Қазақстанның латын əліпбине көшуі

Елбасы Н.Ə. Назарбаев 2013 жылы Халыққа Жолдауында «Қазақ алфавитін 2025 жылдан бастап, латын графикасына көшіру үшін дайындықты осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпарат тіліне айналдырады» – деді. Қазақ жазуы қоғам дамуының заманауи талаптарына лайық болу үшін латын графикасына көшу елдік, мемлекеттік деңгейдегі проблемаға айналды. Əлемдегі елдердің 70 пайыздан астамы латын тілін қолданады. ХХІ ғ. латын тілі – технология, ақпарат, коммуникация тіліне айналып отыр. Бұл латын тілінің экономикалық тиімділігін айқындайды. Еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілшілері осы мəселені қозғап, орыс жазуына негізделген қазақ жазуының əліпбиінен латын əліпбиіне көшу туралы жазған еді. Сол кезде кей ғалымдар көне түрік жазуын қолдаса, кейбіреулері Қытай, Моңғолия, Иран, Түркия, Ауғанстан мемлекеттерінде тұрып жатқан қандас бауырларымыздың араб жазуына негізделген қазақ жазуын қолданып жүргенін ескеріп, араб графикасына негізделген қазақ жазуын қолдаған болатын. Дегенмен де, сол кездің өзінде-ақ латын жазуына негізделген əліпбиді қолдағандар басымырақ болғаны жасырын емес. Бүгінде бұлардың қатары көбеймесе азаймағаны анық.

Кейінгі тарихқа көз салсақ, Қ. Күдеринованың көрсетуінше, латын əліпбиінің алғашқы жобасы 1927-1928 жж. «Еңбекші қазақ», «Лениншіл жас», «Тілші» газеттерінде 24 əріп, 1 дəйекшемен жарияланды. Бұл алғашқы əліпби сол кездегі А. Байтұрсынов жасаған əліпбимен бірдей болды жəне өте дұрыс əзірленіп, жасалған əліпби еді, себебі теориялық база бірден-бір дұрыс еді. Латын əліпбиін енгізу əлі ерте деп Мəскеудегі жиналыста айтқанымен, латын жазуына негізделген қазақ жазуының жобасын Н. Төреқұлов 28 əріп бойынша əзірледі. 1929 жылы Қызылордада Т. Шонанұлы, Е. Омаров, Қ. Кемеңгеров, Қ. Жұбанов, Е.Д. Поливанов, т.б. қызу талқылаған конференцияда бұл əліпби жетілдірілді. Латын жазуына көшу баяу жүргеніне қарамастан, 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын əліпбиіне 29 əріппен көшті.

Қабылданған əліпбидің кемшілігі ретінде ə, ө, ы, ғ дыбыстарының белгілері латын стандартына сəйкес алынбағанын айтуға болады. Осы кезден бастап латын графикасына қазақ тілі көндіге бастады. 1940 жылы қазақ жазуы кириллицаға негізделген графикаға көшірілді. Бұл ауыстыру саяси жағдайға байланысты болды. Б. Əбілқасымов пен Ш. Мəжітаева бұның себебін былай түсіндірді: «1910 жылдардан бастап А. Байтұрсынов араб жазуын қазақ халқының үндестік заңына ыңғайластырып реформалады, оның реформалаған жазуын бірден алу түркі жұрты ең озық жүйе деп таныса да, орыс жазуын бірден алу түркі тілді халықтардың қарсылығын туғызатындығын түсінген орталық уақытша латын жазуын уағыздап, түркі халықтарына алғаш латын жазуын қабылдатты. 1937–1938 жылдардағы қуғын-сүргіннен кейін, зиялы қауымның көрнекті өкілдері атылып, айдалып кеткен соң, латын жазуынан орыс графикасына көшу идеясы көтеріліп, 1940 жылдан бастап түркі халықтары, оның ішінде, қазақтар да орыс графикасына халықтардың тілегі бойынша деген сылтаумен көшірілді.

Читайте также:  Ай неге жерге құламайды?

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев белгілегендей, жаңа əліпбиге көшуге дайындық кезінде 1929 ж. латынға КСРО түрік халықтарының жазу аударым тəжірибесін үйрену қажет, өйткені кейбір осы іс-шараның жүзеге асуының ұйымдастырушылық жəне ғылыми – тəжірибелік жақтарын қазіргі таңда да қолдана беруге болатын еді. Осы жағдайда құнды қайнар көздері 20−40-шы жж. мұрағат құжаттары болып табылады республика мұрағаттарында, сонымен қатар Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатында сақтаулы құжаттардан да табуға болады.

Сонымен қатар, ВКП (б) Қостанай округтік комитеті, ҚКП Қостанай облыстық комитеті, ҚКП жəне ҚЖЛКО, Амангелді, Жангелді, Жітіқара, Обаған ҚКП жəне ҚЖЛКО аудандық комитеттері, Қостанай округтік, облыстық атқарушы комитеттері, Қарабалық, Меңдіқара, Обаған аудандарының еңбекші депутаттар Кеңесі қорларында аймақты ұйымдастыру, мекемелердің іс жүргізуіне жаңа əліпбиді енгізу туралы құжаттар сақтаулы тұр. Латын əліпбиін енгізгеннен кейін бірнеше жыл бойы араб əліпбиін қолдануға рұқсат берілген, бұған мұрағат көздері дəлел болады, сондықтан ХХ ғасырдың 30-шы жылдардың ортасына дейін жоғарыда аталған қорларда араб графикасымен жазылған құжаттар бар, сондықтан жоғарыда аталған құжаттарда араб графикасымен жазылған, ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының ортасына дейін құжаттар бөлігі бар.

Жоғарыда аталған қорлардағы 1929−1940 жылдардағы латын əліпбиін қолдану негізінде қазақ тілінде орындалған құжаттар белгілі қызығушылық тудырады. Бұл Қазақ КСР СНК жəне ҚазОАК, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің директивтері, Қостанай округтік атқару комитеті, облыстық атқару комитеті Президиумының қаулылары, аудандық атқару комитеті Президиумының мəжіліс жəне пленум хаттамалары, Кеңес съезд делегаттарының сауалнамалары, кеңестің ұйымдастырушылық-топтық жұмыстары туралы есептері, жоғарғы органдармен облыстық атқару комитетінің хат алмасулары, сонымен қатар аудандық атқару комитетінің аудандану, колхоз құрылысы, ауыл кеңесіне сайлану, егін жəне астық жинау компанияларын ұйымдастыру, халықтық білім беруді дамыту, қоныс аударушыларды орналастыру жəне т.б. мəселелер бойынша хат алмасулары. Аудан тұрғындарының сайлау құқықтарын қалпына келтіру туралы, колхозшы-озаттар тізімі, Торғай жəне Амангелді аудандары бойынша «Қазақстанға 15 жыл» белгісімен марапатталғандар тізімі, облыс колхоздары төрағалары тізімі, жұмысшылар мен қызметшілердің өмірбаяндары жəне өтініштері бар жеке істері, Обаған ауданы колхоздарының шаруашылық кітабы, колхоздарға жеткіншек – балаларды (14 жастан асқан) тəрбиелеуге қабылдау туралы Меңдіқара халықтық білім бөлімімен, аудан колхоздары, балалар коммунасымен жəне т.б. істерді құрайтын ерекше құжаттар бар.

Читайте также:  Болашақтағы компьютерлер туралы слайд

Қостанай округтік жер басқармасы жерге орналастыру бөлімі, Ақтөбе облыстық жер басқармасы жерге орналастыру Қостанай аудандық бөлімі, «Целингипрозем» жерге орналастыру бойынша мемлекеттік жобалық институты Қостанай филиалы қорларында колхоздардың жер пайдалану (сельхозартель) шектеуін бекіту бойынша құжаттар бар, сонымен қатар колхоз мүшелерінің тізімі, Амангелді, Меңдіқара, Жітіқара, Обаған, Семиозер, Таран, Қостанай аудандары колхоздарын басқару мəжілісінің жəне колхозшылар жиналысының хаттамалары. Қостанай облысының ауыл шаруашылық жəне өнеркəсіп Департаменті қорында колхоздардың жылдық есептері, облыс колхоздары бойынша ауыл шаруашылық мəдениетті саралау барысы туралы, жылқы шаруашылығы фермалары паспорты жəне т.б. бар. «ҚОММ» ММ кітапхана қорында толықтай латын əліпбиі негізінде қазақ тілінде басылған, 1936−1937 жылдардағы «BOLCEBIKTIK GOL» газетінің таптырмайтын нөмірлері бар.

Қазақстан тəуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымының арасында латын əліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы пікірталастар жүргізіле басталды. 2006 жылдың 24 қазанында өткен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ əліпбиін латынға көшіру жөніндегі мəселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Əйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие жəне көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мəселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Əлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек» – деген болатын. Латын əліпбиіне көшірілген көршілес мемлекеттердің тəжірибесін назардан тыс қалдырмауды да осы жиында тапсырған еді. Бүгінге дейін латын қарпіне негізделген жаңа қазақ əліпбиінің дайын 10 нұсқасы бар екен. Ендігісі, тек нақты шешім қабылдау қалды. Солардың бірінешеуін ұсынатын болсақ: 1. Сейдін Бизақов, филология ғылымдарының докторы, профессор өзінің Ана тілі газетіне берген «Емлені ескеруіміз керек» атты мақаласында 41 əріпті құрайтын жаңа əліпбиін ұсыныпты.

Читайте также:  Особенности культуры поведения студентов

Болашақта латын əліпбиіне көшкенде 26 əріппен көшсек қана біз тілімізді өзінің үндесімі заңы негізінде сақтап қала аламыз. Зияткерлік ұлтты қалыптастыруда латын əліпбиіне тек осылай көшу ғана өзінің игі нəтижесін берері сөзсіз. Басында латын əліпбиіне 26 əріп бойынша көшу мынадай қиындықтар туғызатыны анық: 1) өз қазағымыздың өзі бір күнде «сауатсыз» болып қалатындай жағдай туындайды; 2) басқа ұлттардың түсінбестігі туатыны анық; 3) орфографиялық нормалар тұтасымен өзгеретіні барлық халыққа қиындық туғызады; 4) қаражат жұмсалады; 5) жер-су атауларын қайта жазу мəселесі дау-дамай тудырады; 6) бұрынғы тарихымыз, мəдениетіміздің мол мұрасы, кітаптар болашақ ұрпаққа түсініксіз болып қалуы ықтимал.

Сонымен сөзімізді қорытар болсақ, латын əліпбиіне көшу тəуелсіздігіне 22 жылдан астам уақыт өткен жəне халықаралық қауымдастықта беделді орынға ие болған Қазақстанның руханият саласындағы тəуелсіздігін айғақтайтын шара болып табылады. Сонымен қатар, əлемдік технологияда үздік дамыған елдер жəне туысқан түркі халықтарымен етене араласуына мол мүмкіндік береді. Оның үстіне бұл шара Қазақстанның бүгінгі руханиятын дамыту болып есептеледі. Сондай-ақ, ол тəуелсіздікті, əсіресе мəдени саладағы тəуелсіздікті бекемдей түседі. Сондықтан Қазақстан латынға неғұрлым тезірек көшсе, соғырлым ұтымды болмақ.

Оставить комментарий