Загрузка…

ҚАЗАҚСТАНДА ФРАНЧАЙЗИНГТІҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері халықтың әл-ауқат жағдайы мен экономикасын дамытуға ерекше мән беріп дамыту үстінде. Кәсіперлік дамытып бизнести өркендету үшін мемлекеттің құрылымы сай келетін бірнеше дамыту жолдарын қолдануда. Мысалға алар болсақ мұндай дамыту құрылғыларына венчурлық,лизинг, фразчайзинг, концессиялық, оффшорлық жолмен дамыту бағыттарын таңдап алды. Осылардың ішінен қазіргі таңда даму қарқыны баяу болсада ел экономикасын жоғарғы деңгейге көтере алатындай бизнесті дамыту жолының бірі-франчайзинг. «Франчайзинг» термині француз тілінен «franchise» – жеңілдік, артықшылық, сонымен қатар салық пен жарналардан босату сөзінен шыққан. Яғни франзайчинг кәсіпкерлік, жалғасымды іскерлік ынтымақтастық формасындағы үрдісінде, ірі компания, жеке-дара кәсіпкерге немесе кәсіпкерлер тобына өнімді өндіруге, тауарлар сауда- саттығына және осы компанияның сауда маркасымен белгілі бір шектелген территорияда өзара шартпен анықталған бір мерзімге және белгілі бір шартта қызметтерді ұсынады. [1] Қатысушылардың жетістікке жету үшін қолданылатын франчайзингтің мәні мен қолданысы басқа бизнес тұжырымдамаларынан оны ерекшелейді.Оны тек қана бір сөзбен сипаттауға болады: әртүрлі қосымша қызметтер мен жеңілдіктер қарастыратын 302 жүйе.Франшизаның негізгі айырықшалық белгісі тауар немесе қызмет емес, жүйенің сапасы болап табылады. Франчайзинг жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін жаңа бизнеске, бүгінгі күндегі кәсіпорын мен оның жұмысшылары жинақталған үлкен тәжірибелерді пайдалануға мүмкіндік береді, сондықтан шетелдегі әрбір 12-ші кәсіпорынның франчайзингтік болуы кездейсоқтық емес. Франчайзингтік қатынастар жүйесі – тек қана бізде емес, сондай-ақ шет елде де айтарлықтай жаңа құбылыс Ал біздің елімізде франчайзингтің даму қарқыны қандай? Қазақстанда ең алғаш 1994 жылы әйгілі «Coca-Cola» компаниясының зауыты іске қосылғаннан бастап елімізде франчайзингтік қарым-қатынастар дами бастады деп айтуға болады. Бұдан кейін «Baskin Robbins», «Adidas», «InterContinental» сынды әлемге танымал брендтер Қазақстан нарығында жұмыс істей бастады. Франчайзинг шарты бойынша бизнесті жүргізу франчайзиге келесі артықшылықтарды береді: • тәуелсіз мәре бизнесімен салыстырғанда, банктен қаржы алу мәселесін жеңілдетеді; • толықтай дербес бизнеске қарағанда, бизнесті ұйымдастыру және оны басқару кезінде шығынды азайтады; • франчайзерден дайын бизнес жүргізу тәсілін алу; • бизнесті ұйымдастыру және оны басқару бойынша франчайзерден жан-жақты білім алу; • бизнесті басқару кезінде франчайзерден тұрақты түрде көмек алу; • франчайзер жүргізетін кең масштабты жарнаманының артықшылығын пайдалану мүмкіндігі; • франчайзермен бірлесіп тауарды көтерме сату мүмкіндігіне қол жеткізу; • тауар/қызметті тұтынушыға таныс франчайзер брэндімен (тауар белгісімен) сату мүмкіндігі.[2] Қазір Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының ішінде франчайзингтік қатынастардың көлемі бар-жоғы 3,5 пайызды құрайды. Ал, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50 пайызды құрайды. Франчайзинг одағының мақсаты — кәсіпкерлерге көмек көрсетіп, 2014 жылға дейін шағын және орта кәсіпкерлікте франчайзингпен жұмыс істейтін кәсіпкерлердің үлесін 6 пайызға дейін жеткізу. Қазақстандағы франшиз нарығында Ресей экспансиясының үлесі артып барады. Мамандардың айтуынша, осы уақытқа дейін олардың біздегі үлесі елу пайызды құрап келсе, алдағы жылдары бұл көрсеткіш екі есеге көбейеді деп күтілуде. 2007 жылға дейін қазақстандық рынокта негізінен американдық және еуропалық брэндтер ұсынылған болса, соңғы жылдары олардың үлесі ресейлік франчайзерлер жұмысының жандануы есебінен біршама қысқарды. 2007 жылмен салыстырғанда, елдегі франчайзингтық нүктелер мен франчайзингтік компаниялар қатары соңғы жылдары әжептәуір көбейген. Тіпті, дәл қазіргі уақытта өзіміздің ұлттық франчайзингтік компания мен ұлттық брендтің де қалыптасу нышандары байқалады. Франчайз одағының төрағасы Вячеслав Сидельников соңғы жылдардағы бұл саланың өміріне шолу жасап: «Егер де 2007 Қазақстанда шетелдік брендтер саны 30 ғана болса, қазіргі таңда олардың саны бес жүзге жеткен. Қазақстандық франчайзингтік компаниялар саны да, құдайға шүкір, қазір отызға жеткен», — дейді ол. Алайда, 2007 жылы франшиз саласында американдық және еуропалық брендтер қарқыны басым болған болса, соңы екі жылда бұндай бақыт ресейлік компаниялар үлесіне ауысқан. Қазіргі күні еліміз Орталық Азияда франчайзинг секторының дамуы жөнінен көшбасшыға айналып отыр. Бұл саладан жұмыс жасап жақсы табысқа жетуге болатынына көз жеткізген кәсіпкерлер франчайзингтік компаниялар қатарын жыл санап арттырып келеді. Сондықтан да франчайзинг ұлттық бизнестің бөлінбес бір бөлігіне айналып үлгерді. Бұл ақпараттың бәрі қазақстандық бірінші франчайзинг баспасөз-туры кезінде мәлім болды. Соңғы 4 жылда франчайзингтің жылдық айналымы елімізде 1 миллиард доллардан асқан. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қазір еліміздегі франчайзингтік компаниялардың жұмысының жандана түсуіне түрлі шаралар ұйымдастырып, оң ықпал жасауда. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын жүзеге асыруда бүгінде 980 303 миллиард теңгеден астам қаржыға жеке кәсіпкерліктің 13,4 мың субъектісі қаржы- ландырылып, 50 мыңға жуық жұмыс орны құрылған. Франчайзингтік компаниялар жұмысының оң нәтижесінде көптеген қазақстандық брендтердің халықаралық нарыққа шығу әлеуеті артуда. Бүгінде франчайзинг нарығындағы отандық өнімдердің үлесі 5-10 пайыз шамасында. Әрине, бұл көзге тым аз көрсеткіш сияқты болып қораштау көрінуі мүмкін, дегенмен қазіргі фран-чайзинг нарығындағы ахаулға қарағанда бұл үлестің жыл санап біртіндеп өсе беретіні даусыз. 2007 жылы франчайзингтік компаниялардың жылдық айналымы 0,5 миллиард долларға жуық болған. Қазір бұл 1,5 миллиард долларға дейін жетіп отыр. Ең қуанарлығы, еліміздің франчайзинг нарығында өз сауда белгісі бар отандық компаниялардың да білек сыбана іске кірісіп жатқандығы. Осы уақытқа дейін елімізде жұмыс жасап жатқан АҚШ франчайзинг компанияларының үлес салмағы өзгелерге қарағанда басымдау-тын. Үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап Кедендік одаққа мүше болуымыз осы салаға маманданған ресейлік компаниялардың қызығушылығын арттырды. Кедендік одақ көрші ел компа-нияларының Қазақстанда алаңсыз өз жұмыстарын жүргізуіне үлкен мүмкіндік тудырып отыр. «Қазақстандағы франчайзинг» кітабында келтірілген деректерге сүйенсек, еліміздегі франчайзинг нарығының 50-60 пайызын Еуропадан әкелінген киім-кешек пен аяқкиім құрайды. Тамақ өнімдері екінші орынды иеленіп тұр. Ал халықаралық тәжірибелерге қарасақ, өзге елдерде франчайзинг нарығының 70 пайызы бизнес қызметке тиесілі. Еліміздің Франчайзинг одағы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры 2020 жылға қарай отандық франчайзингтік кәсіпорындардың үлесін 20-30 пайызға жеткізу жолдарын қарастырып жатыр. Ол үшін, әрине, шағын және орта кәсіпкерлік саласын жандандыра түсу — басты міндет. 2007 жыл франчайзингтік компаниялардың жылдық айналымы 0,5 млрд.доллар болған. Қазір ол 1,5 млрд. долларға дейін жетті. Жыл өткен сайын франчайзингтік кәсіпорындардың саны да ұлғайып, 120-дан 350-ге дейін өсті. Қазір бұл нарықта өз сауда белгісі бар қазақстандық компаниялар да жұмыс жасай бастады. Жалпы Кеден одағына кіргеннен кейін еліміздегі ресейлік франчайзингтік компаниялардың саны қарқынды түрде өсуде. Бұрын АҚШ-тың франчайзингтік компаниялары басым болатын.Қазір қазақстанда 5 000 франчайзингтік сауда нүктелерінде 20 000 мыңнан астам еңбек етуде. Ал ел аумағында франчайзингтік қатынастар бойынша жұмыс істеп жатқан 480 кәсіпкерлік нысаны бар. «Даму» қорының мәлңметң мен болашақ жоспарына сенсек қор өз жұмысын 2016 жылға қарай Қазақстандағы франчайзингтік компаниялардың үлесін 30 пайызға дейін арттыруды көздеп отыр. Франчайзинг шағын және орта бизнесті дамыту үшін таптырмас құрал болып отырғанын қазір Үкіметтің өзі мойындап көмек етері де сөзсіз.. «Даму» қоры күні бүгінге дейін еліміздегі 13,4 мың кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай қолдау көрсетіп, 50 мыңанан астам жаңа жұмыс орындарын ашқан. Сондай-ақ ол алдағы жылда еліміздегі франчайзингтік қатынастар негізінде жұмыс істеп жатқан шағын және орта бизнес өкілдерінің жылдық тауар айныламы, 1 млрд. долларға жетіп, ел экономикасына өлшеусіз үлес қосқан болып табылады. Қазіргі таңда Орталық Азияда франчайзингтік қатынастарды дамытуда Қазақстан топ бастап тұрғаны белгілі. Қазақстанда дүниежүзіне аты мәлім брендер франчайзингтік бағытта жұмыс істеп, кәсіпкерлік саланың өрісін кеңейтіп отырғаны белгілі. Әрине, қазақстандық кәсіпкерлер өздерінің брендтерінде жұрт назарына шығарып, оны франчайзингтік бағытта дамытуға күш салып, ауыз толтырып айтатындай жетістікке қол жеткізіп отырғанын айтуға тиіспіз. Қазақстан франчайзингтік қатынастарды өрістетуге барынша жағдай жасалынған. Біздер қазір бизнес түрлерін лицензиялауда зор жетістіктерге қол жеткізгенімізді мақтанышпен айтуға болады. Франчайзингтік қатынастардың дамуы еліміздегі лицензиялау, бизнесті замануи стандарттар негізінде ұйымдастыруға және кәсіпкерлік саланы өзіндің мәдениеті мен ауарасын қалыптастыруда көп көмегі тигізеді. Қазақстанда франчайзингтік бағыттағы бизнесті үлесі 3,6 пайызды құрап отыр. Ал дамыған Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 40-60 пайызды айаналасында. Таяу болашақта біз де осындай биік көрсеткішке 304 қол жеткізміз. Қазір 2010 жылы еліміздегі шетелдік франшизалардың саны 220 болса, 2022 жылы олардың үлесі 800-ге дейін жетіп жығылады деген жорамал бар. Ал бұл уақытта Қазақстанның төл франшизаларның көлемі 300-ге дейін жетуі ықтимал. Менің жеке пікіпрім фразчайзингті дамыту үшін мынадай шараларды жасауымыз керек: Қажетті нормативтік-құқықтық базаны құру және қолданыстағы заңдарды жетілдіру; Қазақстан Республикасы мен Санаткерлік меншіктің Дүниежүзілік ұйымының арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы, ҚР «Инновациялық қызмет туралы заңы», «ҚР патент туралы заңы», «ҚР Инвестиция туралы заңы», «ҚР Лицензиялау туралы заңы». Бірақ бұл заң актілері әлі де болса франчайзингтің мазмұнын толық ашпайды және бірқатар түзетулерді талап етеді. Сонымен қатар «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» Заң нақты «Франчайзинг туралы» Заң ретінде қайта қарастырылып, мазмұны жоғарыда аталған заңдармен сәйкестендіріліп, жаңаланып, бір жүйеге келтірілуі қажет. Франчайзинг саласы мен монополияға қарсы заңнамада мемлекеттің шектен тыс реттеуге бағытталған заңдары мен нормативтік актілерін өңдеп, толықтыру керек[5]; Франчайзингтік іс-әрекетті жүзеге асыру барысында әкімшілік кедергілерді төмендету шараларын жүзеге асыру керек Аймақтық және қалалық әкімшіліктердің кәсіпкерлікті қолдау департаменттерінде франчайзингті тіркеу және қолдау бөлімдерін құру тиімді болар еді[6]; франзайзердің кепілдемесімен франчайзиге несие беру, Шағын бизнесті дамыту қорының франчайзингті несиелеу бағдарламасын жергілікті органдардың көмегімен жүзеге асыру Франчайзиге салық салу жүйесін жеңілдету, отандық франчайзерлердің жұмысын ынталандыру үшін корпоративтік табыс салығын роялтидің мөлшеріне төмендету және жергілікті франчайзилерді жер салығы мен мүлік салығынан босату керек. Франчайзинг туралы бірыңғай мәліметтер базасын әзірлеу қажет. Осы мәселеге қатысты франчайзингке қызығушылық танытқан кәсіпкерлерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін франшизалық мәліметтер базасын құру, қызмет етуші және әлеуетті франчайзер мен франчайзилердің қатысуымен форумдар ұйымдастыру. Франчайзингтік бизнестің артықшылықтарын, тәжірибелік франчайзингке қатысты материалдарды баспасөзде жариялау. Халықаралық тәжірибеге негізделе отырып франчайзингтік жүйені пайдаланушы отандық кәсіпкерлік қызметті дамыту мен олардың тиімділігін қамтамасыз ететін оңтайлы критерийлерін келесідей қарастыру: а) отандық кәсіпкер қызмет ету саласын дұрыс таңдауы керек, ә) франчайзингтік қатынастардың құқықтық аспектілерін, артықшылықтары мен кемшілігін жете білуі міндетті, б) франчайзингтік жүйені басқару үшін дұрыс бизнес стратегияны айқындай білуі, в) отандық франчайзер компания франчайзиының оңтайлы және табысты қызметін қамтамасыз ету әдістеме мен бағдарламаларды әзірлеуі қажет, г) франшиза пакетін, оның өнімдері мен қызметтеріне баға белгілеудің тиімді саясатын бекіту, ғ) франчайзер жүйені кеңейту мақсатында табысты стратегияны әзірлеп, франчайзиді таңдау мен олардың қызметін дұрыс жүргізуін бақылауы қажет. Осындай бірқатар шараларды атқаратын болсақ еліміз аумағында франчайзингтік бизнесті дамытудың бастапқы алғышарты болатыны анық. Біріншіден мемлекет тарапынан осындай көмектер болса, екіншіден қандай бизнестің өркендеуі өз кәсібін бастап әр кәсіпкердің қолында. Елімізде экономикасының дамуына қандай кәсіп түрі болсада тиімді әрі дұрыс ұйымдастырылса жеткілікті.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar