Загрузка…

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛЬДЕРІНІҢ САПАСЫН ТАЛДАУ

Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің қатысушыларымен байланысты. Бір жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа әртүрлі мекемелер (қаржылық компаниялар, өзара несие банктері) жүзеге асырады. Екінші жағынан, қарыз алушылардың құрамы өзгереді. Қарыз алушылар – несиелік-қаржылық мекемелер, тұрғындар, үкімет, жергілікті үкімет органдары болып табылады. Еліміздегі банк жүйесі несие көлемінің тұрақты өсуімен сипатталады. Сапалы несие портфелін қалыптастыру банк үшін ең негізгі мақсат болып табылады, ал банктің несие операцияларын басқару қызметі жетістіктерге жеткізеді. Көптеген нарықтарда банктердегі несиелерді сапалы басқару үшін объективті қиындықтармен сипатталатын экономикалық жағдайларда әрекет етуге тура келетіні еш күмән туғызбайды, мұндай басқаруды нығайтудың маңыздылығы жоғары [1]. Қазіргі таңдағы елімізде 35 екінші деңгейдегі банктер бар, олардың ішінде 16 банк шетелдің қатысуымен, оның ішінде 14 еншілес банктер. Екінші деңгейдегі банктердің активтері 2015 жылы 1 қазандағы жағдай бойынша 21046,5 млрд. теңге (2015 жылдың басында 18239,0 млрд. теңге), 2015 жылдың басынан өсуі – 15,4% болды. Активтер құрылымындағы ең көп үлесті (жиынтық активтердің 62,2%-і) 14350,1 млрд. теңге сомасындағы несиелік портфель алады (2015 жылдың басында 14184,4 млрд. теңге), 2015 жылдың басынан өсуі – 1,2% болды. Заңды тұлғаларға қарыздар несиелік портфельдің 45,3% үлесімен 6494,3 млрд. теңге (2015 жылдың басында 7016,2 млрд. теңге немесе несие портфеленің 49,5%), 2015 жылдың басынан төмендеуі – 7,4% болды. Жеке тұлғаларға қарыздар несиелік портфельдің 27,0% үлесімен 3876,9 млрд. теңге (2015 жылдың басында 3707,9 млрд. теңге немесе несие портфеленің 26,1%), 2015 жылдың басынан өсуі – 4,6% болды. Тұтынушылық қарыздар несиелік портфельдің 18,7% үлесімен 2679,6 млрд. теңге (2015 жылдың басында 2639,9 млрд. теңге немесе несие портфеленің 18,6%), 2015 жылдың басынан өсуі – 1,5% болды. Шағын және орта бизнеске қарыздар несиелік портфельдің 126,4% үлесімен 3786,7 млрд. теңге (2015 жылдың басында 3248,1 млрд. теңге немесе несиелік портфель­ 32 ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №1 (113). 2016 Қазақстандық банктердің несиелік портфельдерінің сапасын талдау дің 22,9%), 2015 жылдың басынан өсуі – 16,6% болды. NPL – жұмыс істемейтін қарыздар (90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар) несиелік портфельдің 9,2% үлесімен 1315,7 млрд. теңге (2015 жылдың басында 3340,2 млрд. теңге немесе несие портфеленің 23,5%) болды. Несиелік портфель бойынша провизиялар 1516,1 млрд. теңге немесе несиелік портфельдің 10,6% мөлшерде (2015 жылдың басында 3569,8 млрд. теңге немесе несие портфеленің 25,2%) қалыптасты. Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша банк секторы активтерінің ЖІӨ-дегі үлесі – 58,7%, несие портфелінің ЖІӨ-дегі үлесі – 34,7% болды. Банк секторының шоғырлануы бойынша 5 ірі банктердің ЕДБ активтеріндегі үлесі – 58,7%, 5 ірі банктердің несие портфеленің үлесі – 62,0% болды 2015 жылды алдыңғы кезеңмен салыстырғанда сұраныс пен ұсыныстың өсу үрдісінің баяулауы байқалды. Корпоративтік сектор үшін несиелердің қолжетімділігі басым түрде ірі бизнесте төмендеуін жалғастыруда. Тұтынушылық несие банктер үшін несиелеудің басым түрі болып отырғандығына қарамастан, несиелеу талаптарын, оның ішінде кепілсіз, сол сияқты кепіл қарыздары бойынша пайыздық мөлшерлемелерді арттыру жолымен елеулі қатаңдату байқалып отыр, ал ипотекалық несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуі байқалды. Банктердің бағалауы бойынша, сыртқы және ішкі нарықтардағы жоғары шиеленіс жағдайында жекелеген қарыз алушылардың қаржылық жағдайдың нашарлауы, сондай-ақ мерзімін кейінге қалдырудың өсуі күтіліп отыр, бұл банктердің несие портфелінің сапасына қысым көрсетеді. Сонымен қатар, банктер несие портфелі сапасының жақсаруын проблемалық несиелерді баланстан тыс есепке шығару процесінің жылдамдатылуымен байланыстырып қоймай, сондай-ақ несиелеуді ынталандыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жұмысының кеңеюімен де байланыстырады. Банктердің бағалауы бойынша, теңге өтімділігінің жетіспеуімен байланысты сақталып отырған жағдай банктер талаптарын қатаңдат­ ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №1 (113). 2016 33 Асилова А.С. және т.б. ты. Жылдың соңына дейін банктердің несие саясатының жұмсаруы күтіліп отырған жоқ, несиелік ресурстарға сұраныстың төмен деңгейі сақталады 2015 жылы көптеген банктердің несие саясатының айтарлықтай өзгермеуіне қарамастан, жекелеген банктер бизнеске қатысты оны қатаңдатуды жалғастыруда. Банктердің бағалауы бойынша, респонденттердің 75%-ы несие саясатын бұрынғы қатаң режимде сақтады, ал банктердің 25%-ы саясатты қатаңдатуды қалады. Банктердің бағалауынша, теңгенің 2015 жылғы тамыздағы валюталық бағамының түзетілуіне, сондай-ақ банк секторындағы өтімділік тәуекелінің өсуіне байланысты 2015 жылғы 2-тоқсандағы зерттеу барысында атап өтілген қаржылық емес ұйымдар тарапынан сұраныстың өсу болжамы 3-тоқсанда орындалмады. Сауда және көрсетілетін қызметтер секторындағы кәсіпорындар тарапынан айналым қа1-сурет ‒ Несиелеу субъектілері бойынша несие саясатының өзгеруі ражатына деген сұраныс сақталды, бұл ретте компаниялар тарапынан негізгі құрал-жабдықтарды қаржыландыру үшін, сондай-ақ мерзімінің ұзақ және құнының жоғары болуына байланысты коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алуға арналған несиелерге деген сұраныс айтарлықтай төмендеді. Нәтижесінде жекелеген банктер несие саясатын қатаңдатты, ал банктердің негізгі бөлігі несие саясатының қолданыстағы қатаң өлшемдерін сақтап қалды. Жалпы бөлшек несиелеуге қатысты несие саясаты 2015 жылы көптеген банктерде (70%-дан астам) бұрынғы қатаң деңгейде қалды, бұл ретте, кейбір банктердің бағалауынша, несие саясатын қатаңдату көбіне тұтынушылық несиелеуге әсер етті. 2-сурет ‒ Банктердің несие саясатының өзгеруі 34 ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №1 (113). 2016 Қазақстандық банктердің несиелік портфельдерінің сапасын талдау Кепілсіз несиелердің жоғары кірістілігіне қарамастан, банктердің көпшілігі осы өнімдер бойынша комиссиялардың пайыздық мөлшерлемелерін, кепілсіз несиелер бойынша да, автонесиелер бойынша да скорингті елеулі қатаңдата отырып ұлғайтуға мәжбүр екендіктерін мәлімдеді. Несие бойынша төлемдердің ай сайынғы кіріске ара қатынасы, кепілмен қамтамасыз етілген несиелерді өтеу сияқты өлшемдерді қосымша қатаңдатылды. Бұл факторлар несиелерге қолжетімділікті төмендетуге және банктердің 2015 жылғы сұраныс деңгейінің төмендеуі бойынша банктердің теріс болжамдарына әсер етті. Банктердің бағасы бойынша, қарыз алушылардың төлемге қабілеттілігінің нашарлауы, ақша нарығындағы өтімділіктің өте тапшы болуы, экономикалық жағдайдың белгісіздігі банктердің бөлшек несиелеу бойынша несиелік саясатын қатаңдатуға әсер еткен негізгі факторлар болып табылады. Несиелік портфельдің сапалы өсуі мақсатында және тиісінше несиелік тәуекелдердің ықтимал өсуін ұстап тұру үшін жекелеген банктер 2015 жылғы несиелеудің барлық өнімдері бойынша несиелік саясатты, әсіресе ипотека бойынша қатаңдатуды жалғастыруды жоспарлап отыр. Сонымен, банктердің 23%-ы ипотека бойынша, сондай-ақ респонденттердің 13%-ы – тұтынушылық несиелер бойынша несиелік саясатты қатаңдатуды күтуде, банктердің басым бөлігі несиелеудің бұрыннан бар параметрлерін сақтауды жоспарлауда. 2015 жылы тәуекелдердің өсуі байқалды. Теңгемен өтімділіктің тапшылығы және несиелік портфельдің сапасы да банк секторы үшін өзекті проблема болып қалуда. Несиелік портфель сапасының нашарлауы негізінен жеке тұлғалардың портфелі бойынша күтіледі. Осыған байланысты банктер жыл соңына дейін проблемалық несиелерді есептен шығару бойынша операцияларды белсенді жүргізуді жоспарлауда. 3-сурет ‒ Несиелерге сұраныс пен ұсыныстың өзгеруі Мысалы, 2015 жылы банктердің 44%-ы несиелік портфельдерінің сапасы өзеріссіз қалады, банктердің 38%-ы нашарлауды күтеді деп болжайды, бұл ретте банктердің небәрі 18%-ы портфель сапасының жақсаруын жоспарлайды. Банктердің пікірінше, баланстарды тазартуды ынталандыру бойынша реттеуші шаралар банктерді жыл соңына дейін проблемалық несиелерді баланстан тыс есептен шығару бойынша операцияларды белсенді жүргізуге мәжбүрлейтін болады. 2015 жылдың басынан бастап банктер өздерінің несиелік портфельдеріндегі жұмыс істемей- тін қарыздардың деңгейін төмендету бойынша жұмысты белсенді түрде жүргізді. Банктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, проблемалық берешекті төмендетудің барынша жиі қолданылатын құралдары бұдан әрі шағым-талап жұмысын жүргізу мақсатында оны баланстан тыс шоттарға есептен шығару рәсімдері, қарыздарды қайта құрылымдауды жүзеге асыру (оның ішінде қарыздар бойынша мерзімінің өтуін болдырмау мақсатында алдын ала құрылымдау өткізу), реттеуші ұсынған салық жеңілдіктерінің шеңберінде кешіру рәсімдері болды. Бұдан басқа, банктер проблемалық берешекті коллекторлық агенттіктерге және проблемалық активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарға (САБҰ) беруге жүгінді [3]. ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №1 (113). 2016 35 Асилова А.С. және т.б. Жалпы, банктер несиелік тәуекелдің өсуін болдырмау үшін сапалы қарыз алушыларды іріктеуге баса көңіл бөлуді жоспарлап отыр, бұл мақұлданған несиелік өтінімдердің деңгейін төмендетуге әсер етеді (5-сурет). 4-сурет ‒ Банктердің несиелік портфель сапасының өзгеруін күту Қазақстандық банктер беріп жатқан несиелер көлемі ақырындап қысқарып жатыр. Жыл басымен салыстырғанда несиелік портфель 36 млрд теңге, жыл соңында 61 млрд теңгеге дейін төмендеді. 2014 жылдың басымен салыстырғанда несие 370 млрд теңге аз берілген. Өткен жылы екінші деңгейдегі банктер 14 503 млрд теңге көлемінде несие берсе, 2015 жылы 14 133 млрд көлемінде қарыз берген. Соңғы есептік айда 35 банктің 16-ы ғана несиелік портфельдің көлемін ұлғайта алған. Ең үлкен өсім 25,5 млрд теңге көлемінде «АТФ» банкінде тіркелген. Нарықтағы үлесі 5,4%-ға дейін көбейді. Екінші орында «Казком+БТА» тобы орналасты. Жылдың қорытындысы бойынша, беріл5-сурет ‒ Проблемалық несиелерді баланстан тыс есептен шығару операцияларының өзгеруі ген қарыз көлемі 4,42 трлн теңгені құрады. Жыл басында бұл көрсеткіш 4,40 трлн теңге деп тіркелген еді. Бұл несие нарығының 31%-ын алады. Банктердің баланстарын төлеу мерзімі 90 күннен аса өтіп кеткен қарыздардан тазалау үшін тиімді шаралар әзірлеу және пайдалану қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Қазақстандық банктердің несиелік портфельдерінің сапасын және оңтайлы құрылымын қамтамасыз етумен байланысты жағдай соңғы бірнеше жыл бойы өзгерген жоқ. Мемлекет тарапынан белсенді түрде саясат жүргізбейінше және қолдау көрсетілмейінше «жұмыс істемей- тін» қарыздар мәселесінің шешімі ұзақ жылдар­ 36 ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №1 (113). 2016 Қазақстандық банктердің несиелік портфельдерінің сапасын талдау ға созылып кетуі мүмкін екендігін дамыған елдердің «нашар» несиелерді шешудегі тәжірибесі көрсетіп отыр. Бұл, өз кезегінде, Қазақстанның банк секторының бәсекеге қабілеттілігін, оның ішінде, Бірыңғай Экономикалық Кеңістік шеңберіндегі ықпалдасу процестеріндегі бәсекеге қабілеттілігін және әлемдік нарықтардағы болуы мүмкін болашақ күйзелістер алдында орнықтылығын төмендетуі мүмкін. Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Салық кодексіне егер осы актив (қарыз) активті баланста тану критерийлеріне барынша сәйкес келмейтін болса, ол бойынша талап ету құқығы тоқтатылмаған банктерге салық салдарларынсыз активті есептен шығаруға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді. Мысалы, жүргізілген жұмыс және үмітсіз берешекті кешіруге мүмкіндік беретін салықтық жеңілдіктерді 2016 жылға дейін ұзарту тұтастай алғанда, банктер балансты «тазалау» бойынша белсенді іс-қимылдар қабылдаған жағдайларда банктердің несиелік портфельдерінің сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге тиіс. Сондай-ақ, банк секторын одан әрі дамыту мәселелерінің бірі – банктердің несиелік белсенділігіне әсер ететін жұмыс істемейтін қарыздардың жоғары деңгейі және қорландырудың ұзақ мерзімді көздерінің тапшылығы проблемаларын шешу болып табылады. Жалпы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» 2015 жылғы 30 қараша Елбасының Қазақстан халқына жолдауында ілгерілетіп отырған шаралардың барлығы нақты сипатқа ие және сенімді қаржыландырумен қамтамасыз етілген. 2014-2015 жылдары шағын және орта бизнесті дамытуға 1 триллион теңге бөлініп үлгерілген болатын. «Нұрлы Жол» бағдарламалары жобаларына – 2,7 триллион теңге. 2,7 триллион теңге Қазақстанға халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан бөлінді. Қытай Халық Республикасы 2,7 миллиард доллар көлемінде несие берілді. Жалпы осы Жолдау жобаларын жүзеге асыруға 7,5 триллион теңге тартылмақ. Осы қаржыларды тиімді пайдалану – Үкіметтің басты міндеті және жауапкершілігі [4]. Жалпы Қазақстанда қазіргі таңдағы несиелердің негізгі түрлерін талдай келе оны жетілдіру үшін келесі ұсынылады: – несиелердің аймақтар бойынша берілуінде, әрбір өңір бойынша жеке және заңды тұлғалардың табысына қарай пайыздық сыйақы мөлшерлемесін бекіту; – экономика салалары бойынша берілетін несиелердің үлесінде өндіріс саласына берілетін несие түрлерін ынталандыру шараларын қолға алу; – несиелік портфельдің сапасын жақсарту үшін несиелеу процесіне сақтандыру компанияларын белсенді қатыстыру; – банктердің несие саясатын жетілдіру арқылы несиеге қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған ұсыныстардың отандық екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде несие саясатын жүзеге асыру барысында ескерілуі өз кезегінде ел экономикасының негізгі салаларын дамытуға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar