Загрузка…

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТАТИСТИКА ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ

2007 жылы БҰҰ-дағы ЕЭК пен БҰҰ-дағы АТМЭӘК тарапынан жүргізілген Қазақстанның статистикалық жүйесін ауқымды бағалау баяндамасына сәйкес: «Қазіргі таңда Қазақстанның Статистикалық Жүйесі жоғары стандарттарға ие және халықаралық ұсыныстар мен ақыл-кеңестерді орындауға тырысады. Ұлттық Статистикалық офис болып табылатын Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінде (ҚРСА) барлық маңызды халықаралық статистикалық сыныптамалар қолданылады. Бұл саладағы жаңа сыныптамалардың енгізілу мерзімі, әдетте, екі жылдан аспайды, бұл мерзім кез келген дамыған мемлекеттегі қалыпты қарқынға сәйкес келеді. Орталық Азия аймағында Қазақстанның Ұлттық Статистикалық Офисі жақсы жұмыс стандарттарының үлгісі, Ресми Статистика мен халықаралық желінің Іргелі Қағидаттарының жолын ұстаушысы болып табылады». Сонымен қатар баяндамада Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі Австралияның Статистика Бюросымен салыстарғанда қызметке қызметкерлер санын көбірек алатыны туралы айтылады. Бірақ соңғылары Қазақстанның агенттігіне қарағанда халықтың едәуір үлкен бөлігін сапалы әрі маңызды статистикамен қамтамасыз етеді. Сарапшылар ақпараттық жинау жолдарын тиімді жаңарту мақсатында алдағы жылдары ҚРСА-ның қызметкерлер құрамын өзгертуге және тек қана мемлекеттік басқарумен шектелмей, басқа да аймақтық өкілдерді статистикалық ақпараттарды тарату шараларымен таныстыруға кеңес берді. Аналитикалық және зерттеу жұмыстарының артуы ҚРСА орталық аппаратының және оның аймақтық органдарының құрылымын оңтайландыру ретінде қарастырылады. Бұл мақсат орталық аппарат қызметкерлері (186) мен аймақтық офис қызметкерлерінің (4040) санын салыстырғанда анық көрінеді.[1] Агенттіктің статистикалық әлеуетін күшейту жөніндегі нақты кеңестердің қысқа мазмұны Ауқымды бағалаудың қысқа мазмұндамасының 30 бөлімінде және толық түрдегі мазмұны баяндаманың негізгі мәтінінде берілген. Агенттіктің орталық аппаратының әлеуетін күшейту жөніндегі халықаралық сарапшылардың ұсыныстары Үкіметтің әлемдік қаржы жағдайында 2008 және 2009 жылдары мемлекеттік органдар санының жалпы штаттық лимитін қысқартуына қарамастан бірте-бірте жүзеге асырылды. Мәселен, 2008 жылы Агенттік территориалдық органдардың штаттық санын 364 бірлікке қысқартып (негізінен, ауылдық деңгейдегі статистиктердің вакансиялары есебінен), орталық аппараттың штаттық санын 64 бірлікке (250 бірлікке дейін) арттырды. Нәтижесінде, жалпы штаттық лимит 300 бірлікке қысқартылды. Кейінірек 2009- 2010 жылдары орталық аппараттың саны тағы да 10 бірлікке арттырылды, ал территориалдық органдардағы вакансиялар 206 бірлікке қысқартылды. Бұл шаралар Агенттіктің Алматыдан Астанаға көшу кезіндегі тежелген салаларын дамытуына арналған жұмыстарды әрі қарай жүргізуге және 2007 жылы Қазақстан статистикалық жүйесіне ауқымды бағалау баяндамасында берілген халықаралық сарапшылардың басқа да ұсыныстарын жүзеге асыруға жол берді. Ауқымды бағалау кезінде сонымен қатар 2007 жылдың қазан мен 2008 жылдың қаңтар аралығында Әлемдік Банктің қолдауымен 2015 жылға дейінгі мерзімдегі Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің Статистикалық мастер-жоспарының дайындығы жүргізілді. 2010 жылдың сәуір-маусымында статистикалық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейту Бағдарламасының (STATCAP) ІІ-b кезеңі шегінде Қазақстанның Әлемдік Банктен қарыз алуға дайындық жұмыстарын жүргізу кезінде бұл құжат нақтыланды. Бұл құжаттағы « Қазақстан Республикасы статистикалық жүйесінің қазіргі жағдайы» атты 2 бөлімнің қорытындысында біздің жүйенің бір жылда 300-ден аса басылымдарды шығаратын ауқымды жобаға ие екеніміз туралы айтылады. Соңғы он жылда ҚРСА халықаралық қағидаттар мен стандарттарды енгізу бойынша өте прогрессивті жұмыс істеді. Қазақстан өз аймағында бірден-бір статистикалық жүйе орнатқанмен, қазіргі таңда оны Қазақстанның экономикасы мен қоғамының жедел даму қарқындарына сай келетін әлемдік одан деңгейге көтеруге қажетті мүмкіндіктер бар. 131 Қазақстанның статистикалық жүйесінің мақсаты мен ұзақ мерзімді стратегиялық бағыттары. Енді 2010-2015 жылғы мерзімге арналған Статистикалық мастер-жоспарға сәйкес Қазақстанның статистикалық жүйесінің даму перспективаларын қарастырып өтейік. Олар Қазақстанның статистикалық жүйесінің стратегиялық мақсатына негізделеді. Мақсаттың мәні—халықаралық стандарттарға және әлемдік тәжірибеге сай жиналған және талданған нақты және сенімді ақпаратпен қазақстандық қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру. Статистикалық жүйенің міндеті бұл мақсатқа барынша толық дәрежеде қол жеткізу. Стратегиялық мақсат БҰҰ-ның бірінші негіз болушы қағидатымен тұжырымдалған, оған сәйкес ресми статистика мемлекеттік басқару органдарын, экономиканы және халықты экономикалық, демографиялық. әлеуметтік, экологиялық жағдай жөніндегі статистикалық көрсеткіштермен қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің ажырағысыз компоненті болып табылады. Стратегиялық мақсатқа БҰҰ-ның барлық негіз болушы қағидаттарын орындаған кезде ғана қол жеткізіледі, яғни оған қоса кәсіпқорлық, ғылыми әдістеме, қағидаттарын қолдану, статистикалық мәлімметтерді дұрыс емес қолдануға және талдауға түсініктеме беру, әкімшілік мәліметтерді қоса түрлі қайнар көздері бар мәліметтерді қолдану, бастапқы мәліметтердің құпиялылық, статистиканың нормативтік ережелерінің жариялылық, статистика саласындағы барлық мемлекеттік органдар іс-әрекеттерінің келісімділік қағидаттарын , халықаралық тұжырымдаларды, сыныптамаларды, әдістерді, сонымен қатар екіжақты және көпжақты халықаралық әріптестікті қолдану қажет болып отыр.[2] Статистикалық мастер-жоспар қазақстандық статистиканы жетілдірудің алты ұзақ мерзімді бағыттың сипаттамаларынан құралған (А-F). Негізгі екпін статистиканың жекелеген салаларын дамытуға емес, жалпы инфрақұрылымды құруға бағытталған. Осы бағыттардың қысқаша мазмұнын қарастырып өтейік: А. Статистикалық жүйенің институционалды және операциялық құрылымның жақсартылуы. Бұл компонент ҚРСА-ның статистика саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты және Қазақстанның статистикалық мәліметтерге деген қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған бағдарламаларды тұжырымдау, келістіру және енгізу бойынша мүмкіндіктерді күшейтуге бағытталады. Осылайша, бұл компоненттің мақсаты—ҚРСА әрекеттерінің тиімділігін арттыру мақсатында құқықтық және ұйымдастырушылық құрылымдарды жетілдіру. Жүйе ішіндегі әрекеттердің келісімділігі күшейтіледі, ал статистикалық ақпарат жақсы таралатын болады. ҚРСА-ның орталық аппараты мен оның аймақтық бөлімшелері арасында жұмысты оңтайландырумен қатар статистикалық мәліметтерді өңдеудің ықпалдастық жүйесін құру арқылы жүйе одан сайын тиімді жұмыс жасайтын болады. Нақты қызмет көрсетулердің сапасы мен стандарттарын басқарудың бағдарламалары енгізіледі, бұл ҚРСА-ның жұмыс мәдениетін жоғарылатады. Әрбір қызметкердің жұмыс орнындағы еңбек үлесі қадағаланатын және бағаланатын болады, бұл ҚРСА басшылығына ресурстарды тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Ішкі үдерістер рационалданады және статистикалық мәліметтерді өңдеу үдерісінің айқындылығы қамтамасыз етіледі. В. Ақпараттық пен коммуникациялық жүйесінің және материалдық инфрақұрылымның дамуы. Бұл компоненттің мақсаты—статистикалық үдерістің толық циклін қамтамасыз ететін статистикалық мәліметтерді өңдеудің ықпалдастырылған жүйесін жақсарту. Мұның шегінде сұраулық құру, тексеруді ұйымдастыру, таңдау параметрлерін анықтау, метамәліметтерді әмбебап ету негізінде оптикалық таныту, өзгерту, импъютациялау, агрегаттау және таралу жолымен мәліметтерді оқу үшін ықпалдастырылған бағдарламалық өнімдердің жиыны құрастырылады. ҚРСА-ның ақпараттық базасы басқа мемлекеттік мекемелердің ақпараттық базаларымен ықпалдасады. Бастапқы ақпараттарды жинау үшін шағын компьютерлерді қолдану енгізіледі. Респондеттерден ақпаратты қабылдай алатын есептіліктің онлайн мен телефондық колл-орталықтардың жүйесі дамытылады. 132 Бұл компонент сонымен қатар аймақтық офистердің қазіргі стандарттарға сай материалдық инфрақұрылымын жақсартуға бағытталады. Жекелей алғанда, ішкіофистік және офисаралық коммуникациялық желілер жаңғыртылады, ал серверлер мен офистік құрал-жабдықтар жаңартылады, осыған керекті ғимараттар жөнделеді және қайта жабдықталады. С. Кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту. Жалпылама түрде , бұл бағыт бойынша негізгі міндет—адамдық ресурстарды басқарудың барлық аспектілерін жақсарту. Яғни, персоналды тиімді басқару әдістері, мансапты дамыту және қызметкерлерді тағайындау бағдарламалары енгізіледі. Мамандарды оқыту бағдарламалары да күшейтіліп, үйлестіріледі. Тренингтерге деген қажеттіліктер анықталады және оның негізінде персоналдың біліктілік деңгейін арттыру бойынша стратегия құрылады. Перспективті қызметкерлер шетелдік тағылымдарға жіберілетін болады. D. Статистикалық инфрақұрылымның, стандарттардың және әдіснамалардың жақсартылуы. Бұл компоненттің мақсаты— статистикалық құрылымның тіркелімдер, сыныптамалар, стандарттар, әдістер сияқты негізгі элементтерді жақсарту. Негізінен, статистикалық тіркелім жұмыс істемейтін кәсіпорындарды айқын анықтауға және үлкен кешенді кәсіпорындардың сипатын толық көрсетуге мүмкіндік беретін процедураларды енгізу арқылы жетілдіріледі. Тұрғын-үй қорының тіркелімі құрастырылып, қолданысқа енгізіледі. Ұлттық негізгі сыныптамалар осы сияқты іспеттес халықаралық стандарттарға сәйкес өзгертіледі. Статистикалық көрсеткіштердің сөздігі мен глоссариі құрастырылады. Сұраулықтарды құрастыру технологиясы жетілдіріледі, ал оған сай құрастыру стандарттары дайындалып, ендіріледі. Іріктемелерді жүргізу әдісі де жақсартылады және бірыңғай зерттеулердің белгілі бір саны іріктемелі әдіске ауыстырылады. Маусымдық түзету әдісі енгізіліп, статистикалық көрсеткіштердің уақыттық қатарлары құрылады.Метамәліметтер жаңартылады. ҚРСА-ның аналитикалық мүмкіндіктері арттырылады, бұл өткізілетін талдау сапасының және сәйкес басылымдардың артуына әкеледі. Статистиканың түрлі салаларына қатысты ерекше көрсеткіштерді есептеу әдісі жақсартылады. Е. Респонденттер мен қолданушылар арасындағы байланысты күшейту. Берілген бағыттың мақсаты—статистикалық нәтижелерге деген қолжетімдік деңгейін жоғарылату, респонденттердің жүктемесін төмендету, мәліметтерді қамтамасыз ету процедураларын оңтайландыру және қолданушылармен, респонденттермен орнатылатын кері байланыс механизмін жетілдіру. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін статистиканың жекелеген салалары жөніндегі сараптамалық топтарды құру, статистикалық кеңестің мүмкіндіктерін белсенді түрде қолдану, қолданушылар мен респонденттерге арналған электронды on-line форум орнату арқылы қолданушыларға берілетін кеңестер әдісі жақсартылады. Респонденттермен қарым-қатынас орнату жөніндегі саясат қалыптастырылады және оған қатысушы барлық субъектілердің міндеттері мен құқықтары айқындалады. Респонденттерге түсірілетін жүктеме тұрақты түрде өлшеніп отырылады және оны төмендету іс-шаралары ойластырылады. F. Статистиканың нақты салаларындағы әдіснама мен тәжірибенің дамуы. Берілген компоненттің жалпы мақсаты—барлық автономды зерттеулерді және қайтақұрылымдау және/немесе жаңа инфрақұрылымның артықшылықтарын пайдаланумен байланысты тұрақты жетілдіру арқылы әкімшілік мәліметтердің жиынтықтарын жақсарту. Нақтылап айтатын болсақ, белгілі бір статистикалық көрсеткіштерді есептеу бойынша бағдарламалар жетілдіріледі, бұл кезде олардың мәні, қолжетімділігі, сыртқы ортаға жауап беру, өзгертілу сипатаммалары есепке алынады. 3. Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің институционалды құрылымын алдағы уақыттағы жетілдіру іс-шаралары. Агенттіктің орталық аппаратының әлеуеті біртіндеп күшеюіне қарамастан, Агенттіктің орталық аппаратының штаттық санының шектеулігіне байланысты оның құрамында әлі де болса төмендегі статистикалық іс-әрекеттердің бағыттарын дамыту бойынша жеке бөлімшелер жоқ. Осындай бағыттар қатарына: 133 Ұлттық шоттар көрсеткіштерінің үйлесімін табуын қамтамасыз ету мақсатымен макроэкономикалық модельдеу ; Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасын қысқа мерзімді болжамдауын қамтамасыз ету мақсатымен конъюктуралық зерттеулерді қолдану; Экологиялық статистика ; Энергетикалық статистика ; Өзара сауда статистикасы; Көлік және байланыс статистикасы; Ғылым мен байланыс статистикасы; Тауарлық нарықтардың статистикасы; Туризм статистикасы; Демографиялық есептеулер (арнайы есептемелердің көрсеткіштерін және сонымен бірге жалпы және қызметтік демографиялық болжамдарды қоса есептегенде); Гендерлік статистика; Жаңа мыңжылдық табалдырығындағы даму мақсаттарының және орнықты дамудың индикаторларын құрудың қамтамасыз етілуі; өмір сүру деңгейінің статистикасы; метамәліметтерді жүргізу; статистикалық көрсеткіштердің әлеуметтік-экономикалық талдауы; ақпараттық жүйелердің дамуы мен интеграциясы; мемлекеттік тілдің ендірілуін қамтамасыз ету; персоналдың оқытылуын қамтамасыз ету. Агенттікті институционалды күшейтудің тағы бір бағыты 1998 жылға дейінгі жұмыс істеген және бюджеттік қаржыландырудың тапшылығынан жабылған статистикалық зерттеулер институтын жаңғырту болып табылады. Институттың жаңғыртылуы Қазақстандағы статистикалық әрекеттің ғылыми-аналитикалық сипатын күшейтуге мүмкіндік берер еді.[3] Агенттік ішінде ғылыми зерттеу институның құрылуы мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық дамуының мониторингін жүзеге асыруға, статистикалық бақылаулар нәтижесінде алынатын статистикалық талдауды (дисперсиялық, кластерлік, факторлық, т.б.) жүргізуге мүмкіндік берер еді.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar