ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ

Инновация дегеніміз – фирмалар үшін, рынок үшін, тіпті бүкіл әлем үшін өнім мен үдерісті коммерциялық талдау болып табылады. Инновациялық белсенділікті ынталандыру жаңашылдықты насихаттап және өнертапқыштық қозғалысты қайта жандандыруға ықпал ететін болады. 313 Инновациялық белсенді кәсіпкерлер, өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін білім тарату орталықтарының құрылуы нәтижесінде жаңа технологиялар неғұрлым қолжетімді бола түсті. Мұндай сегіз орталықта кәсіпкерлер білім және консалтингтік қызметтерді игеру үстінде.Технологиялар трансфертін ынталандыру үшін инновациялық инфрақұрылымдардың қызмет аясы кеңейтілуде. Астана, Петропавл және Өскемен қалаларында көлік және мұнай-газ мәшинелерін жасау, сондай-ақ тау-кен металлургия құралдарын жасау салаларының салалық конструкторлық бюролары құрылды. Жүк вагон- хопперлері, шахталық желдет-кіштердің өндірістері қалыптастырылды. Еліміздің шығысында перфораторлар өндірісі іске қосылды. 9 мәшине жасау кәсіпорны мен технологиялық үдерісте оларды қолдану жөнінде келісім-шарттар жасалынды. Мәшине жасау өнімдерінің жекелеген атаулы бөлшектерін шығаратын өндірістер игерілді. Таяудағы уақыттарда осындай кесте бойынша ауыл шаруашылығы және прибор жасау салаларына арналған мәшине жасау өнімдерін әзірлеу жұ-мыстары басталмақ. Қазақстанның инновациялық дамуының қазіргі жағдайына үш түрлі сипаттама бере кетуге болады. Біріншісі, идеядан бастап өнеркәсіптік өндіріске дейінгі аралықтағы инновацияларды қолдаудың институттық және инфрақұрылымдық қаңқасы құрылуда. Екіншіден, , инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың отандық бизнес сұранысына лайықталған тиімді аспаптары әзірленді және оны қаржылай қолдау үстінде. Үшіншіден, тиімді және орнықты, ыңғайлы ұлттық инновациялық жүйені қалыптастырудың белсенді ортасы өмірге келді. Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы мен инновациялық әлеуетінің қазіргі жағдайына жүргізілген зерттеулерді қорытындылай келе, төмендегі жағдайларды атап өтуге болады: Біріншіден, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалатын шығындардың көлемі әлі де мардымсыз. Қазақстанды инновация әлеміндегі көшбасшы мемлекеттердің қатарына кіргізуді қажет деп тапсақ, онда оның деңгейін экономикасы дамыған елдердің деңгейіне дейін жеткізу. Екіншіден, өңірлердің ғылыми белсенділігі өте төмен. Оны көтеру үшін ғылыми мақсаттарға бағытталатын мемлекеттік қаражатты еліміздегі өңірлердің ғылыми- инновациялық мүмкіндіктерін ескере отырып бөлу. Үшіншіден, ғылыми мақсатта пайдаланылатын негізгі капиталды толықтыруға немесе жаңартуға қажетті инвестициялардың көлемін көбейту қажет. Ол үшін ғылыми зерттеулермен айналысуды тартымды ету және ол үшін барлық жеңілдіктер мен ынталандыру тетіктерін енгізу. Төртіншіден, Қазақстандағы даму институттарының ғылыми бағыттылығын арттыруды қолға алу. Ол үшін инновациялық және инвестициялық жобаларды қаржыландыру үрдісіне міндетті ғылыми негіздеулер енгізу. Бесіншіден, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелілігін арттыру. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттар жүйесін кеңейту және әкімшілік кедергілерді азайту. Алтыншыдан, Қазақстан өңірлері индустриялық-инновациялық және ғылыми- технологиялық даму үшін қажет әртүрлі бастапқы шарттарға ие және ол шарттар біркелкі емес. Яғни, еліміздің барлық өңірлерінен бірдей индустриялық-инновациялық даму нәтижелерін күту орынсыз, сондай-ақ, ол өңірлерді түгелдей инновациялық бағытқа салу да дұрыс емес. Әйтсе де, ҚР Үкіметі елдің барлық облыстарына индустриялық- инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырумен байланысты, кей жағдайларда шынайылығы жоқ әрі қолға алуға тиімсіз жобаларды жүзеге асыруды міндеттеп отыр. Жетіншіден, өңірлерде жүзеге асырылып жатқан жобаларды индустриялық және инновациялық деп бөліп, тиісінше оларға мемлекеттік қолдау көрсету (салықтық жеңілдіктер беру немесе салықтан босату, төмендетілген пайызбен несие беру, гранттар тағайындау және т.б.) тетіктерін анықтау. Өйткені, елімізде қолға алынған жобалар көбіне инновациялық 314 бағыттан гөрі индустриялық бағытқа сәйкес келеді. Бұл Қазақстан мен оның өңірлерінің шынайы инновациялық әлеуеті мен инновациялық белсенділігін анықтауға мүмкіндік береді. Сегізіншіден, елімізде көрініс тапқан инновацияларды технологиялық және үрдістік деп бөліп, тиісінше өңірлерді де технологиялық инновацияларға икемді немесе үрдістік инновацияларға икемді деп бөлу. Яғни, технологиялық инновациялар өндірістік және тауарлық сипаты бар жаңа немесе жетілдірілген өнім түрінде көрініс табады. Ал, үрдістік инновациялар мемлекеттің, ынталы топтардың қоғамдық, әлеуметтік қатынастарды жетілдіруімен, қоршаған ортаның тазалығын немесе тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында атқаратын шараларымен байланысты. Тиісінше, өндірістік және инновациялық инфрақұрылымы мейлінше дамыған және ғылыми әлеуеті жоғары өңірлерді негізінен технологиялық инновациялармен шұғылдануға жұмылдырып, елдің инновациялық дамуын сол өңірлердің белсенділігімен байланыстыру. Тоғызыншыдан, инновацияларды шикізатты өңдеу және дайын өнім шығару салаларында дамытуды шындап қолға алу. Бұның себебі – Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасын өркендетудің басым бағыттарының қатарында тамақ өнеркәсібі, металлургия сынды салалармен қатар құрылыс, туризм, көлік инфрақұрылымы сияқты салалар да бар. Автордың пікірінше, осы басым бағыттардың өзін екіге бөліп, біріншілерінің инновациялық бастамаларына айрықша ынталандырулар мен жеңілдіктер берілуі керек. Онсыз нақты өндірістердің инновациялық белсенділіктерін көтеру қиын. Өйткені, өнім өндіруші салалар қызмет көрсету және жұмыстар орындау салаларына қарағанда қашан да күрделі, өндірістік циклы мен капиталдың қайтарымы ұзақ, бәсекелік ортасы тығыз кәсіпкерлік қызмет түріне жатады. Бұларға қоса, өндірістік сфера бастапқы капиталды көбірек қажетсінетін, әрдайым айналым құралдарының үздіксіздігі мен негізгі құралдардың жаңарып отыруын талап ететін шаруашылық түрі болып саналады. Оныншыдан, отандық инновациялық инфрақұрылым элементтерінің өндірістік бағыттылығын арттыру. Оны дәстүрлі өндірісті қолға ала отырып, кейіннен ғылыми– зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде бірте–бірте бұл өндірістік жүйені инновациялық тұрғыдан дамытуға болады. Яғни, технопарктер мен технологиялық бизнес– инкубаторларда орналасатын кәсіпорындардың бастапқы қызметінің инновациялық болуы міндетті емес. Бірақ, міндетті түрде оның кейінгі қызметі инновациялануы тиіс. Бұл қадам арқылы қазіргі кезде жұмыссыз тұрған еліміздегі көптеген технопарктер мен технологиялық бизнес– инкубаторлардың жұмысын жандандыруға мүмкіндік туады. Менің зерттеуімнің өзегі болып саналатын ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі – ол еліміздің инновациялық әлеуетін дамытуға негіз болатын, оны жүзеге асыру белгілі-бір нәтижелі жетістікке жетуге ықпал ететін қаржылық, экономикалық, салықтық, несиелік және басқа да іс- әрекеттер мен тетіктердің жиынтығынан тұрады. Дұрыс таңдала білген механизм ұлттық экономикамыздың ұзақ мерзімде инновациялық өркендеуі мен дүниежүзілік нарықта лайықты орын алуына ұтымды жағдай жасауы тиіс.

Читайте также:  Соғыстан кейінгі онжылдықтағы ұлттық стильдің теориясы мен тәжірибесі

Оставить комментарий