ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНСТИТУТЫ

Әкімшілік құқықтың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі даму перспективасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жаңартумен байланысты, негізінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы тікелей қолданыстағы мәнін, мазмұнын анықтайтын және заңдарды қолданумен конституциялық нормаларды тану жатуға тиіс – әкімшілік-деликтілік құқық болып табылады. Посткеңестік кезеңдегі ҚР әкімшілік жауапкершілік институты түбегейлі өзгерістерге ұшырамаған. Қолданыстағы, 2001 ж әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексті кеңестік құқықтық реттеуден еуропалық үлгіге өту кезеңінің актісі ретінде қарастыруға болады. Осы саладағы маңызды мәселелердің ішіне төмендегілерді кіргізуге болады. ӘҚБК қабылдағаннан кейін соттардың қарамағындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер, қазіргі таңдағы соттар қызметінің ауқым бөлігін қамтиды. Осылайша заң шығарушы, жауапкершілікке тартылатын тұлғалардың құқығын әкімшілік органдардың қияндығынан қорғауға және сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағыттаған. Алайда бұл шаралар кері нәтижені көрсетіп отыр-мұндай істерді судьялардың ауызша тыңдамауы және мүдделі тұлғалардың шақырылмауы бірқатар қиындықтар туғызуда. ҚР Конституциясының 4-бөлімінің 3-бабы бойынша, мемлекеттiк билiктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiнуі принципі бойынша, болашақта осы тұрғыдағы жағдайлардың болуы мүмкін емес [1]. КСРО-дағы билік біртұтас түрде болып, әкімшілік жаза қолдануды барлық орган қолдана алатын (қалалық халық депутаттар кеңесінің атқарушы комитеті, еңбекті қорғауды бақылау бойынша инспектор немесе аудандық халық соты). Ал, демократиялық қоғамдағы сот органдары, тек қана сот төрелігін іске асыруға өкілетті және атқарушы немесе заң шығарушы билік органдарының өкілеттілігін жүзеге асырмайды. Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерде сот, айыптау, қорғау және сот төрелігі функцияларын қоса атқарады. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарастыру мақсатында арнайы әкімшілік соттарды құру, еуропалық әкімшілік-құқықтық доктриналарға сәйкес келмейді. 201 Әкімшілік әділет жүйесі бар барлық еуропа мемлекеттерінде, әкімшілік сот тек жеке тұлғалардың мемлекетке қарсы талап арыздарын қарастыруға өкілетті. Қазіргі кездегі әкімшілік құқық бұзушылықтардың ішінде, мәні бойынша әкімшілік-деликтілік құқық саласына (қылмыстық-құқықтық сипаттағы, азаматтық – құқықтық сипаттағы «әкімшілік құқық бұзушылықтар», азаматтық әділет нысанасы болып табылатын құқық бұзушылықтар) жатпайтын әрекеттер де бар. Осы түрдегі құқық бұзушылықтардың болуы кеңестік әкімшілік құқық сипатына байланысты. 1) Қылмыстық-құқықтық сипаттағы «әкімшілік құқық бұзушылықтар» Жиі кездесетін бұзушылықтар түрлерінің (бұзақылық, ұсақ ұрлық) қылмыстық құқықтан әкімшілік құқыққа ауыстырылуы, қылмыстық істердің санын азайтуға жағдай жасап, кеңес қоғамындағы қылмыс деңгейінің төмендеу үрдісін байқатуы қажет еді. Ал еуропа елдерінде мұндай түрдегі әрекеттер қылмыстық құқықтың ажырамас бөлігі болып табылады [2]. 2) Азаматтық –құқықтық сипаттағы «әкімшілік құқық бұзушылықтар». Мұндай құқық бұзушылықтар шарттық және шарттан тыс қатынастардан құралады (мысалы, шарттың бұзылуы немесе мүлікке зиян келтіру). Көп жағдайларда бұл мәселе, мемлекеттік меншік құқығын әкімшілік-құқықтық шаралармен қорғау туралы болып отыр. Реттеудің осы түрдегі әдісі, «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады»- деген ҚР Конституциясының 1-бөлімінің 6-бабына қайшы келеді [3]. Жеке меншік құқығының бұзылуы барысында келтірілген зиянның орнын толтыру ғана қажет болса, ал мемлекеттік меншік құқығының бұзылуы барысында – шығынның орнын толтыру және әкімшілік айыппұл төлеу қажет. Сонымен қатар, «әкімшілік құқық бұзушылықтың» басым бөлігі, мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдеріне мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) шағымдану туралы істер (АІЖК 27-тарауы) бойынша соттардың өкілеттілігі шеңберінде қажетсіз бәсекелестік тудырады [4]. Азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған лауазымды тұлғалардың әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым бөлігін бекітуі шын мәнінде қорғауға ешқандай қатысы жоқ. Атап айтқанда, «Жер учаскелерiн беру туралы өтiнiмдердi қараудың белгiленген мерзiмдерiн бұзу» 256-бап, «Салық есебiне тұрудан бас тарту немесе салық есебiне тұру мерзiмiн бұзу» 361-бап. Осы ережелерді іске асырудағы негізгі мәселелер төмендегідей түрде: 1) Әкімшілік жауапкершілікке тарту процедураларының жетілмеуі. Бұл процедура бойынша тұлғада дербес түрде өз құқықтарын қорғау мүмкіндігі жоқ. Іс жүргізуді бастау, бақылаушы органның хаттаманы толтыру/толтырмау туралы шешіміне байланысты. 2) Билік органдарының қызметіндегі тұлғалардың құқығының бұзылуының мазмұнын анықтауға мүмкіндіктің болмауы. 3) Азаматтардың құқығының жүзеге асырылу кепілдіктерінің болмауы. Құқық бұзушылықтың орын алуы анықталған жағдайда тиісті лауазымды тұлғаға әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы қабылданады. Бірақ бұл шешім бойынша аталған шенеунік бұзылған құқықтарды қалпына келтірмейді. Әкімшілік жауапкершілік туралы қолданыстағы нормалардың жүйесінің осы мәселені түбегейлі түрде шешуге мүмкіндігі болмай отыр. Тіпті барлық процедураларды толық орындаған күннің өзінде де азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша барлық міндеттердің орындалуына кепілдік берілмейді. 4) Қызметкерлердің әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктерінің толық деңгейде орындалмауы. Қызметтік міндеттерді жүзеге асыру тәртібінің бұзылуы тәртіптік жағдайда қадағаланып, тиісті қызметкерге сөгіс беруден бастап, қызметінен босатуына дейінгі шаралар қолданылуы тиіс. Мемлекеттік қызметте тәртіпті орнатуды және шенеуніктердің өз қызметтік міндеттерін орындау барысында тұлғалардың құқығын бұзуына жол 202 бермеуіне тек әкімшілік жауапкершіліктің механизмдері арқылы қол жеткізу мүмкін емес. Бұл болашағы жоқ қадамдар, сондықтан да тәртіптік жауапкершілік институтының тиімділігін арттыру бойынша шаралармен ауыстырылуы қажет. Әкімшілік жауапкершілік субъектілері тізімінің жеткіліксіздігі. Әскери қызметкерлердің, прокурорлардың және басқа да тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін тәртіптік Жарғылармен немесе арнайы ережелермен анықтау, «жұрттар заң мен сот алдында тең» деген ҚР Конституциясының 14-бабына және еуропалық доктриналарға қайшы келеді. Мұндай жағдай аталған тұлғаларды әкімшілік жауапкершіліктен босатады. Кінәсіздік презумпциясының бұзылуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған кезден бастап тұлға «әкiмшiлiк құқық бұзушылық» жасаған болып саналуы (ӘҚБК 4-тарауының 635-бабы) кезінде орын алады [5]. Әкімшілік жазаланатын іс әрекеттерді анықтау кезіндегі заңдылық принципінің бұзылуы. Осы принципке сәйкес әкімшілік санкция саласында, «жауапкершілік заңмен ғана белгіленеді» деген ереже қолданылады, яғни мемлекет жаза және санкция қолдану түрлерін тек заң шеңберінде ғана жүргізуге міндетті. ӘҚБК Ерекше бөлімінде заңнамамен бекітілген ережелердің, талаптардың, тәртіптердің басым бөлігі берілген, оларды бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылу қарастырылған. Заңнама түсінігінің мәні заң түсінігіне қарағанда кең мағынада. Ал заңнаманың актілерінің заңға қарағанда заңды күші төменірек және көп жағдайларда адам құқықтары бойынша Еуропалық соттың талаптарына сәйкес келмейді. Әкімшілік- деликтілік іс жүргізудегі формализм және төрешілдік кеңестік ӘҚБК қабылдау барысында мемлекеттік органдардың қияндығынан қорғаныш ретінде жорамалданған. Әрбір процедуралық әрекеттер үшін мемлекеттік орган жазбаша хаттама толтыруы тиіс болған. Бірақ, мұндай формализмнің іс жүргізудегі тұлғалардың құқығын қорғауға кері әсерін тигізетін теріс жақтары да бар. ӘҚБК бойынша хаттама толтырылмаған жағдайда тұлғаның ұсталуы, оны тінту, затты немесе құжатты алып қоюдың болуы да мүмкін емес. Келесі бір қиындықтар хаттаманың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша дәлелдеме болып табылатындығынан (ӘҚБК 2- тарауының 604-бабы) туындайды, бұл, іс жүргізу нәтижелеріне мүдделі билік органдарының дәлелдемені өзі жасауын тудырады. Іс жүргізу бастауының формализациясы да, әкімшілік органдардың қызметін құқықтық реттеуге жатпайды. Өйткені, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама толтырылмаған жағдайда іс жүргізудің өзі болмайды деп есептелінеді. Ал, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама тұлғаның қатысуымен ғана толтырылатынын ескерген жағдайда, Кодекс бойынша, әкімшілік органдардың қызметі әкімшілік іс жүргізуге жатпайды. Ал әкімшілік органның қызметкерлері көп жағдайларда бұрмалаушылықтар фактілерін тұлғаның қатысуынсыз анықтайды (мысалы, рұқсат етілмеген жерлерде автокөлікті қалдыру, ормандардағы ағаштарды заңсыз кесу, су қоймаларындағы балықты заңсыз аулау). Сезікті тұлғаны анықтау үшін қызмет уақытын, мемлекеттік құралдарды және басқа да ресурстарды кетіретін іс әрекеттерді жүргізу қажет. Әкімшілік органдардың мәжбүрлеу шараларын қолдану өкілеттілігі (тұлғаны ұстау, оны тінту, затты немесе құжатты алып қою), әкімшілік-деликтілік құқықтағы қылмыстық-құқықтық мазмұндағы бұрмалаушылықтармен анықталады. Қылмыстық істерді тергеу барысында әкімшілік іс жүргізу нәтижелерін құқыққа қайшы түрде қолдану да қауіпті. Әкімшілік-деликтілік процедурадағы тұлға құқығын қорғаудың заңнамалық стандарттары қылмыстық процеске қарағанда төменірек. Дегенмен әкімшілік құқық шеңберіндегі мәжбүрлеу шаралары арқылы қылмыстық іс жүргізу үшін маңызды дәлелдемелер алуға болады. Сотқа дейінгі тергеудегі соттық бақылауды кеңейту барысында мемлекеттік билік органдарының өз билігін асыра пайдалану мүмкін. Әкімшілік қамауға алынған тұлғаларды ұстау орнын анықтаудың ішкі істер органдарына ведомствалық бағыныстығы (ӘҚБК 727-бабы). Мұндай жағдайларда 203 мүдделердің қайшылығы туындайды, ол, тәртіп бұзушының ізіне түсу және бекітілген жазаны орындау бойынша өкілеттіліктердің мемлекеттік биліктің бір органына берілуінің мүмкін еместігіне байланысты. Заңшығарушының және құқық қолданушының әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік институтына қатысы да ең маңызды мәселелердің қатарына кіреді. Соңғы кездердегі ӘҚБК өзгерістер, заң шығарушы қылмыстық тәртіпте қарастырмайтын барлық заңға қайшы әрекеттерді осыған жатқызуын көрсетеді. Мұнда, әкімшілік- деликтілік заңнаманың өз нысаны, өзіндік объекті және құқықтық жүйе үшін өзіндік құндылықтарына ие екендігі ұмыт қалып отыр. Осыған байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманың сапасы төмендейді. Реформалау бағыттары: 1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар тек қана атқарушы билік органдарының, жергілікті өзін өзі басқарудың атқарушы органдарының, яғни әкімшілік органдардың ведомстволық бағыныстылығына кіруі тиіс. Басқа субъектілер (оның ішінде мекемелер, ұйымдар, өнеркәсіптер) заң бойынша жария әкімшілік функциялары берілген кезде ғана, жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту өкілеттілігіне ие болады. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға өкілетті органдардың тізімінен әкімшілік соттарды алып тастау қажет. Қазіргі кездегі соттар қарастыратын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер, атқарушы билік органдарының ведомстволық бағыныстылығына өтеді. Осы құқық бұзушылықтардың қалған бөлігі сот юрисдикциясында қалады, мұндай жағдайда олар «қылмыстық (соттылық) теріс әрекеттер» деп жіктеліу тиіс және әкімшілік заңнамаға кірмейді (мысалы, біреудің мүлкін ұсақ талан –таражға салу, ұсақ бұзақылық, қылмыс жасағаны туралы мәліметтер тарату, спирттік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң түрде келу ж.т.б.). 2. «Қылмыстық айыптау» туралы істердегі адам құқықтары бойынша Еуропалық сот тәжірибесін ескерген жағдайда, қазіргі әкімшілік құқық бұзушылықтарды қылмыстық деп тану үшін төмендегідей межелер болуы тиіс: 1) құқыққа қарсы деңгейі; 2) әкімшілік жаза қолдану түрі, мысалы: — жеке кәсіпкердің қызметіне тиым салу; — заңды тұлғаны жою; — заңсыз салынған құрылысты бұзу; — әкімшілік қамау; — шет елдікті немесе азаматтығы жоқ тұлғаны Қазақстан Республикасы аумағынан кетіру. Тағы бір маңызды бағыт әкімшілік-іс жүргізу құқығын дамыту болып табылады, оның нәтижесі Әкімшілік-іс жүргізу кодексін қабылдау болар еді. Бұл ретте әкімшілік-іс жүргізу заңнамасының реттеудің нысанын нақты анықтау қажет. Бұл тұрғыда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы нақты істерді шешу тәртібін заңнамалық регламенттеу мәселелері өзектілігін сақтайды. Сондай-ақ әкімшілік-іс жүргізу құқығын дамытумен байланысты мемлекет пен азамат (ұйым) арасында жариялы-құқықтық қатынастардан туындаған құқық туралы дауды шешетін әкімшілік әділет мәселесін қараған жөн. Яғни, іс жүргізу оқшаулау мен жариялы-құқықтық сипаттағы жанжалдарды шешу тәртібінің заңдылығы мәселелері қаралуға жатады. Осылайша, әкімшілік сот ісін жүргізу қылмыстық және азаматтық іс жүргізумен қатар сот төрелігін жүзеге асырудың толыққанды нысаны болуы тиіс.

Читайте также:  ФЛАГМАН ВЫСШЕГО ЮРИДИЧЕСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ КАЗАХСТАНА

Оставить комментарий