Қазақстанда туристік кластерді қалыптастырудың маңыздылығы

Опубликовано Август 19, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 5 (1 голосов)

 

Туристік кластер – бұл туристік өнімді жасау, өндіру, ілгерілету жəне сатумен, сондай-ақ туризм индустриясымен жəне рекреациялық қызметтермен сабақтас қызметпен айналысатын өзара байланысқан кəсіпорындар мен ұйымдардың бір шектелген аумақ аясында шоғырлануы [1]. Туристік кластерді құрудың мақсаты – синергетикалық əсер есебінен туристік нарықта аумақтың бəсекеге қабілеттілігін арттыру, оның ішінде: кластерге кіретін кəсіпорындар мен ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру; инновацияларды ынталандыру жəне жаңа туристік бағыттарды дамыту. Туристік кластерді құру іс жүзінде аумақтың тұрпатын айқындайды жəне өңірдің оң имиджін қалыптастыруға əсерін тигізеді. Бұл жалпы алғанда жоғары ықпалдастырылған туристік ұсыныстар мен бəсекеге қабілетті туристік өнімдерді құрады. Қазақстанда бес туристік кластерін құру мүмкіндігі бар: Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан жəне Батыс Қазақстан. Туристік кластердің құрылуы мен дамуының негізгі мəселелері ретінде қазіргі таңда келесілерді көрсетуге болады: Қазақстандағы туризмнің дамуының негізгі мақсаты заманауи бəсекеге қабілетті туризм саласында туристік кешен қалыптастыру. Сондықтан, кластердің құрылуының нормативті заңдық базасының болуы, жергілікті, аймақтық, сондай-ақ бастапқы деңгейде ұйымның құрылу ережесін жеңілдетеді. Кластердің сəтті дамуы аймақтағы экономикалық жағдайды дамытады жəне тұрақтандырады, аймақтың экономикалық өсуін қамтамасыз етеді, сол себепті кластерлер билік органдары үшін саяси мəнге ие, алдыңғы кезекте тұрғындар алдында əлеуметтік міндеттерді құру болып табылады. Туризм саласында туристік кластердің сапалы қызмет атқаруын жақсарту үшін келесі шаралар қажет: Қазақстан бай туристік-рекреациялық мүмкіндіктерге игере бола отырып, туризмжеткілікті деңгейде дамымауымен сипатталып отыр. Туризм саласының үлесі жалпы ішкі өнімде шамамен 0,3 %-ды құрайды. 2011 жылы туристік қызметтен кіріс көлемі 145,3 млрд. тг-ні құрады, бұл 2008 жылға қарағанда 2 есе артық яғни (77,6 млрд. теңге). Республика бюджетіне төленген салық 20,6 млрд. теңгені құрады, саладағы туристік қызметпен шұғылданатындардың саны 158700 адамды құрады. 2012 жылғы үш тоқсандығында туристік қызметтен түскен кірістер көлемі 91,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылғы үш тоқсандығынақарағанда 11,5 % (82,3 млрд. теңге) көп болып отыр. Туристік ұйымдар мен орналастыру орындарында жұмыс істейтіндер саны 26 940 адамды құрады. Туристік қызметтің құрылымында ішкі туризм 32,2 %, кіру туризмі – 5,7 %, сыртқа шығушылар туризмі – 62,1 % құраған. Егер осы көрсеткіштерді 2010 жылғы деректермен салыстыратын болсақ, онда сыртқа шығушылар туризмінің 56,4 %-дан 62,1 %-ға дейін ұлғаюы, ішкі туризмнің туристерге қызмет көрсетудің жалпы құрылымында 35,4 %-дан 32,2 %-ға азайғаны байқалады. Қазақстандық туристердің сыртқа шығушылар туризміне сұранысы Қазақстандағы туристік дестинациялар мен орналастыру объектілерінің бизнес үлесін жоғалтуды білдіреді. Сондықтан, республикада туризмнің сапалы дамуы арқылы қазір шетелде демалып жатқан жергілікті туристердің белгілі бір саны туризмге жұмсалатын шығындарды ел шегінде қалдыра отырып, қазақстандық туристік дестинацияларды таңдайды деп болжауға болады [3]. Туризм дамуының негізгі экономикалық көрсеткіштерінің өзгерісін талдай келе, Қазақстандық туризмнің əлеуеті толық іске асырылмай отыр деген қорытындыға келуге болады, өйткені туристік саланың дамуы туристік қызметтегі қазақстандық жəне шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін көліктік-логистикалық жүйенің қажетті инфрақұрылымын, оның ішінде, мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерін (автомобильдік, авиациялық, теміржол) қайта жөндеуден өткізуді ескере отырып, кең мүмкіндікті қамтамасыз ете алатын қазіргі заманғы бəсекеге қабілетті туристік кешенді құруға тікелей байланысты [4]. Туристік кешенді құру еліміздің экономикасының дамуына – бюджетке салықтық түсім есебінен едəуір үлес қосады, шетелдік валютаның құйылуы, жұмыс орындары санының артуы есебінен, сондай-ақ мəдени жəне табиғи мұраның сақталуын жəне оны тиімді пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етеді. Халықаралық Туризм Ұйымының (ХТҰ) бас хатшысы Талеб Ритай 2012 жыл туризм үшін ең қарқынды дамыған, оның ішінде, бір жыл ішінде əлем бойынша саяхат жасаған туристердің саны 1 млрд.-тан асқандығын, ал мемлекеттер ішінде 5-тен 6 млрд-қа дейін адамдардың ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №2 (102). 2014 32 Қазақстан Республикасында туристік кластерді қалыптастырудың маңыздылығы саяхаттағандығын айтады. Бұл көрсеткіштер туризм саласында бұрын соңды болмаған жағдай. Мысал келтіретін болсақ, осыдан 60 жыл бұрын саяхаттағандардың саны 25 миллион адам ғана болған. Бұл жетістіктің аумақтар бойынша таралуы келесідей: 3-сурет – Халықаралық туризм бойынша келушілер саны, миллион адам Ескерту: [4, 7б] əдебиет негізінде автор құрастырған. 2012 жылы халықаралық туризмнен түскен кірістер 4%-ға өскен, ол 1,075 млрд АҚШ долларын құрады. Кірістердің аумақтар бойынша таралуы да келушілер санына байланысты. 4-сурет – Халықаралық туризм бойынша кірістер, млрд АҚШ доллары Ескерту: [4, 7б] əдебиет негізінде автор құрастырған. Жоғарыдағы 3, 4-суреттерден көріп отырғанымыздай бір жылдағы келушілер саны мен түскен кірістер жөнінен Еуропа аймағы алда тұр, одан кейін келетін Азия жəне Тынық мұхиты аймағы. Біздің мемлекетіміз үшін де осы Азия аймағындағы өзіміздің орнымызды нығайтып, туризм саласындағы алдыңғы қатарлы елдердің қатарына кіретін күнжетті. Ол үшін мемлекет тарапынан тікелей басшылыққа алынып, туристік кластер құруды алдағы бастапқы приоритетті бағыттар қатарына қосу қажет. Туризмді дамыту əрбір елге өз артықшылықтары мен кемшіліктеріне сай болады, яғни ақша ағымы көбейеді, ЖҰӨ өседі, жаңа жұмыс орындары пайда бола бастайды, шетелдік капитал тартылып, туризмнің даму деңгейі өседі. Ал, кемшіліктері негізінен əлеуметтік-экологиялық мəселелер мен туристік импорт кезінде көп қаражаттың сыртқа шығарылуы [6]. Яғни, сол негіздетуризмдідамытужүйесіндеэкономиканың басым бағыты ретінде қарастыратын елдердің халықаралық тəжірибесін талдау туристік қызметті мемлекеттік қолдаудың бірқатар басым шараларын айқындап берді. Қазіргі уақытта отандық туризм үшін тиісті əкімшілік-аумақтық құрылымның бəсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кластерлерді қалыптастыру міндеті неғұрлым өзекті болып отыр. ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №2 (102). 2014 Р.Т. Дуламбаева, Д.А. Абишов 33 5-сурет − Туризм саласын мемлекеттік қолдау шаралары Ескерту: [5] əдебиет негізінде автор құрастырған. Қорытындылай келгенде Қазақстандағы туризмді дамытуда мына шарттарды негізге алу керек, Еліміздің туризм инфрақұрылымын шетел инвесторларына жасату керек. Шетелдің Қазақстандағы мұнайды игеріп жатқан компанияларын жолдарды, сапалы қонақ үйлерді салуға, инфрақұрылымды дамытуға ат салысу деңгейіне əкелу керек.Отандық туристтік объектілерді маркетинг саласында жандандыру қажет, яғни жарнамалау жағын да басты назарда ұстаған дұрыс. Еліміздің келу жəне ішкі туризміне жұмыс істейтін турфирмаларды мемлекет тарапынан салықтан босату керек. Бұл отандық туризм саласындағы кəсіпкерлерге үлкен көмегін тигізері анық. Жəне де салықтан босату арқылы біз отандық туристік өнімдердің бағасын айтарлықтай арзандату жолымен сəйкесінше ішкі туризмнің дамуы қарқын алатыны айқын. Халықаралық Туризм Ұйымы 2011 жылы туристік саланың 2030 жылға дейінгі даму жоспарын құрды. Бұл бағдарламада туризмнің 2030 жылы келесідей түрде дамитынын көрсетеді: 6-сурет – Халықаралық туризмнің 2030 жылға дейінгі дамуы Ескерту: [6, 9б.] əдебиет негізінде автор құрастырған. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №2 (102). 2014 34 Қазақстан Республикасында туристік кластерді қалыптастырудың маңыздылығы Біздің мемлекетте осы болжамдарды ескере отырып, алдағы мақсаттарды айқындау керек. Əр даму жолынан өзімізге қатысты, өімізге пайдалы болжамды көруге болады. Бұл сала мемлекеттік деңгейде ұзақ мерзімді даму жоспарын құруды талап етеді. Мемлекет тарапынан қолдау көрсетуде шетелдің көптеген озық тəжірибесін пайдаланған дұрыс. Мысалға Францияның тəжірибесін алар болсақ, онда басқа да Батыс Еуропа елдеріндегі секілді туризм жеке министрлік жəне де Францияда туризм министрлігінен басқа он министрлік жыл сайын қосымша өз бюджеттерінен туризм саласының дамуына, туризм индустриясына қаржы бөліп отырады екен. Туризм саласын ақпараттық қамтамасыз ету қажет, яғни халықты еліміздегі туристік орындар туралы ақпаратпен толық қамту жəне қызығушылықтарын арттыру арқылы отандық туризмнің дамуына жағдай жасау. Сол арқылы туризм сферасындағы бəсекелестік те артып, сапалық жəне тиімділік көрсеткіштерінің артуына жағдай туады. Осының нəтижесінде отандық туризм саласы шетелдік туристерді тарта аларлықтай қабілетке ие болады.

Оставить комментарий