ҚАЗАҚСТАННЫҢ КІТАПХАНА САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ

Опубликовано Август 19, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 5 (1 голосов)

 

Қазіргі уақыттағы кітапхана нарығын қарастырсақ, кітапхана саласы дамып кетті деп айта алмаймыз. Бірақ осы уақыт аралығында кітапхана нарығы дифференциацияланып жəне сегменттеле бастады, белгілі бір адамдарға байланысты бөліне бастады. Тəуелсіздік алғалы бері Қазақстанда мемлекет тік жəне жеке меншік кітапханалар саны көбейе бастады. Кітапхана саласы бойыгша инновацияландыружұмыстарыжүргізілуде, мысалы көптеген кітапханаларда электронды кітаптарды қолданады. Қазақстанның кітапхана саласының дамуын анықтау үшін басқа мемлекеттің кітапханаларымен салыстырып қарастырсақ толығырақ түсінікті болады. Ресей Федерациясында кітапхана саласын дамыту мақсатында мына жүйе жүргізіледі: жазушы – баспа – кітап сатушы оқырман жүйесі арқылы жүзеге асырылуда. Яғни жазушылар белгілі бір сегментке байланысты баспа шығарылып оқырмандарға жіберіледі. Қазіргі уақытта кітапханаларда электронды кітаптар, электронды каталог орнату басты міндет болып отыр. Қалалық жəне ауылдық кітапханаларды осы іске қосу басты мақсат болып табылады. Қазақстан Республикасында 01.01.2011 жылғы мəлімет бойынша 11 510 кітапхана республика тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетуде. Олардың 7327 (63,7%) ҚР Білім жəне ғылым министрлігіне, 4081 (35,5%) ҚР Мəдениет министрлігіне, 67 (0,6%) ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне, 35 (0,3%) «Қазақстан теміржолы Ұлттық компаниясы» АҚ-ға қарасты. Астындағы диаграммада көрсетілген. Кітап қоры – 273 020,9 мың дана Оқырмандар саны – 8 044,5 мың адам Кітап берілімі – 200 644,0 мың дана % мөлшерлемесі ҚР Мәдениет мин-нің көпшілік кітапханалары ҚР Білім және Ғылым миннің кітапханалары ҚР Денсаулық сақтау миннің кітапханалары «Қазақстан темір жолы» кітапханалары 1-сурет – Қазақстан кітапханаларының жүйесі ҚР Мəдениет министрінің көпшілік кітапханалары ҚР Білім жəне ғылым министрінің кітапханалары ҚР Денсаулық сақтау министрінің кітапханалары «Қазақстан теміржолы» кітапханалары % мөлшерлемесі 68 ҚР кітапхана саласының дамуы ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №4 (92). 2012 2-сурет – Кітапханаларды автоматтандыру бағдарламары 0 50 100 150 200 250 300 350 400 Кітапхана 4.025.02 Қазіргі таңда кітапханалардың санының өсуіне байланысты кітапханалардың заманауи дамуы ақпараттық технологиялардың енгізілуімен тікелей байланысты. Республика кітапханаларын автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе мен технологиялар енгізу жұмыстары кеңінен өріс алып келеді. Бұл ретте əртүрлі бағдарламалар колдануда. Мысалы, көптеген кітапханалар Қазақстандық «РАБИС» (399 кітапхана), «КАБИС» (39 кітапхана) бағдарламаларын пайдаланса, біразы Ресейлік «ИРБИС» (11 кітапхана), «Кітапхана 4.02-5.02» (44 кітапхана) бағдарламаларын қолданады. 2011-2012 жылдары Алматы облысы «Кітапханалық-ақпараттық компьютерлік торап құру» жобасы жүзеге асырылып, облыстық бюджет есебінен 22 кітапхана КАБИС бағдарламасымен жұмыс істей бастады. 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 453 бірлікке көбейіп 4230-ға жетті. Көшіп-көбейту техникасының (сканер, принтер, ксерокс) саны 3294-ден 3701-ге дейін өскен. Телефондар саны 231 бірлікке өскен. Төмендегі диаграммада көрсетілген. компьютер принтер сканер ксерокс интернет сайттар электрондық пошталар 3-сурет – Жаңа технологиялар саны ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №4 (92). 2012 Л.Н. Оңғарова 69 Көріп отырғандай, жылдан-жылға кітапхана саласы жаңа технологиялармен қамтамасыз етіліп дамып келеді. Қазіргі заманның дамуына байланысты кітапханаларды автоматтандыру жүзеге асып жатыр. Ақпараттық қорларды қолдану жəне дамыту қазіргі уақытта кітапханаларды дамытудың факторлары болып есептелінеді. Осы мақсатта ҚР Ұлттық кітапханасы 1991 жылдан бастап «Қазақстандық» электрондық база құру инновациялық проектін жүзеге асыруда. Қазақстандағы кітапханаларды ортақтандырылған электрондық қор жасау мақсатында Республикалық Ұлттық 2 кітапхана жұмыс жа сауда. Көптеген кітапханалар өздерінің электрондық катологтарын жəне ақпараттық қорларын жасап, электронды кітаптармен жұмыс істеуде. Кітапханалардың электронды жүйемен жұмыс істеуі, кітапханалардың дамуын жəне бəсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Кітапхана саласында маркетинг тəсілдерін қолдана отырып, бəсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы рухани бай ұрпақ тəрбиелей аламыз. Еліміздің салауаттылығын арттыру, ел болашағының дамуының белгісі.

Оставить комментарий

Загрузка...