Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев туралы шығарма

Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы­соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Ақмола, Семей облыстарында Абайды білмейтін адам жоқ. Ақмола мен сыбайлас Торғай облысында Абайды білетін адам кем, хаты жоқ деп айтса да боларлық. Олай болуы — сөзі басылмағандықтан, Абайдың сөздері кітап болып басылып шыққанша, Абайдың аты да, сөзі де Торғай облысында естілмеуші еді. Ақмола, Семей облыстарында Абайдың атын, сөзін естімедім дегенге недәуір таңырқап қалады.

Мен ең әуелі Ақмола облысына барғанымда Абайды білмегеніме, сөзін естігенім жоқ дегеніме таңырқап қалушы еді. Қай жерде ақындар жайынан ия ақындардың сөздері жайынан әңгіме болса, Абайдың сөзін мақтамайтын адам болмады. Абайдың сөзін көрмей тұрғанда мақтағандарына сенбей, қазақ үкілеген өз құнанын өзгелердің тұлпарынан артық көретін мінезі болушы еді, «мақтап отырған Абайы біздің Әбубәкір, Сейітахмет, Ақмоллаларымыз сияқты біреу ғой» деп жүрдім.

1903­нші жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті. Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес. Олар сөзінен басқалығы сонша — әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі де, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, азына түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қалады. Қай сөздерін ойланып дағдыланған адамдар болмаса, мың қайтара оқыса да түсіне алмайды. Не мағынада айтылғанын біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі.

Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағандығынан болатын кемшілік. Олай болғанда айып жазушыда емес, оқушыда. Не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қарамай жазады.

Нәрсенің сырын, қасиетін біліп жазған соң сөзінің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып, мұқтаж болып табылады. Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыларды да сынайды. Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен оқшау, олар сөзінен үздік артық. Ол оқшаулық, артықтық басқа ақындардан Абайдың жалғыз сөзінде ғана емес, өзінде де болған. Абайдың қандай болғанын көзбен көрмесек те, көргендердің айтуынан білеміз.

Читайте также:  ВОЗМОЖНОСТИ ПРИМЕНЕНИЯ КОМПЬЮТЕРНЫХ ТЕХНОЛОГИЙ В ОБУЧЕНИИ

Сөзінің қандай екендігін сөйлеген соң өзінің де қандай екенін айтып, білдіріп өткеніміз теріс болмас. Абай — Семей облысының қазағы. Руы тобықты. Ұлы атасы Ырғызбай Торғай облысындағы Ырғыз деген өзен бойында туған екен. Ырғызбай халқының колбасы, батыр һәм ел ағасы, би екен. Тобықтының аймағы аз кезінде Түркістаннан елін ертіп, ауып келіп, Шыңғыс тауы малға жайлы деп қоныс еткен екен.

Кіші атасы Өскенбай би халық арасында әділ би атанған. Өз елі түгіл басқа алыстағы елдерде араларындағы зор дауларын Өскенбай бидің алдына келіп бітіседі екен. Өз әкесі Құнанбай жұрт аузына қараған қазақтың бас адамдарының бірі болған. Қазақты төрелер билеп, сұлтандар төрелерден қойылып тұрған заманда солармен таласып, қарадан сұлтан болған адам екен.

Шешесі Ұлжан бәйбіше Қарқаралы уезіндегі Едірей, Мыржық деген жердегі Қаракесектің Бошан руынан, Бертіс бидің тұқымынан. Шеше тұқымы, Күлдіргі, қалжың, әзілге ұста Қантай, Төнтай деген күлкімен сөгіп, қалжыңмен жеңіп аты шыққан адамдар нәсілінен. Төнтай малды адам болған екен. Ауырғанында өзгелерден гөрі, қожа, моллалар көңілін жиірек сұрайтынын байқап жүреді екен.

Өлер жолы қатты ауырып жатқанда моллалар көңілін сұрай келіп отырғанда айтқаны: «Баяғыдан бері жазыла­жазыла қожа, моллалардан ұят болды, енді өлмесе болмас» деп. Абай 1845­нші жылы туған. Жылы жылан екен. Ибраһим атын бұзып, Абай деп ат қойған шешесі екен. Шешесінің сүйіп қойған аты ел арасында шын атынан көбірек айтылады.

Абай 10 жасынан 13 жасқа шейін қырда мұсылманша оқыған. 13 жасқа шығарда Семейде Ахмет Ризаның медіресесінде оқыған. Медіреседе оқып жүргенде 3 айдай орысша да оқыған. 4 жыл мұсылманша оқып, 3 ай орысша оқып, сонымен оқуды қойған. 15 жасында­ақ балалық қылмай үлкендердің қатарына кіре бастаған. Қазақты меңгеріп, халыққа араны жүріп тұрған төрелермен әкесі Құнанбай таласқанда, Абай әкесіне серіктікке жарай бастаған. 20 жасында ел ішіндегі белгілі шешені атана бастаған.

Читайте также:  АРАБ ТІЛ БІЛІМІ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ АРАБИСТИКАДАҒЫ САЛҒАСТЫРМАЛЫ ТИПОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ АСПЕКТІЛЕРІ

Зеректікпен естігенін ұмытпаған. Ел ішіндегі сақталған қазақтың бұрынғы өткен билерінің билігі, шешендерінің сөйлеген сөзі, көсемдерінің істеген ісі, үлгілі сөздер, ұнасымды іздер, мақалдар, мысалдар сияқты нәрселерді Абай көп біледі екен.

Заман бұрынғыдай болса, Абай Алаштың атақты билерінің бірі болуы шықпасыз. Біліммен би болып, жұрт билейтін заман өтіп, таспен би болатын заманға қарсы тұрған. Білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билейтін заманға қарсы тұрған.

Абай жұрт алдына білімін салғанда, басқалар малын салған. Жұрттың беті малға ауып, ел билігі Абай қолына еркін тимеген. Білімнен мал артық болушы ма еді деп, Абай жұрттың онысына көнбей таласқан. Сөйтіп партия лаңына кіріп кеткен. Өнер, білімін партия ісіне салған. Білімнің қызығын жалғыз ғана тобықтылар көріп, басқаларға пайдасы тимей, болыстыққа құмар көп қазақтың бірі болып, бәлки, сол көбімен өліп те кетуі ықтимал еді. Қазақтың бағына ондай болудан құдай сақтаған.



Оставить комментарий