ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ ОРАЛМАНДАР

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін Қытай- мен дипломатиялық қатынас орнап, жан-жақты байланыстар айтарлықтай дамып келеді. Ресми деректерге қарағанда, Қытай Халық Республикасында 1,78 млн. астам қазақтар тұрады, бұл әлемнің 43 еліндегі 5,5 млн. қандастарымызды ескерсек, Қытайдағы қазақтардың салмағы бі- рінші орында тұрады деген сөз. Сондықтан Қазақстан Республикасында Қытайдан келген оралмандар жөнінде жазылған материал да, зерттелген еңбектер де аз емес. Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдан бастап оралмандар мәселесін зерттеуді ҚР ҰҒА Философия және саясаттану институты жүргіз- ді. Сонымен бірге еліміздің жекеленген ғалым- дары да өз зерттеулерін жариялай бастады. Т.О. Омарбековтің 1991 ж. “Қазақтардың Қытай асуы” атты мақаласы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланды. Аталмыш газеттің 1992 ж. 30- қазандағы санында Ж.К. Қасымбаевтың “Қы- тайға кеткен қазақтардың қайта оралуы” атты мақаласы басылып шықты. 1995 ж. 16-17 желтоқсанда Түркістанда «Қазақ диаспорасы: өткені мен болашағы» атты ғылыми симпозиум өткізілді, бұл шарада мем- лекетіміз жаңарған кезеңде қазақ диаспорасы- ның өзекті мәселелерін жүйелі түрде зерттеуге бетбұрыс жасағанын бейнелейді. Қытай қазақтарын және ол жақтан оралған оралмандарды зерттеуге қомақты үлес қосқан тарих ғылымдарының докторы, профессор Н. Мұқаметханұлы. Оның 1996 ж. жазған «XYIIIXIX ғасырлардағы қазақ-қытай байланыстары» /1/ атты ғылыми еңбегі Қытайдың мұрағат құжаттарын түпнұсқадан жүйелі түрде сараптап қолданған Қазақстандағы тұңғыш қазақ-қытай қарым-қатынастар тарихы болып табылады. Бұл еңбекте автор ғылыми айналымға түспеген Қы- тайдың орда күнделік хаттамаларына негізделе отырып, екі ел қатынастарының қалыптасу, даму процесін ашып көрсетті. Академик М. Қозыбаевтың аталмыш еңбек туралы: “Еңбек тың деректерге негізделген, екі империяның қыспағына түсіп, тұтас бір елдің, бір халықтың екіге бөлінуі бұрын-сонды зерттелмей келген еді. Осындай тарихи зерттеулерге Қытай деректерін де бірінші рет пайдаланып отыр ” /2/ деп бағасын берген. Н.Мұқаметханұлының 2000 ж. жарық көрген «Қытай қазақтарының қоғамдық тарихы (1860- 1920 жж.)» /3/ атты монографиясын қытай қа- зақтары туралы мол мәлімет берген қомақты еңбек деп айтуға болады. Автор қазақ дала- сынан Қытай мен Ресейдің мемлекеттік шека- расын белгілеуі — біртұтас қазақ халқының екі елге бодан болуының заңдасуы, бұл қазақ тари- хындағы тауқымет деп санайды. Онда сонымен қатар Қытай Цин империясына жерімен бірге ел болған қазақтардың қоғамдық құрылымдары мен әлеуметтік шаруашылығы мен мәдениетінің дамуының өзіндік ерекшеліктерін, Қытайдағы қазақтардың басқа ұлттармен қатынасын, Қазақ- станмен болған байланысын жүйелі түрде па- йымдап, оларда ұлттық сана-сезімінің қалыпта- суының саяси мәдени себептерін тарихи факті- лермен талдап дәлелдейді. Бұл қазақ тарихын- дағы аса күрделі кезеңді кешенді түрде зертте- ген, көптеген тарихи күңгірт мәселелерді ай- қындап, Қытайда қазақ қауымының қалыптасуы мен алғашқы кезеңде даму үдерісін ғылыми түр- де түсіндірген құнды еңбек десек болады. Н. Мұқаметханұлының жоғарыдағы зерттеу тақырыбының жалғасы «ХХ ғасырдағы Қытай- дың тарихи үрдісіндегі қазақтардың әлеуметтік дамуы» /4/ деген еңбегінен көрініс тапты. Онда автор 1920-2005 жж. дейінгі қытай қоғамының тарихи өзгеру даму үдерісінде, Қытайдағы қа- зақтардың әлеуметтік дамуын қарастырған. Әсі- ресе ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында қытай қазақтары дөп келіп отырған әлеуметтік мәселелерге талдау жасаған. 2005 ж. маңызды бір зерттеу «Қазақ диаспо- расы: бүгіні мен ертеңі» /5/ атты еңбектің үшін- ші бөлімін «қытай қазақтары» деген тарауын Н. Мұқаметханұлы жазған. Бұл тараудың қоры- тындысы ретінде кітапта: Қытай қазақтары 1860-1911 жылға дейін жартылай отар, жарты- лай феодал Қытай Чин (Цин) патшалығының билігіндегі әскери әкімшіліктің басқаруында болды, 1912-1944 жылға дейін Кытай респуб- ликалық (Миньго) дәуірдегі миллитарист гене- рал-губернаторлар мен Гоминдаң партиясы үкі- метінің билеп-төстеуінде өмір сүрді. Бұл кезде Қытайдағы қазақтар Шыңжаңдағы басқа ұлттар- мен бірге ұлттық теңдік пен әлеуметік даму үшін күрес жүргізді. 1944-1949 жж. дейін Шың- жаңдағы қазақтар негізінен “Үш аймақ үкіме- тінің” (Шығыс Түркістан уақытша үкіметінің) басқаруында болды. Бұл тұстағы басты бағдар Кеңес одағы үлгісінде қоғамдық құрылым орна- ту және ұлттық мәдениетті дамыту болды. 1949 ж. қазан айынан қазірге дейін ҚХР-дың социа- листік дәуірдің екі кезеңін бастан кешті, яғни 1950-1980 жж. дейін “Таптық күрес арқау бол- ған” жоспарлы экономикалық жүйе жағдайында өмір сүрді. Бұл кездегі қазақтардың (тек қазақ- тар ғана емес, бүкіл Қытайдағы халықтардың) тағдыры Қытай компартиясының уысында бол- ды, ал 1980 жылдан казірге дейін “Қытайлық ерекшелікке ие социалистік” тауар экономикасы дәуірінде өмір сүріп келеді. Осы дәуірдің алғаш- қы жылдарында Қытайдағы қазақтар да ондағы басқа халықтар сияқты экономикалық өндіріс саласында еркіндігіне ие болды және олар шаруашылық пен мәдениетте айтарлықтай алға басты. Бірақ соңғы жылдары нарықтық бәсеке- нің күшейе түсуіне байланысты қазақтардың тіршілік кеңістігі таралып, шаруашылығы мен мәдениеті әлсірей бастады. Себебі тауар эконо- микасының бәсекелесінде қазақтардың әлсіздігі айқын байқалады. Бұлай болуы заңды нәтиже. Өйткені ондағы қазақтардың бәсекелесі өздері- нен сан жағынан жүз мың есе артық, оның үс- тіне ел тұтқасын ұстаған қытай халқы. Сондық- тан да қазір Қытайдағы қазақтардың өмір сүру ортасы қиындап кетті. Егер мәселені тарихи тұрғыдан алып қарай- тын болсақ, Қытайдағы қазақтардың әлеуметтік экономикасы мен мәдениеті жалпы даму үрді- сінде келеді. Әсіресе ХХ ғасырдың соңғы жар- тысындағы дамуы айтарлықтай тез қарқында болып, Қытайдағы қазақтардың әлеуметтік да- муындағы шарықтау шыңы деуге болады деп тұжырымдайды /6/. Аталмыш еңбекте авторлар қазақ диаспора- сының тарихи қалыптасуын ғана емес, сонымен қатар оның бойындағы біршама ерекшеліктерді де айқындай түскен. Сөйтіп, ол болашақта бұл тақырыпты терең зерттеуге іргелі негіз қалаған. Зерттеуде тәуелсіз мемлекеттің экономикалық, құқұқтық, саяси, әлеуметтік мүмкіндіктері негі- зінде сырттан көшіп келген қандастарды қоныстандыруға, жаңа саяси құрылымға кірік- тіруге үлкен өзгерістердің, диаспораға байла- нысты бірнеше іргелі мәселелердің шешімін табуға бетбұрыс жасалғанын атап көрсетеді /7/. Авторлардың пікірінде қазақ халқының бірлігін қуаттай тұрған асқақ арманның жатқандығын байқауға болады. Н. Мұқаметханұлының 2010 ж. жарық көр- ген «Дипломатиялық қатынастар және қытай- тану мәселелері» /8/ еңбегінің төртінші бөлімі «Оралмандар туралы ойлар» деп аталған зерт- теуінде, мынадай пікірлер айтады: “Бір елдің, бір халықтың бөлініп-жарылуы мен қайта бірі- гуі де өткен ғасырдың бір ерекшелігі болды. Әрине, қазақтарда ол ауқымнан тыс қалған жоқ. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың шетелдегі қандас- тарымызды Отанға оралту мәселесін ұлттық саясат деңгейіне көтеріп, оны Қазақстанның бо- лашағымен байланыстырып қарастыруын әлем- дік өредегі аса көрегендік пен саясаткерлік деу- ге тұрады. Өйткені тек осындай саясаттың дәйекті атқарылуының арқасында ғана ҚР тәуелсіздігі баянды болады, қазақ халқының ұлттық тұтастануы жүзеге асады, содан ұлттық болмысы мәңгі сақталады деп санаймыз /9/.” XX ғасырдың 30-40 жылдары Қытайдағы қазақтардың атамекенін тастап, белгісіз бағытқа үдіре көшу мәселесін қарастырған еліміз және еуропалық зерттеушілердің бірнеше еңбектері жарық қөрді. Солардың ішінде ең маңыздысы Халифа Алтайдың «Алтайдан ауған ел» мен Хасан Оралтайдың «Елім-айлап өткен өмір» /10/ атты еңбектері. 2005 ж. өткен әлем қазағының үшінші құрылтайынан кейін “Қазақ диаспорасы” тақы- рыбын зерттеу қоғамда жаңа қарқын алды. Осы тақырыптың теориялық және практикалық зерт- теулері өз жалғасын тапты. Қазақстанда қазақ диаспорасы мен иррен- денттер мәселесінің сан қырлы қатпарларын та- рихи және осы замандық дамуына терең зерттеу жүргізген ғалым тарих ғылымдарының докторы Г.М. Мендикулова. Оның 1997 ж. жарық көрген «Исторические судьбы казахской диаспоры: Происхождение и развитие» /11/ деген моногра- фиясы соның нәтижесі. Автордың 2006 ж. жа- рық көрген «Қазахская диаспора: история и сов- ременность» /12/ атты еңбегінде, 1930-1950- жылдары Қытайдағы қазақтардың трагедиялық тағдырынан әлемге тарыдай шашылуы туралы еліміз және батыс тарихшыларының шығарма- ларын тұңғыш жүйелі зерттеп, Тайваньның бұл тарихи оқиғаға себепкер болғанын көрсетеді. 2008 ж. Г.М. Мендикулованың «История мигра- ций между Қазахстаном и Китаем в 1860-1960-e гг.» /13/ атты көп авторлы еңбегін өзіндік ғылы- ми маңызы бар деп санаймыз. Қазақстандық белгілі саясаттанушы ғылым К.Л. Сыроежкиннің 1994 жылғы «Казахи в КНР: очерки социально-экономического и культурно- го развития» /14/ атты еңбегінде Қытай қазақ- тарының әлеуметтік-экономикалық және мәде- ни болмысын үңіле зерттеп, мемлекет шекара- сының қазақ халқын екіге бөлсе де, ел тағдырын бөле алмайды дейді. Ал 2006 ж. жарияланған «Проблемы современного Китая и безопаст- ность в Центральной Азии» /15/ атты еңбегінің «Внутренние проблемы КНР и их воздействие на безопасность Центральной Азии» деген та- рауында автор Қытайдың Орта Азия елдеріне тигізетін қаупіне талдау жасап, Еуропаның 60- 70 жылдар Азия-африкалықтардың көші-қон- ның жергілікті тұрғындарымен бәсекелесуін, қоғамдық ауыртпалық қалыптастырғанын, со- нымен бірге ұлтаралық қақтығыс, кылмыстық топтардың пайда болуы, саяси экстремизм мен радикализмінің бас көтеруі сияқты жағымсыз жағдайларды еске ала отырып, Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздік мәселелерін Шынжаң мәселесімен байланыстырып қарастырып, осы- ған байланысты Шынжаң ұйғырлары мен қазақ- тары көптеп Қазақстанға ағылып келуінің қате- рі көп деп тұжырымдайды /16/. Біз Г.М. Мендикулованың еңбегіне қарасақ, диаспораны бірнеше түрге жіктеген, адамзат тарихында болған грек халқы, еврей, армян халықтары көшпелі (мобильдік) диаспорасы ре- тінде өздерінің ұйымшыл, еңбекқор, бейім- делгіш ерекшеліктерімен әлем экономикасына тигізген ықпалына салыстырмасақ та, өз елінен жат елге барып АҚШ-қа көшіп барған вьетнам- дықтар, мексикалықтар, Англияға қоныс ау- дарған африкандық пролетарлық мигранттар мен қытай қазақтарының жат елден өз Отанына оралуы екі басқа әңгіме болар. Г.М. Мендикулованың Қытайдан Түркияға ауып барған қазақтардың ұйымшылдығы, жаңа ортаға бейімделгіштігі мен дәстүрлі ата кәсібін жаңа экономикалық жүйеге өрістетуін, Түркия елінде тері өнімдерін өндіру және нарыққа шы- ғару, әлемге танытуына ғылыми негізде ерекше зор баға берген. Егер сол анау жарты ғасырдан бұрынғы ата- бабаларымыз сол қанмен жазылған аянышты тағдырымен ғана емес, өз тіршіліктерінде де, жат елдегі өміріндегі, өзгелермен қарым-қаты- настарда ұдайы байсалдылық көрсетіп, сабыр- лық сақтап әлемге өздерін паш еткен асқақ ру- хы, өр жігері бүгінгі күнде тәуелсіздіктің қаді- рін өте жақсы түсінетін атамекенге оралған қазақтарда жоқ деп айтуға болмайтын шығар?! К.Л. Сыроежкиннің 2010 ж. «Казахстан- Китай: от приграничной торговли к страгетичес- кому партнерству» /17/ деген үш кітаптан тұра- тын еңбегінің «Проблема казахской этнической общины в Китае» тарауында Қытайдағы қазақ- тар және еліміздің көші-қон саясатына төменде- гідей сипаттама берген: Деректерге қарағанда, 2008 жылы 1 қазанға дейін Қытайдан келген оралмандардың саны 65191 адамға жеткен, еліміздегі жалпы оралман- дар санының 9.23%-ін құрайды, жалпы көбею беталысы байқалады. Қытайдан келген оралман- дар кирилица әріпін білмегендіктен Қазақстан- ның жоғары оқу орындарында түсуіне мүмкін- дігі жоқ, олардың ішінде көпсандысы орысша игермегендіктен жергілікті тұрғындарға бейім- делуде қиындыққа түседі /18/ дейді. Ең негізгі проблема жергілікті жағдаймен жергілікті тұрғындарымен арадағы қарым-қаты- настағы бейімделу /19/. Г.М. Мендикулованың еңбегінеде “мигранттардың қоныстанған жат ортасына қарасақ, бейімделу процесімен харак- тері обьективтік және субьективтік факторла- рымен байланысты, бірінші факторларға миг- ранттар өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-этни- калық, саяси деңгейі, этносаралық қатынастар ықпал етсе, субъективтік факторлардан ең ма- ңызды рөлін атқаратын билік саясаты, қоғамдық ұйымдардың қызметі, психологиялық жағ- дайлар” /20/ дейді. Міне, осы пікірден ұлттық саясат және елдің атқарушы органдарының қызметі қаншалық ма- ңызды екенін білуге болады. К.Л. Сыроежкиннің көз алдына елестейтін қытай қазақтары: “Қытай Халық Республика- сында тұрып жатқан қазақтардың 92,5% ҚХР құрылғаннан кейін туылғандар, ал 80% 1962 жылдан кейін, 65,7% мәдениет төңкерісінен кейін, 50,7% 1978 жылдан кейін туылғандар. Біріншіден, мына мәлімет сандар бойынша, қы- тай қазақ тұрғындардың бір бөлігі байырғы миг- ранттық толқынына жатпайды. ҚХР олар үшін толық түсінік тегі »Отаны» деп айтуға болады; екіншіден, қазақтардың қауымдастығы өте жас және көп сандысы 1950 жылғы мәдени төңкерісті еске сақтамайды. Cон- дықтан да қытай қазақтары үшін Қытай олар- дың тарихи және этникалық отаны /21/.’’ Жоғарыда келтірген К.Л.Сыроежкиннің ең- бектерінен оның Қытайдағы қазақтарды және Қытайдан оралған қандастарымызды зерттеуге ұстанған концепциясының астарын анық аңғару қиын емес. Ол Қытайдағы қазақтардың жас мөл- шерлері бойынша олардың «Отаны — Қытай» бо- лып кетті дейді. Бұл сөз туып-өскен жері мен азаматтығы бойынша қарағанда дұрыс. Бірақ ол қазақтар өздерінің атамекенінде отырғанын, олардың Қытай-Ресейдің 1864 жылғы шекара келісімі бойынша «Жерімен бір- ге Қытайға қарағанын» профессор Н. Мұқамет- ханұлы аталған еңбектеріне әбден дәлелдеген- ді. Қазіргі қазақтар солардын ұрпақтары емес пе?! Сондықтан да профессор Г.М. Менди- кулова оларды «ирренденттер» немесе «өз ата- мекенінде отырған қазақтар» деп санайды. К.Л.Сыроежкин тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаевтың көрген саясатының арқасында Қытайдан Отанға оралған немесе оралатын қазақ диаспорасын кейбір сепартист ұйғыр- лармен қосып, Орталық Азияның қауіпсіздігіне қауіп төндіретін фактор деп көрсетуі оның бөгде ойда екендігін көрсетіп қойды. Өйткені ол өзінің осындай тұжырым жасауға негіз болған бір де бір аргумент-фактіні келтіре алмаған, алмайды да. Ал профессор Н.Мұқаметханұлы болса өзінің жақында жарияланған «Көш байлығын бағалай білейік» деген мақаласында «Шетел қазақтарының атажұртқа қоныс аударуы тек елімізге қосылған адам ресурстары ғана емес, сонымен бірге — еңбек ресурсы, инвестиция, ғылыми-техника, мәдениет, өнер, білім мен ғылым бұлақтары болып табылады. Елге ел қосылса құт деген, міне осы» /22/ деп баға- лайды. Сондай-ақ ол оралмандарды «ұлттық потенциалдың қайнары» деп есептейді және оған мол факті-мысалдарды келтіреді. 2011 жылғы 13 сәуір санындағы «Общес- твенная позиция» газетінде жазушы, филология ғылымдардың докторы, проф. Т. Жұртбай мы- надай пікір айтқан: “Қазір «оралмандар бізге не беріп жатыр?» дейтін шайтан пікір етек алды. Бұл — мемлекеттік мекемелерде отырған жоғары лауазымды тұлғалардың, тіпті оралмандардың тағдырымен тікелей байланысты мекеме қыз- меткерлерінің тұла бойында бүлкілдеп жатқан пәле’’ — деп пайымдаған /23/. Мұндай тенденцияны кездейсоқ деп сана- маймыз. Дегенмен ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бастаған оралмандар саясаты- ның жаңа деңгейде жүзеге асатына сенеміз.

Читайте также:  РЕСЕЙДЕГІ 1905­1907 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ

Оставить комментарий