Загрузка…

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢБЕК КӨШІ-ҚОНЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯСЫ МЕН ДАМУЫ

ХХІ ғасырдың басында дүние жүзі елдерінің, соның ішінде Қазақстан мемлекетінің де ұлттық қауіпсіздігі мен жаһандық мәселелер орын алды. Қақтығыстарды аумақтандандыру үрдісінде Орталық Азияда Қазақстан Ресей мен Еуропа және Орта Азияның бұрыңғы кеңестік елдері мен Ауғанстан арасындағы өтпелі аймақ болды. Аймақтағы геосаяси жағдай республиканың ішкі жағдайына әсер ете ме, әлеуметтік-экономикалық процестерге, еңбек нарығының орналасуына, көші-қон қозғалыстарына ықпал ете ме? Бұл бір-біріне ықпал етуші екі процесс Қазақстанның егеменді дамуында одан әрі күшейе түсті. Бір жағынан, дүниежүзілік экономиканың объективті процестері, оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы кедей елдерден солтүстік және солтүстік-батысқа қарай иммиграция: АҚШ, Канада, Батыс Еуропа елдеріне Қазақстан арқылы өтетін заңсыз еңбек көші-қонының дамуына ықпал етеді. Республиканың геосаяси жағдайының өзі, яғни Еуропа мен Азияның аралығында орналасуы елді заңсыз мигранттар кесіп өтетін транзитті мемлекетке айналдырды. Ал екінші жағынан, ішкі саясаттың нәтижесінде – экономикалық және заңды реформалардың жүргізілуі, шет елдерге шығуға мүмкіндік беретін шекараларды ашу таяу және алыс шет елдерінің арасындағы миграциялық алмасу көлемі ұлғайтылды. 1990 жылдардағы экономикалық дағдарыс көші-қон қозғалыстарының тұрақсыздығын және стихиялық түрде өтуін күшейтті [1,3]. Қазақстандағы қазіргі еңбек көші-қондары – бұл стихиялық көп бағытты үрдіс. Еңбек көші-қонының жаңа түрлері қалыптаса бастады: коммерциялық көші-қондар, негізінен Ресей, Қытай, Германия, Түркия елдеріне; алыс шет елдерге жалға жұмыс істеу, шетелдік жұмыскерлердің лицензиялық еңбектері; стихиялық тұрақсыз иммиграция және Орталық Азия республикаларынан (Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) заңсыз жұмыс бастылық. 1990 жылдары ауылдық елді мекендерден қалалық елді мекендерге ішкі көші-қондар жүріп жатты. Соңғы он жылдықтардағы еңбек көші-қон түрлерінің ішіндегі ең көп таралғаны – бұл коммерциялық көші-қондар, жалға жұмысқа тұру, басқа елдегі маусымдық жұмыстар, т.б. Транзитті кезеңде еңбек көші-қонының масштабтылығына байланысты еңбек және көші-қон процестерін құқықтық бақылау және тәртіптеу қажеттігі туындап отыр. Қазіргі таңда еңбек көші-қонын құқықтық тұрғыдан бақылау қазақстандық заңдылықтарда шешілмеген мәселелер көп. ТМД елдерінде бірыңғай еңбек рыногын құру, экономикалық серіктестіктің дамуы, қандай да болмасын елдің ұлттық қауіпсіздігін бекіту көші-қон саясатын қалыптастырмай, көші-қон процестерін басқаруды дамытуда заңдылықтарды жасау арқылы, ТМД елдері және алыс шет елдерімен екіжақты немесе көпжақты келісімдерсіз мүмкін емес. Қазіргі таңда еңбек социологиясында және демографияда қазіргі жағдайларға байланысты еңбек көші-қонының типологиясы мен анықтамалар жүйесі толық өңделмеген. Қазақстанның мемлекеттік органдары Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) және көші-қон 80 бойынша Халықаралық ұйымның (КХҰ) анықтамалар жүйесін пайдаланады. Халықаралық еңбек ұйымы еңбек етуші мигранттарды «экономикалық қызмет атқару мақсатында өз елінен басқа елге жұмыс істеушілер» деп анықтама береді. Экономикалық иммиграция кәсіби немесе іскерлік мақсатта және оқу мақсатында көшіп келушілерді құрайды. Иммиграция еліне төмендегілер жіберіледі: — өнеркәсіпте немесе жалдаушыға жеке немесе белгілі бір топ құрамында белгілі бір мақсатта жұмыс істеушілер: қайталанатын жұмыстар; өндіріс немесе қызмет көрсету саласындағы қарапайым жұмыстар; маусымдық жұмыстар. — өнеркәсіпте немесе жалдаушыға жеке немесе белгілі бір топ құрамында бір жобаны орындау мақсатында (канал, көпір салу, т.б.) жұмыс істеуші кәдімгі жұмыскерлер, менеджерлер, мамандар. — өнеркәсіптің трансұлттық аясында ауысу тәртібінде (көлемі ауқымды жобамен байланысты арнайы жұмыстарды атқару мақсатында) жекелеген жалдамалы жұмысшылар. — қарапайым жұмыс бастылық және қоныстану мақсатында мамандандырылған және мамандандырылған емес жұмыскерлер, инженерлік-техникалық жұмыскерлер мен басқа да жоғары мамандандырылған жұмыскерлер мен қызметкерлер[1,2,3]. Елге кіргеннен кейін жұмыс орындарын құрған жағдайда кәсіпкерлер мен инвесторлар жіберіледі: — жекелеген адам жеке меншік немесе мемлекеттік өнеркәсіпке қайта даярлау мақсатында уақытша жіберіледі. Халықаралық еңбек бөлімінің «Шетелдік еңбек етушілердің жұмыс бастылығы» кітабының авторы В.Р.Бенингтің айтуынша коммерциялық көші-қон еңбек көші-қоны түрлерінің ішіндегі ең көп тарағаны. В.Р.Бенингтің айтуынша, коммерциялық мигранттар – бұлар ұсақ саудагерлер, «заңсыз түрде аз көлемде және төменгі сапалы тауарларды сатып алу және сату мақсатында өз елінен қысқа мерзімге кетушілер» болып табылады. В.Р.Бенинг Түркия, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің мысалында зерттеулер жүргізе отырып, 1980 жылдардан бастап, әсіресе СССР-дің ыдырауынан кейін коммерциялық сапарлар көбейе бастады. Зерттеудің нәтижесінде мынаны көрсетті: «бұл ұсақ саудагерлер тек кәсіпкерлік экономикалық мақсатта ғана елдерінен қысқа мерзімге кетеді, әрине екі жақ та бұл саудагерлердің әлеуметтік қамтамасыздандырылуын, еңбек ақысына жауапкершілігін атқармайды, олар әлеуметтік және экономикалық қауіп-қатерге душар болады». Ал сол саудагерлердің тауарларының сапасы төмен болады, яғни өз бағасына сай, кейде төменгі бағамен жоғарға сапалы тауарларды да өздері білмей сатып жатады, бұл саудагерлердің технология саласы бойынша хабарларының төмендігін көрсетеді. ТМД елдерінде еңбек көші-қоны қалыпты жағдай. Бұған басты себеп болып еңбек көші-қоны адамның жұмыс орнының және оған қажетті жағдайлардың: табиғи-климаттық, экологиялық, әлеуметтік-мәдени, үй-тұрмыстық, т.б. болатын басқа жерге қоныс аудару параметрлерін оң жаққа қарай өзгертуден туындайды деп есептелінген. Бірақ қазіргі еңбек көші-қондары «жұмыс орнының параметрлерін өзгерту» мақсатында туындап отырған жоқ, бұл көші-қонның негізгі даму себебі – жаппай жұмыссыздық. Ал «басқа жерге қоныс аударуға» келетін болсақ, қазіргі еңбек көші-қонының қоныс аудару уақыты қысқа, әрі тұрғылықты емес және ол процес көбінесе заңсыз түрде өтеді. Көші-қонның сыртқы себептеріне климаттық, экологиялық, әлеуметтік-мәдени факторлармен қоса негізгі себеп әлеуметтік-экономикалық себеп болып табылады. Тарихта және өтпелі жаңа кезеңде еңбек көші-қоны жаңа түрлер мен формаларға ие болды. Төменде Қазақстан мен ТМД елдерінде кездесетін еңбек көші-қонының түрлеріне сипаттама беріледі [1,4,5]. Мемлекет шекарасын еңбек мигранты кесу өлшемі бойынша еңбек көші-қонының негізгі түрлері анықталады – ішкі көші-қон (ішкі және облысаралық) және сыртқы көші-қон (эмиграция және иммиграция); ұлттық заңдылықтар, халықаралық құқықтық құжаттар мен жекелеген елдер арасындағы келісімдер негізінде еңбекті құқықтық тәртіптеу мен қадағалауға келетін болсақ еңбек көші-қоны заңды және заңсыз деп ажыратылады. Еңбек 81 көші-қонын еңбек ету уақыттарының ұзақтылығына байланысты қайтымсыз және қайтымды (маусымдық, жиіліктік) немесе уақытша және тұрақты болып ажыратылады. Кейбір зерттеушілер жекелеген кезеңдерде қосымша жұмысшы күшін қажет ететін экономика саласын жұмысшы күшімен қамтамасыздандырудан туындайтын экономикалық маусымдық көші-қондар (ауыл шаруашылық саласында егін егу мен жинау науқаны кезінде) мен әлеуметтік мәдени көші-қондар (білім алу, демалу, емделу, туризм және т.б.) түрлерін де ажыратады. Дегенмен Халықаралық еңбек бөлімінде шетелдік жұмысшы күшінің жұмыс бастылығының экономикалық тұжырымдамасында оның қысқа мерзімдік немесе уақытша мерзімдік сипаты жөнінде нақты айтылмаған. Әр ел шетелдіктермен келісімге әрқалай келеді, жұмыс уақыты 6 айға, 12 айға немесе 2 жылға дейін баруы мүмкін. Табиғаты жөнінен экономикалық сұраныс бағыты мен ұзақтығы бойынша ұзақ мерзімдік, қайталана беретін, тұрақты, уақытша болуы мүмкін. Еңбекке деген сұраныс пен уақыты жекелеген жағдайларда бір-біріне сәйкес келуі мүмкін, ол белгілі бір жобаны салумен (канал, көпір салу,т.б.) байланысты, нақты уақытқа негізделген маусымдық іс-әрекет пен жұмыс. Ал қалған жағдайларда шетелдіктерді жұмыс орындарына жалдау қысқа мерзімдік, тұрақты немесе тұрақсыз сипатқа ие болу мүмкін. Бұдан шығатын қорытынды, еңбек көші-қоны тек жұмыс уақытына ғана байланысты емес, әр түрлі мигранттарға жұмыс істеу әрекетін талап ететін экономикалық қажеттілікке де байланысты[1,6]. Еңбек әрекетінің сипатына байланысты еңбек көші-қоны бірнеше түрге ажыратылады. Мысалға, жалға жұмыс істеуші еңбек мигранттары кеңестік заманда да қиын жағдайларда сырт елдерде еңбек еткен. Қазіргі жалдамалы жұмысшылардың мамандықтары да әр түрлі – менеджерлер мен инженерлер, мұғалімдер мен аудармашылар, сатушылар мен жүргізушілер, аспазшылар т.б. 1992 жылдардан бастап Қазақстанда еңбек көші-қоны түрлерінің ішінде «дәстүрлі» маусымдық жұмыстар немесе жалға жұмыс түрлерінен басқа коммерциялық көші-қондар етек ала бастады. Бірақ коммерциялық көші-қон еңбек көші- қонының бір түріне жата ма деген сұрақ туындайды, өйткені бұл мигранттар шет елде өте қысқа мерзімде (бірнеше күн) болады, өз еңбек күштерін сатпайды және де ешқандай өнім өндірмейді. Сондықтан коммерциялық мигранттарды жеке бір категорияға жатқызып, уақытша мигрант ретінде қабылдау керек. Коммерциялық мигранттар сыртта сауда бизнесімен айналыса отырып, басқа қалалар мен елдерден табыс табу мақсатында тауарларды сатып алады. Өз іс-әрекеттеріне өздері жоспар жасай отырып, өздеріне көмек ретінде жұмыскерлерді жалдап немесе тауарларды сатумен өздері де айналысуы мүмкін. Коммерциялық мигранттардың ең негізгі белгісі іс-әрекеттерінің «заңсыз түрде» жүргізілуі, олар айналысып жатқан сауда бизнесі мемлекеттік органдарда ресми түрде тіркелмеген. Уақыт-кеңістік өлшемдері бойынша фронтьерлік (ағылшын сөзінен frontier — шекаралық деген мағынаны береді) көші-қонды ажыратуға болады. Фронтьерлер- жұмыскерлер бұлар көрші мемлекетте жұмыс істеу үшін мемлекеттік шекараны жиілікті – күнделікті, апта сайын т.с.с. кесіп отыратын мемлекет азаматтары. Үлкен ортақ шекаралары бар Қазақстан мен Ресей мемлекеттері сияқты елдерде фронтьерлік миграция жақсы дамыған, ол еңбек сапарлары түрінде де, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық байланыстар мақсатында да жүреді [1,7]. Еңбек мигранттарының санын нақты анықтаудың сенімді әдісі жоқ. Олардың жекелеген топтары мен категориялары әр түрлі мемлекеттік органдар мен жеке меншік мекемелерде әрқалай тіркеледі – еңбек және әлеуметтік сақтандыру Министрлігі, Статистиканың мемлекеттік органдары, ұлттық санақ жүйесіндегі Ұлттық банктер, жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік немесе жеке меншік агенттіктер, туристік фирмалар мен агенттіктер, шекаралық бақылау пунктері т.б. Осы есептелінетін топтар негізінде еңбек мигранттарының негізгі түрлерін, олардың санын, табыс көлемін және көші- қонның әлеуметтік-экономикалық өмірге әсерін анықтауға болады.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar