ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Тәуелсіздік алғаннан бергі 20 жыл ішінде өткен жолымызды саралап, жеткен жетістігімізді бағалап, әсіресе, мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің қалыптасуы мен даму мәселесін жіті зерттеп-зерделеу бүгінгі күні аса маңызды болып табылады. Қазақстан өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқықтық негізін қайта құру қажет болды. Және де осы бағытта қыруар жұмыстар істелді. Мемелекеттің экономика, әлеуметтік-саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, мемлекетті басқару, елді қорғау, сыртқы саясат салдарын реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтыр қабылданып, жүзеге асырылуда. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында Республика экономикалық, әлеуметтік кедергілерге тап болды. Мемлекеттiк басқару моделiн таңдау, оның демократиялық институттарын айқындау, халық билiгiн iске асыру механизмдерiн жасап шығуда да мұндай қиыншылықтар кездесіп жатты. Мiне, осы қиындықтардың бәрi де Республиканың құқықтық жүйесiн құру процестерiн сырт айналып өтпедi. Бұрынғы Кеңестiк республикалар секiлдi Қазақстан да өз тәуелсiздiгiн жариялағаннан кейiн, өз заңнамасы жоқтығына қарамай, қажеттi реформалар жүргiзуге кiрiстi. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік туралы заңы қабылданған күннен бастап-ақ тәуелсіздіктің қиын жолын бастан кешті. Жоспарлы экономика мен тоталитарлық коммунистік жүйенің шаруашылығы мен басқару құрылымдары да, құқықтық жүйесі де пайдалануға келмеді. Қолданылып жүрген заңдар болып жатқан өзгерiстерге iлесе алмай, қоғамдық қатынастардың көптеген салаларын iс жүзiнде реттеуге мүмкіндігі болмады. Осы кезеңде, Қазақстан қолда бар заңнамалық базаны реформалап, жетiлдiруге және өзiнiң жаңа құқықтық жүйесiн құруға бағытталған бiрқатар iс-шараларды қолға алды. Ал қазіргі күнгі жетістігіміз, әлем мойындаған мемлекеттігіміз сол бір қиын-қыстау жолдардың, дұрыс ойластырылған саясаттың, салиқалы жүргізілген реформалардың жемісі деп білемін. Бүгінде Қазақстан Республикасы, қазақтың тәуелсіз мемлекеті деген атауымыз бар. Тәуелсіздіктің демократиялық дәстүрі, әлеуметтік негізі, мәдени ортасы, ең бастысы дамыған құқықтық жүйесі бар мемлекет болып қалыптасты. 34 1991 жылы желтоқсанында Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ыдырады. КСР Одағы құрамына кірген одақтас республикалар егеменді, тәуелсіз және дербес мемлекеттер құрды. Кеңестік Социалистік Қазақстан Республикасы жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды. Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып, олар жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады. Оларға жататындар: Қазақ КСР Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң, 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституциялары. Аталған Конституциялық актілер Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құру туралы ойларды алға салды. Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясы. Ол тәуелсіздік кезінде қабылданған Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап бір арнаға салды [1;31-бет]. Міне, осындай Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі өз тәуелсіздігін иеленіп, егемендігін алған кезден бастап қалыптаса бастады. Қазақстанның құқықтық жүйесiн құру мен оны дамытуда қазiр қолданылып жүрген Конституцияның ролi ерекше екенiн атап өткен жөн. Ол шынында да Республиканың бүкiл құқықтық жүйесiнiң түпқазығына айналып, елiмiздiң құқық шығармашылығы дамуына игi ықпал жасады. Конституция Республикада қолданылатын құқықтың жүйесiн баянды етiп, оның ұлықтығы саясатын бекiттi. Республиканың заң шығармашылығындағы мүлде жаңа режимдi – Конституция нормаларының жоғары заңдық күшi мен тiкелей қолданылуы, заңдардың халыққа жария етiлуi, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қатысты нормативтiк- құқықтық актiлердiң мiндеттi түрде жариялануы режимiн орнатты [2]. Қазақстан Республикасының Конституциялық дамуының тарихын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қалыптасуының бірінші кезеңі 1991 жылы 10 желтоқсанда «Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады. Заң конституциялық деп аталмаса да, ол шындығында сондай болды, өйткені Қазақ КСР конституциясына және мемлекеттік егемендік туралы Декларацияға өзгерістер енгізді. Мұнымен бірге мемлекеттік ұйымдастырудың идеологиялық негізі алынды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды, онда Республиканың тәуелсіздігі жарияланып, «Қазақ халқының еркін көрсетіп, қазақ ұлтының өзін айқындау құқығы бекітілді». Бұл Конституциялық заңда алғаш рет тәуелсіздік жарияланып, онда тәуелсіз мемлекеттерге тән элементтер бекітілді: ортақ азаматтық, территориялық мемлекеттік органдардың өзіндік жүйесі, өзіндік экономикалық жүйе, өзінің қарулы күштерінің болуы. Осы енгізілген өзгерістер мен қосымшалардың ешқайсысы одақтың республика Конституциясының егеменді мемлекет конституциясының талаптарына сай келмейтінін көрсетті. Осыған байланысты 1991 жылы маусымда Конституциялық комиссия мен жаңа Конституцияның жобасын дайындауға жұмыс тобы құрылды. Елдің құқықтық құрылысының бастапқы кезеңінде бірінші кезектегі құқықтық құжаттар қабылданды. Он екінші сайланымдағы Жоғарғы Кеңестің депутаттары республикадағы демократиялық үдерістерді жеделдетуге әсер еткен маңызды тарихи шешімдер қабылдады. Айталық, Президент лауазымы тағайындалды, мемлекеттіліктің атрибуттарын мақұлдады. Осы кезеңде ұзын саны 200-ден астам заңнамалық акт қабылданды [3]. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қалыптасуының екінші кезеңі 1993 жылы қаңтарда Жоғарғы Кеңеспен жаңа Конституцияны қабылдаумен басталады. Бұл Конституция Қазақстанның Жоғары Кеңесінің ІХ сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтардағы ХІІ шақырылымында қабылданды. Құрылымы преамбуладан, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрды. Конституция мемлекеттік тәуелсіздік алған күннен бастап көптеген құқықтық нормаларды: халық тәуелсіздігі, билікті бөлу қағидаттары, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекет басшысы ретінде мойындау, сот 35 органдары – Жоғары, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды. 1993 жылғы Конституцияның негізіне парламенттік республика моделі жатады. 1993 жылғы Конституция, бір партиялық саяси басқарудан, монополиялық экономикалық жүйеден, тарихи күш көрсету идеологиясынан бас тартып, Қазақстан қоғамы дамуының оң серпіні үшін өріс ашты. Бұл құқықтық акт Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық құрлысын жаңаша анықтады. Конституция мемлекеттік егемендік жарияланған кезеңнен бастап қабылданған көптеген құқықтық нормаларды, конституциялық заңдардың принциптері мен идеяларын қабылдады. 1993 жылғы Конституция 1978 жылы Қазақстанның КСР-ның кейбір жағдайларын сақтап қалды, мысалы, жоғарғы кеңес бір палаталы өкілетті және заң шығару органы болып қалды, бірақ енді барлық билікті қамтыған орган болмады. Жергілікті өкілетті орган ретінде кеңестер сақталып қалды. Азаматтардың көптеген құқықтары мен еркіндіктерінің 1978 жылы Қазақ КСР-нің Конституциясында жарияланған жағдайлар мен идеяларды сақтап қалды [4;19-бет]. Мұнымен бірге 1993 жылы Конституцияның бірқатар қайшылықтары да болды. Қазақстан Республикасы «қазақ ұлтын өзіндік айқындаушы мемлекеттік форма ретінде» жариялады, сондай-ақ қазақ халқы Республиканың мемлекеттік билігінің жалғыз көзі деп бекітілді. Осыған байланысты мемлекеттік егемендіктің негізінде қазақ ұлтын айқындауда қиындықтар туындады. Конституцияда алғаш рет «зайырлы және унитарлық мемлекет» түсінігі қолданылды, ол діни ұйымдар мемлекеттерінен бөлінгендігін және ҚР аумағында саяси, сонымен қатар мәдени автономияны құру мүмін еместігі көрсетілді. Конституция қарама-қайшылық пен ұстамдылық жүйесін қолдана отырып билік тармағы арасындағы өзара әрекеті туралы жағдайды бектті. 1993 жылы 10 желтоқсанда республиканың жоғарғы кеңесі Президентке уақытша заң шығару өкілеттілігін берді. Ол бойынша Конституциялық соттың қаулысына сәйкес Президент әдеттегі заңдармен қатар конституциялық заңдық күші бар қаулылар қабылдау құқығы берілді. Жоғарғы Кеңестің мұндай шешімін Конституцияға енгізілген өзгерту мен толықтыру деп бағалауға болады, өйткені 1993 жылы Конституция мұндай мүмкіндікті қарастырмаған. Конституциялық заңдардың қалыптасуының үшінші кезеңі 1995 жылы Конституцияны қабылдаумен байланысты. Онда енді КСРО мен Қаз КСР- ның Конституциясы мен заңдары болмады. Заңдарды конституциялық нормаларға сәйкес келтіру заң шығару органының міндеті. Президенттік басқару жүйесі бекітілді, қос палаталық Парламент нығайтылды, Конституциялық сот Конституциялық кеңеспен ауыстырылды және ол енді сот органы болмады. Сот жүйесі реформаланды, құқық қорғау органдары қайта құрылды. Бұл кезең әлі жалғасуда. Негізінен президенттік басқару жүйесінде бекітілген жоғарғы және жергілікті мемлекеттік билік органдарын қайта құру аяқталды. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамдық демократиялық процестерді орнықтырады. Жалпы халықтық дауыс берумен өз еркін білдіре отырып, қазақстан қалқы жаңа Конституция қабылдады. Сол себепті Конституцияны халық пен мемлекет арасындағы, олардың өз ара қарым қатынастары мен мемлекеттік құру тұсындағы ортақ қағйдаларын бекітетін құқықтары мен міндеттері туралы шарт деп, толық сеніммен айтуға болады. Қазақстан халқы 1995 жылдың 30тамызында өткен референдумда Республиканың жаңа Конституциясын қабылдады. Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемлекет тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Өз даму жолында Қазақстанның бұрынғы социалистiк жүйеден бас тартып, өркендеудiң бiз үшiн жаңа үлгiсi – нарықтық экономикаға бет бұрғаны баршаңызға мәлiм. Осы тұста Қазақстан Республикасының Конституциясы нарықтық экономика институттары пайда болып, дамуына үлкен ықпал еттi. Республиканың экономикалық дамуының негiздерiн белгiлейтiн 36 Конституция нормаларын iске асыра отырып, заңдарда кәсiпкерлiкпен еркiн айналысу кепiлдiктерi, меншiк нысандарының теңдiгi мен бiрдей қорғалуы, бәсекелестiктi қамтамасыз ету және монополияны шектеу бекiтiлдi. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алған жиырма жыл ішінде еліміздегі қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі заң актілерін толық қабылдап болды. Бұған дәлел ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі №949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы құқықтық саясат тұжырымдамасында атап көрсеткен болатын. Сонымен қатар қолданыстағы заңдар нормаларының кемшіліктерін түзеп толықтыру және оны қоғамдық қатынастардың барынша маңызды салаларында іске асыру жолымен жетілдіру қажеттігі көрсетілді. Біздің құқықтық жүйемізде әлі де болса кемшілік тұстары бар. Егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді баянды етер саяси және құқықтық жаңартулар енгізу барысында біз негізінен тұрмысы алдыңғы қатарлы шетел мемлекеттерінің тәжірбиесі және үлгісіне көп еліктедік, соларға арқа сүйедік. Бұл бастапқы кезде бір жағынан, дұрыс та еді. Өиткені өркениетті елдердің тарихынан, тағылымынан үйрену ешқашан да артық етпейді. Дегенмен, осы «еліктеу кезеңі» ұзаққа созылып кеткендей, ал кейінгі кездері ол жалтақтауға, жарамсақтануға айналып бара жатқандай. Қанша құнды болғанымен шетел тәжірбиесі, оны тұтасымен өз елімізге көшіріп алу мүмкін емес. Әсіресе, мемлекет құрылысы және құқық жүйесі саласында. Сондықтан, қазіргі таңдағы басты міндет өз халқымыздың мемлекеттік және құқықтық тарихына, табиғатына және болмысына назар аудару, соны танып біліп, олардың жаңа дәуірінде жаңа деңгейде дамуына жол ашып, жағдай жасау. Себебі өркениетті елдердің өнегесінен үиренеміз деп жүріп біз өз халқымыздың өзіндік саяси болмысы, құқықтық жаратылысы бар екенін ұмытпауымыз керек. Тәуелсіз жаңа мемлекетіміздің және құқықтық жүиеміздің негізінде солар жату керек екенін естен шығармағанымыз дұрыс болмақ. Тіптен, өзіміз үлгі тұтып жүрген батыс Европа мемлекеттері, Америка елі құқықтық өмірлерінің саласынды жүргізілер өзгерістер ең бірінші тарихи тұрғыдан келеді. Олардың мемлекеттік құрылымы, құқық сот жүиелерінде дәстүр, тарих сабақтастығы үлкен рөл атқарады. Ағылшындар әлі күнге дейін өз елдерінде 1215 жылы қабылдаған «Еркіндік жайлы партияның» қолданатындығын мақтаныш етеді [5;224-бет]. Біз де өз тарихымызды, дәстүрімізді қолдана білуге үйренуіміз керек. Себебі әр халықтың дүниені қабылдау, түйсіну, қорыту ерекшеліктері мен тығыз байланыста болыды. Демек, олардың тарихи түп тамырларын бастау алып жатады және имандылық, ар-намыс, ұят секілді жанды да тұнық сезімдеріне, ұғымдарына барып тіреледі. Ал, бұл түсініктер, ұғымдар қайта-қайта өзгере бергенді қабылдамайтын ұлт жанының берік қамалдары. Мемлекет, заң жүйесі түптеп келгенде адам жанының қорғаны болуы үшін жаратылады. Сондықтан да, олар өз міндеттерін тиісті деңгейде атқаруы үшін сол халықтың жан дүниесінің тарихи болмысынан, ерекшелігінен айырылмауы керек, әркез өз құрылымын, сипатын соларға сай түзетіп отыруға тиіс. Қазақстанның қазiргi заңнамасы халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей танылған принциптерi мен нормаларымен қатарласа, үндесе дамып келедi. Яғни, Республиканың құқықтық жүйесiн әлемдiк құқықтық кеңiстiктiң негiзгi өлшемдерiне бiрте-бiрте бейiмдеу үрдiсi жалғасуда.

Читайте также:  Сакральді ғылым және қарабайырланған ғылым

Оставить комментарий