ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖӘНЕ ЕУРОПА ЕЛДЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ

Өткен жылы азаматтық сот ісін жүргізуді реттейтін басты нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің /1/ (бұдан әрі – ҚР АІЖК) нормалары елеулі өзгерістерге ұшырады. Бірінен кейін бірі қабылданған бірнеше құқықтық актілермен, яғни Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 227-ІV /2/, 14 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 230 –ІV /3/, 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 241 –ІV /4/, 2010 жылғы 5 ақпандағы № 249 – ІV /5/ Заңдарымен ҚР АІЖК – не көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Аталған Заңдарға сәйкес ҚР азаматтық іс жүргізу құқығының көптеген институттары өзгерді, себебі «Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру» атты бөлімін ғана қоспағанда, ҚР АЖІК-нің барлық дерлік келесідей бөлімдерінің бөлімшелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді: соттылық; сот құрамы; қарсылық білдіру; іске қатысушы тұлғалар; сотта өкілдік ету; дәлелдемелер және дәлелдеу; сот шығындары; мәжбүрлеу шаралары; іс жүргізу мерзімдері; бұйрық арқылы іс жүргізу; талап қою, талап қоюды қамтамасыз ету, істі сотта қарауға әзірлеу; сотта іс қарау; сот шешімі және оны атқару тәртібі; арызды қараусыз қалдыру; сот ұйғарымы; хаттамалар; ерекше талап қоюмен іс жүргізу; ерекше іс жүргізу; сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізу; халқаралық процесс. ҚР АІЖК жаңа «Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық тәртіппен шағымдану және наразылық беру» атты 42-1-тарау, «Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу» атты 42-2-тарау, «Шет мемлекеттің және оның меншігінің юрисдикциялық иммунитеті» атты 46-тараулармен толықтырылды. Сонымен қатар осы кезге дейін «Мәжбүрлеу шаралары» деп аталып кеткен ҚР АІЖК-нің 9-тарауы «Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу және жауаптылық шаралары» деген жаңа атауға ие болып, тұтас тарау нормалары жаңа редакцияда берілді. Азаматтық істердің соттылығы елеулі өзгерістерге ұшырады. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың және ҚР Жоғарғы Сотының соттылығын белгілеген ҚР АІЖК-нің тиісінше 28, 29-баптары алынып тасталынып, олардың бірінші саты ретінде қарап шешетін істерінің барлығы аудандық және оларға теңестірілген соттарға беріледі. Демек, аудандық және оларға теңестірілген соттардың соттылығы кеңейді, бірақ олар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 59-бабының 8-тармағында және 66-бабының 3-тармағында, сондай – ақ «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңының 13-бабының 5-тармағында көзделген істерді мәні бойынша қарап шеше алмайды. Бұл істерді ҚР Жоғарғы Соты қарап шешеді және осы істер бойынша шығарған шешімі түпкілікті болып табылады /6, 7/. Кезінде соттылығы ҚР АІЖК-нің 28- бабының 3-бөлігінде белгіленген мамандандырылған қаржылық соты туралы ережелер мамандандырылған соттарға азаматтық істердің соттылығын реттейтін ҚР АІЖК-нің 30- бабына көшірілді. Сөйтіп, облыстық сот деңгейінде болған қаржылық соттың мәртебесі аудандық сотқа теңестірілді. Сонымен қатар облыстық және оларға теңестірілген соттардан қадағалау сатысы жойылып, оның орнына кассациялық саты құрылды, ҚР Жоғарғы Сотынан апелляциялық саты алынып тасталды. Осылайша, қазіргі таңда ҚР сот жүйесін құрайтын соттарда келесідей сатылар жұмыс істейді: ҚР Жоғарғы Соты – қадағалау сатысы, жалпы отырыс; облыстық және оларға теңестірілген соттар – апелляциялық және кассациялық сатылар; аудандық және оларға теңестірілген соттар – бірінші саты. ҚР АІЖК-не 2009 жылғы 10-желтоқсандағы № 227- IV ҚР заңымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулардағы басты жаңалықтардың бірі кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізудің жаңа ережемен қайта енгізілуі болып табылады. ҚР АІЖК мен азаматтық істі қарау барысындағы өзгерістерінің басты элементі ретінде- пікірдің бірінші саты сотына ұсынылу міндеттілігінің арнайы белгіленуі, апелляциялық та, кассациялық та саты соттарында шағымға немесе наразылыққа қарсылықтың орнына пікірдің жазылатындығы, қадағалау саты сотында пікірді жазуға болатындығының алғаш арнайы бекітілуі (ҚР АІЖК-нің 169, 169-1, 340, 383-9, 395-1- баптары). Аталған сатыларға пікір бірінші, апелляциялық, кассациялық сатыларда сот отырысы басталғанға дейін, қадағалау сатысында ҚР Жоғарғы Соты өтінішті немесе наразылықты қарауды басталғанға дейін онымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, сот белгілеген мерзімде жіберіледі. Іске қатысушы тұлғалардың талап арызға, апелляциялық немесе кассациялық шағымға, наразылыққа, қадағалау тәртібімен сот актісін қайта қарау 15 туралы өтінішке немесе наразылыққа пікір жазу мүмкіндігінің ҚР АІЖК-де белгіленуі ҚР АІЖК-нің 15-бабында белгіленген тараптардың айтысуы (ҚР АІЖК-де осылай берілген, дұрысы, жарыспалығы – Д.Э. ) қағидасының жүзеге асырылуына ықпал ететін болды. Қазіргі кезде Еуропа мемлекеттерінде Азаматтық іс жүргізу жоғарғы деңгейде өз басымдықтарымен алда тұр. Біздің мемлекеттіміздегі Азаматтық Іс Жүргізудегі басты проблема атқару тәртібімен орындалуы тиіс шешімдерге сәйкес орындалмай отырғанында болып отыр. Енді Еуропа мемлекеттерінің азаматтық іс жүргізу құқығына тоқталайық. Германия мемлекетіндегі азаматтық іс жүргізу құқығына қарастыратын болсақ: Бұл мемлекетте Азаматтық іс жүргізу құқығы және заңы өзгермейтін болып табылады, себебі 1877 жылы Әділет Заңы қабылданып, қазіргі Азаматтық іс жүргізу заңы әлі күнге дейін сақталып отыр. Ең алғашқы Азаматтық іс жүргізу заңы қабылданбастан бұрын Империяның қалануы 1870-1871 жж. орын алып, бүкіл Германияның аумағына саяси тұрақтылықпен азаматтық іс жүргізу құқығының бір формасының енгізілуне әкелді. 1877 жылдары қабылданған азаматтық іс жүргізу құқығы сол заманында либералдық кодификациямен мойындалған болса, қоғамдық көзқарастардың өзгеруіне байланысты, қазіргі таңда азаматтық іс жүргізу заңын және жүйесін өзгертудің қажеттіліктері туындады. Міне, осы жағдайға байланысты Ф. Клейннің идеяларын еске алумыз қажет, оның ықпалы арқылы жаңа Австриялық азаматтық іс жүргізу құқығының жүйесі 1895 жылы пайда болды. Бұл құқықтық жүйенің кемшіліктеріне байланысты сот процессіндегі қиыншылықтар өте көп болды. Азаматтық іс жүргізу заңының және жүйенің жыл сайын өзгеруі тек сот процессін жеңілдету мақсатында орын алған. Өзгерістердің арқасында бұл құқық саласында қағидаттарды ұстану мызғымас жүйенің қалыптасуына әкелді. Сонымен қатар, азаматтық іс жүргізудегі мерзімдерді белгілеу, сот алдында шынайы түсініктеме беру және көптеген міндеттемелермен құқықтарға ие болудағы үлкен көрніске ие болып, 1976 жылы тараптарға көптеген міндеттемелердің жүктелуіне әкеліп соқтырды. Сот билігінің мызғымас жүйесінің қалыптасуы № 139 Азаматтық іс жүргізу заңында сот ісін дұрыс талқылауға және дәлелдемелерге сүйене отырып шешім қабылдауға, істердің мән-жайын анықтауға да мүмкіндіктер көбейді бұл ГФР заңының өзгертулер мен толықтырулар арқасында орын алып отыр, бұл әлі ылғи қарастырылатын мәселелердің қатарында болады және қазіргі сәтте бұл азаматтық іс жүргізудің дамуының қортындысы болып отыр. Парламент комиссиясымен АІЗ реформаланған жобасы 1999 – 2001 жылдар аралығында жасалды, сол заң азаматтық іс жүргізу құрылымын түбегейлі өзгертті және соған байланысты үлкен наразылықтардың және пікір таластың орын алынуына әкеліп соқтырды. Реформаланған АІЗ 2001 жылдың шілде айының 27 жұлдызында жарияланды, ал 2001 жылдың 1 қаңтарында заңды күшіне енді. Азаматтық іс жүргізу заңы ГФР 5-бөлімнен құралған. Дауларды шешудің көптеген шараларды қолдану процессі тиімді қолданыста болып отыр. 2-бөлімде 1-инстанцияны күшейту мәселесі қарастырылған. Үшінші бөлімде апелляцияның құрылым жүйесін нығайту, ал төртінші бөлімде меншіктік және жеке құқықтық жүйе қарастырылады. Енді, немістердің заң шығарушы органдарының ең басты көңіл аударып отырған мәселелері көптеген арыздар мен ұжымдық құқықтағы арыздарды қарастыру және олардың шешілу жолдарын ықтималды түрде шешімін табуына көмектесу. Ұжымдық қорғалу жүйесін қалыптастыру және олардың құқықтары мен мүдделерінің жоғарғы деңгейде қорғау. Азаматтық іс жүргізу құқығы бұрындары да үлкен пікір таластар мен өзгерістер орын алып отырады. ГФР Азаматтық іс жүргізудегі ерекшеліктер атқару өндірісінің орындалу деңгейі жоғары. Ал қысқаша Финляндия мемлекеттіне тоқталатын болсақ, бұл жерде құқықтық жүйе скандинавия және еуропалық дәстүрлерге негізделген. Сотта іс жүргізу заңы 1734 жылдан бері қалыптасып, өз деңгейіне жетті. Соңғы он жылда азаматтық іс жүргізу өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұған себеп болған жаңа технологияларды қолдану және электронды жүйемен ақпаратты жіберу жүйесі қалыптасқан/8/. 16 Голландия мемлекетінде 2002 жылы азаматтық іс жүргізу құқығы маңызды реформа жүйесі қалыптасты. Реформаның ерекшелігі биліктегі декреттің қолдануы және азаматтық процессте санкцияның қолданылу мүмкіндігінің болуы. Бұндай реформа азаматтық іс жүргізудің тиімді жүзеге асырылуына көмектеседі/9/. Венгрия мемлекетінде советтік құқықтық институттар болған, бірақ қазіргі таңда олар герман-австриялық жүйенің құндылықтарына ауыстырды. Бірақ көптеген мемлекеттер англо-амерекандық азаматтық іс жүргізу жүйесіне қарай ауысу үстінде. Қорытындылай келе, ҚР АІЖ құқығындағы атқару өндірісінің орындалу процессін қадағалауды қалыптастыру керек, сонымен қатар сот істерін жете бағалап, дәлелдемелердің дұрыс бағытта қолданылуын қарастыру қажет. Соттың азаматтық іс жүргізудегі орнын қайта ойлап табудың қажеті жоқ, себебі жүз жыл бұрын ол анықталған болатын деп Геза Мейгяари: «Он должен быть способным предоставить стороне правовую защиту, хочет он того или нет, но от него не должен зависеть, как осуществлять руководство судебными процедурами и как долго эти процедуры должны продолжаться». Әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының 13 шілде 1999 жылғы № 411-1 Азаматтық іс жүргізу кодексі. 2. ҚР 10 желтоқсан 2009 жылғы № 227-4 «ҚР Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы. Егемен Қазақстан. 2009ж. 22 желтоқсан. 3. ҚР 11 желтоқсан 2009 жылғы № 230-4 «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы. Егемен Қазақстан. 2009 жыл.22 желтоқсан. 4. ҚР 20 қаңтар 2010 жылғы № 241-4 «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы. Егемен Қазақстан.2010. 3 ақпан. 5. ҚР 5 ақпан 2010 жылғы № 249-4 «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің және оның меншігінің иммунитеті, аралық соттар және халықаралық, коммерциялық төрелік қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы. Егемен Қазақстан.2010 жыл, 13 ақпан. 6. Қазақстан Республикасының 28 қыркүйек 1995 жылғы № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы. 7. ҚР 2 қараша 1995 жылғы № 2592 «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңы. 8. Сакари Лаукканен – начальник Департамента в Судебном управлении Министерства юстиции Финляндии, доцент Университета Турку, Университета Йонсуу, и Технического университета Лаппенранта. Перевод английского выполнен аспирантом кафедры гражданского процесса юридического факультета МГУ им. М.В. Ломоносова Д.А. Грибковым. 9. К.Х. Ван-Рее – профессор, доктор юридических наук, юридический факультет Маастрихского университета, Нидерланды. Перевод выполнен аспиранткой кафедры гражданского процесса юридического факультета МГУ им. М.В. Ломоносова.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar