ҚАЗАҚСТАН – ЖАҢА СИПАТТАҒЫ ЗАЙЫРЛЫ ЕЛ

Опубликовано Август 15, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Қазақстан мемлекетінің мәдениет құрушы өкілдері он ғасырдан бері мұсылман. Қазақ халқы да басқа түркі халықтары сияқты исламның сүнни бағытын, оның ішінде Ханафи құқықтық жолын ұстанып келеді. Тарихи және онтологиялық тұрғыдан ханафи құқықтық тұғыры мен Матуриди сенімдік жүйесі және Иасауидің діни тәжірибесі қазақ халқы үшін дәстүрлі дін болып табылады. Сондықтан, Қазақстандағы исламның тарихын, жүріп өткен жолын, өзіміздің осы жолдағы ата-бабаларымыздың ислам өркениетіне қосқан үлесін тану арқылы біліп, бағамдай аламыз. Діннің тарихы біздің дәстүрлі мұсылман елі екендігімізді көрсететін негізді тірек. Принцип ретінде де «Тарихпен үндесу», яғни бұл мемлекеттің де сол мемлекетті құрушы мәдениетке де тарихпен үйлесімділік психологиясын орнықтырады. Сонда ұлттық тәуелсіздігімізді баянды еткісі келетін қоғамдағы әрбір адам (мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарда қызмет ететін) жалпы адамдық құндылықтарды, сонымен қатар болмысымыздағы исламның негіздерін уақыт пен кеңістік талабы шеңберінде түсіндіріп, бүгінгі қоғамдағы зиянкес танымдар мен ағымдардың негізгі стратегиясын, мүддесін қоғамдық пайда тұрғысынан ашып көрсете алатын болады. Қазіргі таңда қоғамымызда ғасырлар бойы қалыптасқан Қазақтың дәстүрлі діни түсінігі мен танымын сынап, оның негізгі ұстанымдары мен идеяларын жоққа шығару әрекеті көзге түседі. Бұқаралық ақпарат құралдарының дін мен саясат арақатынасына немқұрайды қарауы және мемлекеттің де дінді жеке құбылыс ретінде танымауы бүгін саяси топтардың дінді саяси құралға айналдыруына апарып соғуда. Бүгінгі жаһандану құбылысымен бірге келе жатқан исламофобия, террорлық әрекеттің дінге, исламға негізделуіне көзжұмушылық, түсіне алмаушылық сияқты психологиялық кедергілердің барлығы жалпы алғанда діни танымға ғылыми тұрғыдан дұрыс баға берілмеуінен туындап отыр. Бұл жерде мемлекет тарапынан тиісті шешім қабылдауға «тарихқа сүлесоқ қарау және ескі кеңестік құқықтық жүйенің жалғасып отырғандығы» басты кедергі. ҚАЗАҚСТАН – ЖАҢА СИПАТТАҒЫ ЗАЙЫРЛЫ ЕЛ 22 ҚазҰУ Хабаршысы. Дінтану сериясы. №2 (2). 2015 Қазақстан – жаңа сипаттағы зайырлы ел Қоғамымызда сыртқы және ішкі саяси топтардың әрекеті арқылы тарихи сабақтастыққа, санаға қарсы жұмыс жүргізіп, өткен тарихымыз бен діни тәжірибеміз туралы теріс пиғыл қалыптастырылып жатыр. Оған құқықтық тетіктерінің осал жерлерін жетік меңгерген өз азаматтарымыз құрал болуда. Олар саясатта, бұқаралық ақпарат құралдарында, мемлекеттік қызметтерде орын теуіп үлгерген. Бұлар қазақ болмысының негізгі құндылықтарын құнсыздандыру жұмыстарына құрал екендіктерінің мәніне жете алмаушылықтан болып отыр. Мысалы, рухани тарихымыздың бел омыртқасы Иасауиге қарсы шығу деген бүкіл тарихымызға, мәдениетімізге, сайып келгенде, қазақ халқының тарихына қарсы шығу болып табылады. Өйткені, Иасауиден бастап Асан Қайғы, Зар заман ақындары, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Майлықожа және бүгінге дейінгі қазақ даналарының шығармалары бізге Қазақ мұсылмандығы, діни танымы, діни санасы және діни тәжірибесіндегі тарихи сабақтастықты көрсетеді. Егер мемлекеттің баяндылығы үшін осы құндылықтар қолданылмаса, орта жолдан басқалар әртүрлі мақсат, мүдделеріне пайдаланып кетеді, пайдаланып та, жазаланып та жатыр. Бүгін вахабилік жолындағы қандастарымыздың қазақ мұсылмандық түсінігіне оның тарих бойы жинақталған, болмысқа айналған, түсінік танымына жасап жатқан ревизиясының зардабы кешегі коммунистік идеология жүргізген ұлтсыздандыру саясатынан жүз есе асып түсетін қасірет. Бұлар қазақты бүгін ғана мұсылмандықты қабылдаған ел сияқты көрсетіп, өздерін таза ислам атынан, кей жерлерде Алланың атынан сөйлеп ұлтты тамырынан қопарып, сол арқылы қазақты өз тарихи санасынан бездіруге жұмыс жүргізіп жатыр. Демек, олар қазақтың сан ғасырлық тарихы мен діни тәжірибесін жоққа шығаруды мақсат еткен. Бұл нағыз революциялық тенденция. Яғни, мәдениет үшін еркін сұхбат емес, психологиялық қысымға негізделген рухани экспанциясын жүргізіп отыр. Олар Қазақ мұсылмандық түсінігіндегі әулиелерге құрмет, молаларды қастерлеуі, өлікке ескерткіш орнатуы, зікір жасауы, тұмар тағу – олардың исламға әкелген бидғаттары деп қарайды. Бұл қоғамды қайшылықтар мен мәдениетіміздің тірегі болған танымдық тұғырлар үшін келеңсіз жайларға апарып соғуда. Музыка, театр, өнер, туылған күн тойлауды харам, күнә деп есептейді. Бұлар, уаххаби ағымындағылар үшін Аллаға серік қосу (ширк) және дінге жаңалық қосу (бидғат). Міне осындай қазақ мұсылмандық түсінігінің негіздері жоққа шығарылып жатқанда бүгінгі қазақ жастарының ой- ына «шындығында біздің ата-бабаларымыз қай ислам дініне сенген?» деген психологиялық-танымдық қобалжу туатындығы сөзсіз. Уаххабилік ағымның ерекшелігі – сенім мәселесінде фанатизмге бой алдырады, өзінен басқа түсініктегі мұсылмандарға экстремистік өшпенділікпен қарайды. Мысалы, егер бір адам Құдайдың құлы ретінде Алла заңына (шариғатқа) емес, конституцияға бағынса, ол адам Бір Құдайға сену формуласын бұзғаны үшін «көп Құдайға табынушы» (арабша – мүшрік, кәпірдің бір түрі) атанады. Жалпы кеңестік режим кезінде тұқымы себілген вахабилік тенденция өткен ғасырда КСРО құлаған соң посткеңестік елдердің ішкі тыныштығын бұзу үшін «ілім» ретінде Орта Азия елдері мен Кавказ аймағына кіргізілді. Соның нәтижесінде бұл діни-саяси доктрина Шешенстан мен Өзбекстандағы, Қырғызстан мен Тәжікстандағы талай қарулы қақтығыстар мен жанжалдардың шығуына басты себеп болды. Бұл құбылыстан Қазақ елі де тыс қалып отырмағандығына куә болып отырмыз. Оған бүгінгі діни ахуалға сараптама жасағанда көз жеткізіп отырмыз. Адамзат тарихында мемлекет өзінің қуатын діннен алып, дінді қорғау мақсатында өте қатаң шаралар қолданған, сонымен қатар мемлекет дінді өз бақылауында қысып ұстап, ең сорақысы дінсіз қоғам орнатқан кезеңдер де болған. Зайырлылық тек қана құлшылық пен сенім бостандығы немесе мемлекет пен діннің өзара ажыратылуы ғана емес. Зайырлылықтың негізгі мақсаты жеке тұлғаны діндердің және иделогиялардың қысымынан құтқару екендігін білуіміз керек. Бұл тұрғыдан келгенде Қазақстандағы діни экстремистік бағыттар, «салафилер» мен христиан миссионерлерге өз азаматтарын беріп қою, бақылаусыз қалдыру мемлекеттің қауіпсіздігіне қаншалықты зиян екендігіне назар аударар кез жетті. Зайырлылық мемлекеттің демократиялық, рационалды ұстанымдарға негізделуін білдіреді. Ал исламда жоғарыда айтқандай «дін адамы» немесе «дін адамы емес» деген бөлектену немесе статус, «каста» болмаған. Олай болса, «зайырлылық» ұстанымын әсіресе, ислам өркениеті мен мәдениеті негізінде құрылған мемлекеттер өзіндік жеке комментарии жасау арқылы билік пен қоғам арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз етуге ұмтылуы керек деп ойлаймын. Себебі исламда мешіт Батыстағыдай шіркеу сияқты бо­ ISSN 2413-3558 KazNU Bulletin. Religious studies series. №2 (2). 2015 23 Досай Кенжетай ла алмайды. Өйткені, шіркеу католиктерде рухани билік ретінде діннің ресми өкілі. Ал исламда мешіттің шіркеу сияқты Алланың атынан билік жүргізетін миссиясы жоқ. Сондықтан Батыс пен Шығыс немесе христиандық пен ислам арасындағы басты ерекшеліктерді негізге ала отырып зайырлылық ұстанымын өзіміздің мемлекеттіліктің баяндылығы мен қауіпсіздігі үшін қайта тұжырымдауға құқылымыз деген ойдамын. Зайырлылық білім мен ғылымға, еркін ойға сүйенген ұстаным. Жеке тұлғаның жеке ісіне, сеніміне, отбасымен қайшылыққа түспейді де, діндарлығына да араласпайды. Сондықтан Лаицизмді дінсіздік деп ұғыну оны дұрыс түсінбеу деген сөз. Оның үстіне өткен жылы қабылдаған жаңа заңымызда осы «…зайырлы ел» деген тіркестің ішкі мазмұны мен ұстанымдық функцияларына түсіндірмелер жасалу керек деп есептеймін. Ол түсіндірмелер де мәдени, тарихи сана мен діни, өркениеттік тәжірибемізді ескеріп жасалуы тиіс. Себебі дін құбылысы киелі, моральдық тұжырымы бар, діни ғұрыптық қырымен қоса, аксиологиялық тұғырлар институты. Зайырлы елде мемлекет дінге араласпайды деген сөз, Қазақстан сияқты халқының 70 пайызы мұсылман елде халқының діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеспейді деген сөз емес. Бірақ, Қазақстанда ғылыми тұрғыдан рационалды деңгейде зайырлылықтың анықтамасына қоса, оның функциялары да түсіндірілмесе, заң және құқық кітаптарына енген жаңа термин ретінде үлкен қайшылықты пікірталас тудыруы мүмкін. Ол үшін бұл ұстанымға мемлекеттілігіміздің баяндылығын негізге алатын жаңа функциялар үстеп, қайта тұжырымдау шарт деген ойдамын. Ең алдымен мемлекет пен дін арасындағы қатынас нақтылану тиіс. Бұл қатынас зайырлылық арқылы нақтыланған. Бірақ, бұл жерде мемлекеттің дінге деген тарапсыздығы, дін ісіне араласпайтындығы ғана паш етілген. Ал дін феномені мен мемлекет арасында ешқандай байланыс көрсетілмеген. Кез келген демократиялық елдің заңнамасына назар аударсаңыз, дін бабы өз алдына бөлек қаралады. Содан кейін барып, діни бірлестіктер, тіркеу және бақылау принциптері және олардың түсіндірмелері орын алады. Біздің заңда кешегі кеңестік ұстаным қалып қойды. Ондағы секуляризм ұстанымындағы, кешегі кеңестік жүйе заңы үшін дін жеке феномен ретінде қабылданбағандықтан жеке дін бабының қажеті болмады. Олар тек қоғамдағы діни көріністерді, мінез құлықты ғана есепке алды. Біздің бүгінге дейін қолданып келген заңымыз да кешегі кеңестік жүйеден қалған мирас болатын. Біріншіден, Қазақстан мемлекеттілігінің негізінде қазақ мәдениеті жатыр, тілі қазақ тілі дейтін болсақ, онда, Қазақстан, тарихи онтологиялық тұрғыдан ислам дініндегі мемлекет деп көрсетіп, басқа әлемдік діндерді де құрметтей- тіндігін енгізуіміз керек. Бұл зайырлылық ұстанымының реттеушілік қызметінің жандануы деген сөз. Зайырлылықтың реттеушілік қызметі қазақ елінің мемлекеттілігінің баяндылығының кепілі болады. Сонда қаптаған миссионерлер мен исламдық жат ағымдардың қарқыны азаяды. Тіркеу, бақылау, қадағалау ісінде де жаңа заң негізінде жаңа түсіндірулер мен талаптар пайда болады. Екіншіден, зайырлылық ұстанымы ұлттық құндылықтарды күшейтуге бағытталу керек. Ислам діні үшін дін, милләт және үммет категориялары біртұтас қаралады. Бұл оның әлемдік, адамгершілік, бауырмалдықты, бейбітшілікті паш ететін дін екендігінің көрінісі. Бірақ, соңғы кездері умметшіліктің жасыл жалауын желбіреткісі келіп, біртұтас халифат құрғысы келетіндерге қандастарымыздың да өзеуреп кеткендері жасырын емес. Сонымен қатар бұл функция «халықтық билік» түсінігінің үстем болуына да көмектеседі. Себебі, халифа, халифалық деген түсініктер «елді Алланың орынбасары, жердегі өкілі арқылы билеу» дегенге саяды. Үшіншіден, негізінен демократиялық қоғамда, республикалық жүйедегі мемлекетте ғылыми таным мен діни таным басқа танымдық институттарға қарағанда басым болып, өзара параллель бәсекелестік жағдайында болады. Осы бәсекелестікті реттеп отыратын негізгі тетік зайырлылық принципінде жатыр. Бұл жерде діни сенім мен діни таным арасын ажыратып көрсету керек. Діни сенім догмаға, аянға ал, діни таным адамның білім алу мазмұнына, тәжірибеге, өмір сүрген ортасына, жамағат мүшелігіне қатысты қалыптасады және бүгінгі ғылым салалары арқылы дамиды. Діни сенім негізінен барша мұсылмандарға ортақ, ал діни таным біздің қазақ болмыстық негізіміз, мәдени ерекшелігіміз. Бұған ғылыми таным мен діни таным арасын реттеп отыратын да зайырлылық ұстанымы болуы тиіс. Сонда қоғамдағы бақсы, балгер, тіленші дуанасы, дүмше молдасы, қаптаған тәуіп пен көріпкелдердің халықты алдауына жол бермей, ғылыми рационалды әдістердің өркендеуіне жол ашады әрі дін ғылымы да дамиды. Төртіншіден, діни таным әртекті болады. Ол арабтың, парсының, түріктің мұсылмандығының ерекшелігін көрсетеді. Бұл ерекшелік теологиялық тұрғыдан емес. Сондықтан Қазақстандағы әрбір бөтен діни таным жаңа діни 24 ҚазҰУ Хабаршысы. Дінтану сериясы. №2 (2). 2015 Қазақстан – жаңа сипаттағы зайырлы ел ағымдардың қалыптасуына негіз болады. Бұл құбылыс қоғамда психологиялық қайшылықтарды тереңдете түседі. Әр топ өз жолын басқа ағымдағыларға қарағанда ақиқат деп біледі. Бұл құбылыс қордаланып екі топ арасындағы діни өшпенділікке апарып соғады. Бұдан да сорақысы екі діни таным өкілдері қоғамдағы екі саяси ағымның құралына айналып кетуі мүмкін. Бұл ислам тарихында жиі орын алған құбылыс. Сондықтан, осындай әртектілік пен танымдық қайшылықтарды реттеп отыратын зайырлылық ұстанымының функциясына қажеттілік бар. Бесіншіден, дін ар, ождан, жүректің мәселесі. Бұл мәселе тікелей адам мен Алла арасында ғана таразыға тартылуы тиіс. Соңғы кезде кешегі жетпіс жылдық атеистік режимнің салдарын алға тартып, көптеген мазхабтар мен діни ағымдар өз қатарына қысыммен, зорлықпен қаратуды да әдетке айналдырғанын естіп қаламыз. Ал исламның мәнінде зорлық жоқ. Олай болмаған жағдайда дін саясат құралына айналды дей беріңіз. Адам еркі тапталады. Оның да жаратылған болмыс екендігі екінші кезекте қалып, жамағаттың, діни топтың ықпалында кете береді. Міне осы құбылысты шектеп отыратын да зайырлылық ұстанымы. Алтыншыдан, зайырлылық ұстанымы қоғамда білім берудің тұтастығын қамтамасыз етуі шарт. Жоғарыда айтып өткендей мемлекет пен дін арақатынасы реттелген кез келген мемлекеттерде діни білім беру мемлекеттің құзырындағы іс. Сонда ғана не ексең соны орасың. Мемлекет дін істеріне араласпайды, не оқыса оқи берсін десеңіз, бұл мемлекеттің өз қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауы деген сөз. Одан да сорақысы бұл белгілі бір діни ағымның мемлекеттің қолымен қоғамды, мәдениетті бөлшектеуі деген сөз. Сондықтан, білім берудің кез келген түрі ол діни, саяси, кәсіптік, техникалық және т.б. болсын мемлекеттің құзырында болуы керек. Әсіресе, бүгінгі діни ахуал тұрғысынан шарт. Жетіншіден, осы зайырлылық ұстанымын сылтауратып, кейбір алпауыт елдер, біздегі көптеген дін өкілдерін сұқ саусағымен көрсетіп, мемлекеттігімізге, ұлттық тәуелсіздігімізге қол сұққылары келеді. Зайырлылық пен демократияны, зайырлылық пен құқықтық мемлекетті бір деп көрсеткілері келеді. Бұл әрине саяси ойын. Әр мемлекеттің өзінің тарихи, мәдени болмысына байланысты қоғам қажетін қанағаттандыратын құқықтық нормаларын ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл табиғи құбылыс. Бірақ бұл нормалар осы Қазақстан қоғамына қатысты имманентті, ал халықаралық құқық стандарттарына трасцендентті болып тепе-теңдік сақтап отырады. Себебі Қазақстан жабық қоғам бола алмайды. Сол сияқты әрбір мемлекет үшін зайырлылықтың да өзіндік комментарийі болатынына дау жоқ. Бұл комментарий әрбір мемлекеттің тарихы, мәдениеті, діні, жалпы ұлттық болмысы негізінде жасалады. Зайырлылық ұстанымына қосымша функциялар үстеп, қайта қарап, мемлекеттік, ұлттық және қоғамдық қауіпсіздік тұрғысынан түсіндірер болсақ, онда қоғамымыздағы көптеген жат діндерге қатысты секталар сыртқы басқару орталықтарынан, ал исламдық конфессиялар еркінсулерінен қол үзген болар еді. Сегізіншіден, зайырлылық ұстанымының бастапқы анықтамасы, ол Батыстағы тарихи құбылыстардың нәтижесінде жасалды. Онда діни биліктен тәуелсіз болып табылатын мемлекет зайырлы деп анықталынған. Шындығында қазіргі жағдайда Қазақстан осылай кете беретін болса, онда вахабилік идеологиясы мен билігіне кіретін болады, Сондықтан Қазақстандық зайырлылық үлгісі мемлекеттің дін билігіне қарайтындығы емес, керісінше дінді мемлекеттің құзырына алған, бақылау мен білім беруін де өз құзырында қарастыратын, дінді де мемлекеттің баяндылығының кепілі ретінде танитын мемлекет ретінде жаңа тарих сахнасына шығуы тиіс. Исламның негізгі ұстанымы бойынша халықтың өзін-өзі басқаруы, адам құқы, ой еркіндігі қамтылған. Құран адамдардың Алла еркіне сай тіршілік етуі үшін негізгі ұстанымдар мен нормаларды көрсеткен. Ал бұл ұстаным мен нормалар әр кеңістікке қарай адам еркіне қалдырылған. Яғни, бүгінгі мәселелерді социологиялық перспектива тұрғысынан қарастыру қажет. Ислам діні де үкім бергенде қоғамдағы құбылыс арқылы әрекет етуді ұстаным ретінде қабылдайды. Пайғамбар да әрбір құбылыстың себеп-салдар байланысын негіз ретінде алған. Мысалы, қоғамдағы келеңсіз ахуалға бірнеше болымсыз себептер үдеріс арқылы тап болса, ол егер анықталса, онда сол болымсыз себептерді өзгерту керек екендігі өздігінен ортаға шығады. Салдардың өзгеруі  – себептің өзгеруіне байланысты. Ал мемлекет – мақсаты жағынан қоғамдық жүйенің, әділеттің, қоғамдағы игіліктердің үстемдік етуін қамтамасыз ететін саяси, әлеуметтік құрылым. Сонымен қатар, мемлекет өз құрушыларының сенімі, мәдениеті мен болмыстық құндылықтарын әлеуметтік өмірдің жүйеленуінде негіз ретінде алуы тиіс. Олай болмаған жағдайда мемлекет құрушы элементтер әлеуметтік жүйеден таба алмаған құрылымды аңсаумен, мемлекетке қарсы топ құруға бет алады. Бұл – мемлекет, құндылық және ISSN 2413-3558 KazNU Bulletin. Religious studies series. №2 (2). 2015 25 Досай Кенжетай саясат теориялары тұжырымдары бойынша ең үлкен қателік. Сонымен, бүгін ислам атын жамылып келген уаххабийа, «хизб ат-тахрир», «таблиғи жамағат», «ахмадийа» сияқты т.б. ағымдар Қазақ мемлекетінің мемлекеттік тұтастығына басты қауіп. Осы ағымдардың әсерінен қазіргі күні қазақ халқы өздерінің діни көзқарастарына қарай әртүрлі топқа жіктеле бастады. 2004 жылдың сәуір айында Ташкентте болған жарылыстар қарсаңында Түркістан қаласында халықты Өз- бекстан президенті И. Каримовке қарсы күреске шақырған үнпарақтар таратылды. Жарылыс болған күні Шымкент қаласында Қошқар Ата мешіті алдында «хизб ат-тахрир» мүшелері халықты өзбектерге жәрдемге баруға шақырды. Арыс қаласында осы топ мүшелері милиция бөліміне барып, Өзбекстанға бару үшін қару беруін талап етеді. Бұл фактілер ел ішіндегі діни ахуалдың қауіпті шепке жақындап қалғандығынан хабар береді. Мұндай жағдай 80-шы жылдар соңы мен 90-шы жылдар басында Өзбекстанда қалыптасқан еді. Мешіттер «ханафилер мешіті», «уаххабилер мешіті» болып екіге бөлініп кеткен болатын. Өзбекстан үкіметі бұл бөлінушілікті әлі күнге қалпына келтіре алмай, күшпен басып отыр. Тәжікстанда жағдай ушығып бірнеше жылға созылған қанды шайқасқа ұласқаны белгілі. Біз де сол көршілеріміздің қателігін қайталағымыз келмесе, ел ішіндегі діни-рухани ахуалдың одан әрі шиеленісуіне жол бермеуіміз керек. Себебі кешегі Сирияға аттанған қазақ мужахидттері саясиланған фанаттық ислами ағымның құралы болып отырғандығы мемлекет үшін өте қауіпті жағдай. Кез келген сырттан келген діни ағымның басты шабуылы қазақ халқының ғасырлар бойына тірнектеп жинаған рухани мұрасы мен мәдениеті екендігі жасырын емес. Ал мәдениетінен, рухани тірегінен айрылған халық өз мемлекеттілігін ұстап тұра алмайтындығы белгілі. Қорытынды Мемлекет және дін арасындағы қатынас ұстанымы зайырлылыққа қосымша функциялар беріліп, дін саясатының бағыты түбегейл зерттеліп, ғылыми тұрғыдан анықталсын, нақтылансын. Яғни, мемлекет дінді конституциялық шеңберде құбылыс ретінде қабылдасын. Бұл Мемлекеттің дін саясатын реттейді. Дінді қоғамдық немесе мемлекеттен тыс институт ретінде емес, тікелей мемлекеттің құзырына алады. Мұндай модел немесе тәжірибе әлемдегі бірқатар зайырлы елдерде де бар (Норвегия, Израил, Аргентина, Ұлыбритания, Германия). Сонымен қатар, бұл шешім осы дін өкілдері тарапынан діннің де мәдениеттің де тек мемлекеттің баяндылығы арқылы ғана тіршілігін жалғастыра алатындығы туралы танымы мен психологиясын қалыптастыруға, септігін тигізіп, нағыз «зайырлылықтың Қазақстандық үлгісі» мен тәртіптік жүйесі қалыптасады. Бұл елдің болашағы үшін жасалуға тиісті қадам. Мұны Қазақстан бастап та жіберді деп есептеуге болады. Мысалы «Әлемдік діндер мен дәстүрлі діндер жетекшілері» форумын шақырып, арнайы орталық ашып, мемлекеттік саясатының бір бағыты ретінде ұсынып келеді. Оның үстіне қазіргі жахандық саясатта азшылық көпшілікті бұғаулап, Ирактағы жасанды билікке жол салды. Бізде де осындай ахуалды реттеу үшін алдын ала мемлекет елдегі дәстүрлі діни платформаға басымдық бере отырып, дінді жахандық саясиланудан аман сақтап қалуы тиіс. Сонда Мемлекет бүгінгі діни ахуалдың әртектілігінен туындаған салдарлармен емес себептерімен айналысып, қауіптің алдын алуына құқықтық жүйелі тетіктер құра алады. Елдің тыныштығы мен барлық іс-әрекеттері мемлекеттің баяндылығына жұмылатын болады. Бүгінгі «Діни Істер Агенттігі» министрлік ретінде қайта құрылып, дін құбылысына қатысты жауапкершілікті жеке өзі мойнына алуы тиіс. Осы Агенттікке қарасты аймақтардағы департаменттерді жою мәселесі бар. Бұл дұрыс емес. Департаменттер жергілікті ішкі саясатқа берілмеу керек, қайта осы агенттік қарамағында дамытылуы тиіс. Бұл экономикалық тұрғыдан елге салмақ салуы мүмкін, бірақ елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы одан да қымбат болуы керек. Егер әрбір аймақ облыс діни тұрғыдан өзінше басқарылып, орталықтандырылған иерархиялық басқаруды қамтамасыз ете алмаса, дін барған сайын саясаттың тақырыбына айналады. Мемлекеттің діни құбылысты басқару авторитеті әлсірейді. Қазақстан мұсылмандар басқармасы барлық жағынан тікелей сол министрліктің бір бөлімі ретінде қаралып, дін қызметкерлері де мемлекеттен айлық алатын толыққанды азамат болуы керек. Сонда уахабилік ағымның ел ішіндегі әрекеттері су бетіне шығып, тізгінделеді. Сол сияқты барлық дәстүрлі емес діни мекемелер қарқынынан айрылып, бұл кеңістікке құрметпен қарайтын болады. Қазақ мәдениетінің біртектілігі сақталатын болады. Ұлттық тұтастық қамтамасыз етіледі. Ең бастысы діни білім беруде түбегейлі қадам жасалу шарт. Бүгінгі ҚР БҒМ шеңберінде 26 ҚазҰУ Хабаршысы. Дінтану сериясы. №2 (2). 2015 Қазақстан – жаңа сипаттағы зайырлы ел беріліп жатқан «дінтану», «исламтану», «теология» мамандықтарының стандарттары біріктіріліп, бір мамандыққа айналуы шарт. Онсыз діни кадрларды дайындау саясаты өз мақсатына жете алмайды. Себебі, елдегі діни мәселелер діннің ішкі мәніне негізделген. Мектептегі «дінтану» пәні қоғамдық сұранысты қамтамасыз етуден алыстап кеткен. Себебі, дін жай танымдық мағлұмат емес, өмірлік мәнге айналған оқушылар үшін ол пәннен де сол пәнді беретін мұғалімнен де керекті жауап таппай келеді. Бұл құбылыс та діни білім берудегі аталған мамандықтардың жедел орталықтандырылып, қоғамдық қажеттілікке сай ұйымдастырылуы тиіс. Мектептегі пәнді дінтанушы мамандар беру үшін олардың стандарттары да педагогикалық бағыттармен байытылып қайта қаралуы шарт. Бұл маманды дайындаудың әрі оларды жұмыспен қамтудың көп тетіктерінің бірі ғана. Діни қызметкерлерді имам, шайх, хазрет, молда деп емес тек дін қызметкері ретінде елдің азаматымен бірдей дәреже берілуі керек. Зайырлы елдің бір сипаты ретінде олар діни ритуалдық киім үлгілерін құлшылық орындарында, ритуалдық кездерде ғана қолданып отырсын. Ал қарапайым дін тұтынушылары хижап сияқты сенімге қатысты киім үлгілерін ритуалдық кезеңде ғана тұтынсын. Мемлекеттік мекемелерде діни киім киюге тыйым салынсын. Бұлар ислам діні ханафи құқық философиясына да сай тұжырымдалсын. Дін қызметкерінің мешіттегі, қоғамдағы дін құбылысының зерттеушісі, қадағалушысы ретінде жауапкершілік сезінуі маңызды. Ол үшін де дін қызметкері дінді тек теологиялық тұрғыдан емес, ғылыми тұрғыдан да сараптай алатын мамандардан тағайындалуы тиіс. Жоғарыдағы білім беретін мамандықтардың біріктірілуі мен тұтастандырылуы кадрдың танымдық тұтастығына, зайырлы елдегі ғылыми таным мен діни танымның өзара үйлесімділігіне кепіл болады деп сенеміз.

Оставить комментарий

Загрузка...