ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында өндірістің мұнай-газ саласына ерекше назар аударылған. Отын-энергетикалық ресурстардың потенциялын күшейте отырып, ұзық мерзімдік басымдылықтар ретінде бағдарлама барлық мұнай-газ кешеніне қатысты маңызды мәселелерді шешуді көздейді. Ең алдымен басты міндет – әрекет етуші кен орындарын өңдеуді қарқындандыру және Каспий теңізінің қайрандық зонасы мен құрлықтағы перспективтік құрылымдарды іске қосу есебінен мұнайгаздық шикізатты өндіру көлемін арттыруға қол жеткізу керек. Атап өткнндей, мұнай мен газды өңдеу Қазақстан экономикасын дамытуда басымды бағыттардың бірі болып табылады. Қазірге дейін 2,8 млрд тонна мұнай мен 1,7 трлн м3 газ көлемінде жалпы өндеу қоры бар 200 астам көмірсутек кен орны барланды. Болжам бойынша, 2015 жылы шикі мұнайды өңдеу 100 млн тоннаға дайін жетеді деп күтілуде. Мұнай көлемін арттыру негізінен Солтүстік Каспийдегі кен орындарын, атап айтқанда, мұнай қоры 6-9 млрд баррельге теңеліп отырған, әлемдегі ең ірі мұнай кен орындарының бірі – Қашаған кен орнын барлауға негізделген. Қазақстандағы шикі мұнайдың тең жартысы негізінен үш ірі кен орнында – Теңіз, Өзен және Қарашығанақта барланады. Алдағы уақытта осы кен орындардың қатарына Шығыс Қашаған аймағының қосылуымен Қазақстан әлемдегі мұнай өңдіретін елдердің арасында маңызды орынды иеленеді деп күтілуде. Сонымен қатар, көмірсутек қорларын өңдіру көлемін арттыру арқасында, 2005 жылы 40 млн тонна құраған шикі мұнай экспорты 2010 жылы 71 млн тоннаға жетіп, ал 2020 жылы бұл көрсеткішті 80 млн тонна жеткізу көзделіп отыр. Қазақстандағы мұнай өндіру саласының дамуы негізінен мұнай өнімдерінің барлық түрімен тұрақты қамдамасыздандыруға негізделген. Кеңес Үкіметі құлдырағаннан кейін, шетел инвесторларына ұлттық мұнай саласына қаражат құю мүмкіндігін беру Қазақстан 73 үшін экономикалық жағдай тұрғысынан тиімді болды. Сонымен, ірі Теңіз мұнай кен орны бірлескен ұйым құру мақсатында, «Шеврон Оверсиз» американдық компаниясына берілген болатын. Қазіргі таңда бұл жобада Қазақстан Республикасының үлесі тек 20% ғана құрайды. Қалған үлесі «Эксон Мобил Казахстан Венчур Инк» (25%), «Шеврон» (50%) және «ЛукАрко» (5%) компанияларына тиесілі. Барлау жұмыстары алдыңғы ғасырдың 80 жылдары басталған ірі мұнай кен орындырының бірі – Қарашығанақ кен орны казіргі кезде «Карачаганак Петролеум Оперейтинг В.V.» халықаралық конконсорциумымен басқарылады. Оның құрамына үлесі 32,5% «Би Джи Групп» (Ұлыбритания) мен «ЭНИ» (Италия), «Шеврон» (АҚШ, 20%) және «ЛукОйл» (Ресей, 15%) компаниялары кіреді. Тағы бір үлкен Солтүстік Каспий жобасының іске асырылуы халықаралық консорциум арқылы жүргізіліп, Қашаған кен орнындағы көмірсутек қорын өндірумен айналысады. Қазақстанның консорциум қатарындағы үлесі 16% құрып отыр. Қашаған кен орны мұнай газ қоры бойынша әлемдегі ірі кен орындарының бірі болып табылғанымен, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясың құрылған Акционерлік Коғамында ешқандай үлеске ие болмады десек болады. Тіпті акционерлердің бірі – «Бритиш Газ» компаниясы өзінің 16,67% көлемінде акция пакетін сатқан кезде де, бұл акцияны толық сатып алу мүмкіндігі болмады, себебі Қазақстан Республикасы конституциясы бойынша, жер қойнауындағы байлық халыққа тиесілі делінген. Оған қоса, Қазақстан 16.81% акция пакетін иелену үшін, жоғарғы биліктің араласуы қажет болды. Мемлекетке өз активтерін қайтару бойынша «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясың атқарған осы шарасын қызметтегі алға басқан үлкен қадамы ретінде қарауға болады. [1] Соңғы он жылдықта Қазақстандағы экономикалық өсу арқасында ұлттық кен орындары қызметінде шетел инвесторларына айрықша құқық беріп, мемлекет құқығын шектейтін кейбір заңдық құжаттарда өзгертулер енгізуге жол ашылды. Маңызды түзетулерді атап кетсек: Биржалық құн деңгейіне байланысты мұнай экспортына салық салу туралы салық заңнамасына түзетулер енгізу (2003ж.); Екінші нарықта мұнай активтерін сатып алудағы мемлекеттің айрықша құқығы туралы заңы (2005ж.); Акционерлердің іс-әрекеті ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайда, жасасқан келісім-шарттарға кері күш беру туралы жер қойнауын пайдалану заңнамасына түзетулер енгізу (2007ж.). [1] Жоғарыда аталып кеткен түзетулер негізінде, қазіргі таңда мемлекет жаңа стратегияны алға қойды: біріншіден, біртіндеп өз активтерін кайтару; екіншіден, әрбір мұнай жобасына 50% үлеспен қатысу; үшіншіден, шет елдерде мұнай-газ объектілерін сатып алу. Мұнай-газ өндіру мен өңдеу өндірістерінің экономикалық тиімділігін арттыру бойынша алуан түрлі факторларды талдау осы мәселенің көптеген аспектілері оның деңдейінің өзгерісіне күшті әсер ететітін куәландырады. Мұнай-газ саласын дамытулағы экономикалық басымдылықтар қатарына жататындар: Өндіріс объектілерін таратуды оптимизациялау, өндірістік кешендерді құру мен қалыптастыру, тиімді әлеуметтік және өндірістік инфракұрылымды құру; Мұнай өңдейтін зауыттарды жөндеу, модернизациялау және қызметін жоғарлату; Көмірсутек ресурстарын кешенді пайдалануға негізделген шикізаттық ресурстарды үнемдеудің басты бағыты материалдық сыйымдылықты төмендету; Шикізатты басқа елдерге экспорттамай, дайын өнім ретінде экпорттауға негізделу; Ірі көлемді мұнай-газ жобаларын жүзеге асырудан болатын экономикалық әсерді арттыру; Қосылған құны жоғары болып келетін мұнай-химиялық өндірістерді дамыту және т.б.[2] Мұнайгаз өнеркәсібі дамуының отын-энергетикалық кешен балансының көрсеткіштеріне әсерін талдау арқылы, осы кешеннің тиімді дамуын қамтамассыз етіп 74 отыруға аталмыш саланың ықпалын зерттеп отыру қажет. Бұл мұнайгаз ресурстарын тиімді пайдалануды құрылымдық жағынан негіздеу үшін өте маңызды. Мұнай компаниялары алдыңғы қатарлы технологияны, өндірісті прогрессивті ұйымдастыру, басқару, өткізу тәжірибелерін ендіру, шетелдік капиталды тарту, шетел несиелерін жеңілдікті шарттармен алу, ішкі нарықты толтыру, экспортты ұлғайту, импортты төмендету нәтижесінде валюта қорларының өсуін қамтамасыз етуге, мемлектік кәсіпорындардың монополиялық мүдделерін жоюда техникалық деңгейі және өнім сапасы бойынша күшті бәсекелес болуға, сыртқы нарыққа бәсекеге қабілетті өнімдермен шығуға мүмкіндік береді. Мұнайгаз саласы экономиканың басқа секторларымен тығыз байланысы, өндіріс көлемі мен үлес салмағы жинақталған қор мен қызмет істейтін адамдардың саны және басқа да маңызды көрсеткіштер арқылы сипаттағанда, әлеуметтік-экономикалық жүйеде негізгі орынға ие болып, еліміздің сытқыэкономикалық саясатын қалыптастыруда негізгі факторлардың біріне айналды. Сондықтан да өнеркәсіптің осы саласының дамуы мемлекеттік деңгейде қарастырылып, оны басқару, жоспарлау мен қаржыландыру мәселелерін шешу жекеменшіктік психологиядан бас тарту қағидасына негізделуі керек. Мұнайгаз саласының алдағы 10-шақты жылға арналған болжамдық көрсеткіштерін талдау барысында, аталмыш саланың қарқындық және құрылымдық өзгерістерінің экспорттық бағытта дамып отырғандығына көз жеткізілді. Сондықтан экспорттың құрылымын ұзақ мерзімді болашақта еліміздің ішкі әлеуметтік және өнеркәсіптік өңдеу сұраныстарына қарай өзгерту қажет. Әдебиеттер 1. Этапы и перспективы развития невтегазовой отрасли Казахстана // Нефть и Газ. – 2010. – №5. 2. Қазақстанның мұнай газ кешенің тимді дамыту бағыттарын экономикалық дәлелдеу // Автореферат. – ҚХТУ, 2006. 3. Перспективы развития нефтегазовой отрасли Казахстана // Нефть и Газ. – 2010, №6.

Читайте также:  Трансцендентті таңбалаушы

Оставить комментарий