Қазақстанның тұңғыш сенаторы

Сәбит Әбішұлы, Нұрлыхан Бекбосынов, Әбіш Кекілбайұлы, Өмірзақ Озғанбайұлы — бұлар кешегі соғысқа кетерде әкелері маңдайларынан құшырлана, ақтық рет сүйіп қоштасқан жарым көңіл, жарты жетімдер еді. Олар балалық, дегеннің не екенін білмей, аналарының ғана көз қуанышы болып қалды. Бір өңірде өндірдей болып өсіп, ер жетті. Өздерін етегі елпі, жеңі желпі болып жүріп ер жеткізген аналарының қолдарын жылы суға малды. Маңырап отыққан жетім қозы қотаншыл болса, бұлар Отаншыл, орташыл, елшіл, жершіл, көпшіл болып өсті. Туған халқының мәртебесін үстеп, мерейін толтырды. Мен бұдан бұрынғы жазған бір кітабымды осындай асыл ағаларымның Аналарына арнаған едім. Ендігі еңбегім осы аты аталған ағаларымның соғыстан қалған көңіліндегі қоңылтақтарын көрікті де көңілді көңіл тақтарымен толтырған, шаңырақтарын биік, керегелерін кең, әулеттерін ұлды­қызды еткен, оң жақты ажарлы, сол жақты базарлы еткен жақсы жеңгелерім — Ақсыңдар. Ақырыс, Клара, Ажар (марқұм), Нұрияшқа арнадым. Ақ жеңгелер, бұл еңбегім сендерге деген құрметім болсын!

Читайте также:  Жаңа дүниежүзілік тәртіп

Оставить комментарий