Қазақстанда социализмді қайта құру идеясының қалыптасуы

1985 жылдың 23 сәуірінде өткен КПСС Орталық Комитетінің Пленумы Кеңес өкіметінің тарихына жаңалық енгізген құбылыс болды. Осы Пленумда баяндама жасаған М.С. Горбачев сол кезеңде орын алған кеңестік өмірдегі шындықтың көлеңкелі жақтарын ашық түрде ортаға салып, одан шығатын жол ретінде барлық салада жаңарту саясатын енгізуді ұсынды [Горбачев М.С. Избранные речи и статьи. ­ М.: Издательство политической литературы, 1987. – Т.2. – 152­171 бб.], бұл өз кезегінде қайта құру саясаты болып тарихқа енді. Жаңа қайта құру бағыты қоғамда жаңа серпіліс тудырды, ұзақ жылдар бойы шектеулі өмір сүрген адамдар алғаш рет демократия жөнінде ойлана бастады. Өзінің тарихи жаңа идеясы жайлы оның авторы «Перестройка – это целостный революционный процесс, осуществляемый демократическими методами, народом и для народа, по отношению к которому партия выступает как его политический авангард. А проявляемые ею активность и исторические инициативы – естественное выражение ее авангардной роли. И партия не монополизирует право на поиск. Любая полезная инициатива, откуда бы она ни исходила, нужна перестройке, ибо ее жизненный тонус политически зависит от развития демократии, функция которой, в частности, заключается в стимулировании народной инициативы» [Горбачев М.С. Социалистическая идея и революционная перестройка. ­ М.: Политиздат, 1989. – 16 б.]. Қайта құрудың басты ерекшелігі болып оның өзгелер тарапынан келіп түсер идеяларға үміт артуы болды, яғни билік адамдарға бостандық беру арқылы ары қарай дамудың жолын табуды олардың өздеріне міндеттеді. «Социализм к которому мы движемся в ходе перестройки – это общество, опирающееся на эффективную экономику, на высшие достижения науки и техники, культуры, на гуманизированные общественные структуры, осуществившее демократизацию всех сторон общественной жизни и создавшее условия для активной творческой жизни и деятельности людей» [Горбачев М.С. Социалистическая идея и революционная перестройка. ­ М.: Политиздат, 1989. – 30 б.]. Бұл жайында Н. Назарбаев та «СОКП демократияландыру мен жариялылықты дамытуда, сталиншілдік тудырған әміршілдік­әкімгершілік жүйеге қарсы күресте маңызды жетістіктерге ие бола тұра оқша бораған сынның астында қалайша қалып қойды? Меніңше, мұның негізгі себебі қайта құруды алдағы іс­қимылдардың айқын жоспары жөнінде қам жасамастан, алдымызда айқын саяси және идеялық бағдарларымыз болмай тұрып бастағанымызда болып отыр. Қазір бәрі де – «оңшылдар» да, «солшылдар» да, тіпті ашықтан ашық социализмге қарсы күштердің көш басшыларына дейін демократиялық ұрандарды қалқан етіп бүркемеленіп келеді. Мұндай жамыраған дауыстардан адамдар көбінесе кімнің соңынан ерерін, кімге сенерін, былайша айтқанда, қай құдайға сиынарын білмейді» [Назарбаев Н. Әділеттің ақ жолы. ­ Алматы: Қазақстан, 1991. – 260 б.] деп қайта құру идеясының жоспарсыздығын сынға алған болатын.

Қайта құру өмірге енгенімен жаңаша ойлаудың өз нәтижесін бермегендігі жайлы С. Платонов та «Поразительно то, что наша теория, которая должна играть роль точного компаса, мощной производительной силы, грозного оружия, ­ вообще не предвидела предстоящего перелома в общественном развитии. Хуже того: подойдя вплотную к его границе вместе со всем обществом, теория по­прежнему «в упор не видит» нового качества развития, не может внятно сформулировать его суть. Во всем обществе, не говоря уже о руководящем эшелоне , широко распространено понимание не просто нехватки, а практически полного отсутствия крупных, смелых идей, адекватных ощущаемому всеми масштабу проблем, масштабу исторического вызова, с которым столкнулось мировое коммунистическое движение» [Платонов С. После коммунизма. ­ М.: Молодая гвардия, 1989. – 237 б.] деп өз қанағаттанбаушылығын жеткізеді.

Читайте также:  Мәдениетті семиотикалық зерттеудің тезистері

Бізді қызықтыратын ұлттар саясаты қайта құру кезінде де ұлттардың пайдасына шешілмеді. Горбачев Ленин ұсынған алдамшы идеяларды жалғастыратынын мәлімдеді. Ол да пролетариат көсемінің жолымен ұлттардың бөлініп, өзін­өзі басқару идеясын жоққа шығаруға тырысты. «Ключевой вопрос здесь, на котором можно остановиться особо, ­это путь реализации в современных условиях ленинского принципа самоопределения наций. В минувшие десятилетия в этом было допущено немало извращений. К сожалению, они закрепились в определенной мере и в общественном сознании. Необходимо, поэтому, четко определиться в этом коренном для нашей теории и политике вопросе. Прежде всего следует подчеркнуть, что партия будет последовательно проводить в жизнь ленинскую национальную политику, включая такой ее основополагающий принцип, как право наций на самоопределение. Бесплодны и заслуживают осуждения попытки утверждать, якобы самоопределение народов СССР не состоялось, сводить его только к отделению, тем самым обедняя этот универсальный принцип решения национального вопроса. Весь наш, и не только наш опыт говорит о необходимости рассматривать самоопределение не только как единовременный акт, связанный с осуществлением права на отделение. Это – сложный, многоплановый процесс утверждения национального достоинства, развития языка и культуры, укрепления политической самостоятельности, экономического и социального прогресса» [Горбачев М.С. Доклад и заключительное слово на Пленуме. ­ М.: Политиздат, 1989. – 23 б.]. Ендігі жерде күштеп ұстау мүмкін еместігін түсінген Горбачев сәл жаңаша сипат бере отырып лениндік ұлт саясатын жалғастыра берді. «Я давно понял: если мы не будем реформировать наше многонациональное государство, то реформы задохнутся. При всех несомненных достижениях предшествующей национальной политики – а они есть – она могла существовать только на известном этапе, да и тогда всех держать в узде не удавалось. Вспомните, какие были репрессии, просто подавляли многое. Такую национальную политику дальше нельзя было вести в этом государстве» [Горбачев М.С. Декабрь – 91 моя позиция. ­ М.: Новости, 1992. – 156 б.]. Дегенмен, М. Горбачевтың да ұлтқа қатысты екіжүзді саясатты жалғастырғанының куәсі 1986 жылғы қазақ жастарын қырғынға ұшыратқан желтоқсан оқиғасы болды. Тіпті бұл оқиға демократиялық бағытты жақтаушы жаңа биліктің өзінен бұрынғы биліктен тек жалаң сөздерімен ғана ерекшеленгенін дәлелдеді. Желтоқсан оқиғасы жетпіс жыл бойы тұншықтырылып келген тәуелсіздік идеясының қайта жаңаруына септігін тигізді. «1986 жылғы желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының ұлттық санасының қаншалықты өскенін көрсетіп берді. Бір ғасыр бойы халықты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған өктемдік үрдістің алдындағы қорқыныш алғаш рет еңсерілді. Жастар айдай әлемнің алдында кез­келген ұлтқа тән ұлттық намыс бұдан былай ешқандай баса көктеуге мойын ұсынбайтынын паш етіп берді» [Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. ­ Алматы: Өнер, 1996. – 35 б.].

Қайта құру күрделі, мемлекетті тығырықтан алып шығар идеяларды туғыза алмағанымен, халықтың өмір салтына үлкен өзгерістер әкелді, халық еркін өмірдің дәмін сезе бастады. Одақ құрамындағы республикаларда көптеген жаңа бағыттағы саяси ұйымдар құрыла бастады. Сол кезеңдегі саяси ахуал турасында «В последнее время на всесоюзном уровне заявили о себе около 20 партий, а на республиканском и местном до 100 общественно­политических организаций. Численность их рядов невелика, но это не отражает истинного влияния на людей. В ряде регионов им удалось провести своих депутатов в Верховные Советы СССР и республик, в местные Советы и даже потеснить КПСС» [Зараменский И. Куда несешься «птица­тройка»? // Рабочая трибуна. ­ 1990. ­ 17 октября. ­ 2 б.].

Читайте также:  Кеңес одағының батыры Мәди Бегенов

Жаңа идеялардың халыққа кең тарауы, еркін ойлауға шек қойылмауы нәтижесінде кеңестік кеңістікте тек жеке билік жүргізген Компартияға қарсыластардың халықтан қолдау тауып, оны саяси аренада қысымға ала бастағанын байқауға болады. Сондай­ақ жекелеген республикаларда жаңа партиялар тіпті, Компартияны ығыстыра бастады, бұл сөзімізге мысал ретінде Украинаның «Рух» партиясын келтіруге болады, «За год с небольшим Рух создал оппозицию в парламенте, предложил альтернативный выход из экономического кризиса, ряд иных важнейших преобразований. Из его гнезда выпорхнуло немало вполне оперившихся политических формирований. Самое заметное, влиятельное из них – Украинская республиканская партия, воссозданная из Украинского хельсинкского союза» [Белов Н. и другие. Куда движется Рух // Рабочая трибуна. ­ 1990. ­ 16 ноября. ­ 2 б.]. Ал Балтық жағалауы елдерінің жаңа саяси партиялары тіпті радикалдық бағыт ұстанды десек қателеспейміз. Ол жайлы баспасөзден келесі пікірді кездестіруге болады, «Нагатове, например, респектабельная оппозиционная группировка «Ваба Ээсти» (Свободная Эстония). В ее девизе «Компетентность, терпимость, сотрудничество» слышится и критика нынешнего правительства республики. Лидер «СЭ» Индрек Тооме (в свое время отказавшийся баллотироваться в премьеры, хотя имел шансы) констатирует: «Реальная жизнь не укладывается в рамки новой идеологии, как не укладывалась в рамки старой». Теневой властью в республике является Конгресс Эстонии. Его лидеры рассуждают: мы живем в оккупированном государстве, поэтому сформированные парламентские структуры, включая Верховный Совет, незаконны. Какие­либо политические решения вправе принимать только коренные жители Эстонии, потомки тех, кто жил здесь до июля 1940 года» [Кредов С. Потеснитесь, политики // Рабочая трибуна. ­1990. ­ 10 августа. ­ 3 б.]. Литваның белді партиясы «Саюдистың» іс­ әрекеттеріне саралау жасай келе келесі бір автор Литвадағы Компартия жайын былайша баяндайды: «В образе врага представлена Коммунистическая партия Литвы на платформе КПСС, оставшаяся на принципах интернационализма. С коммунистами, входящими в ее состав, не церемонятся. Бьют словом: …Можно было бы демонстративно наплевать на все здания коммунистов, уступив их сторонникам КПСС. Пусть проводят свои последние денечки в Литве в роскошных кабинетах, будет что позже вспоминать в Москве» [Балюцкий С., Тараканов С. Притеснение без стеснения // Рабочая трибуна. ­ 1990. – 19 апреля. – 1 б.]. Армениядағы Компартия жайын «Компартия Армении, семьдесят лет стоявшая у власти в республике, в этом году не получила необходимого большинства мест в парламенте и потерпела порожение на выборах Председателя Верховного Совета» деген сөздерден­ақ түсінуге болады [Айдинян В. Армения: компартия в оппозиции // Рабочая трибуна. ­ 1990.­21 августа.–1 б.]. Дәл осы кезеңде Грузияда да Компартия үшін жағымсыз өзгерістер орын алған еді «На улицах продается масса неформальных периодических изданий. И это понятно, ведь в республике сейчас насчитывается 107 различных общественно­политических формирований. В сложной обстановке сегодня оказалась и компартия республики. Необходимо признать, говорили участники пленума ЦК КП Грузии, который состоялся 22 марта, что партия идет в хвосте политических событий, делая неформалам одну уступку за другой» [Дибути В. Тревожная весна Грузии // Рабочая трибуна. ­ 1990. ­31 апреля. – 3 б.]. Осылайша жер­ жерлерде бұрынғы беделінен айрылған Компартия тіпті өзінің бағыт­бағдарларына жаңашыл­демократиялық өзгерістер енгізгенімен халық алдында жоғалтқан беделін қайтара алмады, керісінше күн санап халықтың компартиядан сырт айналуы, партия билеттерін өткізуі, тіпті, партияның жоғары қызметтегі басшыларының оппозицияға ауысуы көптеп орын ала бастады.

Читайте также:  ФЕМИНИСТЕРДІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Осындай шиеленісті жағдайда өзінің бұрынғы қалпын өзгертпесе халық алдындағы беделінің одан ары құлдырай берерін түсінген Компартия басшылары өз ұстанған бағыт­ бағдарын уақыт талабына сай өзгертуге нақты қадамдар жасады. КОКП Орталық Комитетінің 1990 жылғы ақпан айындағы пленумында бекітілген жаңа жобаға сәйкес Компартияның ұстанған бағыт­бағдары жаңаша сипатта бекітілді. Ендігі жерде партияның саясаты тек жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын толықтай қамтамасыз етуге, тиімді жоспарлы­нарықтық экономикаға, социалистік демократия мен халықтың өзін­өзі билеу құқығына, жаңаша құрылатын федерацияға, адамзаттың бейбіт қатар дамуына, партияның жаңаруына бағытталатын болып келісілді [К гуманному, демократическому социализму (Платформа ЦК КПСС к 18 съезду партии) // Вечерняя Алма­Ата. ­ 1990. ­ 13 февраля. ­ 1 б.]. Партияның жаңашылдығы, оның жаңа қоғамдық қатынастар аясында жаңа бағыт ұстануы оған жеке адамдардың көзқарасын өзгерте алмады. Күннен күнге партияның беделі түсе берді, ал жаңа құрылған саяси ұйымдар саяси ұпайларын көбейте берді.

Л. Ахметова өзінің докторлық диссертациясында осынау өзгерістерге толы қайта құру кезеңі жайлы «Этот совсем недалекий от нас исторический отрезок времени, крайне разнородный и неоднозначный, сформировал качественно новый климат и новый уровень общей и политической культуры народа» [Ахметова Л.С. Проблемы патриотического воспитания казахстанцев в условиях советской командно­ административной системы 1946­1991 (по материалам средств массовой информации): автореф. … д­ра истор. наук. – Алматы, 1998. – 33 б.] деген толымды пікір білдіреді. Шынында да өзге республикалар секілді Қазақстанда да қайта құру жаңаша бағыттағы ой­пікірлердің қалыптасуына ықпал етті. Өзгеше ойлауға ерік берілген осы кезеңде республика аумағында пайда болған бұл саяси ұйымдарға ресми билік те теріс қараған жоқ. Бұл турасында Н. Назарбаев «если новые политические, общественные образования действуют в рамках закона, то свои симпатии и антипатии я, как говорится, попридержу. Политический плюрализм должен быть обеспечен. Больше того, оппоненты нам, коммунистам, нужны» [Назарбаев Н.А. У нас есть свой путь // Вечерняя Алма­Ата. ­ 1990. ­ 18 сентября. ­ 1 б.]. Осындай жағдайдың жаңа бағыттағы ұйымдар үшін қолайлы болуы олардың көптеп пайда болуына әкелді. «В общей сложности с ноября 1989 года по март 1990 года в Казахстане имелось 103 зарегистрированных и незарегистрированных партий, общественных движений, объединений и групп» [Аяганов Б.Г. Социально­ экономическое и общественно­политическое развитие Казахстана с 1970 по 1990 год: автореф. … д­ра истор. наук. – Алматы, 1995. ­ 36 б.]. Алайда жаңаша бағыттағы саяси ұйымдар тек жаңа бағыттағы ой­пікірлер тудырып қоймай, ескі коммунистік партияның қателіктерін де сынай бастады, республикада орын алып отырған ауыр әлеуметтік­ экономикалық ахуалдың орын алуына себептерді іздеді, ұлттарға қатысты саясаттың кемшін тұстарын көре білді, бұл өз кезегінде республикадағы саяси ахуалдың күрт өзгеруіне әкелді. «С 1990 года политическая ситуация в республике существенно изменилась. Общественно­политические движения сами стали оказывать давление на политические институты, в первую очередь на властные структуры Компартии Казахстана, возлагая на нее ответственность за кризис в экономике и неудачи в проведении хозяйственной реформы. В это же время внутри самой Компартии проявляются разногласия и звучат призывы к реформированию самой партии» [Карсаков И.Б. Общественно­политическая жизнь Казахстана (1985­1995 гг): автореф. … канд. истор. наук. – Алматы, 1996. – 11 б.].

Оставить комментарий