ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФАЗАЛЫҚ ЕТІСТІКТЕР

Етістіктердің лексикалық мағынасы амаләрекеттер білдірумен бірге‚ түрлі амалдың орындалу тәсілін де‚ қимылдық сипатын да білдіреді. Осындай бірнеше лексикалық реңктер оның негізгі мағынасымен қабаттасып өмір сүреді. Мысалы‚ «Жүгір» етістігі қозғалу мағынасын білдіреді. Басқа қозғалу етістігі мен айырмашылықтары қозғалудың тездігін білдіреді. Нақ осындай жүгір етістігі мен қатар зырлау‚ аяғы аяғына тимеу деуге де болады. Олардың қосымша мағынасы жағынан айырылып тұратындығы анық. Көмекші етістіктерде мұндай мағыналық реңктер болады. Мысалы‚ отыр‚ жатыр‚ тұр‚ жүр етістіктері көмекші етістік қызметін атқарумен бірге амал-әрекеттің созылыңқылығын да білдіреді. Сонымен бірге отыр мен жатырдың айырмашылығы да бар. Кітап оқып отыр дегенмен кітап оқып жатыр деген де отыр нақтылы осы әрекеттің орындалып жатқандығын білдіреді. Ал жатыр дегенде оқу амалының қазіргі кезде нақтылы болуында анық болмайды. Оқып жатыр дегенде оқу бірнеше күнге созылған амал болса да олар қазіргі кезде оқуы шарт емес‚ олардың негізгі амалы оқу екендігін‚ ол үздік-создық болуы да мүмкін. Жүр етістігі де сондай созылыңқылы амал әрекетті білдіреді. Осы мағынасына қарай оларда нақ осы шақ мағынасы бар дейміз. Оқып жүр дегенде амал-әрекеттің жатырдан да ұзақ болғандығын‚ уақытпен өлшенбейтін‚ бірақ негізгі еңбегі оқу екендігін білдіреді [1]. Етістіктер семантикалық жақтан зерттеу соңғы кездерде қолға алына бастағаны анық. Олар тек толық мағыналы етістіктерді лексика−семантикаға байланысты ғана сөз еткен. 160 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 Ал көмекші етістіктерге байланысты семантикалық зерттеу қолға алынбағаны анық. Тіпті көмекші етістіктерде лексикалық мағына бар ма‚ жоқ па деген сұрау да толық шешілмеген. Көмекші етістіктерге байланысты түркі тілдерінде біршама еңбек етілген‚ бірақ олар тек грамматикалық сипатын анықтауға әрекет еткен. Сондықтан көмекші етістіктердің мағынасы туралы сөз болуы үшін оларды жаңа бағытта зерттеп‚ жаңа жүйеге салу керек. Біріншіден‚ көмекші сөздер дегенде біз көмекші есімдерді‚ көмекші етістіктерді‚ шылауларды көз алдымызға келтіреміз. Біздіңше‚ олар мағынасы жағынан бір деңгейде емес. Екіншіден‚ көмекші есімдер мен көмекші етістіктерді М.Оразов атауыш көмекшілер деп бір топқа жатқызады [2]. Бірақ олардың арасында айырмашылықтар болатындығы анық. Олардың белгілерінің өлшемі бар ма? ‡шіншіден‚ көмекші етістіктер етістіктердің аналитикалық формаларын жасайды‚ ал көмекші есімдер зат есімнің аналитикалық формаларын жасай алмайды. Сондықтан етістіктердің шақ категориясын жасауға себепші болатын аналитикалық формасын жасайды. Мысалы‚ нақ осы шақтың аналитикалық формалары (-ып отыр; -ып тұр; -ып жүр; -ып жатыр)‚ өткен шақтың аналитикалық форматы (ған еді); шартты райдың форматтары (-са еді; -са екен еді); қалау райдың аналитикалық форматтары (-са игі еді; -са иген ді) т.б. Көмекші есімдер жетекші есімдердің (зат есімнің) лексикалық мағынасын толықтырады. Төртіншіден‚ олардың лексикалық мағынасының солғындауын көмекші есімдермен теңестіруге болмайды. Көмекші етістіктердің ішіндегі толымсыз етістігі мен «жазда» сөздерінде болмаса санаулы мәтінде ғана‚ толымсыз мағыналы не көмекші етістік мағынасында қолданылғандығы анықталады. Бесіншіден‚ көмекші етістіктердің мағынасы жағынан тек грамматикалық категорияларға ғана топтастырмай‚ сөзжасам қасиетін де анықтауға болады. Ғылыми грамматикада күрделі етістік деген сөздер тек көмекші сөздермен байланысты болады. Етістіктердің мағынасын семалық жүйесімен байланысты бірнеше топтарға бөлуге болады. Мысалы‚ сөздердің лексикалық семантикалық белгісіне қарай етістіктердің он екі лексика-семантикалық топтарға бөледі. Салттық және сабақтылығына қарай‚ тіркескен есім сөздің тұлғасына қарай бөледі. Сонымен етістіктер амалдың орындалу тәсілімен де‚ орындалу деңгейіне байланысты да топтарға бөлініп жүр. Бұл мәселеде даулы жағдайлар да жоқ емес. Мысалы‚ бір топ ғалымдар етістіктің сипат (вид) категориясына қарай бөлу бар десе‚ екінші бір топ ғалымдар қазақ тілінде (жалпы түркі тілдерінде) сипат категориясы жоқ дейді [3]. Соңғы жылдарда ғылыми грамматикасының авторларының көпшілігі етістіктердің жеке категориясы деп ерекше топ бөліп амалдың өту сипаты категориясын көрсетуде. А.Ысқақов 1974ж. және 1994 жылдарда екі рет баспа көрген оқулығында солай етеді. Мұндай категорияның бар екендігін Н.Оралбаева мен М.Оразовтар мойындайды. Шындығында‚ қазақ тілінде етістіктер арқылы амал-әрекеттің орындалу (не орындалмауы) бір сипатта болмайтындығы: не тез‚ болмаса баяу болатындығын; қысқа мерзімде орындалатын немесе үздік-созылыңқылық; арнайы немесе жол-жөнекей басқа жұмыстармен қабаттаса болатындығын т.б. білдіреді. Сондықтан амалдың орындалу сипатын көрсету көп қатпарлы‚ бірнеше жолмен орындалады. М.Оразов амалдың орындалу сипатын екіге бөледі: а) амал-әрекеттің орындалу фазалары; ә) амал-әрекеттің орындалу тәсілдерін білдіретін формалары деп бөледі. Амалдың орындалу фазаларын білдіретін етістіктер фазалық етістіктер деп аталады да‚ олар төртке бөлінеді: 1) амал-әрекеттің басталуына дейінгі фазалар; 2) амал-әрекеттің басталыну деңгейін білдіретін фазалық етістіктер; 3) амал-әрекеттің болып жатқандығын білдіретін фазалар; 4) амалдың аяқталу фазасын білдіретін етістіктер [4]. Фазалық етістіктер етістіктің лексика-семантикалық топтарының қатарына енбейді. Себебі олар түбір сөздің лексикалық мағынасының құрамына енбейді. Материалдарды салыстырып қарасақ‚ олардың олардың орындалу фазасын білдіретін арнайы синтетикалық формалар жоқ. Сонымен бірге олар синтетикалық категориялардың құрамына да енбейді. Олардың арнайы қалыптасқан аналитикалық формалары бар. Мысалы‚ амал-әрекеттің басталуына дейінгі фазасын білдіру көсемшенің – ғалы‚ –гелі формасына жетекші етістікке отыр‚ жүр‚ жатыр‚ тұр қалып етістігімен тіркесуі арқылы жасалынады. Барғалы жатыр‚ айтқалы отыр‚ жазғалы тұр‚ кеткелі жатыр дегенде‚ біріншіден‚ амал-әрекеттің орындалуын білдірмейді; керісінше‚ әлі дайындалу фазасын білдіреді. Екіншіден‚ етістікВестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 161 тердің шақ категориясының құрамына да енбейді. Егер қалыптасқан қағида бойынша шақ категориясы «іс-қимыл‚ жай-күйдің орындалу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынастарды білдіретін грамматикалық категория» дейтін болсақ‚ онда жоғарыдағы мысалдарымыз кейде шақ қатарына аталынуы керек‚ бірақ отыр‚ тұр‚ жатыр‚ жүр дегендердің мағынасында осы шақтың мағынасы бар. Проф. А.Ысқақов осындай отыр‚ тұр‚ жатыр‚ жүр етістіктерін -ып‚ -іп‚ -п; а‚ -е‚ –й көсемшелі етістіктермен тіркесіп келгенде нақ осы шаққа қосса‚ -ғалы‚ –гелі көсемшелі етістіктігін келер шаққа қосады [5]. Грамматикалық категориялардың қатарына қосылған грамматикалық мағыналарды дөп басып ажырату кейде қиын болатындығы анық. Мысалы‚ етістіктің шартты райларын шақпен байланыстыруға болады‚бірақ толық белгілі бір шаққа телу мүмкін болмайды. Сондықтан кей ғалымдар шартты райда келер шақ және өткен шақ мағынасын білдіреді‚ екінші бір ғалымдар олардың шақпен қатысы жоқ‚ олар мәтінмен байланысты анықталады дейді. –ғалы отыр типті аналитикалық формаларды да бір мәтінге анықтау керек. Мысалы‚ амал-әрекеттің болып жатқанын білдіретін фазасын білдіретіндері төрт қалып етістігімен көсемшенің -ып‚ -іп‚ –п және -а‚ -е‚ –й формасынан жасалынған аналитикалық формамен байланыстырылады. Біз бұл төрт етістікке қосымша барады‚ келеді етістіктерін де қосуға болады дейміз. Себебі олар осы шақпен тікелей байланысты болады да амал-әрекеттің басталынғаны‚ қашан басталынғандығын білдірмейді; аяғын да білдірмейді. Тек амал-әрекеттің басталғандығын‚ болып жатқандығын білдіреді. Бұл бір. Екіншіден‚олар амал-әрекеттің созылыңқы болғандығын да білдіреді.Мысалы: оқып отыр‚ оқып барады; сөйлеп жатыр‚ сөйлеп келеді. Осы созылыңқылық мағыналық реңкті білдіріп тұрған отыр‚ жатыр‚ тұр‚ жүр етістіктерінің тарихында олардың мағынасын түбірге беріп ықшамдалған (каплология заңы бойынша) -ур‚ – үр қосымшасының үлесіне тиеді. Ал‚ бар‚ кел етістіктері де тек -ады‚ –еді қосымшасымен байланысып барып фазалық етістік қатарына қосылады. Егер -ур‚ –үр қосымшасының да‚ ады‚ –еді қосымшаларының да осы шақ формасы екендігін есепке алсақ онда олардың сыбайластығын дәлелдеуге болады.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar