ҚАЗАҚСТАНДА ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ТИІМДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Опубликовано Июль 12, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Биыл өзінің тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өткелі отырған егемен мемелекетіміз үшін өзіндік дербес демографиялық саясатты тиімді жүзеге асырудың өзекті мәселерін қарастыру бүгінгі күннің аса күрделі мәселелерінің бірі. Ең алдымен Қазақстан Республикасының ұдайы ұстанатын өзіндік дербес демографиялық саясаты біздерге не үшін қажет болады? деген заңды сауалдан бастау керек болар. Не үшін ұлттық қауіпсіздікте демографиялық жағдайға бірінші басымдылық беріліп отыр? Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көші-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер біздің мемлекеттік органдарымыз бұған бұрынғысынша немқұрайлылықпен қарайтын болса, онда біз ХХІ ғасыр қарсаңында Ресейдің атынан адам саны сыртқы көші-қон прцестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін демографиялық «Керст-оппа» жағдайына тап боламыз. Бұл тенденция дереу тоқтатылуға тиіс» деп өзінің 2030 жылға дейінгі елдің стратегиялық дамуы туралы Қазақстан халқына Жолдауында нақты көрсетті. Еліміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы бойынша Қазақстанда ұзын-саны 25 млн-ға жетерлік дені сау, тұрмысы ауқатты, әрі салауатты өмір салтын ұстанған, білімі терең, мамандығы ұшталған азаматтары мен тұрғындары болуы керек [1]. Біраз ұзақ уақыт бойы, яғни 1960 жылдардан бастап Қазақстанның демографиялық дамуы халықтың тұрақты, (орнықты) жоғарғы қарқынды өсуімен сипатталады. Қазақстанда 1991 жылы 18 млн адам, ал 1992 жылдың бағалауынша республикада халықтың ең жоғарғы көрсеткіші – 16 млн. 452 мың адамды құрады. Алайда, келесі жылдары мемлекетте демографиялық дамудың келеңсіз үрдісі байқалды. Қазақстан Республикасының халқы кеми бастады. Туудың төмендеуі, халықтың қартаюы, некеге тұру санының азайып, ажырасудың өсуі, халықтың әлеумметтік – экономикалық жағдайлардың төмендеуінен ел денсаулығы нашарлады. Соның салдарынан 1993 жылы өлім-жетім туу процесінен артып түсіп – депопуляция байқалды. Тек соңғы санақаралық кезеңде (1989-1999ж) Қазақстанның халық саны 1млн. 246 мың адамға кеміді. Сонымен, республикада демографиялық ахуалы ауыр күйде болды. Қазақстанның демографиялық дамуының негізгі үрдістері бұрынырақ ғылыми және танымал жұмыстарда қарастырылған соң, біз ең басты көрсетілген жағдайдың себебі мен оны жақсарту жолдарына тоқталайық[1]. Егемендік алып, қазақстандық қоғамның демократизациялануы мен ел өмірінің түрлі салаларындағы реформалардың бастауы – демографиялық жағдайдың саяси әрекеттерге тәуелді болды. Елімізге еркін кіру мен шығу, әр түрлі үкіметаралық қатынастар Қазақстаннан өзге ұлт өкілдерінің кетуіне жол берді. Мемлекеттің ішкі саясатының басты бір бағытының мәселесі жаппай тууды зерттеу – қазіргі демографияның басты бағытының қызметі саналады. Екі басты көрсеткіштер – туу мен өлім-жітім халықтың табиғи қозғалысын анықтайды. Тұрғын халықтың шиеленіскен мәселесінің ең негізгісі республикадағы тууылудың едәуір төмендеуі болып табылады. Қазақстанда тууылудың шыңы 1987 жылы болды, яғни 417 мың адам дүниеге келді немесе 1000 адамға шаққандағы 25,7-і. Содан кейін туу төмендеп, ал өлім- жетім өсе бастады. 1999 жылы халықтың 1000 адамына шаққанда 14,2 құрады. 2005 жылы Қазақстанның әр бір 1000 адамына шаққанда 18 адам туылып, 10 адам көз жұмып отырған. Сондықтан, Қазақстанда табиғи өсімінің төмендеу қарқыны басталды. 1997 жылы 188 экономикалық жағдайдың тұрақтануына, денсаулық сақтаудың нығаюына, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен түрлі шаралардың қолдануына байланысты, тууды өлім-жетім артып түсетін «демографиялық крест (ауыр тағдыр)» деп аталатын жайсыз жағдайдан құтылдық. Мысалға, осы мәселелер Ресей Федерациясында күні бүгінге дейін маскүнемдікке байланысты халықтың кемуі байқалуда [2]. Қазақстан Республикасында демографиялық дағдарыстың бірден бір себебін соңғы жылдардағы жастардың некеге тұру жасынан асып, кешігіп отбасы құруында, ал ол болса отбасыда бала санының азаюының алып келуіне тікелей қатысымен түсіндірілді. «Алайда, 2002 жылдан бастап туылудың өсу үрдісі байқалды. 2004 жылдың 1мамырынан туу коэффициенті 17,5 промилле (2003жылы 16 еді) құрап, 2003 жылмен салыстырғанда 9,4 есе көбейген. Халық санын сипаттайтын негізгі көрсеткіш 2003 жылы 20,4-ке көбейіп, әлі де өсіп келе жатқан туудың жиынтық коэффициенті болып табылды» — деп А. Жағанова пайымдайды. Жаппай тууға қатысты мәселелер менің ғылыми жұмысымның өзекті тақырыбы деп есептейміз. Қазақстан Республикасындағы қазіргі демографиялық жағдайдың күрделілігі мен сан алуандығы айтарлықтай деңгейде еліміздің аумағында тұрып жатқан халықтың туу қарқындылығының аумақтық айырмашылықтары мен анықталды. Көптеген авторлар отбасыдағы бір бала – жалпы қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге отбасының өзіне де және жалғыз бала үшін де қолайсыз, жағымсыз құрбылыс болып келетініне бір пікірлі [3]. Біздің пікірімізше, жағымсыз келеңсіздіктерді тудыратын Қазақстан халқының едәуір бөлшегі қазіргі уақытта тым күшті және қауіпті болып табылатын бір балалы отбасыға көшу болып отыр. Бұл көптеген себептермен түсіндірілді. Ең алдымен туу мәселесіне қатысты көптеген ғылыми және публицистикалық жұмыстар көп болғанымен, соңғы уақытқа дейін 189 еліміздің дамуы үшін осы құбылысты біріктіріп, бағалайтын авторлар болмады. Бір жағынан көптеген демографтар – Қазақстан аумағының көптеп бөлігінде туудың төмендеуіне байланысты маңызды алаңдаушылықты айтып жатса, екінші жағынан туудың төмендеуі, яғни әлеуметтік-экономикалық себептердің толық кешеннің әсерінен көп балалы отбасыдан аз балалы отбасыға көшу құтылмас және объективті келісілген процесс, және барлық жағдайды бұл құбылысты жағымды деп бағалауымыз қажет, дегенмен де оны көтеруге бағытталған арнайы шараларды қолдануымыз керек деген пікірлер бар. Ең алдымен отбасының балаға деген құштарлығын көтеру қажет. Халықтың ұдайы өсуін қамтамасыз ететін туу деңгейіне – некенің ұрпақты болу (репродуктивті) уақыты аса ұзағырақ болған жағыдайда ғана жетуге болады. Бір баласы бар әйелдерді екінші балалы болуға, ал екі балалы аналарды үшінші баланы тууы үшін жан-жақты материалдық және моралдық құралдармен мадақтауымыз керек. Бұл ұрпақтың саны бойынша бірқалыпты қалыптасуына және мемлекеттік саясаттың мүддесіне сәйкес жас буын арасындағы әлеуметтік мүмкіншіліктері бойынша айырмашылықтардың кемуіне мүмкіндік туғызатын еді [2]. Қазақстанда ұрпақты болу жастағы, (яғни бала туа алатын жастағы) әйелдер 4 миллионнан асады немесе еліміздің жалпы халқының 28 пайызын құрап отыр. Алайда, болашақ аналардың салыстырмалы көп саны олардың денсаулықтарының төмен «сапасына» ұшырап отыр. Қазақстан әйелдерінің денсаулық индексі 20 пайыздан аспайды ал бұл көрсеткіштің мөлшері – пайыз болуы шарт. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы бойынша осындай көрсеткіштер елдегі демографиялық жағдайдың аса төмендеуіне әкелуі мүмкін. Қазақстан демографтарының зерттеулері бойынша 2012-2013 жылдарда Қазақстан туудың шыңына жетіп, содан 7-10 жылға дейін созылатын елде демографиялық құлдырау басталды. Дәл осы кезең үшін мемлекет мықты отбасылық саясатты жасау керек деп қоғамдық денсаулық сақтау Институтының қызметкерлері ескертеді Баланы тәрбиелеу және қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларды жасауда маңызды рөл мемлекеттің қаржылық қолдауы болып табылды, сондықтан да демографиялық бағдарламаны жүзеге асыруда бала тәрбиесіне бағытталған материалды көмекті арттыру, материалдық ынталандыру жүйесін жүзеге асыру қажет. Бүгінде балаға төленетін жәрдемақы бала тәрбиесіне қатысты барлық отбасылық шығынның 5-10%-ын ғана жабады. 2015 жылға дейін бұл мөлшер 30-40 %-ға жетуі керек, оған қоса таяу уақытта көп көп балалы және аз балалы отбасыларда рухани кірістің теңестірілуіне қол жетуі керек. Көп балалы отбасылардың кіріс деңгейінің өсуі қоғамдық кіріс мөлшерінің өсуіне сәйкес болуы үшін отбасылық қосымша ақы төлеу жүйесін іске асыру қажет. Алайда бүгінгі күні жас отбасы мен аналарды әлеуметтік қолдау жүйесі нашар болып отыр. Қоғамдық денсаулық сақтау Институты жүргізген зерттеулеріне сәйкес қалаларды жүкті әйелдердің тек 2,8 пайызы туғанға дейін және бала туғанда берілетін жәрдемақыны, ал ауылды жерлерде мемлекеттің материалдық қолдау көрсетілуі одан да төмен – 0,6 пайызын ғана алады екен. Астана тұрғындары әлеуметтік қорғаудан айырылған деуге болды, себебі жас аналардын тек 2 пайызы ғана жәрдемақы алады. Алматыда бұл көрініс әлде қайда жақсырақ, яғни 18,2 пайыз. Қазақстан әйелдері сонымен қоса бала күтіміне қатысты жәрдем ақыны толығымен алмайтын, қалалы жердердегі бұл төлем тек – 7 пайызды, ал ауылдық жерлерде – 2,6 пайызды қамтып отыр. Бұл жерде Қарағанды облысының тұрғындары – 35 пайыз және Астана қаласының тұрғындары — 11,2 пайызды құрап, және «жайлы» сипатқа ие болып отыр. Келеңсіз көріністі жеткіліксіз қамтамасыз етілген отбасылар үшін төленетін жәрдемақы жағдайы аяқтап отыр. Қалалық жерлерде бұл әлеуметтік төлемді орта есеппен 0,8 пайызы, ал ауылдық жерлерде – 1,3 пайызы алып отыр. Қазақстан отбасылары мен жас аналар іс жүзінде әлеуметтік қолдаулардан айырылғанын байқауға болады. Қиын жағдай ең алдымен туғанға дейін және бала туғанда берілетін жәрдемақыларға қатысты. Бұл төлемдерді бүгінгі күні жұмыс берушілер жүзеге асыруда. Олардың көбісі жүкті әйелдерді немесе жас баласы бар аналарды жұмысқа алмауға тырысады. Себебі бұндай жұмысшыдан пайдасынан бұрын жұмысқа көп кедергі, зиян келтіреді. Сондықтан көп жағдайда әйелдер әлеуметтік қолдаусыз қалып отыр [3]. Демографиялық саясаттың негізгі бірден бір объектісі болып туу процесі табылады. Туу деңгейі аумақ бойынша жіктелетіні белгілі. Мысалы, ауылдық типтес жерлерге қарағанда, ірі қалаларда соның ішінде Алматыда ол төлем, соған сәйкес сараптап жіктелетін демографиялық саясат шеңберінде мақсатты әрекеттерді қажет етеді. Тууды көтеруде негізгі жолы (бағыты) – екінші және үшінші балалар санын арттыру. Өткізілген шаралар бала санын арттыруға бағытталған еді. Сондықтан, өткізілген демографиялық саясаттың тиімділігіне баға беру үшін аумақтық деңгейдегі демогафиялық саясат шараларымен салыстыратын туу үрдісінің талдауына ерекше тоқталып өтуіміз керек. Демогафиялық саясаттың өткізілген нәтижелерін зерттей келе қарастырылған бірден – бір елде көзделген мақсатқа – халықтың ұдайы өсуінің қарапайым мөлшері немесе аздап кеңейтілген түрде қамтамасыз ету деңгейдегі туудың интенсивті тұрақтануына қол жеткізген 191 жол. Демографиялық саясат тууды көтеруге қатысты шараларды өткізсе де бұл үрдісі ұзаққа созылмады, яғни 2-3 жыл болды. Дамыған капиталистік елде демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамудың ерекшеліктері бойынша басқа елдерден бұрын демографиялық өтпелі кезеңдегі және ең алдымен туудың ұзақ мерзімді мен тұрақты төмендеуіне қатысты мәселелермен соқтығысты. Сондықтан, дәл осы елдерде ең алғаш демографиялық процестерге әсер ететін шаралар жасалып, демографиялық саясат пайда болды. Туудың төмендеуімен қоса, бұл елдерде демографиялық даму туралы түсініктерді қайта қарауды қажет ететін терең әлеуметтік өзгерістер болып отырды. Осының барлығы демографиялық саясат туралы заманауи түсініктерді жасау шеңберінде болатын әлеуметтік – демографиялық мән мәтінді қалыптастырды. Батыстағы демографиялық саясаттың теория мен практика тәжірбиесінде әлі де жан-жақты қиын ұғыну күтіп отыр[3]. Сонымен, біздің республикада жас аналардың туу мүмкіндігін арттыруын туғызатын басты себеп, ол – олардың денсаулығын жақсарту. Әйелдердің денсаулығын қорғауға және ең алдымен босану кезінде босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беруді қамтамасыз етуге бағытталған денсаулық сақтау органдарының қызметі өлі туылған сәбилер, түсіктер, екінші мәрте бедеулік сияқты оқиғалар санын азаюына демек, әйелдердің ұрықтану қабілетінің арттуына мүмкіндік туғызатын еді. Неке шартының бірте-бірте өзгеру нәтижесінде, соның ішінде тым кеш жаста ер адамдардың неке құруы және қыздардың аса ерте кезден бастап некеге тұру әдетінің, қалың мал жүйесінің жойылуынан жас әйелдердің бала туу процесі артып келеді. Үлкен жастағы әйелдердің бала туу үрдісінің кемуі, тууылуға шектеу қоюдың бастапқы көрінісі ретінде бағалауымыз керек. Орталық Азия республикаларындағы туу процесінің түрлі аспектілерін зерттейтін әлеуметтік-экономикалық қайта жаңарту (өзгерісі) мәселелері, неке-отбасылық қатынастардың, әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрдің даму тарихы, сонымен қатар жанұяның өлшемі мен құрылымының ерекшеліктері, халықтың жұмысбастылық сипаты, отбасыда және қоғамда әйелдердің әлеуметтік-құқықтық жағдайы мәселесі қарастырылатын көптеген жұмыстар арналған. Болашақта Орталық Азия өңірі әсіресе, Өзбекстанның Ферғана алқабындағы халықтың шамадан тыс көп, яғни тығыз орналасуы сияқты өзекті мәселенің ұшырауына әкеп соғуы мүмкін. Сонымен, БҰҰ-ң бағалауы бойынша Тәжікстан 2025 жылға қарай халық саны екі есеге көбейіп, 11,8 млн адамды құрайтын болады, және 1,5 есе Өзбекстанның (37,7 млн адам), Қырғызстан (7,1 млн адам) және Түркменстанның (6,7 млн адам) халық өседі. Л.Ю. Гусева: «Қазіргі кезең мен алдағы 2025 жылға дейінгі уақытта Орталық Азия елдерінде қоршаған ортаға демографиялық қысымының күшеюіне әкелетін демографиялық әлеует артатын болды. Қалыптасқан жағдай ауыл шаруашылық өнім өндірісінің артуын талап етеді, демек жер ресурстарына техногендік салмақ артып, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық мұқтаждықтары үшін судың қажетсінуі кенет артып, жалпы қоршаған ортаға анағұрлым дәрежеде антропогендік әсердің өсуі болады» деп жазды. Осы тәріздес табиғи-демографиялық баланстың үйлесімсіздігі Орталық-Азия аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздануды, экологиялық шиеленіс жағдайларын арандатып, ең соңында нақты саяси қайшылықтарға әкелуі мүмкін [4]. Ғалымдар 2025 жылға арналған болашақ әлемнің тұрғындары картасын жасады. Мамандардаң болжамдары бойынша сол уақытты Жер шарындағы адамдар саны сегіз миллиардты құрайтын болады. 2025 жылға арналған әлемнің тұрғындары картасын жасауға Колумбиялық университеттің мамандар құрамы мен Жер шары зерттеу институтының ғалымдар ат салысты. Бір жобаның жетекшісі Стюарт Гаффинның зерттеу тобының жұмыстары ең алдымен барлық елдің бірінші басшыларына маңызды болып келді деп түсіндіреді. Осы есептеулер нәтижесінде, мемлекет басшылары тек мықты экономикалық саясатты ғана 192 тұрғызбай, сонымен қатар экология мен жер бетінде тұрушы адамдардың едәуір өсуіне орай инфрақұрылымдық даму органдарының жақсаруы үшін шараларды қолдану жатады. Есептеулерге сәйкес, көптеген дамушы елдердің тұрғындары үнемі өсіп, ал дамыған елдердің көбісінде – азайып, кемитін болды. Халық тұрғындарының кемуі Ресейдің еуропалық бөлігінде, Шығыс Еуропа мен Жапонияда күтілуде. Сонымен бірге, халық санының елеулі шығыны кейбір батысеуропалық елдерде, соның ішінде Италияда, Испанияда және Португалияда болды. Халықтың асқан өсімі Үндістан мен Қытайда деп күтілуде. Дәл қазіргі уақытты осы елдердің арқасында жалпы әлемнің тұрғындар саны өсіп, 2006 жылдың 26 ақпанынан белгіленген шартты асып түсіп 6,5 миллиард адамды құрады. Шамамен 2030 жылға дейінгі Жер жүзіндегі халық бір жарым миллиард адамға өсіп, ал одан кейін «біртіндеп төмендей» бастады. Ғалымдардың болжауынша әлемдегі халық санының кезекті рекорды енді 6 жылдан кейін болады. Олардың мәліметтері бойынша 2012 жылдың 19 қазанында Жер шары 7 миллиард адамның отаны болады деп болжайды. Бұл уақытқа дейін Қазақстан халқының саны да өсетін болады. Соңғы бес жылда республикада бала туу 22,8 пайызға өсті. Және Қазақстанның отбасылық дәрігерлер Ассоциациясының президенті Д. Нұғманованың пікірінше: «бұның бәрі сауатты гендерлік саясат пен әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың арқасында болып отыр» дейді[4]. Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Парламенттің бірлестік мәжілісінде сөйлеген сөзінде: «Сынақ нәтежелері елдегі өткен 10 жыл ішіндегі елеулі әлеуметтік-экономикалық, демографиялық өзгерістерді көрсетті. Бәрінен бұрын, әңгіме халықтың өмір сүру деңгейіндегі оң ілгерілеушіліктер туралы болып отыр. Қазақстандықтардың ақшалай кірісі 10 жылда орта есеппен бес есе бірлік өсті. Бізге халық санының төмендеу үрдісінің бетін қайтарып, айтарлықтай демографиялық өсімді қамтамасыз ету мүмкін болды. Тұтастай алғанда 10 жыл ішінде халық саны 14 миллион 900мың адамнан 16 миллион 300 мың адамға дейін көбейді. Бұған негізінен бала туудың өсуі мен өлім-жетіімнің азаюы есебінен қол жеткізілді» деп атап өткен еді. Біздіңше, демографиялық процестер үйлесімді демографиялық әлеует бар болғанша нақты демографиялық жағдайды сақтайтын кейбір инерттілікке ие болды. Болашақ демографиялық даму көбінесе күні бүгін қамтылады, сондықтан бір жағынан қазіргі демографияляқ жағдайдың қолайсыз үрдісін, сонымен бірге келешек көріністі де, ал жетістіктерді әлеуметтік-экономикалық салада да табуға болады, яғни халықтың материалдық және рухани деңгейінің өсуі, тұрғын үй жағдайының жақсаруы және т.б демографиялық сферада позитивті өзгерістерге әкелетін шаралар қоғамдық халық санының өсуіне тікелей ықпал етеді. Қорыта келе, біршама сараптамалар нәтижесінде Қазақстандағы қазіргі демографиялық эволюцияның негізгі белгілерін анықтауға болады. -қазақ халқының – демографиялық дамудағы адамдардың жаңа тарихи қауымдастығының әлеуметтік және ұлттық ерекшеліктерін тексеру; -біршама төмен тууылуы мен жоғары өмір сүру ұзақтығымен сипатталатын тұрғын халықтың ұдайы өсу тәртібі қалыптастыру. Әдебиеттер 1 Жағанова А. Народонаселение – основа государственности // Казахстанская правда. 9 июля 2004. 2 Назарбаев Н.Ә. Лайықты болашаққа сенімді болайық // Егемен Қазақстан. 2 қыркүйек 2009 3.// Әль-Фараби атындағы ҚҰУ Хабаршысы. Саясаттану сериясы.- 2007, №3.

Оставить комментарий

Загрузка...