ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФРАНЧАЙЗИНГТІК БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ

Қазақстан өзінің экономикалық дамуында көптеген жетістіктерге жетті. Елімізде жиырмадан астам жыл ішінде экономикалық реформалар мен өзгертулер болды. Мемлекетіміздің қазіргі басты бағыты – 50 бәсекеге қабілетті елдің қатарына қосылу болып отыр. Әдетте, дамыған мемлекеттер тәжірибесінде, шағын және орта бизнес – экономикалық өсімнің қайнар көзі болып табылады. Мемлекет экономикасының қарқынды дамуына негіз салатын шағын және орта бизнес. Бизнестің қаржы экономикалық жағдайының нығайтуға, әлемдік нарықтағы бәсекелестік қабілетін арттырудың бірден бір жолы халқаралық бизнесті ұйымдастыру формаларын отандық кәсіпкерлердің игеруімен қызмет көрсетуіне мемлекет тарапынан қолдау көрсету. Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытудың бірден-бір тиімді жолы – франчайзинг. Франчайзинг — бизнесті жүргізудің ең тиімді түрі және ол мемлекеттік қолдау тауып отыр. Франчайзинг (ағылш. franchising— құқық, ерекшелік) кәсіпкерлік, жалғасымды іскерлік ынтымақтастық формасындағы үрдісінде, ірі компания, жеке-дара кәсіпкерге немесе кәсіпкерлер тобына өнімді өндіруге, тауарлар сауда-саттығына және осы компанияның сауда маркасымен белгілі бір шектелген территорияда өзара шартпен анықталған бір мерзімге және белгілі бір шартта қызметтерді ұсынады. Франчайзинг компаниясы өзінің франчайзи – мүшелеріне фирма атын, сауда маркасын, өнімін, технологиясын және т.с.с. пайдалану құқығын береді. Шетелдердегі франчайзингті қолданудың көпжылдық тәжірибесі оның іскерлік тиімділігін дәлелді түрде көрсетеді. Әйгілі «Зингер», «Форд», «МС Donald`s» сауда маркілері франчайзинг қатынастары негізінде дамыған. Бүгінгі таңда франчайзингтік желілері бар, екінші орында АҚШ, үшіншіде Жапония тұр. 298 Елімізде франчайзингті дамытуда 2002 жылы «Комплекстік кәсіпкерлік лицензия туралы» заң қабылданған болатын. Осы Заң кешендi кәсiпкерлiк лицензияны (франчайзингтi) жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейдi, кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының мазмұнын айқындайды және Қазақстан Республикасында франчайзингтiк қызметтi дамыту мен мемлекеттiк қолдауға бағытталған. Елімізде франчайзингтік бизнесті жүргізуді реттеудің бірқатар заңнамалық актілерге қоса, нарық субъектілерінің іс-әрекетін қорғайтын халықаралық деңгейдегі санаткерлік меншікке, кәсіпкерлікке қатысты бірқатар заңнамалық құжаттарды атап өтуімізге болады, олар: Қазақстан Республикасы мен Санаткерлік меншіктің Дүниежүзілік ұйымының арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы, ҚР «Инновациялық қызмет туралы заңы», «ҚР патент туралы заңы», «ҚР Инвестиция туралы заңы», «ҚР Лицензиялау туралы заңы». Қазақстанда франчайзингтік бизнестің нарықта орын алып таныла бастағанына 15 жылдан астам уақыт толып қалды. Қазақстандағы франчайзингтің дамуын негізгі сипаттамалары бойынша талдай отырып, оның келесі кезеңдерін бөліп көрсеттік Франчайзингтік қатынастардың дамуындағы бірінші кезең жекелеген кәсіпкерлердің отандық экономикада жаңадан қалыптасып келе жатқан нарықтық экономикада франчайзингтік қатынастар жүйесін пайдаланудағы талпыныстарымен сипатталады. Бұл кезеңде франчайзинг тамақтандыру саласында, пиццериялар мен шағын наубайханаларға арналған құрал-жабдықтар саласында дамып, өндірістік және сервистік франчайзинг қалыптаса бастады. Екінші кезеңде – Қазақстан нарығына ірі шетелдік франчайзингтік фирмалардың келуі, елімізде осы салаға қатысты заңнаманың қабылдануы, Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының (ҚФҚ) құрылуы, отандық кәсіпкерлер мен аймақ басшыларына тақырыптық семинарлар жүргізу бойынша USAID шаралары жүзеге асырылды. Үшінші кезең Қазақстанда 400-ге жуық оператор-фирмалармен іскерлік қарым- қатынас жасайтын, ҚФҚ-на біріктірілген, 40 — 50 франчайзингтік жүйелердің қызмет көрсету, БАҚ, сауда, қоғамдық тамақтандыру салаларында қызмет етуімен сипатталады. Жалпы алғанда, қазіргі уақытта сарапшылардың есептеуі бойынша франчайзингті пайдалана отырып, елімізде 450-ден астам шетел брендтері ұсынылып отыр; франчайзинг компанияларында 16 мыңнан астам адам жұмыс істеуде, франчайзинг секторының жылдық айналымы 1 млрд. АҚШ долл. асып отыр. Осы ретте франшиздің басым саны бөлшек сауда саласына (барлық франшиздің 47%) келеді; қоғамдық тамақтандыру секторы (23%); сонымен қатар 12% қызмет көрсету саласының еншісінде. Франчайзингті ірі шетелдік компаниялардың қатысуымен Қазақстанда қолдану және дамыту инновацияның дамуына жәрдемдесуге, бизнес ұйымдастырудың жаңа стандарттарын енгізуге және отандық нарықтағы іскерлік мәдениеттің артуына мүмкіндік туғызады. 2011 жылы франчайзинг талаптарында 100-ден астам кәсіпорын ашылды. Бұл саланы дамытуда АҚШ-тың алдына ешқандай ел түспей тұр. Қазір құрама штаттарда американдық франшизалардың үлесі 80 пайыз болса, шетелдік франшизаның 20 пайыздың көлемінде. Ал ЕуроОдақта бұл көрсеткіш 50/50 пайызға тең болып тұр. Қазақстанда франчайзингтік саланы кәсіп еткен отандық кәсіпкерлердің үлесі 4 пайызды құрайды. Мамандар еліміздегі франчайзинг шартымен жұмыс істейтін кәсіпорындардың жылдық қаржылық айналымы 700 млн. долларға жуықтаған алға тартты. Мамандар 2016 жылы еліміздегі аталған сала 35 пайызға дейін өсетінін алға тартуда.

Оставить комментарий