Жуырда əлем халқының саны 7 миллиардтық межеден асып түскені белгілі. Сарапшылардың болжауынша, бұл сан 2030 жылы 8 миллиардқа жетеді. БҰҰ азық-түлік жəне ауылшаруашылығы мəселелері саласындағы мамандарының айтуынша 2015 жылға қарай əлемде əрбір оныншы тұрғын аштыққа ұшырауы ықтимал. Осындай мəліметтерді ескере отырып, халық санының соңғы жүзжылдықтарда күрт өсуі, алдымен, экономикалық жəне азық-түліктік дағдарысқа əкеліп соқтыратынын назардан тыс қалдыра алмаймыз. Сондықтан қазіргі таңда қарыштап дамып келе жатқан Қазақстан үшін елдің ұлттық қауіпсіздігінің басты құрауыштарының бірі – азық-түлік қауіпсіздігі мəселесін шешу күн тəртібіндегі өткір тұрған мəселе болып табылады. Екінші жағынан, ауылшаруашылығы саласындағы орасан зор əлеуетімізді пайдаланып, азық-түлік экспортында көшбасшы мемлекеттердің біріне айналуға мүмкіндік туғанын түсінгеніміз жөн. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі» туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527IV Заңының 22-бабына сəйкес экономикалық қауіпсіздіктің 4 құрауышының бірі «мемлекет тұтынудың жəне демографиялық өсудiң физиологиялық нормаларын қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi болатын сапалы жəне қауіпсіз азық-түлiк тауарларына халықтың нақты жəне экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ете алатын экономиканың, оның ішінде агроөнеркəсіптік кешеннің қорғалу жай-күйін көздейтін азық-түлік қауіпсіздігін» қамтиды [1]. 1996 жылы 13 қарашада қабылданған Рим декларациясында көрсетілгендей, «азық-түлік қауіпсіздігі дегеніміз – барлық адамның ұдайы белсенді жəне салауатты өмір сүруі үшін ас-ауқатқа физикалық жəне экономикалық тұрғыдан жеткілікті мөлшерде қолжетімділіктің болуы». Рим декларациясы кез келген елдің əр азаматының жеткілікті деңгейде тамақтану, денсаулығын сақтау жəне аштықтан ада болу құқығын қамтамасыз етуге, ұлттық тəуелсіз азық-түлік жүйесін қалыптастыруға шақырады. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесідей алғышарттар орындалуы тиіс: елде тұтынылатын азық-түліктің 80%-ы осы елде өндірілуі қажет; мемлекет азық-түліктің белгілі бір түрін өндіріп экспорттауға маманданған, ал экспорттан түскен табыс бұл саладағы сыртқы сауда балансында оң сальдоға қол жеткізуге мүмкіндік береді; азық-түліктің қажетті мөлшерінен бөлек сақтандыру қорларының көлемімен деңгейлес қосымша мөлшерде (дамыған мемлекеттерде 60 күнге немесе жылдық тұтыну көлемінің 17 % мөлшерінде) өндірілуі. Елде азық-түліктің белгілі бір түрлері шығарылмаса, немесе қандай да бір себепISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №5 (93). 2012 Ж. Шормақова 89 термен өндіріс көлемі шектелген болса, бұл тауарларды импорттау арқылы қажеттілік қанағаттандырылады. Осы тұста, импорттаушы мемлекеттің экспорттаушы мемлекеттерге азықтүліктік, саяси жəне өзге де тəуелділікке түспеуі өте маңызды болып табылады [2]. Елдің азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейін қалай бағалауға болады деген сауалға ғалымдар бірауыздан «егер мемлекет 25 пайыз азықтүлікті сырттан алатын болса, бұл ел азық-түлік қауіпсіздігінен айырылады» деп жауап беріп отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мəліметтері бойынша, 2011 жылы негізгі азықтүлік тауарлары импортының көлемі 1 093,7 млн. АҚШ долларын құрады. Импорттың негізгі үлесін қант, шикізатын қоса алғанда (31%), өсімдік майы (13%), сүт жəне қоюлатылған кілегей секілді өнімдер алады. Шешуші қайта өңдеу өнімдері экспортыимпортының теңгерімі бірқатар өнімдер бойынша Қазақстанның үлкен импортқа тəуелділігін 1-2 суреттен көруге болады. Ауыл шаруашылығының шикізаттық сипаты азық-түлік қауіпсіздігіне кедергі келтіреді. Елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің 80 пайызы шикізат күйінде шығарылады, ал технологиялық мешеулік салдарынан дайын өнімді жеткілікті көлемде шығара алмай отырмыз. Мысалға, тəуелсіздік алған жылдардан кейін ауыл шаруашылығы саласындағы техника саны 2 есеге қысқарған, ал қалғанының жартысына жуығы тозығы жетіп, істен шығудың аз-ақ алдында. Егер 1990 жылдардың басында отандық кəсіпорындарда ет өнімдерінің 60 %-ы мен сүт өнімдерінің 30 %-ы қайта өңделген болса, қазіргі таңда, өкінішке орай, бұл көрсеткіш 20%-ға да жетпей отыр. Сусындарды қоса алғанда, тамақ өнімдері өндірісінің құрылымында негізгі үлесті астықты қайта өңдеу (31,1%), етті қайта өңдеу (9,4%), сүт өңдеу (10,2%), балықты қайта өңдеу (3,2%), жеміс-көкөніс (2,2%), май-тоң май (2,6%) салалары, сусын өндіру (9,5%) алады. Осыдан кейін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі əлеуетімізді толыққанды пайдалана алмай отырғанымызды көруге болады. Сонымен қатар агроөнеркəсіптік кешеннің дамуын жоспарлауда ауылшаруашылығы өндірісінің тиімділігіне кері əсер ететін келесідей факторларды ескеру қажет: Қазақстандағы жер қыртысы табиғи күйінде құнарлылығы төмен жəне үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді; Республика территориясының 66%-ы шөлейттенуде; жыртылатын жерлерде гумустың 1/3 бөлігі азайған; егістік жерлерде минералды тыңайтқыштар пайдалану салдарынан жер қыртысы өзіндік пайдалы заттарды 240 есе көп жоғалтады. Байқағанымыздай, Қазақстанның АӨК кешенін дамытып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында табиғи-климаттық, ұйымдастырушылық, өндірістік мəселелерді қатар қарастыру қажет. Осылардың арасында ең тəуекелі жоғары фактор табиғи-климаттық фактор екені белгілі. Табиғаттың тосын мінез көрсетулері осы жылыəлемдік қауымдастықтыбір сілкіп алғанын білеміз. Мысалға, егін егетін мемлекеттердің барлығы дерлік ауқымды құрғақшылыққа ұшырап, дəнді дақылдар бойынша Халықаралық кеңес 2012 жылғы астық мөлшерінің болжамын 60 млн. тоннағақысқартты. Қазақстанда алдыңғы жылдары рекордтық 29 млн. астық жинаған болса, үстіміздегі жылғы болжам бойынша алынатын астық 13 млн. тоннаны құрайды. Тіпті еліміздің солтүстік өңірлерінде жауын-шашын мөлшері əдеттегіден ондаған есе аз түсіп, Қазақстан шаруалар одағының мəліметінше, астық мөлшері жоспарланғаннан 2 млн. тоннаға аз болу қаупі бар. Сəйкесінше, тапшылық салдарынан астық бағасы көтерілсе, бұл елдегі өзге де тұтыну себетін құрайтын тағам түрлеріне баға көтерілуіне əкелетіні сөзсіз. Осықұрғақшылықтың нəтижесінде бидайдың қай түрлері құрғақшылыққа төзімді екенін көруге болады, мысалға «Омск-36» түрі судың аздығына шыдамды болса, «Қарабалық-90» түрі құрғақшылыққа шыдай алмады. Дихандардың айтуы бойынша, ылғал сақтайтын технологиялар қолданылған аймақтарда ғана 6-8 ц/га алуға болады, ал мұндай технологиялар қолданылмаған жерлерде егінмүлдемшықпайқалған. Бұлжағдай да инновациялық технологияларды жан-жақты қолдану мен өндіріске енгізу табиғи-климаттық жағдайларға төтеп беруде де аса қажетті екенін көрсетеді [4]. Агроөнеркəсіптік кешенді жүйелі жəне тұрақты дамыту үшін қыруар еңбек ету қажеттілігін байқаймыз. Сондықтан мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде АӨК дамыту болып айқындалды. Оның ішінде, Елбасымыз айтқандай, əлемдік нарықта өзге елдердің тауарларымен бəсекеге түсе алатын егін жəне мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеп, дайын өнім ретінде шығаруға баса назар аудару керек. Бұл салада тəуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріміз аз емес екенін атап өтейін. Мысалға, соңғы он жылдың ішінде аграрлық сектордағы жалпы өнім көлемі 3,5 есе, ауылшаруашылығы өнімдер экспорты 3 есе өсіп, ұн мен бидай экспортынан əлемде көшбасшы орындардан көрініп келеміз. Екінші жағынан, еліміздің алдында 2015 жылға дейін еттің экспорттық əлеуетін 60 мың тоннаға жеткізу міндеті тұр. Болжам бойынша, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің жылдық орташа өсімі 2012-2016 жылдары 4,8 % құраса, тамақ өнімдерін өндіру шамамен жылына 10,2 % өсіп отырады. 2013-2020 жылдары аралығында АӨК дамыту бағдарламасын іске асыруға арналған республикалық жəне жергілікті көзделетін жалпы шығыстар барлығы – 3 194,5 млрд. теңгені құрайды. Агроөнеркəсіптік кешенді қолдауға бөлінетін қаражаттар динамикасын келесі суреттен көруге болады. Əлемдік тəжірибе көрсеткендей, ел экономикасында ғылым мен білімге, инфрақұрылымдық жобаларды дамыту мен инновацияны қолдау, өндірісті заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету дамудың даңғыл жолына апаратын қадам болып табылады. Дəл осы сияқты Қазақстанда да сəтті іске асу үстіндегі бірнеше жобаларды кеңінен насихаттап, халық тарапынан қызығушылық туғызып, АӨК индустриялануына, инновациялық дамуына жағдай жасауымыз қажет. Мысалға, Үкімет қазіргі таңда азық-түлік корпорациясы арқылы Оңтүстік Қазақстандағы мақта өңдеу саласына көп көңіл бөлуде; Ақтау айлағындағы бидай терминалының өткізу қабілетін ұлғайтуда; ОҚО мен Алматы облысында тамшылап суару технологиясы сəтті қолданылуда; бұдан бөлек, мал басын асылдандыру саласында да көптеген жобалар қолдау табуда. Мұның барлығы АӨК саласының индустриялануына жəне заманауи талаптарға сай мамандануына əкелетіні сөзсіз [5]. Қорыта айтқанда, орасан зор əлеует пен қаржылық қолдауды тиімді пайдаланып, АӨК индустриялды-инновациялық дамыту арқылы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесідей шаралар жүзеге асырылуы тиіс: 1. Ең алдымен, халық тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдерін өз елімізде өндіріп, əлемдік нарықтағы конъюнктураға байланыссыз тұрғындарға қол жетімді болуын жолға қою. Ол үшін тұтыну себетіндегі тағам түрлерін өндіру үшін қажетті ресурстарды тиімді пайдаланып, басым бағыттардың бірі ретінде айқындау қажет. 2. Отандық өндірушілерді шетелдік өндірушілермен бəсекеде бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылымды қалыптастыру. 3. Ауылшаруашылығы өнімдерімен жергілікті халықты қамтамасыз ету мақсатында өңдеу орталықтарын əр аймақта құруға жəрдемдесу. Шаруа қожалықтарына кəсіптерін коммерцияландыруға ақпараттық-ұйымдастырушылық, қаржылық жəне құқықтық көмек беру. Материалдық базасы қалыптасқан шағын кəсіпкерлік инновация енгізіп, халықты сапалы жəне табиғи азық-түлікпен қамтамасыз ете алатын кəсіпкерліккке негіз болады. 4. Қысқа, орта жəне ұзақмерзімді несиелеу механизмдерін үнемі жетілдіріп отыру. Ауыл шаруашылығысаласындатұтынуөнімдеріншығаратын кəсіпкерлерге қолдау көрсетіп, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру. 5. Азық-түлік сапасын қатаң қадағалайтын жүйе қалыптастырып, барлық өндірушілерге жоғары технологиялық талаптар қою. Сонымен қатар импорттық тауарлардың құрамын қатаң тексерістен өткізіп, гендік модификацияланған тауарларға барынша шектеу қою. 6. Агроөнеркəсіптік кешенде ресуртарды сақтайтын жəне экологиялық таза технологияларды енгізуді енгізу. Аграрлық өндірістің технологиялық деңгейін жоғарылату мақсатында Қазақтан климатына бейімделген технологиялар мен əдістерді ғылыми зерттеу мен негіздеуді мемлекет тарапынан қолдау. 7. Қазақстан ішіндегі азық-түлікті тасымалдауда логистикалық жүйені дамытып, отандық дайын өнімдерді аудан жəне аймақаралық 92 Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде АӨК индустриялды-инновациялық дамыту… ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №5 (93). 2012 қашықтықта тиімді тасымалдану жолдарын қарастыру, əкімшілік кедергілерді азайту. Негізгі ауыл шаруашылық өнімдерді өңдеу мен сақтаудың арнайы мамандандырылған орталықтары мен логистикалық орталықтар құру. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекет пен жеке кəсіпорындар мен шаруа қожалықтарының бірлескен əріптестігі, ұйымдастырушылық-экономикалық, құқықтық, əкімшілік жəне əлеуметтік шаралардың өзара кешенді байланысымен тиімді басқарылуы қажет.
Оставить комментарий