ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛЫҚ ӨНІМІНІҢ ЭКСПОРТЫН ДАМЫТУ

Қазақстан балық шаруашылығы су қорына бай және мұнда балық өсiру мен балық аулауды қарқынды дамытуға қолайлы жағдайлар бар. Қазақстан Республикасының балық шаруашылығының негізін балық шарушылық қорының су қоймалары құрайды. Оның құрамына Каспий және Арал теңіздерінің жиегіндегі акватория, балық аулау кәсібімен шұғылданатын Балхаш-Іле бассейні, Бұқтырма, Қапшағай, Шардары су қоймалары, Алакөл көлдер жүйесі және тағы басқа жалпы көлемі 3 млн.га болатын мыңнан астам су қоймалары кіреді. Қазақстан Республикасының қай аймағында болмасын тауарлық балық өсіруге, оның ішінде бекіре балықтарын өсіруге үлкен мүмкіншіліктер бар. Дегенмен де, бүгінгі таңда экономиканың бұл саласы түрлі себептердің кедергі болуына байланысты ойдағыдай дамымай отыр [1]. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы №963 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы Қазақстанның балық шаруашылығын тұрақты дамыту саласындағы 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған бірыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру бағыттарын айқындайды. Осы Тұжырымдамада балық шаруашылығы су тоғандарының балық және басқа да су биологиялық ресурстарын қалыптастыруға, сақтауға, өсiмiн молайтуға және ұтымды пайдалануға, балық шаруашылығын дамыту саласындағы әлемдiк практикада қолданылатын ең жаңа әдiстер мен қазiргi заманғы технологияларды ескере отырып, балық өндiру және балық өңдеу салаларын, тауарлық балық шаруашылығын дамытуға бағытталған негiзгi мақсаттар мен мiндеттер тұжырымдалған [2]. 217 Алайда, балық шаруашылығының қазіргі таңдағы жағдайын сараптай отырып, тиімді дамуына кедергі жасайтын басты мәселелерді анықтау қажеттілігін туғызуда. Қолданыстағы пайдаланып отырған нормативтік-құқықтық негіздер балық өндіру және балықты қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қарқыны, сонымен қатар олардың қандай түрлерін және қандай көлемде өнім өндіргені, қай жақтан шикізат жеткізілетінін және оның өнімдерінің өтімі, қанша жұмысшы жасайтындығы, экономикалық көрсеткіштері, сонымен қатар балық өнімдерін сатып алып өткізумен айналысатын кәсіпорындар жөніндегі мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейді. Өндіріс саласында маркетингтік зерттеулер жоқ, балыққа және балық өнімдерінің түрлеріне облыстардың сұранысы мен балық өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі мәліметтер жеткіліксіз. Бүгінгі күн ішкі және сыртқы рыног маркетинг мәселелелеріне зерттеулер қажеттілігі мен бәсекеге қабілетті тауар рыногына енуге мүмкіндікті уақыт талап етіп отыр. Сондай-ақ, бағаның құрылуына әсер ететін, балық өндіретін кәсіпорындардың тиімділігін қамтамасыз ететін негіздер табылған жоқ, рынокқа ұсынылатын ассортимент пен бәсекеге қабілетті балық түрлері де айқындалмаған. Дей тұрғанмен де, Қазақстанда бекіре балығын өсіруге қолайлы жағдайлар бар. Мысалы, Балқаш көлінде 50 жылдай бекіре балықтың құнды түрі арал пілмайы өмір сүруде. Ал, Каспий бөлігінің теңіз акваториясының едәуір үлкен бөлігінде бекіре балықтарының қоры топталған. Бұл бекіре балықтарын өндіру және өсіру қажеттілігінің айғағы [3]. Биылғы жылы 85 мың тонна балық аулау жоспарланып отыр. Мұның ішіне теңіз, өзен-көлдің балықтары кіреді. Қазақстанның экспортқа балық өнімдерін шығаруы ертеде де болған, қазір де жалғасын табуда. Мәселен, 2008-2009 жылдары экспортқа 37 мың тонна балық өнімі шығарылған. Тұтынушылар – Ресей, Германия, Литва сияқты мемлекеттер. Ал, өзімізге шет елден көбінесе мұхит балықтары импорт ретінде жеткізіледі. Оның көлемі 58 мың тоннаға дейін жетеді. Балық шаруашылығын өркендету үшін Елбасы Н.А.Назарбаевтың қолдауымен жаңа заң қабылданды. Мұның ішінде балық шаруашылығын барынша көтеру, мәденитетін дамыту, балық өсіруге қолайлы жағдай жасау қарастырылып отыр. Тіпті субсидия бөлу де ойластырылған. Қазақстанда жалпы өндірген балық өнімі адам басына шаққанда 4 кг-нан ғана келіп отыр. Ғалымдар да қарап отырған жоқ сияқты, олардың есебінше, қазақстандықтарды қанағаттандыру үшін адам басына 14 кг балық өнімі керек. Осы жоспарды қанағаттандыру үшін әжептеуір жұмыс жасауға тура келеді. Мәселен, жылына 272 мың тоннадай балық аулау қажет. Тұтастай алғанда, консервiленген өнiмдердi қоспағанда, шығарылған балық және балық өнiмдерiнiң экспорты жекелеген ұстанымдар бойынша импорттан асып түседi. Республикаға балық және балық өнiмдерi 43 шетелдiк мемлекеттерден келiп түседi. Негiзгi балық жеткiзушiлерге Ресей, Норвегия және Қытай жатады [4]. Осыған байланысты ҚР-ның Үкіметімен қабылданған бағдарламаларға сәйкес біз еліміздің балық шаруашылығындағы экспортын дамытуымыз қажет. Осындай экспортқа балық шығаратын «Балқашбалық» жауакершілігі шектеулі серіктестігін мысал ретінде алатын болсақ, бұл ЖШС қазіргі таңда экспортқа Еуропа елдеріне тек қана ысталған, қақталған балық пен өңделмеген балық түрлерін ғана шығаруда. 2003 жылы белгілі бір себептерге байланысты қаржыландырудың болмауынан консервіленген дайын өнімдерді шығаруды тоқтатқан болатын [4]. Содан бері шығарылатын өнім құны жоғары болуына байланысты және артта қалған технологияға байланысты өнім нарығында бәсекелесе алмайтындықтан, консерві жасайтын құрал-жабдықтар тоқтап тұр, осыған байланысты импорт өндірісі өнімдерімен: теңіз өнімдері, мұхиттық шикізат, Балтық маңы және Ресей өндірушілерінің пресервілері мен консервілерімен алмастырылған. Осындай тағыда басқа «Атыраубалық» акционерлік қоғамы сияқты экспортқа балық өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорындарда қабылданған бағдарламаларға сәйкес мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп, бірқатар шаралар жүргізілуі тиіс. Ол үшін табиғи су тоғандарының биоресурстарын қорғау, өсімін молайту және ұтымды пайдалану арқылы балық шаруашылығы кешенінің тұрақты қызмет етуі негізінде саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруымыз керек; тауарлық балық өсіруді ұйымдастыру 218 және дамыту, бекіре өсіруді қоса алғанда және оның өсіру көлемін 2015 жылға дейін 10 мың тоннаға дейін жеткізуіміз керек; балық шаруашылығы саласындағы заңнаманы одан әрi жетiлдiріп, балық шаруашылығы кешенiнiң тұрақты жағалық инфрақұрылымын құру; балық шаруашылығы саласына алдыңғы қатарлы технологияларды, ғылыми зерттеулердi және әзiрлемелердi енгiзу, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды өтеуге субсидиялар бөлу және пайдалануға берiлген мезеттен бастап алғашқы үш жылда салық салуға жеңiлдiктер беру; балық шаруашылығы үшiн халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн мамандарды даярлау және қайта даярлау жүйесiн жетiлдiру, балық өнiмдерiн биржалық, опциондық және фьючерстiк саудалауды дамытудың тетiктерiн әзiрлеу және iске асыру; балық өнiмдерiнiң iшкi нарығын және оның функционалдық құрылымын қалыптастыру үшiн жағдайлар жасау; балық шаруашылығына маркетингтік зерттеулер жүргізе отырып, «қазақстандық брэнд» құру, бекіре балық түрлерінің уылдырығын сатып алу, өңдеу және сатуға мемлекеттік монополия енгізу мәселесін қарастыра отырып, молықтыру маңызы бар кәсіпорындарды бәсекелес ортаға беру сияқты бірқатар шараларды атқаруымыз қажет. Әдебиеттер: 1. И.В. Родионов «Балқаш». Алматы: Қайнар, 1988; 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы №963 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы»; 3. В. Николаев «Балқаш өңірі». Алматы: Қайнар, 1985; 4. В. Илизаров, Д.В. Котков, И.А. Невзоров «Балхаш». Балхаш, 2006.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar