Қазіргі таңда кез-келген мемлекетте, қандай да бір қоғамда балалар ерекше қамқорлықта және қорғауда болуы тиіс. Қолымызда барымыздың ең қымбаттысы, ең асылы, бар байлығымыз-балалар, сондықтан да олардың өмірі қаншалықты дұрыс қалыптасқандығына,олардың құқықтарының бұзылмауына,қорғалуына бақылау жасап, мемлекет олар үшін қандай жағдайлар жасағандығына сәйкес еліміздің келешегі айқындалады.Елбасы, Н. Назарбаев, жолдауында халыққа 2050 жылға дейінгі еліміздің әлеуметтік, экономикалық даму бағытын белгілеп берді. Әсіресе, ана мен бала мәселесіне баса мән беріп, әрбір сәбидің құқығының қорғалуын талап етті. Өскелең ұрпақты барша халық және мемлекет болып қамқорлыққа алу қажеттігін анық айтты. Осыған орай әрбір ата-ананың баланы бағып-қағып, тәрбиелеу, білім беріп, еңбекке баулу басты міндеті екенін айқын түсініп, «Бар жақсылық – балаға» ұранын өмірлік басты қағидасына айналдыруы қажет. Тағы да айта кететін жайт, баланың дамуына отбасымен мемлекеттің қосатын үлесі бірдей, өйткені олардың мақсаты да ортақ. Сондықтан басқа құқық жүйелерінде сияқты біздің ұлттық құқығымызда, соның ішіндегі ең бастысы Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-ші бабы неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында екендігін көрсеткен. Осыған байланысты балаларды қорғау, олардың негізгі құқықтарын қорғау – кез келген мемлекеттің басты көкейкесті мәселесі болуы қажет. Бала және отбасы құқықтары Конституциялық деңгейде бекітілген. Міне, осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті «Кәмелетке толмағандардың істер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттарды құру және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 4 ақпандағы № 266 Жарлығына сәйкес, Қызылорда облыстарында кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттар құрылған болатын. Ювеналды соттар бірінші кезекте балалардың құқықтарын қорғауға және балалар қылмысының алдын-алуға бағытталған. Қазіргі таңда еліміздің Астанасы және Алматы қаласында ювеналдық сот жұмысын атқаруда. Соттардың белгілі бір салада мамандандырылуы қоғамдық қажеттіліктен туындап отырған мәселе. Егер ертеде тек шаруашылықпен айналысып, даудамайлар жер талабынан аспаса, бүгінгі күні күрделі қоғамдық және экономикалық қарым- қатынастан туындап отырған істер өндіріске келіп түсуде. Сондықтан азаматтарға кәсіби қызмет көрсету үшін, соның ішінде бала құқығының қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мамандандырылған ювеналдық соттардың басқа да өңірлерде ашылуы дұрыс басталған құқықтық саясаттың жалғасы болар еді. Бала құқығын қорғауда ювеналдық соттардың атқаратын рөлі орасан зор, дегенмен жалғыз өзі жеткіліксіз. Бұл себептен еліміздің жасөспірімдерге байланысы бар басқа да мемлекеттік құрылымдар мен органдар да өздеріне түсетін үлесті кәсіби атқарулары қажет. Соның ішінде ішкі істер бөліміндегі кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекциясы жұмысын құқық бұзғаннан кейін ата- анасына әкімшілік хаттама толтырмай, балалардың құқық бұзуларын алдын алумен көбірек айналысулары керек, білім беру бөліміндегі балалар мүддесін қадағалайтын орган кәсіби мамандардан құрылуы қажет. Прокуратура қызметкерлерінің ішінде де жасөспірімдер бөлімі немесе бала істері жөніндегі көмекшілердің белгіленуі мен бірге кәмелетке толмағандардың қатысуымен 106 жасалған қылмыстарды сотта қарау барысында айыптау жағынан прокурорлардың қатысуының қаншалықты қажет екендігі де қарастырылу қажет. Сонымен қатар ювеналдық сотта қызмет атқаратын судьяларға да қойылатын талап қатаң болу керек деп ойлаймын. Өйткені бала тағдырын шешу, баланың ата анасымен қатынасын сараптау, жасөспірімнің қылмыс жасаудағы себебін сот отырысы барысында анықтау үшін тек қана балалар мен отбасына байланысты құқықты білу жеткіліксіз. Ол үшін ең алдымен бала психологиясын ғылым ретінде жеке зерттеп, жасөспірімнің ішкі дүниесін түсіне білетін жағдайға жету керек. Неке және отбасы деген ұғымнан хабардар болмаса, шығарған шешімі заңды болғанмен әділдігі күмән туғызуы мүмкін. Сондықтан ювеналдық соттарға судья тағайындау барысында олардың ішінде құқық білімімен қосымша педогогикалық, писхологиялық білімі барлары немесе бала оқытуы және тәрбиесімен айналысқан мамандарды таңдаған дұрыс па деп ойлаймын. Ал ең бастысы ювеналдық судьяның өзі отбасы иесі болуы шарт, өйткені баланың қамын тек қана балалы біледі. Кез келген қоғамда ең алғашқы кезекте отбасы мен баланың өзін-өзі жақсы сезінуіне көңіл бөлінуі тиіс. Бала егер өзін жақсы сезінсе — оның отбасындағы жағдайдың түзулігіне байланысты. Сондықтан да бала тек қана өз отбасында жақсы тәрбие мен қамқорлықты ала алады, тек қана отбасы баланы болашақ үлкен өмірге дайындай алады.Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылар) және отбасы» туралы заңының 60-бабында: әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-аналарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығында болуға құқығы, олармен бiрге тұруға құқығы бар.Баланың өз ата-анасының тәрбиесіне, өз мүдделерiнің қамтамасыз етiлуіне, жан-жақты өсiп-жетiлуiне, өзінің адами қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне құқығы бар. Баланың құқықтарымен бостандықтары жан-жақты қамтамасыз етуде толық отбасының рөлі өте зор. Толық отбасы дегеніміз-өзінің балаларын қорғау үшін тең дәрежеде жауапты ата-анасы бар отбасы. Бүгінде бауырындағы баладан безіп, оған қамқорлық жасау мен тәрбие беруден қашатын ата-аналар саны көбеймесе азаймай отыр, жетім балалар үйінде ата-анасынан қапылыста айырылып қалған балаларға қарағанда, әлеуметтік себептерге байланысты тұл жетім атанғандар саны басым. Кәмелетке толмаған тұлғаның қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің маңызы өте зор екендігі сөзсіз. Бүгінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде оң нәтижеге қол жеткізу үшін қолайсыз отбасыларына ықпал ету жүйесін өзгерту қажет, тек қана ата-аналық құқығынан ғана айырылып қоймай, ата-аналардың кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудегі жауапкершіліктің тиімді институтын құру керектігін алға тарту керек. Балалар- әлемнің болашағы, әрбір ұлттың және елдің сенімі. Олар кінәсіз, таза, сонымен қатар осал және тәуелді жандар. Сондықтан да олардың Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан құқықтары мен бостандықтары толыққанды қорғалып, жүзеге асыруы қажет. Бала – ұлт болашағы, елдің келешегі. Атам қазақ бозбала мен бойжеткеннің саналы болып, ұлттық тәрбиені бойына сіңіруіне ерекше ден қойып, жастайынан өжеттікке тәрбиелеген. Бүгінде сол қазақтың ұрпағы баласын отбасын асыратуға «мәжбүр». Кәмелеттік жасқа толмаған баланы түнгі сағат оннан кейін ата-ананың қарауынсыз көшеге шығармау керектігін біле тұрып, түнгі жұмысқа телігендер де жетерлік. Әсіресе, буыны қатаймаған бүлдіршіндердің автокөлік жуу бекеттерінде нан тауып жүргені қынжылтады. Сондай-ақ, бос уақытын тиімді іске емес, пайдасыз іске жұмсап, компьютерлік клубтарды торығандар да аз емесCонымен қатар, қазіргі таңда көптеген балалардың өз ойын айтуға рұқсат бермей, ―сенің ойың дұрыс емес‖ немесе ―бұл тақырыпқа қатысы жоқ ―,-деп басып тастайтын да жағдайлар аз емес.Осыдан кейін балалар өз ойын еркін жеткізе алмай немесе айтуға да жасқанады. «Балалардың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бұл жөнінде сөз етілген ―әрбiр баланың сөз бостандығына және өз пiкiрiн айтуға, ар-ождан бостандығына, өзiнiң қоғамдық белсендiлiгiн дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдардың нысандарына және Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етiлген бейбiт 107 жиналыстарға өз еркiмен қатысуға құқығы бар‖.Cонымен қатар, үй тапсырмасын орындамай келген оқушыларға орындамаған себебін сұрамастан, ол былай тұрсын ― бұл-қателік, ата –анаң оқысын деп жібергесін — оқу керек, оқығаның өзіңе жақсы, ертеңгі наның, болашағың‖,- деудің орнына сыныптастарының алдында ұрысып ,дөрекі сөздер айтып, намысқа тиетін жағдайлар да аз емес. Арине, мұндай оқиғадан кейін баланың бұл сабаққа деген ынтасы да жоғалып, мұғалімді де жек көріп кететіні анық. Жасөспірімдердің мектептегі өмірі тұлғаның қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы мектеп қабырғасында білім алған жылдары адамкершіліктің дүниетанымы, сенімдері, тәртіптілігі өзіне және басқаға талап қоюы,адалдығы мен шыншылдығы,қайырымдылығымен ұстамдылығы,жігерлілігімен батылдылығы қалыптасады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030″стратегиялық бағдарламасында Отан қорғау мен оның қауіпсіздігіне ерекше мән бергені мәлім.Қарулы күштерінің бір тармағы ретінде ішкі әскердің де іргетасы қаланды.Ішкі әскерде барлық қазақстандықтардың, қарапайым азаматтардың мүддесін қорғаушы-құқықтық тәртіп әскері.Бұл мектеп ,отбасы және қоғам жұртшылығының құқықтық тәрбие жұмысын жүргізудегі басты бағытының бірі-оқушылар арасында заң тәртібін бұзушылықтың алдын-алу шараларын жүргізуге кең жол ашады.Қазақстан Республикасының 09.07.2004 жылғы № 591 II «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, ата-аналардың балаларын қайыр сұраушылдыққа итермелеулерінің алдын-алу мақсатында бала тәрбиесімен дұрыс айналыспай,оларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағандарға ҚР ӘҚБТК-нің 111-бабына сәйкес шара көрсетіледі. Тағы бір мәселе жасӛспірімдердің бос уақытын тиімді пайдаланып,дұрыс демалуына,жақсы оқуына жылдың тӛрт мезгіліндеде қолға алып қадағалау керек.»Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек» деген белгілі педагог К.Д.Ушинский. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекетіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр. Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда, тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет. Ол дегеніміз, балаларды тұрақтылығы бар, әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерге тәрбиелеуге берілуі тиіс. Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата- анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іс жүзіне асыру қажеттігінің мәні зор. Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы. Кәмелетке толмағандарды көркемөнер, техникалық, спорт және т.б. үйірме, секцияларында үйренуге тарту, оларды отандық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарына баулу басты бағдарламалар әзірленуі тиіс. Мәселен, мәуелі жас ағашты баптағанда ғана, оның жайқалып, түзу өсетіні айдан анық. Сол сияқты қанатын енді қаққан жастарға да ақылгөй ел алыптары жол сілтеп,олардың құқықтарының бұзылмауына бақылау жасап, ондай жағдайлар орын алған кезде тиісті шаралар қолданып, жазаға тартуы тиіс, ел саясатына араласуға мүмкіндіктер жасауы қажет. Сол себепті, халқымыздың арайлы таңын тек белсенді жастардың талапты талпынысына жол ашып,жасөспірімдердің бойына патриоттық сезімін ұялатып, салауатты 108 өмір салтын үгіттеп, насихаттап, саяси көзқарасын дамыту арқылы көруге болады. Түйіндей келе, біз, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің тамырын тереңдететін, халық мүддесін бірінші орынға қоятын, қазақ елінің атын күллі әлемге паш ететін, болашақ, алып ұландардың құқықтарының жан-жақты қорғалып және олардың санасында құқықтық мәдениеттің ұялауына бар күшімізді салуымыз қажет!Ол үшін басқа да құқық жүйелері сияқты жасөспірімдер құқығын қорғау кодексін дайындау игі істердің бастамасы болар еді деп ойлаймын.