2014 жылдың 14 ақпанында «Қазақстан – 2050» Стратегиясын іске асыру мәселелеріне арналған отырыста ҚР Елбасы Н.Ә.Назарбаев, «Ұлттық банк алдында келесідей міндет қоямын: екінші деңгейлі банктердегі жұмыс жасамайтын несиелер үлесінің деңгейін 2015 жылдың 1 қаңтарына 15%-ға, 2016 жылдың 1 қаңтарына 10%-ға дейін төмендетуді», – деген болатын. Мүмкіндігінше өз активтерін төмендетсін және көшірсін немесе шегеріс жасасын. Өйткені, бұл – олардың өз кінәсі. Ұлттық қордан банкті қаржыландыру тетіктерінің негізгі басымдықтарының бірі ретінде жұмыс жасамайтын несиелер үлесін төмендету керек екенін атап өтті [1]. Сондықтан бүгінгі күні экономикадағы басы мәселелердің бірі проблемалық несиелерді азайту, оларды тиімді басқару. Проблемалық несиелер басқадай несиелердің мерзімі сияқты несиелік тәуекелге және банктің өтімділігіне әсер етеді. Егер проблемалық несиенің мерзімі неғұрлым ұзақ болса, онда қысқа мерзімді несиемен салыстырғанда соғұрлым өтімді болады. Проблемалық несие мерзімінің ұзартылуы тәуекелдің өсуіне әкеледі. Сондықтан да банктің маңызды міндеті – несиелерді беру мерзімі бойынша оңтайлы жиынтықты құру болып табылады. Әлемдік Банк Қазақстанды 2012 жылдың қортындысы бойынша берілген несиелердің ішінде жұмыс істемейтін несиелер көлемі бойынша Қазақстанды 31%-ды иеленіп, әлемде бірінші орынға қойғанын білеміз. Қазақстан жұмыс істемей- тін несиелері 18,7 және 18% иеленген өзінің «ізбасарлары» Ирландия мен Литваны барынша артқа тастап көшбасшы болып үлгерді [2]. Бүгінде ҚР Екінші деңгейлі банктердің активтерінің көп бөлігін ссудалық қоржын иеленіп отыр (1-сурет). Суреттен көріп отырғанымыздай, ЕДБ активтері мен ссудалық қоржынының оң динамикасын көрсетіп отыр. ҚР Екінші деңгейлі банктердің активтері 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 18 239 млрд. теңгені құрап (2014 жылы 15 462 млрд. теңге), өткен жылмен салыстырғанда -18,0 %-ға өскен. Активтер құрылымында маңызды үлесті (жиынтық активтерден 63,4%-ы) 14185 млрд. теңгелі ссудалық қоржын иеленіп, 2014 жылмен салыстырғанда 6,3%-ға өскенін байқаймыз. Дегенмен, 2015 жыл 166 ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №1 (113). 2016 Қазақстандағы проблемалық несиелер жағдайы және оларды басқару шаралары дың қыркүйек айындағы мәліметтерден көретініміз, активтер 17607,3 млрд. теңгеге, ал ссудалық қоржын 12464,6 млрд. теңгеге төмендеген [3]. Жалпы банк секторындағы ссудалық қоржынның сапасы туралы келесі кестеден анығырақ көруге болады. Ссудалық қоржын бойынша провизиялар 1436,0 млрд. теңгені немесе ссудалық қоржынның 10,5%-ын құраған (2014 жылдың басында ол 4 644 млрд. теңгені немесе ссудалық қоржынның 34,8%-ын құраған). Сонымен бірге, ЕДБ жиынтық несиелік қоржынының сапасы жақсарған, 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 90 күннен көп кешіктірілген (NPL – жұмыс істемейтін несиелер) қарыздар қазақстандық банктердің ссу ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №1 (113). 2016 167 Сакибаева Қ.С., Баймбетова А.А. далық қоржынындағы үлесі 2014 жылмен салыстырғанда 31,2%-дан 23,5%-ға азайса, 2015 жылдың басымен салыстырғанда 9,21%-ға азайып, межелі көрсеткішке жеткенін көрсетеді. Несиелердің жалпы сомасының 45,6 пайызы түрлі салаларға берілген. Бір қызығы, барлық несиенің 63,2 пайызы Алматы қаласына, ал 10,1 пайызы Астана қаласына тиесілі екен. Яғни бұл екі қаланың несиелік үлесі 73,3 пайыз, тек 26,7 пайызы елдің қалған аумағына тиесілі екендігі анықталған. Өткен жылы тұтынушылық несиелердің үлесі 3,1 пайызға артып, ЕДБ-дегі жалпы несие көлеміндегі оның үлесі 15,4 пайыз болды. Ал несиені қайтарудың жөні бөлек. Қарызды қайтару проблемасы банк жүйесінің дағдарысы кезінде қатты ушықты. Қайтару мерзімі өтіп кеткен және жұмыс істемейтін несиелердің үлесі 2008 жылдың басында жалпы несие сомасының тиісінше 12,25 және 7,53 пайызына тең болса, кейін бұл көрсеткіштер барлық берілген несиенің үштен бір бөлігіне дейін көтеріліп барып, тұрақтады. Несие тарихын қадағалайтын ұйым – Қазақстандағы «Бірінші несие бюросы» ЖШС барлық борышкерлер туралы мәліметтер сақталады. Қазақстандағы 35 коммерциялық банк пен банк операцияларын жүргізетін компаниялар несие бюросына ерікті түрде борышкер туралы мәлімет жіберіп отырады. Несие бюросында барлық мәліметтер 10 жыл бойы сақталады. Осы уақыттар ішінде ол мәліметтерді өшіру мүмкін емес. Несие бюросы туралы заңға сәйкес, клиент туралы ақпарат несие төлеу уақытын кешіктіру 180 күннен асып кетсе нашар болып есептеледі [4]. Қазақстанда жеке тұлғалар екінші деңгейлі банктерде көбіне 3 млн. теңге көлеміндегі несиені алады. Бәсекелестік банктерді қауіп-қа2-сурет – ҚР банк секторындағы несиелік қоржынның және 90 күннен аса кешіктірілген берешегі бар қарыздардың динамикасы терге баруға итермелеп отыр. Кепілзатсыз берілетін несие нарығында 6 банк тек бір құжаттың көмегімен несие беруге дайын. Қандайда бір арнайы шарттармен шектелмейтін жеке тұлғаларға кепілзатсыз берілетін несие сегментінде 20 екінші деңгейлі 26 банк ұсыныс жасап отыр. Оның ішінде ЕДБ біріктірме несие қоржынындағы үлесі 1 пайыздан асатын 13 ірі банк бар. Еліміздегі ірі банктерде 36 және 60 ай мерзіміндегі несиелер халық арасында зор сұранысқа ие. Кепілзатсыз берілетін несиенің мерзімі 18 бен 60 ай аралығын қамтыса, жиі алынатын несие соммасы – 3 млн. теңге. Банктер беретін ең төменгі несие мөлшері – 150 мың теңгені, ал ең жоғары шекті сомма 5 млн. теңгені құрайды. Нарықтағы орташа тиімді мөлшерлеме 26,37% деп көрсетілген. Ең төменгі тиімді мөлшерлеме 17,3%-ды құраса, ең жоғарғы көрсеткіш 35,17 % көлемінде. Халық арасында көбіне несие теңгемен алынған. Жалпы несие төлемсіздігінің себептерін талдайтын болсақ, олардың негізгі себептері келесідей екен: Ең бірінші және маңызды себептердің бірі елдегі қаржылық экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы. Болжанбалы, тұрақты даму жағдайында заңды және жеке тұлғалардың қаржылық ағымдарын жоспарлау жеңілірек. Бұл олардың өздерінің қаржылық мүмкіндіктері мен болашақтағы мүмкіндіктерін нақтырақ жоспарлауға мүмкіндік береді. Ал мұндай тұрақтылықтың болмауы аталған есептеулерді объективті түрде жүргізуге мүмкіндік береді. 168 ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №1 (113). 2016 Қазақстандағы проблемалық несиелер жағдайы және оларды басқару шаралары Екіншіден, қарыз алушының қаржылық мәселелерінің туындауы. Кәсіпорындар үшін бұл мәселе ақша қаражаттарының жоқтығымен (сұраныстың төмендеуі, өндірістегі тоқтап қалу және т.б.), ал жеке тұлғалар үшін – коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдарда жалданып жұмыс істейтіндердің жұмыстарынан айрылуы немес жалақыларын кешіктіруі. Бұл себеп біріншімен тығыз байланысты: заңды және жеке тұлғалардың алған несиелерінің қайтарылмауына әкеп соғатын проблемаларының көпшілігі қаржылық экономикалық тұрақсыздық кезеңінде пайда болады. Дегенмен, технологиялық артта қалу, алаяқтық, бизнесті жүргізудің дұрыс емес әдістерін пайдалану, сондай ақ жұмысқа деген немқұрайлылық та несиені қайтармаудың себебі болуы мүмкін. Үшіншіден, қазақстандық экономика үшін маңыздысы қазақстандық банктерде несиелерді қайтармау тәуекелінен қорғанатын қорғаныс жүйесі жоқ. Бұл жүйе көптеген зерттеушілердің пікірінше, төмендегілерден құралу керек: Скорингтік жүйені енгізу. Скоринг бұл неселік тәуекелді бағалау үшін потенциалды қарыз алушыларды топтарға бөлу. Айта кетуі керек, бүгінде бұл жүйе кең пайдалануда, дегенмен ол қарыз алушыларды несие қабілеттігін терең де сапалы жүргізуге мүмкіндік бермейді; Қарыз алушының несие қабілеттігін бағалаудың жасалған механизмдері. 2008 жылдары көптеген зерттеушілер қазақстандық банктердің көпшілігі клиенттердің несие қабілеттігін бағалауда тиімді әдістерді қолдағандықтарын айтқан. Дегенмен, бүгінгі жағдайды талдасақ, жағдайдың керемет өзгере қоймағаны көрініп тұр. Сонымен қатар пайданы көздеген банктер клиенттің қаржылық жағдайын және олардың несиені қайтару мүмкіндігін тексере бермейді. Кей кездері несие бір екі сағаттың ішінде минималды құжаттармен, тіпті жеке тұлғаның куәлігі мен төлқұжаты болса беріледі; Сонымен қатар бұл жүйеге ссуданы қайтарудың тиімді қамтамасыз етілуі механизмін қосуға болады. Жалпы белгілі жағдай, несиенің қайтарылмауы кепілсіз несиелерге тән. Көптеген банктер жеке тұлғаларды көтерме несиелеуді дамытуда. Сауда орындарында эспресс несие беру тәжірбиесі де қарастырылды. Сонымен қатар, қарыз алушыларды бағалаудың скорингтік жүйесі кең қолданылды, дегенмен, олардың төлем қабілеттігіне сапалы баға берілмеді. Бұл ссуданың көп бөлігі қаржылық жағдайы тұрақсыз қарыз алушыларға берілуіне әкеп соқты. Бүгінде мұндай экспресс несие беру жоқ деп айта алмаймыз, дегенмен банк секторының бұл секторы айтарлықтай азайды. Айта кететін жайт, кепілді несие беруде қарыз алушының төлем қабілеттігін сапалы бағалау және кепілдің өтімділігі несие төлемсіздігін минималдайды [5]. Қазақстан үшін қарыз алушының несиені қайтармауының тағы бір себебі экономикалық фактордан емес, психологиялық факторлардан туындайды. Қазақстандықтардың көпшілігінің санасында несиені қайтармау қылмыс болып табылмайды. Жалпы коммерциялық банктер қысқа мерзімді несиелерді беруге тырысады, яғни бір жылға дейінгі несиелер. Бұл белгілі факторлармен түсіндіріледі: – нарыққа өтудің қазіргі даму сатысында тұрақсыз экономика жағдайының бар болуы. Ал бұл берілген несиелермен және оларға есептелген пайыздарды қайтаруының нақты болжау дәрежелерін анықтауға мүмкіндік бермейді. – нарықтың пайыздық мөлшерлемелермен байланысты тәуекелдерге тәуелді болуының төмендігі. – қысқа мерзімді ссудалардың жоғары өтімділігі және олардың айналымдылығы. Сондай-ақ, бұрынғы кезде Қазақстан Республикасының көптеген кәсіпорындар мен ұйымдардың төлем қабілетсіздігі банктердің берілген несиелерінің қайтарылмауына әкелді. Ал орта және ұзақ мерзімді несиелерді беру үшін банк қарыз алушымен байланысты барлық тәуекелдерді есептегеннен кейін ғана береді. Себебі мұндай орта және ұзақ мерзімді несиелермен жұмыс істеу тәуекелі жоғары және банк үшін шығындарды көп қажет етеді. Банктің шығындарына ұзақ мерзімді несиені алған кезде кепілге жылжымайтын мүлікті қоюмен байланысты болады. Ал бұл кепілдің бағалау құнын және нарықтық құнын анықтау ұзақ уақытты қажет етеді. Елдегі екінші деңгейлі банктердің тұтыну несиесі халықтың табыс деңгейінен екі жарым есеге дейін асып кеткен. Қазір елде шамамен 2 трлннан астам тұтыну несиесі берілген. Бірақ сол несиелердің қайтарымы жағынан қауіп басым. Нақ осы жайтқа алаңдаған Ұлттық банк 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап тұтыну несиесіне шектеу енгізді [6]. Сөйтіп, бұдан былай несие алушының төлем көрсеткіші кіріс мөлшерінің 50 пайызынан аспауы керек. Сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің тұтынушыдан бір ғана құжатты (жеке бас куәлігін) талап етіп, несие үлестіруіне жол берілмейді. Несие рәсімдеуде толыққанды құжаттар өз ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №1 (113). 2016 169 Сакибаева Қ.С., Баймбетова А.А. алдына, ендігі кезекте несие алуға өтінім берерде банк клиентінің табатын айлық табысына да айрықша зерттеулер жүргізілмек. Мысалы, 250 мың теңгенің тұтыну несиесін алып, қарызды өтеу үшін ай сайын жалақысынан 50 мың теңге төлеп тұрғысы келсе, тұтынушының жалақысы кем дегенде 160-175 мың теңгенің көлемінде болуы керек. Сарапшылар «бұған дейін 175 мың теңге жалақы алатын тұлға өзіне тиесілі болмаса да 2-2,5 млн теңгеге дейін несие алып оны үш- бес жыл аралығында төлеп келген. Тіптен осынша сома несие алып артынша оны төлемей жүрген тұтынушылар да баршылық» деседі. Соңғы уақыттарда корпоративтік клиенттермен көбірек жұмыс істейтін коммерциялық банктер жеке клиенттерге көбірек көңіл бөлуде. Алғашқы ондықтағы банктердің барлығы дерлік жеке тұлғаларды несиелендірудің жеке бағдарламаларының бар екендігін жариялады. Өкінішке қарай, кепілсіз несиелердің мақсатты бағытын бақылау мүмкін болмай отыр. Тұтынушылық несиелеуге маманданған банктердің капиталының жеткіліктілігіне деген талаптардың көтерілуі, нарықтың толысу нүктесіне жақындауы несиелік өсімнің тоқтауына әкелетіні сөзсіз. Соңғы кездерде қазақстандық банкингтің драйверлерінің бірі болып отырған тұтыну несиелеуі белгілі бір деңгейде экономикалық өсім әлсіреуіне ықпал ететін фактор бола алады. Ссудалық қоржындағы тұтыну несиесінің алатын үлесіне қарай, талаптарды күшейтуден болатын эффект түрлі масштабты сипатқа ие болады. Home Сredit, Kaspi, Kassa Nova секілді банктерде қарастырылатын эффект күштірек болуы мүмкін деп болжамдайды сарапшы. Бірақ басқа сарапшы Бертран Госсар айтып өткендей, әлемдегі болған дағдарыстардың бірде бірі тұтыну несиесімен байланысты болмаған. Дегенмен, проблемалық несиелердің белгілі көрсеткіші болуы керек дегенмен пікірдің екінші жағы да бар. Бұл жерде зияндардың орнын жабатын провизиялардың мөлшерін қарау керек. Егер бизнестен түсетін табыс осы тәуекелдерді жабатын болса, егер резервтер адекватты және NPL сәйкес келсе – ендеше бәрі де дұрыс. Ал егер де маржа банкке резерв құруға мүмкіндік бермесе – бұл өте жаман, мұндай жағдайда тіпті төменгі NPL қауіп тудыруы мүмкін. Қарыз алушыларға берілетін кеңес: келісімшартты мұқият оқу, өз төлем қабілеттігін дұрыс бағалау, ал егер де несие алып жатса және қиындықтар туындап жатса, банктен қашпай керісінше, онымен диалогқа келіп, оңтайлы шешім қабылдау керек. Әдетте, мұндай жағдайда өтеу мерзімін өзгертеді, ал кейбір жағдайларда несие бойынша мөлшерлемені төмендетуге тырысады. Және мұны сол банктен емес, басқа банктен қайта қаржыландыру арқылы жасауға болады. Кепілді несиелерді қайта қаржыландыру қарыз алушы тұрғысынан да, банк тарапынан да оң шешім деп айтуға болады. Егер қарыз алушының несие тарихы жақсы болса, бұл ең жақсы клиент. Бұл дегеніміз, ол несиенің не екенін біледі және онымен проблема туындай қоймайды. Сондықтан жақсы қарызгерлерге төмендеу ставка ұсыну қажет – бұл жақсы практика. Сонымен қатар біз кепілсіз несиелерді қайта қаржыландыру керек деп санаймыз, себебі бұл несиелік тәуекелі жоғары клиенттер. Президенттің тапсырмасына сәйкес, Ұлттық Банк ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу үшін 130 млрд. теңге бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Бұл қаражат Проблемалық несиелер қорын капиталдандыруға жұмсалды. Қор, өз кезегінде, депозиттерді жылдық 2,99 % сыйақы мөлшерлемесімен 20 жыл мерзімге ЕДБ-ге орналастырылды. Мем- млекетпен 9 банктің тізімі және бөлінетін сомасы анықталды, олар: Казкоммерцбанк -38,1 млрд.теңге, Қазақстанның Халық банкі -33,6 млрд. Теңге, Forte Bank -20,3 млрд. теңге, Банк ЦентрКредит -15,6 млрд. теңге, АТФБанк -9,5 млрд. теңге, Kaspibank -5,3 млрд. теңге, Цеснабанк -3,6 млрд. теңге, Еуразиялық банк -2,4 млрд. теңге, Нұрбанк -1,6 млрд. теңге. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2004 жылдан бастап 2009 жыл аралығындағы берілген ипотекалық тұрғын үй/ ипотекалық қарыздар қайта қаржыландырылып жатыр. Қарыз алушыларға барынша икемді талаптар ұсынылды: сыйақы мөлшерлемесі –жылдық 3%-дан аспайды, валюталық қарыздарды теңгеге айырбастау және қарыз мерзімін 20 жылға дейін ұлғайту [7]. Бағдарлама маусым айынан бастап жүзеге асырылуда. Бағалаулар бойынша бұл бағдарлама 25 мыңнан астам қарыздарды қайта қаржыландыруға мүмкіндік береді, оның ішінде қарыз алушылардың 5 мыңнан астам қарызы азаматтардың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттарына арналған. Қазіргі уақытта Ұлттық Банк ипотека алушылардың проблемаларын шешу үшін тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жүргізуде: Бағдарлама бойынша қарыз алушының берешегін кешіру кезінде банктерді жеке табыс салығынан және корпоративті табыс салығын төлеуден босату шаралары жүргізілуде, сондай- 170 ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №1 (113). 2016 Қазақстандағы проблемалық несиелер жағдайы және оларды басқару шаралары ақ осы бағдарламамен қарыз шарттары бойынша сот орындаушылардың шығындарын төлеу сұрақтары да қарастырылуда. Сонымен қатар, Бағдарлама бойынша қайта қаржыландыруға кірмейтін қарыз алушыларға да көмек көрсету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Қарыздарды қайта құрылымдау туралы өтінішпен банктерге жүгінген қарыз алушылар бойынша банктердің мәліметтеріне талдау жүргізген реттеушінің жүйелік мониторингі бірқатар маңызды тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді. Талдауға сәйкес, қарыз алушының ағымдағы қаржылық және әлеуметтік жағдайы мен төлем тәртібін есепке ала отырып, банктер қарыздарды қайта құрылымдау мәселелерін дербес тәртіппен қарастырады. Қарыз алушылармен кездесу кезінде банктер белгілі бір жеңілдіктер қарастырады: өсімпұлды, ішінара немесе толығымен мерзімі өткен сыйақыны есептеп шығады. Тек ерекше жағдайларда, егер отбасындағы асыраушысы қайтыс болса және төлем жасау қабілеттілігі жоқ ата-аналар мен жас балалар қалса, негізгі борыштың бір бөлігін де есептен шығарады. Бұл жұмыс нәтижесін берді деп айтуға болады. 2014 жылдың қорытындысы бойынша қоғамдық бірлестіктердің, банктердің және Ұлттық Банктің бірлескен іс-әрекеттерімен 6 мыңнан астам қарыз алушының проблемаларын шешуге көмек көрсетілді. Сондай-ақ жақын болашақта осы мәселелерге қатысты бірқатар шаралар қабылданады. Аталған жылдың қараша айындағы ҚР парламент депутаттары пленарлық мәжіліс отырысында «Екінші деңгейлі банктердің жұмыс істемейтін несиелері мен активтері, қаржылық қызмет көрсетуі және ҚР Ұлттық банкі мен қаржылық ұйымдардың қызметтері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар ензізу туралы» заң жобасын мақұлдады. Заң жобасымен 8 кодекске және 35 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі [8]. Заң жобасының негізгі міндеті болып біріншіден – салықтық жүктемені төмендету және банктік қызметтің ашықтығын көтеру жолымен қарыз алушы – жеке тұлғалардың құықтарын қорғау; екіншіден – қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету; үшіншіден – капитал нарығы мен исламдық қаржыландыруды дамыту табылады. Қарыз алушы – жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауды күшейту аясында бірқатар жаңашылдықтар енгізіледі. Бұл валютада табысы жоқ жеке тұлғаға шетел валютасында ипотекалық қарыз беруге тиым салу. Алдымен мерзімі кешіктірілген негізгі қарызды төлету, одан кейін барып төлемдерді ұзақ уақыт төлемеген жағдайда айыппұлдар мен сыйақыларды төлету. Сонымен қатар, кредитордың адал емес қарыз алушыларға қатысты құқықтары да сақталады. Қарыз алушы жеке тұлға шотында бар немесе түсетін ақша сомасынан 50%-нан аспайтын мөлшердегі сомадан асырмай ұстап қалу. Ипотекалық және тұрғын үй займдары бойынша негізгі қарызға сыйақылар мен неустойканы капитализациялауға тиым салу. Банктік қызметтердің ашықтығын көтеру мақсатында банктерге бөлшек несиелеуді тұрақты мөлшерлемемен, қандай да бір комиссиялар мен төлемдерсіз ұсыну. Сонымен қатар «қарыз алушыны ескертіп, қарыз алушы үшін тиімді жағдайды қоспағанда» біржақты банктік займ келісімшарттарын өзгертулеріне тыйым салу қарастырылады. Мақалада қарастырылған проблемалық несиелер жағдай мен оларды басқару шаралары, несиелердің төлемсіздігі себептері мен динамикасы ҚР несиелердің қайтарымдығын қамтамасыз ету жүйесін шетелдік тәжірбиелерді және ғалымдар мен практиктердің зерттеулерінің негізінде реформалау қажет екендігін дәлелдейді.
Оставить комментарий