iRef.kz

Қазақ тілі сабағында студенттердің жазу дағдысын дамыту

Заман талабына орай əрі күнделікті қажеттіліктерге сай туындап отырған көп тілді білу əсіресе, мемлекеттік тілді білу мен оны меңгеру қазіргі кезде өзекті мəселелердің бірі десек қателеспейміз. Осы бағытта біраз əдістемелік -ғылыми еңбектер мен оқулықтар, мақалалар жарық көрді. Барлығының ортақ мұраты мен міндеті -тілді меңгерту, үйрету, қажетті ортада еркін қолдана білудегі тілдік іскерлігін дағдыландыру. Білімнің, дəріс беруде, оқытудың жаңа əдістері мен тəсілдері, бағыттары артуда. Соңғы əдістемелік еңбектерден аңғарғанымыз оқытудың ең тиімді тəсілдерінің бірі- жеке тұлғаға, студенттің өзіне бағытталған білім болып табылады екен. Сабақ барысында да оқытушы барлық ұйымдастырушылық қабілеті мен шеберлігін əрбір студенттің ынта-жігері мен белсенділігін арттыратын, қызығушылығын оятатын іс-əрекеттерге жұмсағанда тиімді əрі жемісті нəтиже беретіні сөзсіз. Тіл оқытуда белсенді қолданылатын рольдік ойындар, интербелсенді əдістер, коммуникативті- бағдарлы оқытумен т.б əдістермен жүзеге асырылады. Оқытушы тілді үйреткенде сөйлесім əрекеттерінің төрт түрін: оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым кешенді түрде қамтығанда өз мақсатына жетеді. Əрбір əрекеттің өз міндеті мен берер пайдасы айдан анық, Оның ішінде жазылым əркетінің орны бір төбе. Жазу арқылы біз студенттің ой өрісінің қаншалықты дамығынын, тіл үйренудегі бағытын анықтап бере алатын болсақ, екінші жағынан жазу дағдысын дамыту арқылы тіл үйренудің келесі яғни жоғары сатысына дамуына алып келетін əрекеттің тиімді түрі.Осы орайда ескерілетін маңызды жайттардың бірі ол жазу дағдысын меңгертуде қазақ тіліне тəн синтаксистік құрылымдары мен стилистикалық ерекшеліктерін, сөздердің сөйлемдегі орны т.б. грамматикалық заңдылықтардың меңгерту мəселесі туындап тұрса, екінші жайт əр түрлі жазба жұмыстарының қандай түрі болмасын( тезис, эссе, мақала, баяндама т.б.) жазу реттілігінің сақталуына назар аудартып игерту. Басты сөздер: тіл, жазу, норма, заңдылық, сөз, сөйлем, норма, ерекшілік. Зерттеу əдістері: Оқытудың дəстүрлі жəне жаңа қөзқарас бағыттарын, интербелсенді əдістерін, студентке бағытталған комуникативті бағдарлы оқыту , сыни ойлау негізінде оқыту т.б. көптеген əдістерді басшылыққа алынып, аналитикалық, дедуктивтік əдістер қолданылды. Нəтижелері: Студенттердің жазу дағдысын қалыптастыру түрлі бағыттағы амал-тəсілдер арқылы жүзеге асырылды, қазақ тілінің грамматикалық заңдылықтары мен нормалары меңгерілуі мен сақталуы қадағаланып бақыланды. Мысалы көптеген тапсырмалардың ішінен оқылымнан кейін жазу дағдысын қалыптастыру төменде келтірілген тапсырмалардың көмегімен жүзеге асырылды. Жазушыға хат Мақала Сыни мақала Сауал қою Оқиға желісін өзгерту Кейіпкердің өміріне өзгеріс Кейіпкердің əрекетіне өзгеріс Тарихи тұлғалардың өмірімен байланысты шығарма жазу. Қорытынды: Студенттердің жазу дағдысын дамыту оқытушы тарапынан үлкен ұйымдастырушылық қабілетті талап ете отырып, түрлі əдіс-тəсілдерді қажет ететін кешенді жұмыс. Қазақ тілінің грамматикалық заңдылықтары мен нормаларын игертуде анықталған маңызды жайттардың бірі — жазу студенттің психологиясымен, ойлау қабілеті мен ой өрісімен тікелей байланысты екендігі. Сондықтан жазу дағдысын дамытқанда, алдымен психологиялық аспектілерді назардан тыс қалдырмай, жазуды дамытуға бағытталған іс-шаралар/ тапсырма, жаттығу, мəтін, грамматика, əдістер/ психологиялық жағына да көңіл беріп, үйлесімділікте ұйымдастырған жөн. 128 Қолданылған əдебиеттер Рубенштейн С.Л. Основы психологии. М.1935 г. Садохин А.П. Межкультурная коммуникация: Учебное пособие. –М.2006 Феофанов М. Психология письма 1930

Пікір қалдыру