ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛТТЫҚ ДИЗАЙННЫҢ ДАМУЫ

Дизайн – бұл шығармашылық іс. Бұл деген өнеркәсіптік саланы көркемдік- техникалық жағынан жетілдіру, адам қызметінің түрлі салалары – техника, инженерия, өнер, архитектура, әлеуметтану, экономика, тағы басқаларының жетістіктерін өзіне үйлестіре отырып, мінсіз, эстетикалық жоғары сапалы туындылар, бұйымдар мен тың идеяларды ойлап табуға бағытталған ерекше мамандық. Айналамызды қоршаған заттар мен қолданыстағы бұйымдардың құрылымдық сапасын анықтап, олардың қасиеті мен сырт келбетінің әсемділігін айқындап, әрі функционалдылығын, сонымен қатар арадағы заттармен үйлесімділігін орнатып және осының бәрін адамның эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандырумен қоса біздің стилдік көркем талғамдарымызды ашу үшін арналған сала. Дизайн – ептілік, сезгіштік, әсерлік, өнертапқыштық, талғампаздық, жаңашылдық, құрамдастыру сияқты жан-жақты функцияларды қамтып, оларды жетілдіруді қажет ететін сала. Бұл сала тек қана ішкі табиғи талғамды ғана бағдарламай, аса бір ұқыптылықты, ерекшелікті, үйлесімділік пен жарасымдылықты, шеберлікті, талап етіп, әрі, дизайн қамтитын салалардың өз ерекшеліктерін ескере отырып, оның ары қарай қолданыстағы тиімділігін алдын ала байқап отыруға жетелейді. Дизайнның біздің қоғамда дамуы, әр адамның ішкі дүниесінің сұлулығын ашып, халық арасында жақсыға деген талпынысты оятуға әкеледі. Адам рухани жағынан бір саты жоғарылай түседі. Қарапайым заттардың өзі жарасымдылығын тауып дами түседі. Бұл адамға өмірге жаңа көзқараспен қарауға көмектеседі. 12 Дизайн – бұл өнер мен қолөнердің өзара байланыс табуының нәтижесінде шығатын ерекше дүние. Бұл ыңғайлылық, ерекшелік, көркемділіктің үйлескен бағыттарының қыры, бұл ғұмыры жас сала болғанымен де, болашағы зор, бастамасы үлкен мамандықтың түрі. Бұл адамзатты ізденіске, көркемділікке, талғампаздыққа, өнерді бағалауға, эргономиканың қажеттіліктерін сезінуге, сапалының айырмашылығын тануға, эстетикаға үйрететін бағыттардың бірі. Адамның айналасын көркейтуден қорықпауға, қарапайым нәрсені керемет туындыға айналдыруға, шығармашылық ой-өрісті өсіруге арналған көпті қамтитын үлкен сала. Осы дизайн термині негізделіп, дамығаннан бері талай бағыттар пайда болды. Еуропа мен Америкада XIX ғасырдың аяқ шенінде индустриалды өндірістің белең алуы нәтижесінде жаңа мамандықтың туындауына сұраныс туды. Бұл жерде ең алдымен суретшілер мен қолөнершілердің біріккен күштері Дизайнның жеке сала болып бөлінуінің бастамашылары болды. Олардың бастамалары, қосқан үлкен үлестері арқасында дизайн, тенденция, стиль дегенде біздің ойымызға Италия, Франция, Германия, Англия, Америка сияқты ірі мемлекеттер келеді. Әрине, дизайн термині де, саласы да осы елдерден бастау алып, дамып, бізге дейін жеке мамандықтың түрі болып келді. Осындай жетістіктерінің арқасында қазіргі таңда біз талай дизайнның түрлерін танып біліп, қолданыста көріп жүрміз. Бірақ, бұл жерде менің айтқым келетін мәселем, біз дизайн тек Еуропадан ғана енген деген көзқарасымызда. Біз осындай шешімдеріміздің арқасында қолымызда бар байлықты құрметтей, толығымен сезіне алмай жатырмыз. Біздің елімізде тың идеялар мен жаңашылдықтардың мың түрі сақтаулы, тек біз оларды таза қалпынан алып, жетілдіре алмай жатқанымызда. Егеменді елде жүріп өз мәдениетімізді, салтымызды, өнерімізді толығымен дәріптей алмай жатырмыз. Әрине, Еуропа бізге дизайн термині мен оның қайдан көрініс табатындығын айшықтап берді, бірақ олардың өздері соған дейін бар болған өнерлерінің арқасында ашып отыр. Ойлап қарасақ әсемділікті сезінуді, эргономиканы қолдануды, тұрмыстағы заттардың ерекшеліктерін зерттеуді, оны қолдануды біздің ата-бабаларымыз да білген. Ал қазіргі таңда халқымыздың арасында көзі ашық, оқығандардың қатары көбейгенімен, сол ата-баба дәстүрін, мәдениетін жетік білмей, тарихын танымай жатқандар табылуда. Осындай салғырттықтың жемісін қазіргі таңда ақырындап жеп отырған түріміз бар. Бүкіл түркі халқы, соның ішінде асылын тамырынан білген қазақ халқының ғасырлар бойы жиып, ұстап келген өнерін осы уақытта кейінгі ұрпақ шет-шетке таратып жатқандай көрінеміз. Осының үлгісі ретінде біздің дүниемізге тән қымызымыз бен қазымыз, көкпарымыз бен асығымыз, киізүйлеріміз бен ішкі жабдықтарының бізден бөлек басқа да мемлекеттерде зерттеліп, өндіріліп, иемденуінде. Ары бара, біліп жүріп қастерлемейтін басқа да дәстүріміз бен мәдениетімізді құрайтын қолөнер түрлерінің шетелден әкелуін әдетке айналдырып, тіпті оның қазақтікі екендігін танымай қалатындығымыз үрей тудырады. Өнер деген әр қырынан алғанның өзінде сан алуан сарқылмас күші бар дүние ғой. Ал, Қазақтың өнері деген сан жылдық тарихы бар үлкен шежіре. Егер де қолөнер түрін алатын болсақ, елімізден бағзыдан қалған қазағымызға ғана тән ою-өрнек түрлері, кіим үлгілері, кілем, алаша, текемет, сырмақ, киіз, тері бұйымдары, өмірдегі түрлі қызықтарға сай киілетін әшекей бұйымдары, шаруышылық қолданыстағы бұйымдар мен ыдыс түрлері, қару-жарақ, сауыт-саймандары, тіпті шаш қою үлгілері, бұның барлығы қазақи стилдің негізі, бастамасы болатын қолөнер түрлері, тек қана қазаққа тән жеке дара дизайнның қалыптасуына, бір көргеннен біз екенімізді басып айтуға болатын, біздің дизайнның негізін қалайтын өнер түрлері ғой. Қазіргі таңда біз – дизайнерлер қазағымыздың қолөнер шеберлерімен бірігіп, ескіше өнер түрлерімізді жаңғыртып, бояу шығарудан, тоқыма жасаудан, киім тігуден өз технологияларымызды ойлап тауып, заманауи талапқа сай келтіріп, бәріне қолжетімді, әркімнің талғамына сай табылатын, бір көргеннен бұл қазақи этностиль дейтіндей, әр салада: дизайнда, сәулетте, модада, басқа да өнер түрлерінде көрініс табатын, Қазақстандық брендтерді, фирмалық стилдерімізді, өз тенденцияларымызды белгілейтіндей әлем тарихында өз қолтаңбамызды қалдыратындай жетістіктерді қажетке айналдыруымыз керек. 13 Әрине ол үшін көп ізденіп, бір-біріміздің күшімізді біріктіріп, шетелдік үлгілерді, жетістіктерді есепке алып, олардың тұру жолын дамуымызға қолданып, өз жақсымызды асыруымыз қажет. Әлемдік деңгейдегі жетістіктерге жету үшін қарқыннан бұрын, жаңашылдықтан қорықпауымыз қажет, жаңа бастамаларға оң көзбен қарап, мәдениетімізден бет бұрмауымыз қажет. Әрқайсысымыз өмірлік сапамызды, қажеттіліктерімізді жоғарылатуымыз қажет, ол үшін әр адам еліміздің болашағы үшін өз үлесін қосу қажет деп ойлаймын. Менің ойымша, бұл жерде Қазақстанда дизайнның бастапқы негіздерін дамытуды мектеп жасынан да қолға алу артық етпейді деген ой туындайды. Дизайн сөзінің астында қазақ өнерін айтқым келеді. Метептегі еңбек пен сурет сабақтарын қалыптасқан үлгіде оқытпай, баланың ой өрісін мәдениетіне жақындатып оқыту үшін, осы күнге дейін жеткен тайпа, руларымыздың өнер туындыларының ерекшеліктерін балаларды мұражайларға, тарихи жерлерді көрсетуге апарып отырудан бастауға болады деп есептеймін. Осы арқылы қазақтың ата салтын дәріптеп, баланың өнерге деген қырларын ашып, халқының бай мәдениетіне деген сүйіспеншілігін оята оқыту керек деген ойдамын. Мектеп бағдарламасындағы бейнелеу, еңбек пәндерін қарапайым түрде оқытып қоймай, адам бойына тән талғампаздықты, өнертапқыштықты дәріптейтін дизайнның негіздерін де байланыстыра оқыту қажет деймін, бұл баланың жастайынан жай ғана өнерден хабардар етіп қана қоймай, шығармашылық талғамын ашып, оны көркемөнер, қолөнерді жаңа сатыдан танып білуіне, рухани байлығының дамуына үлкен үлес қосушы еді және те адамды өнерге баулу, оны жан-жақты болуына көмектеседі, әрі ізденіске, ғылымға деген мүкіншіліктерін оятады. Өнерді білу әрқашан артық етпейді емес пе. Біз әрдайм бір орында тоқтап қалмай, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы ашып берген мүмкіншіліктерді қолдана отырып, басқа мәдениеттерден үлгі алып, өз өнерімізді тың жолға қоюымыз қажет.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar