ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӨСУІН ЫНТАЛАНДЫРУ

Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының халықаралық бәсекеге қабілеттілігі елдің ұзақ мерзімді дамуындағы тұрақты экономикалық өсу қарқынымен анықталады. Елдің бұл экономикалық өсуіне макроэкономикалық жағдайдың тұрақтылығы, қызмет көрсету саласы мен экономиканы индустрияландыру деңгейі, сондай- ақ инновациялық серпіліс пен ғылыми-техникалық зерттеулер және т.б. факторлар әсер етеді. Қазіргі кезде ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында шикізаттық емес саладағы инновациялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық өндірістерді құру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі екендігі белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Индустриялық даму – бұл біздің жаңа онжылдықтағы мүмкіншілігіміз, ел дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер» — деп, аса назар аударуы осының айғағы.1 Бүгінгі таңда ғылымды көп қажетсінетін отандық өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған ғылымды көп қажетсінетін жаңа технологияларды және ақпараттық технологияларды әзірлеу мен игеру, республиканың өнеркәсіп пен ғылыми-техникадағы әлеуетін сақтау және дамыту есебінен ұлттық экономикалық қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан экономикасының өзекті стратегиялық міндеті болып табылады. Қазақстан экономикасының нарықтық жағдайда дамуы елдің экономикалық әлеуетінің бәсекелі басымдықтарымен қатар нарыққа бейімделудің әр түрлі мүмкіндіктерімен байланысты олардың кемшіліктерін де анықтады. Бұл шикізаттық емес сектордың жекелеген салаларында, оның ішінде өнеркәсіпте өндірістің айтарлық құлдырауына әкелді, экономиканың нақты секторы салаларының шикізат экспорты жағына қарай тепе-теңсіздік сипат алды. Қазақстанның әлемдік шаруашылық жүйесіне белсенді кіруін әлемдік және өңірлік еңбек бөлінісіндегі республиканың тар мамандануы, негізгі әлемдік тауар нарықтарынан алшақтығы тежейді, бұл бірінші кезекте, сыртқы нарықтарға шығуды қамтамасыз ететін индустриалды-инновациялық инфрақұрылымның жеткілікті деңгейде дамымағандығымен шиеленісе түседі. Осыған байланысты, Қазақстан экономиканы әртараптандыру мен сервистік- технологиялық экономикаға көшу жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялар инновацияларын индустрияландыру жолын таңдап алды. Себебі, қазіргі экономиканың өрлеу сипаты мемлекеттік тұрғыдан реттелетін өндірістің индустриалды-инновациялық дамуына негізделген. Жалпы, өндірістің индустриалды-инновациялық өсуін қамтамасыз етпей әлеуметтік- экономикалық тұрақтылықты қалыптастыру қиын. Қазіргі индустриялды-инновациялық саясат шикізаттық емес салада инновациялық үдерістерді жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгізуге, өңдеуші өнеркәсіптегі жаңа қайта бөлістерді игеруге, ұлттық ғылыми-технологиялық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс 1 Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы 2010 жыл. 41 арасындағы алшақтықты жоюға, индустриялық қызметті ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансферті мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуге бағытталуы керек. Бүгінгі күні әлемде индустриялық саясатты жүргізудің мол тәжірибесі жинақталған. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы әлемдік державалар арасындағы индустрияландыру қарқынына қарағанда қазіргі заманғы индустрияландыру кезеңі жоғары серпінмен ерекшеленеді. Әлемдік жаһанданудың, дүниежүзілік сауда нарығының, капитал мен еңбек ресурстары ұтқырлығының мүлдем басқа жағдайы кезінде бір кездері он жылдықтарға созылған процесс қазір бір үкімет шеңберінде жүргізілуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, индустриялық дамудың қазіргі заманғы процесінде мемлекет шешуші рөлге ие. Атап айтқанда, ірі металлургиялық зауыттар салу туралы шешімдер макроэкономикалық немесе геосаяси міндеттерді негізге ала отырып қабылданады. Шикізат базасын игеру және дамыту мемлекеттің бақылауымен және қатысуымен жүргізіледі. Жобалардың бастамашылары ретінде трансұлттық корпорациялар танылса да, кәсіпорындарды салу тәуекелдерді төмендетудің тиімді тәсілі болып табылатын ел мұқтаждарын ескере отырып, мемлекеттік деңгейде келісімдер жасасумен қатар жүргізіледі. Ұлттық экономика мүддесінде индустрияландыру туралы шешімдер экспортқа бағдарланған тиісті өңдеуші өнеркәсіптердің қалыптасуы кезеңінде қабылдануы маңызды. Осыған байланысты, Қазақстан экономиканы әртараптандыру мен сервистік-технологиялық экономиканы қалыптастыру жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялар инновацияларын индустрияландыру жолын таңдап алды. Қазақстанның жаңа кезеңдегі дамуының стратегиялық мақсаты – ғылым мен технологияны дамыту, яғни олардың нәтижелерін жаңа бағытта дамытуы мен коммерциялық пайда әкелуі арқылы экономикалық өсуді қолдайтын қолайлы инновациялық ортаны құру болып табылады. Ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуы және экономиканың барлық секторының ақпараттық-коммуникациялық технологияларының дамуы да, осы аталған мақсатта жетуге жағдай туғызады. Өз алдында стратегия ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін басымды әрекеттің қабылданған бағыттары мен ресурстарын орналастыруды болжайды. Ұзақ мерзімді мақсатты анықтау – ол стратегиялық мақсаттың логикалық тұрғыда қол жетерліктей бір жүйеге келуін білдіреді. Әрекеттің қабылданған бағыттары – бұл алға қойылған мақсаттың басты бағытын және жүзеге асыру әдістерін таңдау болып табылады. Ресурстарды тиімді орналастыру стратегияның жүзеге асыру үрдісін қолдаудың басты тетігі болып келеді. Әлемдік тәжірибеге сай, ұзақ мерзімді және тұрақты экономикалық өсу қарқынына әлемдік және отандық технологиялық жетістіктерге сәйкес келетін индустриялды- инновациялық даму стратегиясын таңдау арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен бірге, дамыған елдерде ЖІӨ-нің көп бөлігі қызмет көрсету, жоғары технологиялар, білім, байланыс және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласынан құралған. «Қазақстан-2030» стратегиясы экономикамызды реформалаудың мақсаты мен бағытын анықтайтын негізгі құжат болып келеді. Онда кен өндірудің басым бағыттарын белгілеумен қатар, басты міндеттерінің бірі – экономикалық өсуді ЖІӨ-нің құрамындағы шикізат үлесін кемітіп, біртіндеп ғылыми сыйымды және жоғары технологиялық тауарлардың үлесін арттыру арқылы қамтамасыз ету болып табылды. Қазақстанның нарықтық экономикасы бар ел ретінде танылуы – экономиканы диверсификациялау мен оның шикізат тәуелділігін азайтуға және сервистік-технологиялық экономикаға өтуге жағдай туғызуға бағытталған ҚР-ның 2003-2015 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму Стратегиясының құрылуын анықтап берді. Оның басым бағыттары мұнай-химия, отын-энергетикалық кешені, тау-кен өндіру және металлургиялық өнеркәсібі саласындағы, ауылшаруашылық және ғылыми бағыттағы тауарларды өндіру және сақтау салаларындағы инновациялық жобаларды игерумен байланысты болып табылады. Стратегияның институтционалдық-дайындау, яғни І кезеңінің (2003-2005 жылдар) жүзеге асырылуы заңдық актілерге өзгерістер енгізумен басталды. Нәтижесінде жобалардың 42 бастапқы кезеңінде мемлекеттің қатысуы, инновациямен айналысатын компанияларға салықтық жеңілдіктердің берілуі, даму институтарының құрылуы анықталды. Сонымен қатар білім және ғылым жүйесіндегі реформаларында стандартизациялау және сертификациялау үрдісі жүргізілді. Бірінші кезеңде инновациялық қызметтің екі деңгейлі инфрақұрылымын құру басталған. Ұлттық және аймақтық деңгейдегі технопарктер жүйесі және венчурлық қаржыландыруы жүйесі бар қаржылық инфрақұрылымдарының құрылуымен толықтырылды. Екінші кезең (2006-2010 жылдар) «индустриялдық жаңашылдандыруда» халықаралық стандарттарға сәйкес өнеркәсіптің инновациялық әлеуетін арттыру үрдісі басталды. Стратегияның екінші кезеңінде индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асырудың алғашқы нәтижелерi байқала бастады, мәселен, өнеркәсiптi жаңғыртуға және экономика құрылымын әртараптандыруға бағытталатын инвестициялық серпінді макрожобалар, 30 ірі корпоративтік көшбасшыларды қалыптастыру басталды. Экономиканы әртараптандыру саласындағы бiрқатар iлгерiлеуге қарамастан экономиканы дамыту негiзiнен мұнай мен газды өндiру әрі экспорттаудың өсiмi есебiнен қамтамасыз етiлдi. 2 Сонымен қатар, Кеден одағының жұмыс істеуі үшін заңнамалық база қалыптасып, жеке сектордың, шетел инвесторларының, мемлекеттiк бюджет пен мемлекеттiк қаржы институттарының қаржы ресурстары бiрыңғай бағытта жұмыс iстеп, инфрақұрылымды дамыту, қайта құру, жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды кеңейту және жаңа өндiрiстер құру мәселелері кешендi түрде шешілдi. Сонымен, қазіргі әлемдік технологиялық даму тенденциясы биотехнология, ақпараттық қауіпсіздік технологиясы, бағдарламалық қамтамасыз ету, телекоммуникация, силандық технологиялар жасау, жоғары сапалы кремний өндірісін ұйымдастыру, жаңа материалдар және нанотехнология сияқты басты бағыттарды дамытуға қолайлы жағдайлар туғызуы қажеттігін көрсетуде. Осыған байланысты, 2010 жылы Қазақстан ел экономикасын одан әрі индустрияландыру мақсатында батыл бастама – 2020 жылға дейінгі үдемелі индустриялық- инновациялық даму бағдарламасын қабылдады. Бұл стратегиялық бағдарлама индустриялдық дамудың екі бесжылдық жоспары бойынша жүзеге асырылмақ. 2010 жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2010-2014 жылдардағы үдемелі индустриялдық-инновациялық даму (ҮИИД) жөніндегі мемлекеттік дамудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Ел үкіметі осы үдемелі индустриялық- инновациялық дамудың (ҮИИД) мемлекеттік бағдарламасын іс жүзіне асырудың мынадай негізгі тетіктерін белгіледі: Үкіметтің 2010-2014 жылдардағы ҮИИД бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шараларының жоспары; өндірістік қуаттарды тиімді пайдалану кестесі; Қазақстанды индустрияландыру картасы. Сондай-ақ, бұл жобаларды жүзеге асыру шараларына еліміздің кәсіпкерлерін кеңінен қамту мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы қабылданды.3 Сонымен, 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық дамуының бірінші индустриялық бесжылдық жоспары болып табылады. Бұл жоспарды белгілеу мейлінше ашық және транспарентті түрде жүзеге асырылады. Бизнес қауымдастығымен негізгі мәселелерді талқылаған үйлестіру кеңесі құрылды. Үдемелі индустриялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама еліміздің экономикалық саласындағы бес жылға арналған бірде-бір құжат болып табылады. Бұған дейінгі қолданыста болған стратегиялар мен бағдарламалар өз күшін жояды. Бесжылдық жоспарды жүзеге асыру барысында дамудың салалық бағдарламалары бекітілетін болады. 2 ҚР индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы. ҚР Президентінің 2003 ж 3 ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуы. ҚР Статистика Агенттігінің ай сайынғы ақпараттық-талдамалы журналы. Қаңтар- ақпан, 2011 жыл. 43 Бағдарламаның көздеген мақсаты бойынша Қазақстан 2014 жылға дейін мынадай жетістіктерге жетуге тиіс: — еліміздің ішкі жалпы өнімін 2008 жылғы деңгейден 50 пайыз арттыру; — қайта өңдеу саласында еңбек өнімділігін 50 пайызға, экономиканың жекелеген салаларында 100пайызға өсіру; — шикізаттық емес экспорт үлесін 40 пайызға жеткізу; — ЖІӨ-нің энергетикалық шығынын 2008 жылғы деңгейден 10 пайызға төмендету; — жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар ішінде инновациялық кәсіпорындардың үлесін 10 пайызға арттыру. Нарықтық қатынастарға бейімделген елімізді тағы бір әлеуметтік-экономикалық даму сатысының жаңа деңгейіне көтеретін бұл стратегиялық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті 7 басым бағытты белгілеп берді. Олар: агроөнеркәсіп, металлургия, мұнай өңдеу, энергетика, химия және фармацевтика, құрылыс индустриясы, көлік және инфрақұрылымдық салаларды дамыту болып табылады. Сонымен бірге, елбасы тағы да бес бағытты, атап айтқанда, машина жасау, уран, жеңіл өнеркәсіп, туризм және космос салаларын дамытуға да басымдық беру қажеттігін айтып өтті. Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының табысты жүзеге асырылуы үшін индустрияландыру картасы жасалған. Ол мемлекетке бизнес қауымдастығымен бірлесе отырып еліміздің ресурстық қуатын және инфрақұрылымын дамытуға, дұрыс инвестициялық шешімдер белгілеуге жағдай жасайды. «Индустрияландыру картасы» екі бөлімнен тұрады. Біріншісі, өңірлік карталар – онда облыстарды дамытуға бірінші кезекте қажетті нысандар шоғырландырылды. Екіншісі – республикалық карта. Мұнда орталық атқарушы органдар мен мемлекеттік холдингтер тікелей бақылауға алған индустриялдық инновациялық даму жоспарының негізгі нысандары топтастырылған. «Индустрияландыру картасына» енгізу үшін алдын-ала 385 жоба ұсынылған, бірақ жан-жақты талқылаулар барысында жалпы құны 7,4 триллион теңгені құрайтын 240 жоба енгізілген. Жалпы алғанда, жалпы құны 6,8 триллион теңге болатын 101 ірі жоба республикалық картаға, жалпы құны 580,4 миллиард теңге болатын 139 жоба өңірлік карталарға топтастырылды. 4 Осындай жобалардың табысты жүзеге асуы елдің индустриялды-инновациялық дамуын қамтамасыз етіп, экономикалық дамудың тұрақты жүйесін қалыптастыратыны белгілі. Әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы 2010 жыл. 2. ҚР индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы. ҚР Президентінің 2003 ж. 3. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің ай сайынғы ақпараттық-талдамалы журналы. Қаңтар-ақпан, 2011 жыл. 4. Қазақстанның ғылымы және инновациялық қызметі. Статистикалық жинақ: Астана – 2010. 5. Қазақстан өңірлері 2009 жылы. Статистикалық жинақ // Астана, 2010. 6. Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік // Статистикалық жинақ — Астана: 2010 жыл.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar