Қазақстанның құқық жүйесінің ерекшеліктері жайлы

Мемлекет және құқық теориясында құқық жүйесі және құқықтық жүйе деген екі бір­ бірімен тығыз байланыстағы санат қалыптасқан. Құқық жүйесі деп белгілі бір мемлекет аумағында қалыптасқан құқық нормаларының өз реттеу пәніне қарай институттарға, салаларға біріктірілу арқылы жүйеленуін түсінеміз. М.М.Рассолов құқық жүйесінің келесідей бөліктерін атап көрсетеді: құқық нормасы, құқық саласы, құқық подотрасль, құқық институты, құқықтың субинституты [2, 231 б]. Әр мемлекеттің құқық жүйесі сол мемлекеттің жүргізіп отырған саясатының көрсеткіші бола алады, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын сипаттайды. «Система права формируется не только как нормативная основа деятельности организаций, трудовых коллективов, личности, различных форм демократии, но и становится интегративным инструментом. Суть интегративного начала, заложенного в системе права, проявляется в объединении всех норм права в единое целое с целью сплочения людей на основе принципов справедливости и законности, сохранения и упрочения позитивных общественных отношений, стабилизации складывающихся взаимосвязей внутри конкретных общностей» [10, 241 б].

Кез­келген құқық жүйесі белгілі бір құқықтық жүйенің құрамына кіреді және сол құқықтық жүйе ерекшеліктеріне қойылатын талаптарға сай келеді. Құқық жүйесі мен құқықтық жүйе бір­бірінің дамуына ықпал етеді, өзара сыбайласа дамиды. Құқықтық жүйе тек құқық жүйесін ғана емес сол құқық жүйесімен байланысты пайда болатын құбылыстардың басын біріктіретін ұғым. «Құқықтық жүйе дегеніміз ­ әр мемлекеттерде қалыптасқан құқықтық реттеу және құқықты қолдануда өзіндік сипат пен ерекшеліктерге ие болған нормалардың, құндылықтардың, көзқарастардың, ерекшеліктердің жиынтығы» [1, 98 б]. Бұл екі санат бір­бірін толықтырып отырады, бірақ, құқық жүйесі мемлекетте орын алған құқықтық реформалар негізінде кейде бірнеше құқықтық жүйенің элементтерін бойына сіңіруі мүмкін. Бұған мысал ретінде қазақстанның құқық жүйесін келтіре аламыз, бүгінгі күні еліміздің құқық жүйесі романо­германдық құқықтық жүйеге кіреді, тіпті, кеңестер кезеңінде де социалистік құқықтың өзі сол патшалық Ресей аумағында қалыптасқан романо­германдық құқықтық жүйенің негізінде жасалған болатын. Сол себептен социалистік және романо­германдық құқықтық жүйелерде сырттай ұқсастықтар сақталып қалды, екі құқықтық жүйеде де құқық нормасы ортақ жүріс­тұрыс ережесі ретінде танылды, социалистік құқықтық жүйеде ескі заң терминдері мен құқықтың салаларға бөлінісі де сақталып қалды. Әйтсе де, социалистік құқықтық жүйенің өзгешеліктері басым болғандықтан ол өзінше дербес құқықтық жүйеге айнала алды. Социалистік құқықтық жүйені қалыптастыруда екі тәсіл қолданылды, біріншіден, жаңа құқықтық қайнар­көздер жасалынды; екіншіден, ескі құқықтық қайнар көздерді оларға жаңа әлеуметтік мән мен маңыз беріп пайдаланды [Рене давид қарау керек б].

Соиалистік құқықтық семьясы бұрынғы «социлистік лагерь деп көпке дейін аталып келген елдердің құқықтық жүйелерінен құрылған. Олардың өзіндік ерекшеліктері болған, ол таптық сипаттығымен байланысты болып келді. Социалистік құқықта жалғыз, әрі ең негізгі қайнар көзі нормативтік­құқықтық актілер болып есептелінді. Бұлар ең алдымен еңбекшілердің, артынан партияның басшылығымен халықтың мүддесі мен еркін көздейді деп көп жылдар бойы уағыздап келді. Тіпті нормативтік құқықтық актілердің өздері де «социализмнің» тұғырынан шыға алмай партиялық­мемлекеттік органдардың мүддесіне сай қабылданған құжат [5, 102 б].

Читайте также:  ХУСАМ АД-ДИН АС-СЫҒНАҚИДЫҢ «АТ-ТАСДИД ФИ ШАРХ АТ-ТАМХИД» ЕҢБЕГІНІ

Тәуелсіздік алған соң еліміз нарықтық экономикаға көшкендіктен социалистік құқықтық жүйеден романо германдық құқықтық жүйеге өтуде ешқандай қиындық болған жоқ. Нарықтық экономикаға көшу нәтижесінде еліміздің құқық жүйесін қалыптастыруда романо­германдық құқықтық жүйедегі мемлекеттердің нақты қоғамдық қатынастарды реттеудегі тәжірибесі кеңінен қолданылып, жаңа сипаттағы заңнама қалыптастырылды. Бірақ, жеке мемлекет болғандықтан, жаңа құқық жүйесін қалыптастыру жайлы тың идеялар да қоғамда орын алып отырды. Еліміз тәуелсіздік алған уақытта жаңа құқық жүйесін қалыптастыру мәселесі өткір болған тұстарда ұлттық бағыттағы заңгерлер құқық жүйесіне қзақтың әдеттік құқығының элементтерін кіріктіру мәселесін көтерген болатын. Сол кезеңде қазақтың біртуар ғалымы С. Өзбекұлы алғаш рет 1991 жылдың қаңтарында «Азат» газетінің № 1 санында өзі жасаған Қазақ Республикасының Конституциясының жобасының мәтінін жариялап, талқыға салған еді. Жобаның 12­ бабына сәйкес, Қазақ республикасының заңдары жергілікті халықтың дәстүрі, әдет­ ғұрпы мен демографиялық ерекшеліктері негізінде қабылданады [8, 204 б]. Бірақ, қаншама ұсыныстар болса да мемлекет ұлттық заңнаманы қалыптастыруда қазақтың ділі мен ұлттық ерекшеліктерін ескеріп, жаңаша сипаттағы шешімдер қабылдай алмады. Бұл мәселе бүгінгі күні де өз өзектілігін жоя қойған жоқ.

Еліміздің ұлттық құқықтық жүйесі роман­германдық құқықтық жүйесіне кіретін болса да онда өзіндік өзгешеліктер де бар. Соның бір көрінісі ретінде азаматтық кодекстің 3 бабының 4 тармағын келтіруге болады. Бұл бапқа сәйкес, азаматтық қатынастар, егер әдеттегі құқықтар, соның ішінде іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелінуі мүмкін [6, 4 б]. Азаматтық кодекске берілген түсіндірмеде осы бапқа келесідей түініктеме беріледі: «Под обычаями, понимаются правила поведения, сложившиеся в данной местности или в данной этнической (социальной) группе населения по поводу имущественных или личных отношений, охватываемых в общей форме гражданско­правовым регулированием. Обычаи делового оборота – это правила, сложившиеся при осуществлении предпринимательской деятельности. Статья 3 гражданского кодекса допускает применение обычаев (обычаев делового оборота) при условии, что они не противоречат законодательству либо договору. Таким образом, обычаи подчинены законодательству и носят диспозитивный характер» [9, 35 б]. Бұл мысал арқылы ұлттық құқықтық жүйенің жалпы құқықтық отбасынан нақты мәселелерде өзгешелене алатынына көз жеткізе аламыз.

Соңғы жылдары ғалымдар құқықтық жүйелерді жіктеуде өз ұлтының немесе туысқан халықтардың ертеден қалыптасқан құқығының ерекшеліктерін басшылыққа алып құқықтық жүйелерді бөліп қарастырады. Мысалы, С.Өзбекұлы дүниежүзілік құқықтық жүйені беске бөліп қарастырады: мұсылмандық құқықтық жүйе (діни), роман­германдық құқықтық жүйе, англо­саксондық құқықтық жүйе, дәстүрлік құқықтық жүйе, көшпелі өркениетінің құқықтық жүйесі [1, 98 б]. Ресейлік ғалым М.М.Рассолов болса құқықтық жүйелерді кейпіне қарай ұлттық құқықтық жүйе, құқықтық отбасылар, құқықтық жүйелер тобы деп қарастырады және келесідей құқықтық отбасыларды атап көрсетеді: англо­американдық, роман­германдық, дәстүрлік, мұсылмандық, үндістік, славяндық. Автор үндіс құқығының кезінде англо­саксондық құқық көлеңкесінде қалғанын жоққа шығармайды, ал, славяндық құқықтың роман­германдық құқықпен байланыстылығын атап өтеді [2, 237 б]. Жалпы, құқықтық жүйе көптеген мемлекеттерде қалыптасқан ұлттық құқықтық жүйелердің басын біріктіретін ұғым болғандықтан, авторлардың тарапынан ұсынылған пікірлерге келіспеушілік білдіруге болады. Ал, көшпелі өркениеттің құқықтық жүйесін, славяндық құқықтық жүйе мен үндіс құқықтық жүйесін ұлттық құқықтық жүйе деп айқындау дұрысырақ болар еді. Ұлттық құқықтық жүйенің басты ерекшелігі сол ол белгілі бір мемлекет аумағында қалыптасады, сол мемлекетте жүргізіліп отырған саясатқа қатысты дамиды және белгілі бір тарихи жағдайлар шеңберінде нақты құқықтық отбасының ерекшеліктерін бойына сіңіреді. Кей кездері ұлттық құқықтық жүйе толығымен жаңа құқықтық отбасының қарамағына өтсе (мысалы, қазақтың әдеттік құқығы), кей кездері өзіндік ерекшеліктерін сақтап қалуы мүмкін (мысалы, үндіс құқығы). Бірақ, ұлттық құқықтық жүйелер нақты құқықтық отбасына өзгеріс енгізе алмайды, олар тек өз аумақтарында ғана сол құқықтық отбасы шеңберінде өз ерекшеліктерін сақтау арқылы әрекет ете алады.

Читайте также:  Анархизм және социализм

Биылғы жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында құқықтық жүйеге қатысты да біраз мәселе көтерілді, Президент әсіресе құқық қорғау саласына қатысты заң нормаларына жаңаша сипат беру қажеттігін ерекше атап өтті. «Жаңа онжылдықта біз өзіміздің экономикалық жоспарларымыздың табыстарын дәйекті саяси жаңғырту арқылы бекемдеп, саяси жүйемізді жетілдіруді жалғастырамыз. Және мұнда құқықтық реформа маңызды рөл атқаратын болады. Біз құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша байыпты жұмыс жүргізуге тиіспіз. Бүгінде, өкінішке қарай, біздің барлығымызға тиімсіз басқарудан, құқық қорғау органдары функцияларындағы жанжалдан, тиісті кадрлық жұмыстың болмауынан, сондай­ақ ел құқық қорғау жүйесі қызметінде мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалар анық көрінеді. Бұл сектор өткен жүйенің көптеген кем­кетіктерін сақтап қалған. Біздің жүйемізде жазалау айыптары 5%­дан аз болса, түзеу жұмыстары – 0,4%­ды, қоғамдық жұмыстар 0%­ды құрайды. Жазалаудың негізгі түрі бас бостандығынан айыру болып қалып отыр. Ешкім қамау орындарынан босағандарды оңалтумен айналыспайды. Осының салдарынан олар қылмыскерлер қатарын толықтыруда. Мен реформалардың бірнеше жалпы бағыттарын бөліп көрсетер едім. Бәрінен бұрын, құқық қорғау жүйесін оңтайландырып, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін түзу керек. Біздің заңдарымызды ізгілендіріп, олардың сапасын арттыру қажет. Құқық қорғау жүйесінің қызметінде екпін ішкі ведомстволық мүддеден азаматтардың құқы мен мемлекеттің мүддесін қорғауға қарай ауыстырылуы тиіс. Бізге парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды қамтамасыз ету керек болады, сондықтан әрбір құқық қорғау органының қызметінде есептілік пен бағалау жүйесін жетілдіру талап етіледі. Нәтижеліліктің өлшемі сандық көрсеткіштер емес, азаматтардың, заңды тұлғалар мен шетел инвесторларының сенімін арттырудың индикаторы болатын жұмыс сапасы болуы тиіс. Басқаша айтқанда, жаңа онжылдықта бізге демократиялық мемлекеттегі құқық қорғау қызметінің жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жаңа құқық қорғау жүйесі қажет» [3, 6 б]. Әрине, мемлекеттегі құқық жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдірілуі қажет­ақ, дегенмен, дербес мемлекет болғандықтан, ондағы мемлекет негізін құраушы ұлттың ұлттық ерекшеліктерін негізге алып заң нормаларын қалыптастыратын уақыт жеткен секілді, әсіресе, бүгінгі күні еліміздің құқықтық саясатында аталып өткен салаларда ұлттық сипаттағы заңдар қабылдау уақыт талабы болып отыр. Осы құжатта жергілікті өзін­өзі басқаруға қатысты келесідей мәселе алға қойылады: «Развитие гражданской инициативы тесно связано с вопросами местного самоуправления. Этот институт, находящийся на стыке государства и гражданского общества, также требует своего укрепления и развития. В частности, необходимо с учетом накопленного опыта проводить не только разграниечение функций государственного управления и местного самоуправления, но и широко привлекать органы местного самоуправления к участию в реализации государственных функций, имеющих местное значение [4, 4 б].

Читайте также:  Хиджаб киген әйелдің ұстанымдары мен күнделікті тәжірибесі

Жоғарыда аталған құқықтық саясат тұжырымдамасының қылмыстық құқыққы қатысты бөлігінде келесі мәселе көтеріледі: «Важнейшим направлением развития уголовного права является определение возможностей поэтапного сокращения сферы применения уголовной репрессии путем расширения условий освбождения от уголовного наказания, прежде всего по отношению к лицам, не представляющим большой общественной опасности (несовершеннолетним, лицам, совершившим неосторожные преступления, к иным лицам – при наличии смягчающих обстоятельств) [4, 9 б].

Елімізде билер сотының атқара алар мүмкіндіктері турасында академик С.З.Зиманов «Билер әділ соты үстем болған арада талай ғасырлар өткеніне, қоғамдық саяси өмірде түбегейлі өзгерістер болғанына қарамастан бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасының сот жүйелеріне билер әділ сот үлгілерін, номинациясын кең түрде енгізу төңірегінде пікірталасы жиі күн тәртібіне қойылуда. Біз үшін осы мәселенің қабылдануы немесе қабылданбауы маңызды емес. Ең маңыздысы – билер әділ сотының ел өміріндегі тарихи орнын мойындау, оның бүгінгі қазақ мемлекетін демократияландыру саясатында құнды қызмет атқара алатын мүмкіндігі болып табылады» [7, 26 б]. Бүгінгі күні Қазақстан үшін ең маңызды мәселе құқық жүйесіне өзгерістер енгізу арқылы өзіне тән ұлттық құқықтық жүйе қалыптастыру болып отыр. Ұлттық құқықтық жүйенің басты өзгешелігі онда қолданыстағы заңнамамен қатар тарихи қалыптасқан құқықтық жүйе, құқықтық тәжірибе мен құқықтық идеология қатар жүреді. Яғни, еліміздің нақты ұлттық заңнамасын қалыптастыру үшін тарихи негізде, ұлтымыздың сан ғасырлардан келе жатқан құқықтық нормаларын осы заманға сәйкестендіріп айналымға енгізу қажет.

Оставить комментарий