ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫ ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРУ

Көптеген жылдар бойы Қазақстанның сыртқы саудасы 2005-2009 жылдар аралығында тиісінше 45,2-ден 71,6 миллиард АҚШ долларына дейін 1,6 есе ұлғая отырып, елдің экономикалық өсуінің негізгі локомотивтерінің бірі болып табылды. Әлемдік тауар рынок-тарындағы қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура елдің шешуші экономикалық көрсеткіштерінің көтерілуін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан экономикасына қаржы ресурстарының тұрақты құйылып тұруына жағдай жасады. 2005-2009 жылдары ІЖӨөсімі 7,6-дан 15,9 триллион теңгеге жетіп, 109 %-ды, ал ел ІЖӨ-сіндегі сыртқы сауда айналымының үлесі 2005 жылғы 79,1%-дан 2008 жылы 81,7%-ға дейін өсіп, тек 2009 жылы ғана 66,5%-ға төмендеді. Экспорттың жалпы құрылымына жасалған талдау экспорттың негізгі үлесін (2005- 2009 жылдары 70-72 %) шикізат тауарларын шығару құрайтынын, ал өңделген тауарлар экспорты үлесінің 28-30% деңгейінде қалып тұрғанын көрсетті. Кең ауқымды экономикалық категориялар бойынша классификациялауға сәйкес тауар топтары бойынша экспортқа жасалған құрылымдық талдау бүкіл шикізат экспортының жалпы сомасында 99,92-99,97%-ды құрайтын минералды шикізат, мал және өсімдік өнімдерінің Қазақстанның соңғы бес жылдағы негізгі шикізаттық тауарлық топтарын құрайтынын көрсетіп берді. Сыртқы сауда әлемдік экономикалық жүйедегі тұрақсыздықтарға айтарлықтай дәрежеде тәуелді болып келеді. 2008-2009 жылдары әлемдік экономика бұрын-соңды болмаған қаржылық тұрақсыздықты бастан өткеріп, ол жаһандық экономикалық құлдыраумен және сауда көрсеткіштерінің түсіп кетуімен қоса жүрді. Әлемдік экономика- дағы дағдарыс құбылыстары 2009 жылы Қазақстанның шетелдермен сауда айналымы көлемінің төмендеуіне әкеліп соқтырды. Әлемдік қаржы дағдарысының теріс зардаптарына қарсы тұру мақсатында көптеген мемлекеттер дағдарысқа қарсы түрлі шаралар қабылдады. 2009 жылы Қазақстан Үкіметі де сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу жөнінен бірқатар шешімдер қабылдады. Дағдарыс көріністерінің тереңдей түсуіне байланысты отандық өндірісті соған сәйкесінше қорғауды қамтамасыз ету мақсатында республика Үкіметі импорттық кедендік баж салықтарының ставкаларын ұлғайтты. Мұндай шаралар өндірісті ұлғайту, бәсекелестікті арттыру, ішкі рынокты құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету үшін дайын шыны, кабельді-өткізгіш өнімдеріне т.б. қатысты жүзеге асырылды. Кедендік баж салықтарының ставкасы өсіріліп қана қойған жоқ, сонымен қатар төмендетілген жағдайлар да болды. 280 Мәселен, жеміс-жидек өнімдері өндірісімен айналысатын кәсіпорындарды жеміс дақылда- рының екпе көшеттерімен қамтамасыз ету үшін осындай ағаш көшеттеріне, жылыжай жабдықтарына, алюминий қағаздарға кедендік баждарды төмендету жолдары қарастырылды. Сол сияқты ел ішінде өндірілмейтін шикізат түрлері мен оларды жиынтықтаушы өнімдерді енгізуге де баж салықтары төмендетілді. Осы айтылғандардың сыртында, әлемдік бағалардың құлдырауы жағдайында тауарларды енгізуді және экспорттың рентабельділігін ұлғайтуды ынталандыру қажеттігіне байланысты экспортқа түсетін салықтық жүктемені төмендету жөнінен де шаралар қабыл- данды. Сонымен қатар, экспорттаушыларды сервистік және қаржылық қолдау шеңберінде қазақстандық тауарларды сыртқы рыноктарға шығаруға бағытталған экспортты ынталандыру шаралары да қолданылды. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден одағы жағдайындағы сыртқы экономикалық қызметті реттейтін бірқатар нормативтік актілер күшіне енді. Атап айтқанда, Кеден одағының Бірегей кеден тарифі бекітілді. Ел Президентінің 2010 жылдың 19 наурызындағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өңделген экспортты дамыту мен сыртқа шы- ғаруға ықпал жасау жөніндегі мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асырудың бес жылдық мерзімге арналған негізгі басымдықтары мен механизмдері белгіленді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына сәйкес және мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өңделген экспортты дамытуға және сыртқа шығаруға ықпал жасауға бағытталған он жылдық мерзімге арналған ―Экспорт-2020‖ бюджеттік бағдарламасы әзірленуде. Мамандардың пайымдауынша, бүтіндей алғанда, қолданыстағы құқықтық база өндірісті әртараптандыру мен экспорт саласындағы мемлекеттік саясаттың бір арнаға тоғысуы мен қажетті белсенділік деңгейін қамтамасыз ете алмайды және мемлекет жариялаған экспортқа бағыттап дамытудың мақсаттарын бейнелей алмайды. Қазіргі бар заңнаманың ынталандырушы немесе қолдаушы сипатынан гөрі реттеушілік сипаты басымырақ. Осыған байланысты өндірістік қызметке, сол сияқты өнімдер экспортын дамыту мен сыртқа шығаруға төмендегідей кедергілер мен өзекті мәселелер теріс әсер ететуде: — маркетингтік және консалтингтік қызметтердің дамымағандығы, рынок туралы ақпараттардың жоқтығы. Кәсіпорындарда маркетингтік қызметтердің дамымауы, сол сияқты рыноктар іздеу мен өнімдерді экспортқа шығару саласында қолжетімді консалтингтік қызметтердің болмауы экспортты дамыту мен ұлғайту ісінде аса өткір мәселе болып тұр. Қазақстанда шетелдерде сұранысқа ие тауарлар мен қызметтер, оларға қойылатын талаптар мен кедендік шаралар туралы ақпараттар жоқ, ал шетелдіктер Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерінен хабарсыз. — заемдық қаржылардың қымбаттығы. Қазақстан кәсіпорындары үшін заемдық құралдардың қымбаттығы елеулі проблемалардың бірі болып табылады. Екінші деңгейлі банктердің несиелер бойынша сыйақы ставкалары жоғары, ал несие алу шарттары тым қатаң. Несиені өтеу кестесінің аннуитеттік есеп айырысу схемасы бойынша есеп айырысу кезеңінің соңында өтеу сомасы кредит сомасына еселеп өсіп кетеді. — кедендік процедураларды жүзеге асырудағы күрделіліктер, кедендік-тарифтік реттеудің шектеулілігі. Қазіргі кедендік процедуралар мен формальдылықтар шетел мемлекеттерінде қабылданған ортақ нормалардан асып кетеді, сөйтіп саудаға кедергілер ту- ғызады. ―Doіng Busіness‖ Бүкіләлемдік банк есебінің соңғы мәліметтері де оны растайды. Ол бойынша Қазақстанның экспорттық шығындары 89 күнді (3005 АҚШ долл.), ал экспорттық операцияларды жасауға қажетті құжаттар саны 11-ді құрайды. Бұл рейтингте Қазақстан зерттелген елдер тізімінде 180-інші орында тұр. Ал Бүкіләлемдік банк әзірлеген Көлік Логис-тикасы Индексіне (LPІ) сәйкес Қазақстан 150 елдің тізімінде 133-інші орында. 281 — білікті жұмысшы кадрлар тапшылығының өткірлігі. Көптеген қазақстандық компаниялар басқарушы, инженерлік және білікті жұмысшы кадрларына тапшылық сезінуде. Ол қазақстандық кәсіпорындардың әлемдік стандарттарға жауап беретін бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруына кедергі келтіріп отыр. — өнімдерді тасымалдау проблемалары. Қазақстанның теңіз порттарынан қашықтығы көлік шығындарын айтарлықтай өсіріп жібереді. Оның сыртында экспорттаушылар үшін қарапайым және арнайы темір жол вагондарының жетіспеушілігіне, кеден бекеттерінің алыстығы мен өткізу қабілеттерінің төмендігіне байланысты тұрып қалу проблемлары да бар. Бұл қосымша шығындар туындатады. — cыртқы рыноктарға шығар кезде қазақстандық компанияларға саяси-дипломатиялық қолдаудың әлсіздігі. Баратын елдердегі елшіліктердің сауда-экономикалық және ғылыми- техникалық қызметтестік жөніндегі екі жақты үкіметаралық комиссиялар шеңберінде экспорттаушыларды қолдау мүмкіндіктері нашар пайдаланылады. Ал олар елдің сыртқы рыноктардағы экономикалық мүдделеріне лобби жасаудың құралы болып табылады. — ұйымдар арасында экспортқа қатысты ақпараттарды жүйелі алмасып отырудың жоқтығы, отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламалары мен құралдары туралы ақпараттардың болмауы, қазақстандық өнімдерді экспорттаудағы сыртқы тәуекелдер. Мемлекеттік органдар мен жеке сектордың арасында нақты жолға қойылған ақпараттар алмасудың жоқтығынан өңірлерде отандық өндірісшілерге қолдау көрсету жөнінен қабылданған және жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен құралдар туралы ақпараттар жетімсіздігі орын алған. Оның сыртында экспортты алға бастыру жөнінен қызметтер көрсететін ұйымдар арасында үйлесім мен өзара іс-қимылдар жоқ. Кейбір кәсіпорындар белгілі бір елдердегі саяси тұрақсыздықтарға байланысты шетелдердегі өз қызметтерін тоқтатуға мәжбүр болуда. — кедендік статистикаларға қолжетімділіктің шектеулілігіне байланысты қазақстандық өңделген өнімдердің нақты экспортын бағалаудағы қиындықтар. Егжей-тегжейлі ақпараттарға жалпы қолжетімділіктің болмауы салдарынан өңделген өнімдер экспортының көлемі туралы мәліметтер асыра көрсетіледі. Қазақстандық кәсіпорындар мен компаниялар өз рыноктарына талдау жасаған кезде де өз тауарлары атауларының ТН ВЭД-тің 10-ыншы белгісі дәрежесінде толық емес детальдану проблемасына ұшырасады. Қазақстандық кәсіпорындардың тауарлар шығаруды, оларды сапамен қамтамасыз етуді, оларға баға белгілеу мен экспортқа шығаруды жүзеге асыруда жолығысатын проблемалары тұрақты негіздегі мемлекеттік қолдаудың жүйелі де, селективті де шараларын қабылдауды талап етеді. Бұл шаралар қазақстандық өңделген өнімдерді дамыту мен экс-портқа шығаруға мемлекеттік қолдау жасаудың реттеушілік, қаржылық, консалтингтік және оқыту бағыттарын айқындайды. Егерде жоғарыда аталған мәселелердің шешілу жолдары табылса, онда, Қазақстандық кәсіпорындардың өнімдері тек көрші елдерге ғана емес, барша дүние жүзіне экспортталып, еліміздің экономикасының дамуына зор үлесін қосар еді. Әдебиеттер: 1. Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Экономика туризма: Учебное пособие. – М.:Финансы и статистика. 2000-176с. 2. Шеденов Ө. Қызмет кҳрсету аясындағы маркетингтің даму ерекшеліктері: оқу құралы / Шеденов Ө. Қ., Ілиясов Д. Қ., Исагулова Г. Д. 3. Румянцева З.П., Саломатин Н.А., Акбердин Р.З. и др. Менеджмент организации: Учебное пособие. – М.: ИНФРА – М, 1996

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar