ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ПАРСЫ ПОЭЗИЯСЫ

Аударма ұғымы – кең ұғым болғандықтан, біз көркем аударма, соның ішінде поэзия аудармасын ғана сөз етеміз. Көркем аударма – аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала. Көркем аудармада шығармашылық белгі-сипат- тарының лингвистикалық және мәдениет- танушылық қырлары аударманың өзге түрлеріне қарағанда айрықша бедерленіп көрінеді. Ал поэзия аудармасында тәржімешіге мәтінді өзінше пайымдау, бажайлау тұрғысынан бөлекше жауап- кершілік жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвистика мен аударма теориясы саласында жеткілікті дайындықпен қатар, әдебиетшілік, мәдениеттанушылық, сти- листік дарын да талап етіледі /1, 14/. Қазақ поэзия аудармасының арғы- бергідегі жүріп өткен жолын, бел- белестерін зерттеу, ізденістері мен іркілістерін саралау – ұлттың көркемдік ойдың бүгінгі биігін бағамдаудың, алда алар асуларын белгілеудің бір жолы. Бұл жолға талдау жасау арқылы тәржіменің халқымыз тарихында қандайлық қомақты орын алғанын ғана емес, сонымен бірге келешек замандарда атқарар рөлінің де бөлекше болатынын көрсете аламыз. Бүгінгі таңда аударма қазақ тіліне әлем әдебиетінің ең шоқтықты шығармаларын төгілте тәржімалау арқылы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асыруға ықпал жасай алады. Қазақ аудармасының мұндай кемелдікке келу кезеңдерін теориялық тұрғыдан тұжырымдай талдау оның келешектегі көркемдік көкжиегін кеңейту жолдарын қарастыруға әсер етеді. Қазақ әдебиеттануы мен тіл ғылымында аударматанудың алар орны онша қомақты емес. Бұл төл топыра- ғымызда тәржімеге қатысты зерттеулердің кенжелеп қалуынан орын алып отырған олқылық болар. Жалпы, аударматану әлемде ғылыми пән ретінде жиырма- сыншы ғасырдың екінші жартысында ғана орнықты /2, 194/. Аударманың халықтар достығының дәнекері ретіндегі қызметі алдыңғы қатарға шығарылып қарастырыл- ғандықтан, тәржіме туындылары бәрінен бұрын әдеби байланыстар тұрғысынан сөз етіліп, аударма категориялары, нормалары, типологиясы, эволюциясы, өлең жүйесіне, өлшеміне әкелетін өзгерістері сияқты көптеген мәселелер екінші қатарға ысырылып қала беретін. Идеологиялық қағидалармен қабыспауына байланысты ол кезде діни сипаттағы дастандар, көптеген ғашықтық, батырлық қиссалар жариялан- ған жоқ, сондықтан тәржіметану тұрғысы- нан талданған да жоқ. Соның өзінде де негізін М.Әуезов қалап берген қазақ аударматануы қалыптасып, С.Талжанов, Ө.Айтбаев, Н.Сағындықова, Ә.Сатыбал- диев, З.Тұрарбеков, С.Нұрышев, М.Жанға- лин, С.Сейітов сияқты аударма мәселелері- мен тікелей айналысқан ғалымдар, қалам- герлер шықты, аударма мәселелерін қарастырған С.Талжанов пен Н.Сағынды- қованың, әдеби байланыстар проблемала- рына арналған И.Ғабдировтің, Қ.Кереева, Қанафиеваның, Ө.Күмісбаевтың, А.Қырау- баеваның докторлық диссертациялары дайындалды, бұл тақырыпқа арнаулы зерттеулер жазбағанымен, аударма мәселе- лері ғалымдарымыз, әдебиетшілеріміз, ақын-жазушыларымыз Ғ.Мүсіреповтің, З.Ахметовтің, Ш.Сәтбаеваның, М.Қара- таевтың, З.Қабдоловтың, Қ.Нұрмаха- новтың, С.Қирабаевтың, Ш.Елеукеновтің, Р.Сыздықованың, Р.Нұрғалидың, А.Егеу- баевтың, Ж.Дәдебаевтың, тағы басқалар- дың еңбектерінде, сын кітаптарында, мақалаларында дәйім тілге тиек етілді. 2007 жылға дейін филология ғылымда- рының әдебиеттану саласы бойынша аударма мәселелерін сөз еткен докторлық, кандидаттық диссертация қорғалғанының өзі қазақ аударматануының біраз асуларды алғанын көрсетеді. Қазақ және парсы ғалымдарының әдеби байланыстар мен көркем аударма проблемалары бойынша теориялық еңбектері кейінгі жиырма шақты жылдың ішінде тың ізденістермен толыға түсті. Кезінде аударма теориясының іргелі зерттеулері ретінде мойындалған бірқатар туындылармен қатар, олар да осы жұмыстың арқауы ретінде ұсталды. Аударма дегеніміз бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл, әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл немесе бір ұлт тіліндегі сөзді екінші бір ұлт тіліне көшіріп шығатын қарым – қатынас құралы болып табылады. /3, 503/. Тіл ғылымдарының деректерін негізге ала отырып, қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар деп есептейтін болсақ, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін ешбір даусыз мойындауымызға тура келеді. Қай халық болмасын басқа халық- тардың әдебиеті мен мәдениетімен қарым – қатынаста болып, бір — біріне ықпал әсерін тигізу арқылы алға басып отыратыны белгілі. Дәлел ретінде айтсақ, арабтар ислам дінін таратып қоймай, өздерінің қол астындағы және көршілес елдері: үнді, парсы, грек т.б. халықтардың мәдениетін жатсынбай, қажетінше бойына сіңіре білгені көпшілікке мәлім. Мысалы, арабтардың «Мың бір түн» сарындарын, сюжеттерін жоғарыдағы айтылған елдердің ертегілерінен молынан кездес- тіруге болады. Ал әдеби байланыстар хақында сөз етсек, қазақ әдебиетіне парсы әдебиетінің тигізген әсеріне тоқтала кету ләзім. Иран халықтарының мәдени – әдеби байланысы сонау көне дәуірден басталады. Сондықтан екі халықтың мифологиялық түсінік ырым – кәделерінде ұқсастықтар мол. Фирдоусидің «Шаһнамесі», Низами- дің, Сағдидің дастандары ежелден қазақ жұртына етене таныс.Әдебиетіміздің үлкен тұлғалары – Абай мен Шәкәрім өз өлеңдерінде барынша қуаттаған. Абай: «Физули,Шамси,Сәйхали Науаи,Сағди, Фердоуси, Қожа Хафиз – бу һаммасы Мәдәт бер шағири фәрияд» — деп шығыс ақындарын пір тұтса, оның ақындық мектебін жалғастырушы талантты інісі Шәкәрім: «Науаи, Сағди, Шәмси, Физули бар, Сайқали, Қожа Хафиз, Фердаусилер Бәйітші елден асқан шешен болып, Әлемге сөздің нұрын жайған солар» — деп парсы ақындарын әлем әдебиеті тарихында елеулі із қалдырғанын айғақтайды. Парсы шайырларын қазақша аудару жұмыстарымен Т.Ізтілеуұлы, Қ.Бекқожин, Қ.Шаңғытбаев, Ғ.Қайырбеков тәрізді белгілі қаламгерлер айналысты.Қазақ ақындары парсы тілін білмегендіктен, орыс тілінде жазылған мәтіндерге табан тіреді. Бір халықтың әдебиетін жұртқа танытатын дәнекер, рухани көпір – аударма екені белгілі. Аудармашылық бейнеті – мол, үлкен шеберлікті талап ететін қасиетті өнер. Аударма арқылы біз әлем әдебиетінің тамаша үлгілерімен таныса аламыз. Аударма тілі басқа әртүрлі жұрттардың рухани әлемін бір — біріне жақындата түсетін пәрменді құрал ретінде баршамызға аян. Қазақ әдебиеттануында ерекше пайым- дылықпен сөз болған тақырып — Абай аудармашылық қызметі. Ол туралы М.Әуезов, Қ.Жұмалиев сынды ғалымдар құнды пікірлер айтып кеткен /4, 344/. ХIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму жолындағы кейбір ерекшеліктерді жете меңгерудің өзі қиын. Осы тұрғыдан қазақ әдебиетіне ертерек енсе де, оны жаңа сапа, соны таныммен түрлендіре қолдануға Абай ерен еңбек сіңірген. Абай Шығыс шайырларының жырла- рын жоғары бағалап, ұлы сөз зергерлерін өзіне ұстаз тұтты. Шығыс ақындары жаңа ғана өнер жолына түскен Абайға даналық пікірлерімен, терең ойларымен, нәзік сырларымен қатты әсер еткен еді. Абай кезінде Рудаки, Омар Хаям, Хафиз, Сағди ғазалдарын құмарта оқыды. Бұлар бала Абайдың ойын оятып, оны адалдық пен парасаттылыққа, адамгершілік пен жақсы- лыққа, сұлулық пен нәзіктікке талпынуға баулыды. Абай дамытқан назира дәстүрінің белгілері туралы айтқанда ең алдымен, «Ескендір» поэмасы ойға оралады. Бұл сюжетті Абай өзінше жырлап, жаңаша философиялық түйін жасады. Абай жасаған Ескендір бейнесі Фирдоуси, Низами, Әмір Хосрау т.б. жырлаған Ескендірге мүлдем ұқсамайды. Шығыс классиктері Ескендірді барын- ша мақтап, оны халықтың қамқоршысы етіп көрсеткен, Абай оны талай елді зар жылатып басып алған тонаушы ретінде бейнелейді. Ескендір бейнесі Шығыс әдебиетінде мейлінше ең көп тұрған болатын. Бірақ оның бәрі тарихтағы шын Ескендірдің бейнесі емес, халықтың «әділ патшасы» жөніндегі арманынан, қаламгер- дің қиялынан туған Ескендірдің бейнесі еді. Шығыс әдебиетімен тілдесіп, иықта- сып, өлеңдеріне, қара сөздеріне, эпикалық дастандарына кең құшағын жайған Ш. Құдайбердіұлы болатын. Шәкәрім шығар- маларының қайнарын зерттеуде осы күнге дейін қанша жұмыс жасалынса, алда одан сан есе көп жұмыс өз кезегін күтіп тұр. Осы күнге дейін Шәкәрімнің парсы ақындары Хафиздің он ғазалын, Джалаладдин Румидің «Мәснави маъна- виінен» «Бояулы суыр» өлеңін, Сағдидің «Гүлістан» шығармасының үзіндісін «Бәйшешек бақшасы» деген атпен аударғаны белгілі Осы ақындардың ішінде Шәкәрім үшін Хафиздың орны бөлек болса керек. Ол турасында ақын шығармаларында кеңінен баяндалады. «Осы жұлдыздай жыпырлаған көп ақын ішінде Шәкәрім, әсіресе, Хафизды жанына жақын тұтады. Германиядағы Гетені де, Россиядағы Пушкинді де баураған, жаңа дәуірдегі Европа поэзиясына үлкен ықпал жасаған Хожа Хафизді Шәкәрім өзінің ең ұлағатты ұстаздарының бірі санайды»,– деген Мұхтар Мағауин ақынның Хафиздан аударған өлең-жырларының саны біршама екенін айтып, олардың басым көпшілігі тәржіма болғанымен, біразы Хафиз сарынындағы төлтумаға ұқсайтынын жазады /5, 124/. Шәкәрім қажы – өзі өмір сүрген ортаның қиындығы мен саяси ахуалдың шиеленіскеніне қарамастан, көп еңбектен- ген ақын. Шәкәрім осынау шығыс ақындарының өлеңдерін қазақ оқырман- дарына жатық та шымыр тілмен аударған. Ақынның шеберлігі сондай, кейбір аударма өлеңдер Шәкәрімнің өзінің төл туындысындай біте қайнасып кеткен. Бұл тиісінше, ақын шығармаларын жинасты- руда жинақылықты қажет етеді. Сондай аудармалардың бірі – «Жас алпыстан асқан соң» деп басталатын өлең. Әзірге бұл өлең ақынның Хафиз ғазалынан аудармасы емес, өз шығармасы ретінде топтасты- рылып келеді. Шынында да бұл өлеңді аударма дегенге қимайсыз да. Алайда үңіле келгенде, «Жас алпыстан асқан соң» Хафиздың отыз жетінші ғазалының еркін аудармасы екені айқындалып отыр . Бұл ғазалды Хафиздың неше жасында, қандай жағдайда жазғаны жайлы дерек жоқ. Ал 1919 жылы осы өлеңді аударғанда Шәкәрім алпыс бірге аяқ басқан болатын.Осы өлең жайлы бұдан басқа қосымша мәлімет кездеспейді. Әдетте, Шәкәрім Хафиз ғазалдарының аударма- сында аударма жайлы қысқаша мағлұмат беруді ескеретін болған. Шәкәрім ғазал аудармаларының кейбірінде «Баяғыда парсы жұртында әрі білгіш, әрі сопы, әрі ақын Хожа Хафиз деген кісі болған. Иманына қазақтың талапты жастарын таныс қылмақ үшін төменгі жырын қазақ тіліне аудардым» ,– деп анықтама берсе, кей аудармада «Қожа Хафиз сөзінен» деп, қысқаша қайырып отырған. Ал біз ерекше мән беріп, қарастырғалы отырған «Жас алпыстан асқан соң» өлеңі жайлы мұндай мәлімет кездеспейді.Осы күнге дейін Шәкәрім қажының Хафиз ақыннан аударған өлеңдері жайлы біршама ғылыми мақалалар мен жұмыстар жарық көрді. Бірақ солардың ешбірінде осы өлең арнайы талданған емес. Басында Хафиз ғазалдарының әсерімен жазылған өлең болса керек деген ой туғанымен, бұл өлеңнің Хафиз ғазалының еркін аудармасы екендігіне көз жеткізу қиын емес. Өз отанында орны бөлек Хафиздің отыз жетінші ғазалын Шәкәрім қазақ тіліне еркін аударған. Өлеңде бұл өмірдің құбылмалы, тез өте шығатын алдамшы екендігі арқау болады. Сондықтан да адамзат баласы өзінің бойын сырты жалтырақ, іші қалтырақ алдамшы дүние істерінен аулақ ұстауы қажет. Өмірінде алданбайтын, қателеспейтін адам кем де кем. Соған қарамастан хақиқатты іздеп табуға болатынын Хафиз аңдатып өтеді. Хафиз жеткен хақиқатқа көптеген адамдар жеткені анық. Шәкәрім де осы хақиқаттың не екенін жақсы түсінген және осы бір құпияға толы хақиқат жәуһарын барынша байыппен түсіндіруге тырысады. Яғни, ғазалды аударғанда, Шәкәрім оның жолма- жол ізін сақтағаннан гөрі жергілікті ерекшелікті ескеріп, түпнұсқаның түпкі ойын жеткізуге мән берсе керек.

Читайте также:  Қола дәуіріндегі қоныстар мен үй­-жайлар

Оставить комментарий