Қазақстанда ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуы

Мемлекеттің инновациялық процеске араласу қажеттігі оның ғылыми-өндіріс циклінің ұзақ, шығын мен анықталмағандық жоғары болғандықтан туындайды. Нарық ұзақ мерзімді, тәуекелі жоғары инвестициялар мәселелерін реттей алмайды, сондықтан ол реттеу ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, №2 (90). 2012 31 қызметі мемлекетке көшеді. Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде инновациялық саясатты іске асыру кезінде шағын және орта инновациялық кәсіпорындарға басты назар аударылған. Жапонияда олардың саны жалпы кәсіпорындар көлемінің 99%-н құрайды, ал елдің ІЖӨ-дегі олардың үлесі 52%, немесе 3 трлн. АҚШ долларына жетеді. Шет елдер тәжірибесіне сүйенсек, «зерттеу мекемесі – шағын инновациялық кәсіпорыны» бар және ғылымды көп қажет ететін өнім жасап шығару мен оны рынокта саудалауға нақты перспективасы бар әзірлемелер ғана қаржыландырылады /1/. Қазіргі уақытта Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия қазақстандық ғылымның жаңа басымдықтарын бекітті. Бұл – энергетика және энергия үнемдеу, шикізат пен өнімді жіті қайта өңдеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар. Аталмыш басымдықтар өндірісті ғылыми-технологиялық дамыту мен адамдардың денсаулығына бағдарланған және зерттеулердің міндетті түрде түпкілікті инновацияға шығуын көздейді. Осы басымдықтардың шеңберінде бағдарламалық-мақсатты және гранттық қаржыландыру жүргізілетін ең өзекті 88 жоба бекітілді. Оларға 2012 жылы 10 млрд. теңге бөлу қарастырылған /2/. Республикамызда инновациялық қызметке жүйелі түрде қолдау көрсету үшін қажетті заң жүзінде негізі және институционалды базасы құрылған. Инновациялар үшін арнайы қолдау көрсетудің қаржылық аспаптары кеңейтілген, жоғары технологиялар саласындағы шағын және орта бизнесті дамыту үшін жаңа салықтық жеңілдіктер мен преференциялар енгізілген. Бұдан басқа, «Инновациялық технологиялар паркі» жоғары технологиялық өндірістердің «ақылды» қалашығы құрылады. Ғылыми зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарын (НИОКР) кеңейту ол бойынша нәтижелерді қолданысқа енгізуге жұмсалатын шығыстардың 150 %-ға жуық ұжымдық табыс салығы бойынша салық салынатын базасын қысқарту арқылы қамтамасыз етіледі /3/. Қазіргі таңдағы ахуалды SWOT талдау нәтижесінде ұлттық инновациялық жүйені дамытудың факторлары анықталды (1-кесте). Қазақстанда реформалар жеткілікті түрде ұзақ уақыт бойы жүзеге асырылып жатқанына қарамастан, елде инновациялық экономиканы қалыптастыру бағытында елеулі үдерістер байқалмай отыр. Мысалы 2009 жылы экономикада білімді пайдалану деңгейі индексіне (КЕІ) қарағанда Қазақстан Чили, Малайзия және Түркия сияқты елдердің халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ деңгейімен салыстырғанда артта қалып келе жатыр (1-сурет) /4/. Басқа сөзбен айтқанда, қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі төмен. КЕІ индексі бойынша (экономикадағы білімнің қолданылу деңгейі) елді тек халықтың табысы айтарлықтай төмен Ямайка және Моңғолия сияқты елдермен салыстыруға болады. Бұған қоса, Innovation System индексі бойынша Қазақстанды жан басына шаққанда ЖІӨ көлемі 18 есе аз болып Африканың Ангола, Зимбабве сияқты елдерімен салыстыруға болады (2-сурет). Дегенмен қазіргі таңда ғылымды дамытуға қаржылық қаражат бөлу 2007 жылмен салыстырғанда 3 есеге дерлік өсті. 2011 жылы «Самрұқ-Қазына» компаниялар тобы ғылыми зерттеу және тәжірибелікқұрастыру жұмыстарына (НИОКР) 8 млрд. теңге бөлді. Қазақстанда 2015 жыл қарсаңында ғылыми зерттеулерді қаржыландыру ІЖӨ-нің 1%-на дейін артатын болады /5/. Бұл Қазақстан тарихындағы ғылыми-техникалық прогреске салынған ірі салым болып табылады. Жалпы алғанда, Қазақстанда қалыптасқан жағдайды бағалау ұлттық инновацияларды қолдау жүйесі мен енгізу әлсіз деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді, себебі елде отандық және шетелдік білімді ұлттық байлыққа айналдырудың тиімді жүйесі жоқ. Жаңа инновациялар толқыны Қазақстанда жеделдетілген индустрияландыруды ойдағыдай жүргізуге мүмкіндік береді, ғылыми-технологиялық серпіліс үшін жағдай туғызады, жаңа өнеркәсіптер мен жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады деп сенеміз.

Читайте также:  ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНА ИСЛАМ ДІНІ ТАРАЛУЫ

Оставить комментарий