ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҮГЕДЕКТЕРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС

Опубликовано Август 4, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең маңызды міндеттерінің бірі. Мүгедектердің құқығы жөніндегі декларация 1975 жылы қабылданды [1]. Мүгедектер тәуелсіздігі Декларациясы оларға әлсіз адам ретінде қарамауға, тең серіктестік тұрғыдан қарым-қатынас жасауға, олардың өмірге белсенді позициясын қалыптастыруға, құрметтеуге шақырады. Онда төмендегідей негізгі мәселелер баса көрсетілген: Менің мүгедектігімді мәселе ретінде қарама; Маған қолдау көрсетудің қажеті жоқ, мен сіз ойлағандай әлсіз емеспін; Мені пациент ретінде емес, өзіңнің отандасың ретінде қара; Мені өзгертуге тырыспа, бұған сенің хақың жоқ; Мені аямаңдар; Мен өзім қаламасам, маған көмектеспей-ақ қойыңдар. Мүгедектер құқығы туралы декларацияға сәйкес (БҰҰ, 1975), мүгедек –дене мен ақыл-ой мүмкіндіктеріндегі кемшіліктеріне қарай жеке, әлеуметтік өмір қажеттіліктерін өздігінше қамтамасыз ете алмайтын адам.1992 жылдың 5 мамырында болған Еуропа Кеңесі Парламент ассамблеясының реабилитациялық бағдарламасының ұсыныстарында мүгедектік – физикалық, психологиялық, сенсорлық, әлеуметтік, мәдени, заңдық барьерлермен шартталған мүмкіндіктері шектеулілер ретінде анықталады. Бұл мүмкіндіктер мүгедектікті иеленетін адамдардың қоғамда бірлесіп, қоғамның басқа мүшелері секілді қоғамдық немесе отбасылық жағдай жасауға жол ашады. Қоғам өзінің стандарттарын мүгедектігі бар адамдардың сұранымдарына сәйкес, олардың тәуелсіз өмір сүруіне жағдай жасау мақсатына бейімдеуі қажет. БҰҰ экономикалық, әлеуметтік және мәдени ережелер туралы құжатында әрбір мүгедектің (ересек немесе бала) өзінің денелік және психикалық денсаулығының мүмкін болатын дәрежесіне қол жеткізуіне құқығы бар екендігі атап көрсетілген. Мүгедектер өмірінің барлық жақтарын тұтасымен қамтитын құжат – БҰҰ қабылдаған «Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережесі» болып табылады. Бұл құжатта өмір сүру ғана құндылық ретінде қарастырылып қоймай, сонымен қатар аурусыз, қиналмай өмір сүру, әлеуметтік қалыптасып, даму да өмірдің сапасы ретінде қарастырылды. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҮГЕДЕКТЕРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС 152 ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №1/1 (37). 2015 Қазақстандағы мүгедектермен әлеуметтік жұмыс Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң 1991 жылдың 21 маусымында қабылданды [2]. Осы заңда мүгедектік «дене немесе ақыл-ой кемістігінің болуы салдарынан тіршілік етуінің шектелуіне байланысты әлеуметтік көмек пен қорғауды қажет ететін жағдай» ретінде түсіндіріледі. Сондай-ақ, осы заңның 1-бабында «адамның тіршілік етуінің шектеулігі оның өзіне-өзі қызмет етуі, жүріп тұруы, бағдары, қарым-қатынасы, өзінің мінез- құлқына бақылау жасауы, сондай-ақ еңбек қызметімен айналысуы қабілеті мен мүмкіндіктерінен толық немесе ішінара айырылуы» делінген. Осылайша, мүгедек адам іс-әрекетінің шектелуіне байланысты бірнеше негізгі аспектілер келіп туындайды: Бірінші, мүгедектер мәселесін шешудегі құқықтық аспектілер мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қамтамасыз етеді. Екінші, әлеуметтік-орталық аспектіге микроәлеуметтік (отбасы, еңбек ұжымы, тұрғын үй, жұмыс орны және т.б.) және макроәлеуметтік (ақпараттық орта, әлеуметтік топтар, еңбек нарығы және т.б.) ортамен байланысты мәселелер жатады. Әлеуметтік қызмет көрсететін объектілердің ерекше категориясы құрамын мүгедек адамы бар отбасылар құрайды. Мұндай отбасылар әлеуметтік қолдауға мұқтаж адамдар тұратын микроорта болып саналады. Үшінші, өндірістік-экономикалық аспекті тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және реабилитациялық өнім мен қызмет нарығы мәселелерімен байланысты. Мұндай тәсіл кәсіптік, тұрмыстық және қоғамдық әрекетке өз бетінше қабілетті мүгедектер санын арттыруға, мүгедектердің реабилитациялық құралдар мен қызметтерге деген қажеттілігін қанағаттандыратын адрестік көмек жүйесін жасауға мүмкіндік береді. Ал ол өз кезегінде, мүгедектердің қоғамға қайта қосылуларына септігін тигізеді.Төртінші, анатомиялық-қызметтік аспекті реабилитациялық қызмет пен мүгедектің реабилитациялық әлеуетті дамытуға мүмкіндік беретін әлеуметтік ортаның (физикалық және психологиялық мағынада) қалыптасуын алға тартады. Бесінші, психологиялық аспекті мүгедектік мәселесін қоғамның эмоционалдық- психологиялық қабылдауын және мүгедектің тұлғалық-психологиялық бағытын бейнелейді [3]. Мүгедектердің құқықтары Қазақстанда барынша сақталады. Атап көрсеткенде: әлеуметтік қорғалу, соның ішінде сауықтыру, қоғамға бейімделу; әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кірумен қамтамасыз етілу; ақпаратты алуға мүмкіндік берумен қамтамасыз етілу; білім беру, қызмет түрін еркін таңдау, соның ішінде еңбекке байланысты; Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталатын тәртіппен көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілденген көлеміне ие болу; кәсіби дайындық және қайта дайындау, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру және жұмысқа орналасу; Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес үй алу; мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет саласында бірінші кезекте қызмет көрсетіледі; мүгедектердің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау. Мемлекет тарапынан мүгедектерге түрлі әлеуметтік көмектер көрсетіледі. Мысалы: мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер; жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер. Сонымен қатар, Мүгедектерді тұрғын үймен қамтамасыз ету ережесі белгіленген. Жергілікті атқарушы органдар оларды есепке алып, баспанасыз мүгедектерге үй береді, ал мүгедектер мен отбасылық құрамында мүгедегі бар жанұяға баспана кеңістігі жабдықтары мен арнайы құралдар мен жабдықтармен қамтамасыз етеді. Статистикалық мәліметтерді алға тартсақ, еліміз бойынша он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 48 мыңға жуық. Ал оларға арналған арнайы мектептер саны – 101. Мүгедектерге мынадай қызмет түрлері көрсетіледі: үйге дәрігерлік көмек көрсетіп, әлеуметтік қызмет көрсету; жартылай стационарлық қызмет көрсету (ауруханада күндіз немесе түнде болу); интернаттар, пансионаттар және тағы басқаларында стационарлық қызмет ету; ерекше жағдайларда жедел әлеуметтік қызмет ету (тамақтандыруды ұйымдастыру, киіммен, аяқ киіммен, уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету); әлеуметтік-кеңестік көмек беру. Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жұмыспен қамтуды мына жолмен қамтамасыз етеді: мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімшілік) жұмыс орындарының жалпы санына байланысты 3 пайыздық көлемде квота бөледі; жеке кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын бөледі, сонымен қатар Қазақстан республикасының заңдылығына сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарын анықтап, мүгедектерге кәсіби білім беру қарастырылған [4]. Еңбек қарым-қатынасы тұрғысынан мүгедектердің құқықтары заңмен негізделген. Еңбек ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №1/1 (37). 2015 153 Қожахметова Ж.Д. келісім-шартынан бас тарту, басқа қызметке ау- ысу мүгедектердің өз келсімінсіз жүзеге аспайды, керісінше, егер мүгедектің денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық танытатын болса, жұмыстан босатылады. Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы оларға әлеуметтік, медициналық және әлеуметтік кәсіби жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты бағыттағы қоғамдық өмірге оралтуға байланысты өткізілетін шаралармен жүзеге асады. Сонымен бірге, еңбекке жарамсыз болған жағдайдағы міндетті сақтандыру төлемдері заңмен қарастырылған. Ауру, жарақат алу, мертігу салдарынан болған әлсіздікті жою бағытында диагностикалық, емдеу және қалыпқа келтіру сияқты медициналық сауықтыру шаралар жүргізіледі. Мүгедектерді әлеуметтік сауықтыру әлеуметтік статус пен олардың әлеуметтік-тұрмыс және әлеуметтік-орталыққа үйрету мақсатында жүргізіледі. Оған мүгедектерді әлеуметтік, техникалық көмек құралдарымен, көлік және рекреакциялық құрылымдармен, ақпараттық ортамен қамтамасыз етілу және материалдық, әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету кіреді. Әлеуметтік жұмыстағы мүгедектік теориясының бүгінгі күнгі түсінігін есепке ала отырып, осы мәселені шешуде қоғам басты назарды адам ағзасындағы кемістікке емес, оның шектеулі бостандығы жағдайындағы әлеуметтік-рөлдік қызметін қайта қалпына келтіру мәселеріне аударуы керек. Мүгедектер мен мүгедектік мәселесін шешуде компенсация мен бейімделудің әлеуметтік механизмдеріне сүйенетін реабилитацияға ерекше көңіл аударылады [5]. Қазіргі уақытта әлеуметтік сипаттағы шараларға мемлекет тарапынан ерекше маңыз беріліп отыр. Еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау салаларының мамандары жергілікті әкімшілік органдарымен бірлесіп, соғыс және еңбек ардагерлері кеңестерінің, мүгедектер қоғамдастығының белсенділерімен жүйелі түрде кездесулер өткізіп, «Қайырымдылық», «Қамқорлық» акцияларын өткізу барысында тұрмысы төмен зейнеткерлер мен мүгедектерге ақшалай немесе азық-түлікпен көмек көрсете бастады. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» – дегендей, адам баласы басқа жандарды қуантып, біреудің мұңын жеңілдету арқылы өзі де бақытты болады, бақыттың не екенін түсінеді. Мысалы, Алматы облысы Талғар ауданы əкімдігінің 25 шілдедегі № 07-631 Қаулыларында қабылданған 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету жəне өмір сүру сапасын жақсарту жоспарын іске асыру мақсатында ауданда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Шілденің 13-і күні Талғар аудандық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағларламалар бөлімінде есту қабілеті нашар 15 мүгедекке толықтай жабдықталған комьютерлер сыйға тартылды. Ауданда бүгінгі күні 5377 мүмкіндігі шектеулі азаматтар тіркелген. Осы азаматтардың еңбекке қабілетті жастағылары – 4113 адам. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа жарамдылары – 1804 адам, ал жұмысқа қабілетсіздері – 2309 адам. Жұмыспен қамту бөлімінің мамандары ауылдық округтармен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлеріне барып, олардың өмір сүру жағдайларын анықтады. Жұмыссыз мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бос орын вакансиялары, уақытша жұмыс орындары жəне кəсіптік курстар ұсынылды. Осындай игі істер тек қана бір аймақта емес, еліміздің барлық аудан-қалаларында ұйымдастырылады. Республикада мүгедектердің мәселелерімен көптеген қоғамдық бірлестіктер айналысады, оның ішінде: Республикалық Мүгедектер қоғамы мен оның облыстардағы бөлімдері, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, асырауында балалары бар республикалық мүгедек әйелдер қоғамы, «Кеңес» әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту орталығы, мүгедектер мен психикалық-дене дамуы бұзылған қорғаншылық жасау жөніндегі «Ақ бота» бірлестігі, «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Шырақ» мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ және басқалар. Мүгедектер «аз мобильді» деп аталып жүрген категорияға жатады және олар ең аз қамтылған, ең аз қорғалған және қоғамның әлеуметтік әлсіз бөлігі болып табылады. Мұндай жағдай, ең алдымен, мүгедектерді мүгедектікке әкеліп соққан денесіндегі физикалық ақауларымен және қозғалыстық белсенділігінің төменділігімен байланысты. Сонымен қатар, тұрғындардың осы тобының әлеуметтік қорғалмауы мүгедектердің қоғамға деген қатынасын қалыптастыратын психологиялық факторлардың бар болуымен және олармен байланысқа түсу қиындықтарымен тікелей байланысты. Мүгедектердің әрекетіндегі көптеген шектеулерге байланысты олар өздерін төмен бағалап, жеке тұлғалық қасиеттерін жоғалтып алулары да мүмкін [6]. Пандустардың сын көтермейтін жағдайы өз алдына бөлек мәселе ретінде көп жылдар бойы айтылып келеді. Ал, ғимараттың іші мүгедектердің еркін кіріп-шығуына бейімделмесе, онда кіре беріске пандус орнатудың қажеті қанша? Сондықтан Үкіметіміз Қазақстан Президенті 154 ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №1/1 (37). 2015 Қазақстандағы мүгедектермен әлеуметтік жұмыс Н.Назарбаев қол қойған «Мүгедектер құқығы туралы» Концепцияға сәйкес, 2012-2018 жылдарға арналған еліміздің Ұлттық іс-қимыл жоспарын жасаған. Бұл жоспардың бірінші кезеңі 2012- 2013 жылдарды қамтиды. Яғни, бұл жылдар аралығында түгендеу жұмыстары жүреді. Бұл түгендеу, құжаттандыру жұмыстары биыл аяқталуы тиіс. 2014-тен бастап, жасалған құжаттарға сәйкес әр ғимараттың пандусының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, сол бойынша 2018 жылға дейін барлық бейімделген ғимарат пандуспен қамтылмақ. Бұл нысандарға негізінен, барлық мемлекеттік мекеме ғимараттары, банктердің ірі ғимараттары, темір жол және авто бекеттері, телеком, пошта, аурухана, емхана, мектеп, әуежай, қызмет көрсету орталықтары, тағы басқалары кіреді. Ал, ойын-сауық отаулары, дүкендер, дәмхана сынды басқа да халықтық қызмет көрсету орындары бұл жобаға кірмейді екен. Жыл басынан, аудан бойынша 6 объектіге пандус салу жұмыстары аяқталды. Биылғы жылға тағы да 6 ғимаратқа пандустар орнату үшін 3,6 млн. теңге бөлінген. 2014-2016 жылы мүгедектердін көп жүретін жерлеріне жол белгілерін жəне дыбыс бағдаршамдарын қою жұмыстары, мүгедектерге арналған мамандандырылған автокөлік (инватакси) сатып алу жолында жұмыстар жүргізіліп, ауданға мүгедектерді тасымалдауға қажет 1 инватакси бөлінді. Ұлттық іс-қимыл нышандарына сәйкес болашақта мемлекеттің қолдауымен көптеген мәселелер шешілетініне сеніміміз мол!

Оставить комментарий