Қазақстанның саяси­-құқықтық дағдарысқа ұшырауы

Коммунистік­тоталитарлық жүйе, Қазақстанның саяси­-құқықтық дағдарысқа ұшырауы және оның себептері. К. Маркс пролетариат диктатурасы жайында «Между капиталистическим и коммунистическим обществом лежит период революционного превращение первого во второе. Этому периоду соответствует и политический переходный период, и государство этого периода не может быть ничем иным, кроме как революционной диктатурой пролетариата» [Маркс К., Энгельс Ф., Ленин В.И. О диктатуре пролетариата. ­ М.: Изд. политической литературы, 1978. – 74 б.] деп өтпелі кезеңдегі пролетариаттың атқаратын ролін нақтылыған еді. «Кеңес өкіметінің кезекті міндеттері» деп аталатын еңбекте Ленин социализмге өтудің тек жалғыз жолын атап көрсетеді «Было бы величайшей глупостью и самым вздорным утопизмом полагать, что без принуждения и без диктатуры возможен переход от капитализма к социализму. Чем ближе мы подходим к полному военному подавлению буржуазии, тем опаснее становится для нас стихия мелкобуржуазной анархичности. И борьбу с этой стихией нельзя вести только пропагандой и агитацией, только организацией соревнования, только отбором организаторов, ­ борьбу надо вести и принуждением» [Ленин В.И. Очередные задачи Советской власти. ­ М.: Изд. политической литературы, 1985. – 29 б.] деу арқылы өзінің Кеңес өкіметін құру жолында күштеу саясатын қолдайтындығын ашық жария етті. Бұл өз кезегінде мемлекет аумағында қанды қырғынның орын алуына жол берді. Осы пролетариат диктатурасын орнатудың Ленин енгізген жобасы жайлы Бухарин «Быть может, самым гениальным теоретическим построением Владимира Ильича было его учение о диктатуре пролетариата, о ее роли, о ее формах, о ее значении. Здесь товарищ Ленин не только разрабатывал учение Маркса, но и создал целую новую теоретическую школу. Маркс мог в самых острых чертах наметить линию. Ленин завершил это дело» [Бухарин Н.И. Проблемы теории и практики социализма. ­ М.: Издательство политической литературы, 1989. – 180 б.] деген пікір білдіру арқылы марксизм ұсынған пролетариат диктатурасынан Ленин жүзеге асырған пролетариат диктатурасының айырмашылығын көрсетіп береді.

Өзінің «Мемлекет туралы» Свердлов университетінде оқыған дәрісінде Ленин мемлекетке өзінше анықтама береді. Ол мемлекетті бір таптың екінші тапқа деген артықшылығын қамтамасыз етуші машина ретінде қарастырады . Ендігі жерде Ленин жолымен құрылуға тиісті мемлекетте [Ленин В.И. О государстве: лекция в Свердловском университете 11.07.1919 г. ­ М.: Изд. политической литературы, 1980. – 12 б.] пролетариат диктатурасы орнауы арқылы пролетариаттың өзгелерге үстемдігі орнатылады. Осылайша таптардың бір­бірін қанауы жалғасын тауып, тек олардың орны ауыстырылуы арқылы жаңаша сипаттағы мемлекеттік құрылым өмірге келеді.

Қазақ халқының төңкеріске қатыстылығы жайлы Б. Аяған өзінің еңбегінде «Многие историки, в том числе и казахстанские, в своих трудах пытались доказать, что в революции 1917 года активное участие принимало и коренное население Центральной Азии. Но как показывают более объективные свидетельства – и казахи, и узбеки и туркмени далеко не всегда были солидарны с большевиками. Главным и основным требованием коренных жителей Туркестана в период 1917­1930 годов, да и в более поздний период было требование справедливого к ним отношения и предоставления им автономии, от кого бы оно не исходило: от большевиков или от ставленников Временного правительства» [Аяган Б. Красные и черные. – Алматы, 2005. – 12 б.] деген қорытынды жасайды. Г. Сафаровтың жазбаларына көз жүгірте отырып айтылған ойдың жаны барлығына көз жеткізуге болады, «До февральской революции 1917 года в Туркестане не было мало­мальски широкого революционного движения, за исключением стихийного отклика на революцию 1905­1907 гг. в России, в среде русского пришлого населения» [Сафаров Г. Колониальная революция. ­ Алматы: Жалын, 1996. – 87 б.]. Сондай­ақ ақпан төңкерісінен кейін орнаған Уақытша үкіметтің бұратана халықтардың мүддесін мүлде көздемегенін, керісінше жергілікті халықты келімсектердің ашық қанауына мүмкіндік бергенін осы автор ашына баяндайды: «Семиреченский кулак, с первых же дней революции, оценил развал царской государственности с точки зрения возможности разнуздания всех своих звериных, рабовладельческих и разбойнических инстинктов, которые в нем усилинно укреплялись и развивались царским правительством. И он сразу же воспользовался удобным поводом для того, чтобы повторить 1916 год. С начала революции кулачье стало забирать землю, домашний скарб и даже жен и детей у киргиз, творя над ними чудовищные зверства и жестокости. Роковую роль в этом отношении сыграли слухи о том, что дунгане, бежавшие от погрома 1916 года в Китай, возвращаются в Семиречье. Посланный в Семиречье комиссар временного правительства Шкапский фактически взял на себя руководство этим массовым живодерством, цинично заявив киргизам, что «ни о каком примирении речи быть не может и киргизы должны быть выселены» [Сафаров Г. Колониальная революция. ­ Алматы: Жалын, 1996. – 95 б.]. Бұл тек Жетісудағы орын алған жағдай, дәл осылайша еркінсіген келімсектердің іс­әрекетін «Самодемобилизующийся солдат или впоследствии «красногвардеец» самочинным путем здесь мог захватить больше жизненных благ у местного населения, чем могла ему обещать колониальная администрация, пытавшаяся все же «не терять контакта» с имущими верхами мусульманства, с улемой и баями. О русском переселенце не приходится даже и говорить: начиная с февральской революции он стал хозяйничать в кишлаках и аулах как в своем собственном кармане. Если где и можно говорить о «солдатско­потребительском коммунизме», так это именно здесь, в царской колонии» деп баяндау арқылы, сол кездегі отар халық үшін ақпан төңкерісінің ешқандай да жақсылық әкелмегенін, керісінше, онсыз да езілген халықтың басына есірген келімсектердің әңгір­таяқ ойнатқанын ашық айыптайды. Ол коммунистік партияның Түркістандық қалпы жайлы нағыз шындықты айтып, оның өмірге келуінің тіпті де жергілікті халықтың мүддесімен сәйкес келмегенін дәлелдеді, «Партия же стала организовываться лишь после октябрьской революции. Как это ни парадоксально, в Туркестане не партия большевиков создала советскую власть, необходимость утверждения власти Советов создала здесь партии большевиков и левых эсеров» [Сафаров Г. Колониальная революция. ­ Алматы: Жалын, 1996. – 115 б.].

Читайте также:  Христиандық және мифология

Мәселенің мәніне көз жүгірту үшін Т. Рысқұловтың Түркістан жайлы жазғандарына жүгінелік. Рысқұлов өзінің Түркістан орталық атқару комитетінің кезекті жиналысында жасаған баяндамасында Түркістанда орын алған аштыққа тоқталып, оның себебі ретінде 1917 жылдың жазында құрғақшылық болғандығын, ал қыста жұт болып соның негізінде көшпелілердің аштыққа ұрынғанын сөз етіп, оларға үкімет тарапынан көмектің келмеуіне өз наразылығын білдіреді [Рыскулов Т.Р. Собрание сочинений: в 3 т. ­ Алматы: Қазақстан, 1997. ­ Т.1. – 101 б.]. Жалпы аштық жайлы 1919 жылдың наурызында жасаған баяндамасында келесі деректерді келтіреді: «Трагизм в состоянии этих бедняков достиг, наконец, крайности после того, как были удостоверены случаи буквального поедания человеческого мяса, причем голодные, потерявшие человеческий образ люди рвали друг у друга из рук мешки, наполненные мертвечиной, и утоляли ею зверский голод. Случаи же продажи голодными родителями своих малых детей в полную собственность, т.е. в рабство, баям стали обычным ужасным злом, получившим уже широкое распространение» [Рыскулов Т.Р. Собрание сочинений: в 3 т. ­ Алматы: Қазақстан, 1997. ­ Т.1. – 146 б.]. 1917 жылдың ақпан төңкерісінен бастап қазақ даласында орын алған қызыл қырғыннан қазақ халқының саны ойсырай төмендеді, өлген адамдар санын М. Шоқай кеңестік деректерге сүйене отырып бір миллион бір жүз он төрт мың деп көрсетеді [Шоқай М. Түркістанның қилы тағдыры. ­ Алматы: Жалын, 1992. ­ 75 б].

Қызыл армия жеңіске жетіп, Түркістан жерінде Кеңес өкіметі орнағаннан соң, жергілікті халық кеңес белсенділерінің шабуылына ұшырады, олардың мал­мүлкі талан­ таражға түсіп, өздері қуғынға ұшырады. Осынау сұмдық жағдайдың орын алғаны туралы 6 маусым 1919 жылғы Түркістан Компартиясының үшінші аймақтық съезінде Комиссарлар кеңесінің төрағасы Сорокин өз баяндамасында келесідей жайларды да ортаға салады: «От мусульман отбирают все, и не только отбирают, но и убивают их. Наши солдаты вместо защиты несут грабежи и убийства, они убивают, скрывая следы. В кишлаках население терроризовано и бежит. И растут шайки разбойников. Но, быть может, возразит кто­нибудь, это не партия, а Красная армия чинит насилия. Но партия стоит во главе. Мусульманский пролетариат просит помощи у русских, но те отвечают, что не доверяют им. Мусульман травят, мусульман даже расстреливают…» [Рыскулов Т.Р. Собрание сочинений: в 3 т. ­ Алматы: Қазақстан, 1997. ­ Т.1. – 181 б.]. Жоғарыда келтірілген Кеңес өкіметін орнатушы революционерлер келтірген деректерге сүйене отырып, шындығында да түркі халықтарының кеңестік билікті күтпегенін, керісінше одан іргесін аулақ салып, өздігінше дербес өмір сүруді қалағанын ғана көре аламыз.

Читайте также:  МАҢҒЫШЛАҚ ОБЛЫСЫ

Лениннің саяси аренадан кетіп, оның орнын Сталиннің алуы кеңестік саяси жүйеге үлкен өзгерістер әкелді, «Исторически необходимый после Ленина поиск форм и методов строительства нового общества вылился в жесткую идейную и политическую борьбу. Сталин умело сыграл на революционном нетерпении масс, на свойственных всякому массовому движению утопических и уравнительных тенденциях, на стремлении авангарда к скорейшему достижению желанной цели. Все это очень сужало возможности творческого обсуждения возникающих проблем, альтернатив, вело к унификации, при которой уже не оставалось место для разнообразия мнений и взглядов на основе марксисткой теории и в рамках партийной программы. Идея социализма все теснее сближалась с образом авторитарной командно­бюрократической административной системы» [Горбачев М.С. Социалистическая идея и революционная перестройка. ­ М.: Политиздат, 1989. – 13 б.].

Сталиннің билікке келген кезінің алғашқы жылдарында большевик көсемдері өздерінің мемлекеттің ары қарай кеңестік жолмен дамуы жайлы бағдарламаларының жобасын ортаға салып, талқылаулары орын алып тұрды. Соның бірі жаппай колхоздастыру идеясы болды, бұл жайлы партияның көсемдерінің де пікірлері бір ортадан шыға қойған жоқ болатын, осы мәселеде Н.И. Бухариннің ойлары ерекшеленеді. Ол тек билікті ұстап қалу үшін емес, ұзақ жылдарға арналып жасалған нақты саяси жоспар жасаудың қажеттігін айта келіп, кедейлер шаруашылығына арналып құрылмақшы колхоздастырудың онсыз да әлсіз кедей шаруаларды одан ары титықтатып, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіретіндігін ескертеді. Ал өз тарапынан барлық шаруаға тиімді болатын ауыл шаруашылық кооперативтерін ашу арқылы кедей шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсете отырып жалпы ауыл шаруашылығының жағдайын көтеруді ұсынады. Ол бұл турасында «Раньше мы в той или иной форме отнимали у зажиточных, у кулаков, и отдавали отнятое беднякам, т.е. зажиточных делали более бедными, и таким образом достигали, как это было, например, во время комбедов, известного поравнения. Теперь же будет другое, а именно: все быстрее будут вылезать из нищеты крестьянин­середняк и бедняк при помощи своих кооперативных организаций, пользующихся особым покровительством, особыми льготами, особой поддержкой, материальной и всякой иной, со стороны государственной власти рабочего класса» [Бухарин Н.И. Путь к социализму. ­ Новосибирск: Наука, 1990. – 45 б.] деген ойларын ортаға салды. Бірақ, Сталиндік колхоздастыру идеясы мемлекетте жүзеге асырылды және оның салдары қазақ халқы үшін өте үлкен болды. Әсіресе қазақтардың большевиктер билік құрған алғашқы жылдардан соң одан ары қырылуына себеп, қазақ даласын басқаруға келген жаңа басшыға да байланысты болды. «1920 жылдардың екінші жартысынан коммунистер қазақ оқығандарының ішіндегі алашорда зиялыларына қарсы саяси күресті өршітті. Коммунистік партияның саясаты мен идеологиясын Қазақстанда тұрақты орнатуға БК(б)П Орталық комитетінен Ф. Голощекин арнайы жіберілді» [Махат Д. Кеңестік әміршіл­әкімшіл бюрократтық басқару жүйесі мерзімді басылым беттерінде // Алаш. ­ 2006. ­ № 1 (4). ­ 118 б.]. Голощекин өзі келе салысымен жаңа бастамалар көтеріп, өзіне дейінгі қызмет жасаған билік өкілдеріне сын көзбен қарады. «В декабре 1925 года состоялась 5 Краевая партконференция. В отчетном докладе крайкома, с которым выступил направленный на работу в Казахстан Ф.И. Голощекин, прежнее руководство обвинялось в сохранении пастбищно­кочевой общины, ставилась под сомнение положительная работа партийных и советских органов, проделанная в Казахстане. Ф.И. Голощекин и второй секретарь Казкрайкома И. Курамысов категорично утверждали, что в ауле действительной Советской власти нет, а есть «в полной мере экономическое и политическое господство сильных родов и бая» [Котов А. От автономии – к реальному суверенитету // Горизонт. ­ 1990. ­ 4 августа. ­ 5 б.]. Ф. Голощекин Қазақстанда Сталиндік негізде, өзгеше социалистік саясат жүргізуге ұмтылды және өз идеяларын жүзеге асыруда қазақ халқының мүддесін ескерген жоқ. Бұл турасында Т. Ағдарбеков «Административно­командные методы управления страной, утвердившиеся в 30­е годы негативно отразились на этом процессе. Они явились причиной экономического отставания, застоя национальной советской государственности, накопления нездоровых тенденций в сфере национальных отношений в республике и в стране в целом» [Агдарбеков Т.А. Проблемы национально­ государственного строительства в Казахстане. ­ Алматы: Наука, 1990. ­ 39 б.] деген пікір білдіреді. Өз халқына қасақана түрде қарсы жүргізіліп отырған саясатқа халқын сүйген ұлдары қарап отыра алмады, большевиктер арасынан да ұлттың мүддесін көздеушілер табылды. Оған мысал ретінде С. Сәдуақасұлының сөздерін келтіре кетсек, «Осы күнде еліміз астан­кестеңін шығаруды күтіп отырған жоқ. Тыныштық түріндегі жемісті жұмыс күтіп отыр елді қорғап қалатын нәрсе, жаңадан болатын кәмпеске емес, еңбек, білім болмақ… Мен кейбіреулермен сөйлесіп жай­күйімізге көз жіберіп қарасам, төбе құйқам шымырлайды. Өйткені кейбіреулер арсалаңдап, октябрь жүргізу керек деп айқайлайды… Менің ойымша бұл көбік ауыздықтан басқа ешбір пайда әпермейді. Әрине электр көбірек тараса, трактор көп берілсе, міне, осы қазақ ауылына деген социалдық жолы болар еді… Ешбір марксистік әдебиетте езілген ұлттардың өлексесі арқылы мәдениетті елдердің жұмысшы табы коммунистік тұрмысқа жетеді деген емес» [Лепесов С. Ұлт мәселесіндегі уклондарға қарсы. ­ Қарағанды: Қазақстан баспасы, 1931. ­ 65 б.]. Сонымен қатар С. Сәдуақасұлы Голощекиннің Қазақстанды аграрлық мемлекет ретінде біржақты дамыту мақсатына қарсы болып, шикізаттың өзі өндірілген жерінде өңделіп, дайын тауар ретінде нарыққа шығарылуы идеясын көтерді, осы турасындағы ойын «Ұлттар және ұлт өкілдері туралы» деген мақаласында былай сабақтайды: «Шаруашылықты пайдалы болсын десек, өнеркәсіп орындары шикізат өндірілетін жерлерге мейлінше жақын болуға тиіс. Осы жерде баз біреулер белгілі бір ауданда өнеркәсіп орындарын салу үшін онда шикізатпен бірге жұмыс күші және отын көздері де болуға тиіс қой деген уәж айтуы мүмкін. Бұған жауап – Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстанның қолында түгі жоқ миллиондаған кедей­кепшіктері, Қазақстан жеріндегі тас көмір мен мұнайдың миллиардтаған пұт қоймалары» [Сәдуақасов С. Ұлттар және ұлт өкілдері туралы // Егемен Қазақстан. – 1993ж. 28 мамыр. ­ 2 б.]. Алайда, Сталинге арқа сүйеген Голощекин өз алдына қойған мақсаттарына жетіп, идеяларын іске асыра алды. Ф. Голощекиннің «Кіші Октябрь» идеясы қазақ халқы үшін нағыз зұлмат әкелді. «Кіші Октябрь бағыты жергілікті халыққа қарсы жасалған, оларға азап әкелген, соңы зұлматқа ұласқан әртүрлі науқандар арқылы жүргізілді. Құйтырқы тәсілдер арқылы жеке меншік иелерін олардың ата­бапасынан қалған байлықтарынан, меншіктерінен, мал­мүліктерінен айырды. Оларға бұрын­соңды естімеген зорлықтар жасалды, Кеңес өкіметінің өз беделіне нұқсан келтіретін, адамгершілікке сыймайтын заңсыз әрекеттерге жол берілді. Бұл бағыт жергілікті халықтың мүддесіне мүлдем қайшы келді. Ол ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі шаруашылықты, қазақ халқының байырғы тұрмыс­тіршілік болмысын дереу өзгертуді талап етті» [Қуандық С. Қазақстандағы «Кіші Октябрь» бағыты: бастауы, барысы және салдары (тарихи­саяси талдау): тарих ғыл. д­ры … автореф. – Алматы, 2002. – 10 б.]. Голощекин геноцидінің салдарынан 1930­33 жылдары ашаршылықта өлім­жітім және ауа көшу салдарынан Қазақстанның ауыл халқының саны 3 млн. 379,5 мың адамға кеміп кеткен. Мұны 1937 жылғы Бүкілодақтық санақтың алғашқы мәліметтері де растайды. Сондай­ақ жүргізіліп отырған саясатқа халық наразылығы да арта түсіп, көптеген жерлерде Кеңес өкіметіне қарсы бас көтерулер көптеп орын алған, бірақ, Кеңес өкіметінің жазалаушы отрядтары оларды аяусыз қырып­жойып отырған. Мысал ретінде Тақтакөпір, Батпаққара, Созақ, Адай көтерілістерін келтіруге болады [Омарбеков Т. Қазақтар шыбындай қырылып жатыр // Егемен Қазақстан. ­ 1991. ­ 13 шілде. ­ 4 б.]. Қазақтардың өздеріне қатысты жүргізіліп отырған саясатқа мүлдем қарсы болғандығы, оның өз мүдделеріне қайшы екендігін түсініп өз беттерімен қоныс аударулары, тіпті ашынған халықтың қарулы әскерге қарсы көтеріліске шыққаны сол кезеңдегі қазақ халқының кеңестік әкімшілік­әміршілдік билікке тіпті де бас ұрғысы келмегенін көрсетсе керек. Ұжымдастыруға қарсы 1929­1932 жылдары миллионға жуық адамды қамтыған 400­ге жуық бас көтерулер болып өткен [Аяган Б. Красные и черные. – Алматы, 2005. – 30 б.]. 1929­1931 жылдардағы ірі көтерілістер мен толқуларға қатысқаны үшін КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы Мемлекеттік біріккен саяси басқарма органдарының өзі ғана 5551 адамды соттап, оның 883­ін атып жіберді. Қазақстан этностарын қамтамасыз ету жүйесін талқандаған озбырлық күштеу бұрын­соңды болып көрмеген демографиялық апатқа ұшыратты. Қазақ елі аштықтан және соған байланысты індеттерден, сондай­ақ табиғи өлім деңгейінің жоғары болуынан 2 миллион 200 мың адамынан, яғни барлық қазақ халқының 49 пайызынан айрылды [Омарбеков Т. Қолдан жасалған қасірет // Егемен Қазақстан. ­ 1992. ­ 22 желтоқсан ­ 2 б.].

Читайте также:  Философия тарихының мәселелері

Оставить комментарий