уақытта тапталудан мұқият қорғайды. Аға сұлтан Мұса Шорманов Сібір өкімет орындарының талабы бойынша арнайы берген жазбасында қазақтардың қысқы қоныстарын былай сипаттайды: «Ірі қара мал қысқы уақытта қамысты, селеулі, шилі шабындықтарда, қойлар мүгі, жусаны бар таулы алқаптарда және ойпаң, сортаң жерлерде, түйелер шиі, қияғы, көгі бар таулы өңірлерде жайылады, ал жылқы жазда шөбі тапталмаған жерлерге бағылады».105 Қазақтар шаруашылығының жайылымдық ­ көшпелі жүйесі экстенсивті сипатта болды. Малшы қазақтың тағдыры ең алдымен табиғат жағдайына тәуелді еді. Қазақтардың малының көбі дүркін­дүркін қайталанып тұратын жұттан қырылды. Қазақтар әдетте қысқы уақытқа шөп дайындаумен айналыспады, мұның өзі олардың климат жағдайына тәуелділігін едәуір арттыра түсті. Феодал шонжарлардың қауымдық жерлерді тартып алуы және патша өкіметінің отарлық басқыншылығы қазақтар айналысатын мал шаруашылығының сипатына кейбір өзгерістер енгізді. Жазғы жайылымдар мен қысқы қоныстардың маңызды аудандарын өкімет орындарының басып алуы негізгі қазақ рулары көшетін жолдардың бағыт­бағдарын бұзды. Соның салдарынан әр түрлі қазақ руларының ауылдары араласып, бірге көшетін болды. Жайылымдық жер іздеп жүріп әр түрлі рулардың араласып кеткені туралы Орынбор әскери ­ губернаторы Эссен граф Нессельродаға былай деп жазды: «Қырғыз даласында ру тұтас ру болып табылмайды… буған олардың өз бастықтарына бағынышты болу шартының көп себі тиді».106 Жердің тапшылығы көшу аймағының өзгеруіне және әр түрлі рулардың араласуына себеп болды. Өкімет орындары мен феодал шонжарлардың жақсы жайылымдарды тартып алуы салдарынан, әсіресе шекара шебіне жақын орналасқан қазақ руларының бір бөлігі жартылай отырықшылық өмір салтына көшеді. Бүл рулар қысқа қарай өз малдарына шөп дайындай бастайды. Жазда жайлауға көшуді жалғастыра берді. Мысалы, 12 ООО үйлі Қыпшақ және Жағалбайлы руларының өздерінің жерлері Орынбор қазақ әскерлеріне берілгеннен кейін, қыста малдарын тебіндетіп жаюға мүмкіндіктері болмаған соң, шөп шабуға көшті. Колледж тіркеушісі Андреев олар туралы былай деп жазды: «Қазіргі кезде бүл қырғыздар түгел дерлік шоп шабумен айналысады, ­ басым көпшілігі егін еге бастады, ­ кейбіреулерінің салып алған үйлері де бар, олар шаруашылық жөнінде орыстарға барынша еліктеуге тырысатын сияқты, мұның өздеріне пайдалы екендігіне көздері айқын жететін сияқты».107 Орынбор ведомствосы қазақтарының шөп шабуға және тұрақты қысқы қоныстар салуға көшуі туралы шеп бойындағы қазақтардың қорғаншысы Белозеров те жазды: «Мұндағылар қысқы уақытқа арнап шөп шабады және тезек дайындайды, ал күздің бас кезінде қысқы қоныстарына біржола көшіп келіп, мұнда бүкіл қыс бойы, көктемге дейін тапжылмастан отырады және ұсақ малдарын қораларда, жеркепе сияқты қазылған қораларда, шұңқырларда сақтайды».108 Қазақтардың шөп шабуға көшкендігін Қазақ даласының солтүстігіндегі шет аймақтарын аралаған А.К. Гейне те атап көрсетті. Ол былай деп жазды: «Бірнеше киіз үйдің иесі болған қырғыз жұтта көп малынан айырылды, сол себепті оның кеп малды азықтандыра алатын қыстағы енді өзінде қалған малды сақтауға қолайсыз бола бастады.

Читайте также:  Мәдени-тарихи типтер және олардың қозғалысы мен дамуы

Бұдан былай, ­деді ол бізге, ­ менің малымның азайып қалғаны соншалық, отбасымның көмегімен қажетті мөлшерде шөп шауып алып, өзімді кездейсоқ жағдайларға ұрынудан қамтамасыз ете аламын».109 Сөйтіп, қазақтардың шөп шабуға көшуі мал шаруашылығына белгілі бір тұрақты сипат берді, оның қолайсыз табиғи жағдайларға қарсыласа алуын күшейте түсті. XIX ғасырдың бас кезінде, әсіресе 20­30­жылдары, қазақтардың шөп шабуға көшуіне байланысты және шекаралас орыс халқымен сауда байланысын күшейте түсуі арқасында малдың кейбір түрлері ерекше маңызға ие бола бастады. Мал шаруашылығының негізгі саласы қой шаруашылығы болып қала берді. Орта Азия саудасының тарихын зерттеуші белгілі ғалым А.Н. Тетеревников былай деп жазды: «Қырғыздың экономикалық тұрмысында қой ең маңызды рөл атқарады. Бүл малды орыс көпестері де, орта азиялық көпестер деп те бағалайды». 110 Әсіресе, ірі қара малдың маңызы айтарлықтай арта бастады. Ірі қара малдың тебінге бейімделгендігі себепті Орта және Кіші жүздердің қазақтары XIX ғасырға Дейін оны өсіру ісімен аз айналысты. Шөп шабуға көшуге байланысты жағдай басқаша қалыптасты. Ірі қара мал ет Тағамының қайнар көзі және көлік ретінде ғана емес, сонымен бірге сүт өнімінің қайнар көзі ретінде де бағалана бастады. Қазақтар май өндіріп, оны рынокта сататын болды. Бүл өзгерістерді халық мақалдарынан да аңғаруға болады. Егер бұрын сиырды малдың басқа бір түлігіне айырбастаған қазақ «Малдың жаманы ­ сиыр» дейтін болса, енді «Сиыр ­ пұл» дейтін болды. Орта Азиядағы керуен саудасының өсуіне қарай негізгі көлік құралы ретінде түйенің де маңызы арта түсті. Шекара Шебі бойында көшіп жүрген қазақтар, атап айтқанда, шектілер, шөмекейлер, жағалбайлылар, жаппастар орыс көпестеріне түйе сатып, өздері де түйелі керуенге жол бастаушы болып қызмет етті. Мұның өзі оларға мол табыс келтірді, Орынбор әскери губернаторына берілген бір жазбада былай делінген: «Бұқар мен Хиуаға тауар жеткізгені үшін міндеттеме бойынша әр түйеге төленетін ақы 35­50 сомнан 100 сомға дейін жетеді».»1 XIX ғасырда қазақтарда егіншілік те едәуір дамыды. Мұнымен негізінен алғанда қазақ кедейлері ­ егінші деп аталған жатақтар айналысты. XIX ғасырға дейін егіншілікпен не жұттың салдарынан, не өзара феодалдық қырқыс ­ барымтаның салдарынан малынан айырылып қалған қазақтар шұғылданды. XIX ғасырдың 20­30­жыл­ дарында шекара Шебі маңында да, сондай­ақ ел ішінде де тұратын қазақтардың едәуір бөлігі егіншілікке көше бастады. Бұған ең алдымен сол бір жер тапшылығынан туған жайылымсыз мал шаруашылығы дағдарысы себеп болды. XIX ғасырдың 20­30­жылдарында патша үкімет орындары қазақ шонжарларымен қосыла жақсы жайылымдарды тартып алды. Өздерінің қысқы қоныстары мен жазғы жайылымдарынан айырылған қазақтар егіншілікке көшуге мәжбүр болды. Қазақтардың жаппай егіншілікке көшкендігін көптеген фактілер куәландырады. Орынбор өлкесінде болған чиновник Артемов былай деп жазды: «Далалы жерде егіншілік мал шаруашылығынан кейінгі ең маңызды кәсіп болып табылады, бүл сала халық санының көбеюіне және мал бағуға арналған жердің жеткіліксіздігіне байланысты недәуір тез дамып келеді».»2 Ілгеріде айтылғандай, егіншілікпен әуелі қазақтардың ең кедей бөлігі айналысты.

Қазақтардың егіншілікке көшуінің себептерін анықтау үшін Орынбор даласына арнайы барып қайтқан титулды кеңесші Идаров былай деп жазды: «Малы, киім­кешегі жоқ жарлы­жақыбайлар көбінесе егін егіншілікпен айналысады, сондықтан да егінші деген сөз қырғыздарға адамның хал­күйін нашар екендігін білдіреді».103 1849­1853 жылдары Қазақстанның бірқатар облыстарын аралаған кен инженері А. Влангали өзінің жазбаларында былай деп айрықша атап көрсетті: «Қазақтар егіншілікпен аз шұғылданады, соның езінде мұнымен олардың тек ең кедейлері ғана айналысады. Оларды бай қазақтар жалдап алады, ал ауыл шаруашылығына қажетті нәрселердің бәрін олар өздерінің қожайындарынан алып тұрады»,»3 XIX ғасырдың бірінші жартысында егіншілік қазақ жерінің едәуір белдігіне тарайды. Сейдәлиннің деректеріне 114 қарағанда, Кіші жүзде «Торғай өзені маңында тұрған, Торайғыр, Қаз, Кедел, Өтей, Таз, Қырық мүлтік, Айдарке, Ақтәшкі, Тағыши, Бақай тармақтарынан құралатын Қыпшақ және Арғын руларының қазақтары егіншілікпен айналысқан. Олар астықты Торғай өзені маңындағы қазақтарға ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның басқа да аймақтарындағы қазақтарға да жетерліктей мөлшерде ендірген. Сібірден, Бағаналы руынан ақшөмішшілер, яғни астық сатып алушылар астық алу үшін келіп тұрған. Егіншілер жыл сайын қыркүйек айында астықты малға, көбінесе қойға айырбастау үшін қызу жұмыс жүргізген, ал жоғарыда аталған ақшөмішшілер мыңдаған қойларды айдап келетін болған». Орынбор ведомствосындағы қазақтардың арасында диқаншылықтың таралуы жөнінде генерал­адьютант Катенин Сыртқы істер министріне былай деп жазды: «Далаға бірнеше он шақырым бойлай енсеңіз, Оралға құятын барлық өзендердің, Ембі, Ырғыз, Торғай, Тобыл өзендері мен олардың салаларының, құмға сіңіп жоғалып кететін дала өзендерінің көбінің аңғарларынан жыртылған немесе тұқым себілген егістіктердің үлкенді ­ кішілі алаптарын көресіз».115 Орынбор өлкесінде жағдай осындай еді, Батыс Сібір генерал­губернаторлығына қарасты Орта жүзде 40­жылдары қазақтардың едәуір бөлігі көбінесе шекара Шебіне жақын маңда тұрған жатақтар мен байғұстар, егіншілікке жаппай көше бастады. Г.Шахматов пен Броневскийдің деректеріне қарағанда, Көкбекті округіне қарасты Алтай, Қарпық, Бөрінайман, Терістамғалы, Күнсақ, Матай, Сарыжомарт, Көкжарма болыстарында 1000­ға жуық қазақ отбасы егіншілікпен айналысқан.

Орта жүздің басқа округтерінде егіншіліктің салыстырмалы таралуы туралы Идаров былай деп жазды: «Диқаншылықтың даму дәрежесіне қарағанда, округтерді мына тәртіп бойынша: Көкшетау, Көкпекті, Аягөз, Қарқаралы, Ақмола, Баянауыл деп тізуге болады». 103 Қарастырылып отырған кезеңде Сырдария аймағында егін егушілікпен айналысушылар саны едәуір көбейген, Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы Ладыженскийге хабарлауында тілмаш Сұбанқұлов: Сырдарияда егін егушілікпен 500­ге жуық отбасы айналысты, олар Қаратөбе елді мекенінен Сырдарияға дейінгі алқапта 3 мың десятина жерге тұқым сеуіп, әр десятинадан 100 пұт бидай немесе тары алды деп көрсеткен. Жетісуда, Балқаш көлі мен Іле өзені маңында тұрған Ұлы жүз қазақтары да егін егушілікпен айналысты. Ұлы жүзде егіншілік бұрыннан бар болатын. Ол Орта Азиядағы дақыл егетін егіншілікті аудандардың ықпалымен дамыған­ды. Бүл жайында генерал­майор Броиевский былай деп жазды: «Жеті өзен елді мекенінде, Балқаш көлі мен Іле өзені маңында көшіп жүрген Үлкен Орда қырғыздары мен тастай тағы қырғыздар егіншілікпен айналысуға ынталана кірісіп, тары, бидай, арпа өсіріп жүр. Еңбек сүйгіш Ташкентпен көрші болу оларды осы кәсіпке ұмтылдырды».118 Мұның бәрі егіншіліктің Қазақ даласының едәуір бөлігіне таралғандығын айқын көрсетеді. XIX ғасырдың 30­жылдарыиа қарай кедейлермен қатар қазақтардың неғұрлым дәулеттік бөлігі де егіншілікпен шұғылдана бастады. Кей жерлерде қазақтар айтарлықтай өнім жинады. Артемьевтің деректеріне қарағанда,112 Орынбор ведометвосында егін егушілікпен айналысқан 6 700 отбасы жыл сайын орта есеппен 530 000 пұт астық жинады. Кіші және Орта жүздерде егіншілік едәуір дәрежеде орыс қоныс аударушыларының ықпалымен дамыды. Орыстармен жиі қарым – қатынас жасап,шаруашылығымен, тұрмысымен танысқан қазақтар олардың шаруашылық әдістерін тез игеріп алды. Егер егіншілікке көшуге жердің тарлығы эсер еткен болса, егіншілікті тез меңгеруге көбінесе орыс шаруаларының себі тиді. Қазақтар негізінен алғанда көлдер мен өзендердің жағалауларында егін салды. Өйткені, батыс аудандарды есепке алмағанда, Қазақстанда егіншілікпен тек қолдан суландыру жағдайында ғана айналысуға болатын еді. Қазақтардың егіншілігін сипаттайтын, қолда бар жазбаларға қарағанда, қазақтар барлық жерде өздерінің егістіктерін қолдан суарумен айналысып, бүл іске әбден шебер болып алған. Егістік жерлерін суару әдісін сипаттау үшін 1847 жылы губернатор Обручев Арал теңізіне барғанда соның қасына еріп жүрген Нешельдің119 қазақтардың ирригациялық жүйесін суреттеген еңбегінен үзінді келтіреміз. Оның әңгімелеуіне қарағанда, қазақтар оз учаскелерін үстіңгі жағынан көлемдері әр түрлі шаршыларға бөлген, осы шаршылардың ең үлкендері бір бағытқа есептегенде 8 фут болды. Осы шаршылар арқылы жыралар жүйесі жүргізілді, олар бір жағынан өзенмен немесе қолмен, ал екінші жағынан ­ ең қашық немесе дөңес шаршымен жалғасып жатты. Егер жер өзеннен құрғаққа қарай дөңес болса, қыруар еңбек жұмсаудың нәтижесінде жоғары көтерілген су төмен қарай ағып кетпеуі үшін жыралар көлденең үйінділермен тосылды.

Читайте также:  Құрылымдар бірлігі туралы

Су бассейнінен әуелі ең дөңес шаршыға су құйылды, мұның өзі әлгі шаршылар суға әбден көлкіп кеткенге дейін жүргізілді. Содан кейін жоғарғы шаршылар мен оларға жақын орналасқан шаршылардың арасындағы үйінді топырақты жырып, оларға су жіберді. Қазақтардың өз егістіктеріне қолдан суландыру әдісін қолданғаны жайында генерал ­ майор Броневский де жазды: «Бұқтырма қамалының сырт жағынан, Нарым тауының етегі мен тау бұлақтарынан жыралар арқылы келіп жатқан сумен толтырылған едәуір келемді егістік жерлерді көрдім. Жердің топырағы тастақ болғанымен, ылғалдың, қолдан суарудың нәтижесінде мұнда тары дақылы бітік өседі»118. Қолдан суландыру әдісінің қолданылғандығыны суландыру жүйелерінің толып жатқан қалдықтары ғана емес, сақталып қалған халық әні де айғақ бола алады. Бүл әнде шығырмен суарудың тиімділігі айтылады. Шығыр дегеніміз ­ көліктің көмегімен қозғалысқа келтіріп, су алып шығатын доңғалақ. Шығырдың түп атасы әлі шынар, Шынарға сыйынбасаң шығыр сынар. Шынарға әлі менен көп сыйынсаң, Қашанда егін бітіп, көңіл тынар. 120 Қол қауғаның көмегімен суарудың неғұрлым қарапайым әдістері қолданылды. Мұндағы қол қауға дегеніміз ұзын сырықтың бір ұшына байланған шелек. Сол сырықтың көмегімен құдықтан су алынып, арықтарға құйылады. Бөкен өзені аймағындағы Қарауыл жасық болысының қазақтары пайдаланған қолдан суару техникасын егжей ­ тегжейлі суреттей келіп, Влангали: қазақтар «нақ осы қолдан суландырудың арқасында мол өнім»»3 жинайды деп атап көрсеткен. Қазақтар қолдан суландыруда біраз жетістікке не болғанымен, тұтас алғанда егіншілік қарабайыр сипатта болды. Топырақ өңдеу техникасы өте төмен деңгейде еді. Қазақтардың көпшілігі жерді ағаш соқамен, темір кетпенмен өңдеді. Мәселен Г. Шахматов кейбір қазақтардың жерді «орыс соқасына ұқсас түренсіз ағаш соқамен, екінші бір қазақтардың темір күрекпен»116 жыртатындығын айтқан. Орыс селоларына жақын тұрған қазақтардың тек болмашы бөлігі ғана темір соқа сатып алып, жерді соның көмегімен өңдеді. Бұл жөнінде Мұхаммедғали Тяукин былай деп жазды: «Шекара Шебі маңында көшіп жүріп, егіншілікпен айналысатындар (қазақтар ­ Е.Б.) жерді кәдімгі орыс сабанымен немесе соқамен жыртады».121 Қазақтардың бір бөлігінің темір соқаны қолдануға көшкеніне қарамастан, қазақ жұртшылығының негізгі бөлігі жерді бұрынғысынша ағаш соқамен өңдеді. Санкт­ Петербургке келген қазақтар 50­жылдары­ақ өздеріндегі егіншілік құралдары тым қарадүрсін екенін айтып, ауыл шаруашылығы құралдарын жетілдіру жөнінде бізге көмек көрсетсеңіздер екен деп өтініш білдірген. Олар былай деп жазған: «Біз, әлбетте, көптеген жерлерде мал шаруашылығынан безіп, егіншілікке көшіп жатырмыз. Бізге өз егіншілігіңізді көрсетіп, ездеріңіздің жақсартылған құралдарыңызбен бізді таныстырсаңыздаршы, өзіміздің жаман соқамыз бен кетпеніміздің мүлде жеткіліксіз екендігін біз түсінеміз».122 Сонымен, XIX ғасырдың орта тұсына қарай егіншілік кәсіптің мал шаруашылығынан кейінгі екінші түрі болды. Енді егін егуішілікпен тек жатақтар мен егіншілер ғана емес, ауқатты қазақтар да айналысатын болды. Кіші және Орта жүздерде егіншілік шаруашылықтың ерекше саласына айналды, бүл жүздердің халқының санымен салыстырғанда егін егушілікпен шұғылданушылардың саны әлі көп болмағанымен, егіншілік қазақ тұрмысынан берік орын алды. Сырдария, Торғай және Ырғыз өзендерінің жағалауларын мекендеген қазақтар бау­ бақшалық шаруашылығымен айналысты. Сейдалиннің әңгімелеуіне қарағанда, жүгері, қарбыз, қауын, пияз, сәбіз және асқабақ тұқымдарын бірінші рет Торғайға 1800 жылы Сейітқұл деген қазақ әкелген көрінеді. Өрік пен жүзім тұқымдарынан басқаларының бәрі жақсы өнім берген.

Сырдария қазақтары тек қана қауын, қарбыз және асқабақ өсірген. Қазақтар жерді кетпенмен қазып, жүйектер жасаған, сосын бақша дақылдарының тұқымдарын сепкен. Қауыннан тәтті тағамдар дайындаған. Бұл туралы Сырдария қазақтарының арасында ұзақ уақыт тұрған орынборлық көпес Д.У. Бедов қызғылықты мәліметтер хабарлайды. Ол былай деп жазады: «Қауынды ұзынынан бірнеше тілімге бөліп, күнге кептіріп, қысқы уақытқа сақтап, қор жасайды, осы әдіспен қақталған қауын тілімдерін жіңішке арқан сияқты етіп өреді де, қапқа салады. Қауынқақ деп аталатын бүл тағам өте ұзақ жатса да бүлінбейді».123 Қауыннан тағам дайындаудың бүл әдісі Сырдария (қазіргі Қызылорда облысы) қазақтары арасында күні бүгінге дейін сақталған. Қазақтар аң аулаумен де ертеден айналысты, әсіресе түлкі мен қарсақ аулаудан көп кіріс түсті. Аң терісі қазақтардың тек өз мұқтаждығына ғана жұмсалып қоймай, сонымен бірге едәуір мөлшерде сатуға түсіп тұрды. Орыс көпестеріне өткізілетін тауарлардың арасында қасқыр, түлкі, қарсақ және басқа аңдардың терілері болды. Қазақтардың басқа кәсіптерінен балық аулауды атап өтуге болады. Мұнымен қазақтардың ең төмен бөлігі ­ жатақтар мен егіншілер айналысты. Қазақтар балықты арнаулы тормен, аумен аулады. Үлкен өзендерде, мысалы, Сырдарияда қазақтар балықты «сүзгіш» деп аталатын аудың көмегімен ұстады. Қазақтар балықты өз қажетін өтеу үшін пайдаланды, базарға апарып сатпады. Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер кәсібі айтарлықтай орын алды. Тері илеу, оқ­дәрі, бояу дайындау, ағаш пен сүйекке ою­өрнек салу, метал мен жүн өңдеу дамыды. Қазақтардың көшпелі өмір салты киіз үйдің кереге, уықтарын дайындайтын шеберлерді ерте қалыптастырды. Кереге жасаушы мұндай шеберлер ірі феодал ауылының маңайында тұрды. Ұсталық ісі ерекше орын алды. Қазақтар жез балқытудың тәсілін білді. Шеттен әкелінген темірден үй ішілік алуан түрлі заттар жасады және шалғы, орақ, соқаның ұшы сияқты еңбек құралдарын әзірледі. Күмістен зергерлік бұйымдар жасады. Суық қарудың барлық түрлері, мылтықтар дайындалды. Қазақ әйелдері киіз басты, текемет, сырмақ, кілем тоқыды, кесте, тоқыма бау, сондай­ақ киіз қалпақ, тон, ішік, аяқ киім сияқты үй ішілік бұйымдарды өз қолдарымен шебер жасады. Қысқасы, кеңінен тұтынылатын заттардың едәуір бөлігін қазақтар өздері әзірледі. XVIII ғасырмен салыстырғанда XIX ғасырдың бірінші жартысында қолөнер бұйымдарының түрлерінде көп өзгеріс бола қойған жоқ, бұрын қандай нәрселер. жасалған болса, сол нәрселер өндіріледі. Осы бұйымдардың бәрі негізінен қазақтардың оз қажеттерін өтеуге жұмсалды. Қолөнер кәсібінің жеке түрлері айтарлықтай жетілдірілді. Сол кезде Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы болып істеген белгілі шығыстанушы В.В.Григорьев былай деп жазды: «Былғары дайындайтын, тері илейтін, ұсталық, токарьлық және басқа қолөнер кәсіптері отырықшы село халқында қай дәрежеде болса, көшпенділерде сол дәрежеде, кейде тіпті жоғарылау деңгейде». 124 Көкшетау округінде ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы көрмесінде болған Словцев қазақтардың ұсталық өндірісіне жоғары баға берді. Ол былай деп жазды: «Әсіресе ұстаның күміспен қаптап жасаған заттары әдемілігімен көз тартады. Балта, жүген, ер­тоқым әбзелдері, пышақ, үзеңгі сияқты заттар сапасы жағынан біздің Ресейдегі осы іспеттес өндірістің таңдаулы заттарынан ешбір кем емес».125 Қазақтар XIX ғасырдың бірінші жартысында бірсыпыра қолөнер бұйымдарын ішкі қазақ базарында сатты. Орынбор Шекара Комиссиясының 1847 жылғы есебінде былай делінген: «Ер­тоқым, киіз, түйе жүнінен тоқылған мата, тоқыма беу, арқан, киіз үйдің керегелері, темірден және күмістен жасалған бұйымдар сияқты өздері жасаған заттарын қырғыздардың өздері сатты».126 Қазақстанда талай рет болған Колмагоров127 та түзде қолөнершілердің өмір сүргендігін хабарлайды. «Егер XVIII ғасырда қазақтарда қолөнер кәсібі үй ішілік сипатта болса, XIX ғасырдың орта тұсына қарай кейбір қолөнер кәсіптерінің ауыл шаруашылығынан бөлініп, қолөнердің жеке аудандар бойынша мамандандыра бастағаны байқалады. Балташы, ағаш шебері және ұста істері жөнінде арнаулы шеберлер пайда болды, ал бүл істермен қазақтардың тек кедей бөлігі ғана айналысты».117 XIX ғасырдың 60­жылдарында қазақ даласында болған А.К. Гейнс Қазақстанның жекелеген аудандарының қолөнер бұйымдарын дайындауға мамандануы туралы әңгімелейді. Гейнетің айтуына қарағанда, «ағаштан жасалған ең таңдаулы заттар Қаржас және Айдабол болыстарында» болса керек. Торғай мен Тобыл өзендерінің бойымен көшіп жүрген Орынбор ведомствосының қазақтары айырбас жасау мақсатымен «жеткілікті мөлшерде ағаш бұйымдарын дайындады».128 Дегенмен қолөнер бұйымдары негізінен сол заттарды өндірген шаруашылықтардың үйдегі қажеттерін қанағаттандыруға жаратылды. Қолөнер әлі де көбінесе үй өндірісі сипатында болды, ал өнеркәсіп еңбегі нәтижесінде жасалған бұйымдар қазақ рулары. арасында тек айырбасқа түсті. Қазақтардың кеңінен тұтынылатын заттарға (жақсы мата, ыдыс, үй ішінде пайдаланылатын басқа да заттар) деген өскелең талаптарын толық өтеуге өздеріндегі өндірістің шамасы жетпеді. Өнеркәсіп бұйымдарына, ең алдымен кеңінен тұтынылатын заттарға деген зәрулік қазақтарды көрші мемлекеттермен тауар айырбастауға итермеледі.

Читайте также:  Шәкәрім Құдайбердіұлы поэмалары

Қазақтардың Ресеймен айырбас сауда жасауы XIX ғасырдың бірінші жартысында кең өріс алды. Орынбор, Троицк қалалары, Петропавл, Пресногор, Омбы, Семей қамалдары және Орал Қазақстанмен сауда жасаудың басты­басты орындары болды. Левшиннің деректеріне қарағанда, XIX ғасырдың 20­жылдарында орыс көпестері тек Сібір қазақтарынан ғана 3 миллионға жуық қой, 150 мыңға дейін жылқы және 100 мыңға дейін өгіз сатып алып, күміспен есептегенде жалпы сомасы 8 миллион сомға сауда жасаған. Мұнымен қатар мыңдаған түйе, мыңдаған тонна тері, қой терісі, қозы елтірісі, киіз, кілем және басқа тауарлар сатып алынған. Ресей қазақтармен сауданы татар көпестері немесе өздерінің қазақ тілін білетін сауда қызметкерлері арқылы жүргізген. Егер орыс көпестері қазақтардан мал және мал шаруашылығы шикізаттарын сатып алса, ал қазақтар олардан ти ұға, кенеп, өңделген тері, боз, қытай жібегі, темір, шай, қант, темекі, ағаш, ыдыс­аяқ, мал емдеуге арналған дәрілер: скипидар, мұнай, мүсәтір сияқты бұйымдар сатып алған. Небольсиннің деректеріне қарағанда, XIX ғасырдың екінші ширегінде, 1827 жылдан 1837 жылға дейінгі он жылдың ішінде Қазақстанмен жасалған орыс саудасының айналымы 10,53 миллион сом мөлшерінде болды. 1840— 1850 жылдары бүл көрсеткіш 15,73 миллион сомға жетіп, бір жарым есе өсті. Ресейдің қазақ даласымен саудасында тауар әкелу тауар әкетуден асып түскен. Орынбор губерниясы бойынша жасалған айырбас сауда осыны дәлелдейді. Тауарды сырттан әкелу 1846­647 868 сом 44 тиын 1847­749 769 сом 60 тиын Тауарды сыртқа шығару 1846­469 694 сом 44 тиын 1847­490 299 сом 64 тиын XIX ғасырдың бірінші жартысында патшалы Ресейдің Орта Азиямен сауда жасауында Қазақстанның транзиттік маңызы өсе түсті. Ресейдің Орта Азия хандықтарымен керуен саудасы Орынбордан, Троицкіден, Петропавлдан және Семейден Қазақ даласы арқылы жүріп өтті. Қазақстанның тек солтүстік облыстарының жерімен ғана мына төмендегі бағдарлар бойынша 5 керуен жолы өтті: 1. Петропавл қаласынан Ташкентке, Қоқанға және Бұхараға. Керуен Ақмола приказы, Ұлытау елді мекені арқылы жүріп, одан әрі Шу өзенін кесіп өтеді де, Созақ, Түркістан арқылы Ташкентке барады. 2. Петропавлдан Құлжаға ­ Баянауыл, Қарқаралы, Аягөз, Қапал арқылы. 3. Семейден Құлжа мен Қашқарияға ­ Аягөз және Көкпегі приказдары, одан соң Тарбағатай жотасының оңтүстік беткейлері арқылы. 5. Семейден Қоқанға ­ Керуен Аягөз, Қарқаралы, Шу және Ташкент арқылы өтеді. Ресейдің Орта Азиямен жасаған саудасы жөнінде Ханыковтың есебінен және Британ Елшілігінің хатшысы Ломлей жазған материалдардан алынған кейбір деректер Орта Азия саудасының жағдайын әбден айқын сипаттайды. 1840 жылдан 1850 жылға дейінгі он жылдағы сыртқы сауданың айналымын мына төмендегі цифрлардан көруге болады59: Апарылғаны: Бұхараға, Хиуаға, Коқандқа ­ барлығы мынадай сома: 783 785 ф. ст. 199 830 ф, ст. 30622 ф. ст. 1 014 237 ф. ст. Әкелінгені: Бұхарадан, Хиуадан, Коқандтан ­ барлығы мынадай сома: 1 096 380 ф.ст. 209 425 ф.ст. 39 936 ф.ст. 1 345 741 ф.ст. Ханыковтың мәліметтеріне Караганда59, Ресейдің Орта Азиямен жасаған керуен саудасын жыл сайын 5 мыңнан 6 мыңға дейін түйе қамтамасыз етті. Ломлейдің деректеріне қарағанда, егер 1828 жылы Ресейден Бұхараға, Хиуаға және Коқандқа апарылған тауарлар 23 620 ф.ст. болса, 1840 жылы бұл көрсеткіш 65 674 фунт стерлингке жеткен. Патшалы Ресей Орта Азиядан мақта, жібек мата, елтірі, кілем және басқа заттар сатып алып әкеткен. Орта Азиядан сатып алынған тауарлардың арасында мақта және мақтадан иірілген жіп бірінші орында болды. Мұны Ресейдегі тоқыма өнеркәсібінің шикізат пен шала өнімге деген өскелең қажеттерін түсіндіруге болады. Жұртқа мәлім, ерікті жалдама еңбекті қолданудың негізінде дамыған мақта­мата өнеркәсібі XIX ғасырдың бірінші жартысында едәуір өрге басты. Қазақстаннан тауар сатып алуда мал шаруашылығы шикізаты, әсіресе тері елеулі орын алды. Бұл шикізат көбінесе шекаралық ауылдарда өңделді. 1837 жылы Орынбор губерниясында 59 тері өңдеу зауыты жұмыс істеді130. Орта Азия хандықтарымен және қазақ даласымен жасалған сауда жайында біз келтіріп отырған деректер XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан мен Орта Азияның шаруашылығы Ресейдегі дамып келе жатқан капитализмнің қажеттерін сауда арқылы барған сайын көбірек байланысып, оны жаңа базарлармен қамтамасыз етіп отырғандығын дәлелдейді.

Оставить комментарий