Қазақтың классикалық батырлар жыры

Біздің бұл еңбекте көтеріп отырған мәселеміздің тым күрделі екендігі соншалық, оның жақын болашақта тез әрі толық шешімін таба қоюы қиын. Дейтұрғанмен ол ғылым үшін ерекше маңызды, өйткені, түркі мәдениеті деп аталатын жалпыға ортақ мол рухани мұраны игеру үрдісінде барлық түркітанушылардың күш­жігерін жұмылдыруға жәрдемдесетіндігі анық. Бірақта тарихи реттілік желісінде түркі мәдениеті де кез келген ірі этнос мәдениеті сияқты уақыт пен әлемдік қауымдастықта ұлттың материалдық және рухани дамуға нақты қол жеткізуі ғана емес, сонымен қатар ол белгілі бір уақыт аясымен шектелмейтін ұлттық рухтың мәңгілік субстанциясы болып табылады, соның негізінде көз алдыңызға бүкіл адамзаттың тарихи реттілігі көрініс береді. Кез келген археологиялық қазбадан табылған зат, кез келген ежелгі әдебиет үлгісі белгілі бір заманның, қоғамның, суреткер мен философтың материалдық және рухани өмірінің куәсі болып көрінеді. Бұл дегеніңіз көзге көріне қоймайтын ұлттың рухани субстанциясы, яғни оның бастаулары болып табылады. Әрине, белгілі бір өнер туындысының шыққан тарихын түсіндіруге болар, тіпті кезінде Ұлы Жібек жолындағы гүлденген қалалар мен мәдениетке экономикалық көзқарас білдіру де қиындық келтіре қоймас, сондай­ақ ішкі жан­дүниесі бай көшпелі халықтардың адам таңғаларлық төзімділігіне, тұрақтылығына, әлеуметтік­этнографиялық өміріне баға беруге болар. Алдағы қозғайтын тақырыбымызға орай мынадай мысал келтіре кетелік, жау шапқыншылығынан ауылда бірде­бір бас көтерер жауынгер қалмай, дұшпандар әйелдер мен балаларды қорлағанда, ар­намыс аяққа тапталып, қасіретке шыдай алмаған қарт ақын өзін де өлтіретіндігін біле тұрса да қоқан ханына тайсалмай шындықты айтады. Бұл ақынның қайсарлығы ғана емес, ақын мен халыққа ғана тән данышпандық тағылымы деп түсіну керек. Бұл көзге көрінбейтін субстанцияның бөлшегі ғана. Оны ұлттық мәдениетте азаматтық дейміз. Ал ондай элементердің жиынтығын рухани субстанция немесе мәдениет рухы деп атайды. Ол — көзге шалына бермейтін ұлттың рухани субстанциясы, өзінің құдыреттілігімен уақыт тезіне төтеп беріп, мәңгі жасайтын бастау. Миф те, мифология да астральды мифология болып табылады, ол мыңдаған жылдық тарихы бар рухани халықтық­ақындық дәстүрдің бір бөлшегі. Ол өзінің тарихи және идеологиялық қатпарларында сан қырлы болып көрінеді әрі бастауларының да мағынасы көп, оның үстіне әртүрлі уақыт пен аймаққа жататыны тағы бар, сондай­ақ түркі мәдениетінің сакральды (қасиеттілік) аясында біртұтас болып көрінеді, демек осындай күрделі құрылымда оның бастауларын тап басып түсіндіру оңай шаруа емес. Міне, сондықтан «белгілі бір әдебиетшінің біртұтас түркі мифологиялық жүйесін қайта қалпына келтіруге деген ұмтылысы таңғалдырмай қоймаса керек. Әрине, ондай әдебиетшінің әрекеті босқа тер төгу болып көрінуі әбден мүмкін. Біздің қолымызда көне түркі мифологиясының толық, дөлме­дәл түпнұсқалары жоқ, өйткені, көне түркі жазуы кейінірек пайда болды, ал оған дейін миф өзінің сакральдығынан (киелі қасиетінен) қол үзіп алды. Бірақта көңілге медеу бір факт бар. Бұл дәуір қатпарларынан көне түркі мифологиясын аршып алу арқылы оқиға нысандарын қайта қалпына келтіру мүмкіндігі болып табылады». Бізге бәрінен бұрын осы «қатпарлар» қымбат, себебі ол мифтің даму жолдары туралы мағұлмат береді, оның басқа сапаға, ежелгі эпосқа, баяғының ертегісіне, батырлық классикаға, әдебиеттің әңгімелеп беру жанрына, роман түріне өтуінің (сакральсыздандыру және мифсіздендіру) сипаты мен нысаны туралы білуге мүмкіндік береді. Демек, миф түйсінетін, ұғынуға болатын мәдениет фактісі ретінде түсінікті, тіпті сюжеттік желілері де ұғынықты болуы мүмкін, бірақ миф pyx мәдениеті немесе оның субстанциясы ретінде толық зерттелген жоқ. Түркі астральды мифі мәдениет саласында көне түркі мифологиясы деп аталғанымен ғылымда әлі игеріле қоймаған сала болып табылады. Мифология ғылым ретінде мифті әдеттен тыс, фантастикалық, ойдан шығарылған және жаратылыстан тыс түсінік деп қарап қана қоймайды, сонымен қатар дүниенің біртұтастығын және органикалық бірлікте екендігін білдіретін айырықша білім мен ерекше түсінік деп тұжырымдайды. Әрине, біз мифке қай тұрғыдан қарамайық, қанша жерден бастапқы рухани субстанцияны түсінудің мүмкін еместігіне алға тартпайық, бәрі­бір қандайда болсын тарихи реттілік бар екендігін, уақыт және аймақтық «қабаттар» болатындығын көреміз, әрине, онда сакральдық пен магия белгілері қалмағанымен, мифологиялық ұқсастық іздері сақталып қалған. Мифтің рухтық субстанциясының негізін бірден­бір сақтаушы ежелден келе жатқан әдет­ ғұрып пен дәстүр болып табылады, әр кезеңде билік еткен идеологияның сойылын соққан әдет­гұрыптарды бұл арада есепке алынбайтындығы түсінікті болса керек. Бір қарағанда ешқандай миф болмаған тәрізді көрінгенімен, рухани субстанцияны қолданушьшардың дүниеге көзқарасы (философтық, этикалық, эстетикалық және т.б.) оның бастауларының анық болғандығын білдіреді. Оның өзіндік мәнісі де бар. Бұл бастаулар ежелгі түркі этносының басқа халықтармен, айталық шумерлермен, қарым­ қатынасы тұрғысынан ғана емес, жүйелі әрі ауқымды түрде жан­жақты зерттелуі тиіс. Көне түркінің, орта ғасырлық түркі мен қазақ (Жаңа уақыт) дәстүрлерінің мәдени­тарихи, органикалық тұрғыдан орныққан байланыстары мифті, әдет­ғұрыпты барлық түркі халықтарына ортақ етіп, оны бай мұраға, құнды эстетикалық тәжірибеге айналдырды. Мысалы, кезінде тарих сахнасынан жоғалып кеткен көне түркі халықтарында болған тіл, әдет­ғұрып, дәстүр, құдайлар мен батырлар, аспан мен күн туралы, дүние мен адамның жаратылуы туралы аңыздар кейін қазақтарға, қырғыздарға, сахаларға, хакастарға, татарларға, башқұрттарға және басқа көптеген түркі этностарына мұра болып қалды. Бір жағынан алып қарағанда, мың жылдық рухани дәстүр жемісі көне түркінің ұлы әдеби туындылары және ортағасыр классикасы бiзге дейін жетті. Түркілердің этногенезі мен мәдени генезіне қатысы бар ежелгі халықтардың әдет­ғұрпында, мифі мен ежелгі эпосында оның бастаулары кереметтей анық көрінеді. Осындай мәдени­тарихи сабақтастықтың дәлелі дүниені, үйлесімді әрі дұрыс басқаратын Көк (Аспан) және жұлдыз ғана деген ұғымға саяды. Бұл мотив бұдан бұрын Көктің символы, құдай (Ан) және күн символы (Дингир құдайы) ретінде шумердің сына жазу дәстүрінде кездескені жақсы белгілі. Шамамен алғанда б.з.д. III мыңжылдықтың бірінші жартысында орталық Азия тайпалар Шумерге қоныс аударған, демек олар өздерімен бірге астральды мәдениетті де алып келуі әбден мүмкін. Шумерлердің астрономия саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені мәлім, олар әйел құдай Иштарға (Инанна) бірінші болып мазар салды, жұлдыздарды, Күнді және Айды бақылауға арналған тұңғыш зиккураттарды, планетарийлерді салды. Шумер мен көшпенділердің өзара қарым­қатынастарына байланысты көптеген түсініксіз, басы ашылмаған тұстары болғанымен, түркілер мен қазақтар этногенезіне қатысатын халықтар арасында Көкке табыну және оның дүниені әділ басқаруына құлшылық ету ұзақ уақыт бойы сақталды. Мәселен, астральды мотив ғұн дәуіріндегі саясат пен мәдениет саласында үлкен рөл атқарды. Бұл «көк түріктер» мен Реннесанстың кезіндегі классикалық орта ғасырлық түркілердің әдеби­көркем және шешендік дәстүрінде мұра ретінде сақталып қалды. Осындай қасиетті мотивтің жаңғырығы сакральдық мәннен әлі толық қол үзе қоймағандықты білдіреді, жыраулар мен ақындар шығармаларында, ұлы Шоқан айтқандай, қос дінге сенушілік принципі орын алды, яғни Көк құдайы Тәңірмен байланысты орныққан тіл, логика және көне миф тұжырымдамалары енді Алланың адастырмайтын тура қолына ауысты. Астральды миф сакральдығынан біршама қол үзгенде ол өзінің космогоникалық белгілері, мифологиялық әсерлілігін жоғалтып, дәріптеушілік пен поэтикалық сарынға бой ұрады. Мұндай жағдайда ол өзінің астральды символикасын бір­ жола жоғалтпайды, айталық, Шәкәрім мен Мағжанның философиялық және махаббат лирикасында ол көркемдік функция атқарады. Барлық адамзаттың бірлігі мен рухани еркіндігі астральды мотивке жатады десек, ол XX ғасырдың орта шеніндегі үздік шығарма О.Сүлейменовтің «Адамға табын, жер енді!» атты поэмасында негізгі желіге айналған. Мұндай мотивті сондай мифтің тура өзі секілді астральды деп атай аламыз, өйткені, ол жоғарыдағы дүниеге, жұлдыздар әлеміне тікелей қатысты, белгілі бір жұлдыздардың пайда болуы мен оның адамдарға әсері туралы әңгімелейді. Астральды топқа Күн іспеттілер (солярий латынның solarium деген сөзінен шыққан, sol — күн) және Ай іспеттілер (лунарные) туралы мифтер де қатысты. «Астральды түркі мифінің бастаулары» проблемасының қойылуының өзі этика, этнография мен этнопсихология тәрізді ұлттық ғылымдардың тағдыры үшін маңызды сипат алады. Ұлттық гуманитарлық білімді жан­жақты қамтитын басқа пәндерге де мән бере отырып, осындай көп қырлы проблема жөніндегі жекелеген пайымдаулардың жалпы түркі мифологиясы туралы біздің түсініктеріміздің аясын кеңейте түсуге мүмкіндік беретіндігі сөзсіз. Сонымен, мәдени­тарихи сабақтастық тұрғысынан астральды түркі дәстүрін зерттей келе, біз «әлдебір әдебиетші» көтерген мәселеге біртабан жақындай түсеміз, ал мұның өзі көне түркі (түркі және қазақ) мифологиялық жүйесін қайта қалпына келтіруге орай кең мағынаға ие болады, бұл туралы идея қазіргі ғылымда айтылып жүр. Біз жоғарыда айтқанымыздай, бұл рухани мәдениет тарихының маңызды да күрделі мәселесінің бірінен саналады. Бір қарағанда біздің алға қойған мақсатымыз қарапайым көрінгенімен, бірақ жауапкершілігі өте жоғары десек артық айтқанымыз емес, өйткені, астральды мифтің мән­ мағынасына, құрылымына, функциясына байланысты аспектіде түркілердің дүниеге көзқарасы мен эстетикалық бастауларын ашып көрсетуге тиіспіз. Миф — адамзат мәдениетінің бастауы, ал ғылым атаулының (оның ішінде философия мен эстетика) жөні бір бөлек, сондықтан мифтен философияның немесе эстетиканың бастауларын іздеудің қажеті жоқ, керісінше сол мифтің өзінің бастауларын оның көне заманғы, дүниетанымдық негіздерінен және эстетикалық бастау­түсініктерден іздеген жөн, былайша айтқанда, миф философия мен көркемдік туралы ғылым атаулыдан, барлық өнер атаулыдан бұрын пайда болғаны белгілі, неге десеңіз оны да табиғат (фюзис) десе болады, себебі ол үйлесімділік заңдылығына орай сол табиғаттың өзінен жаратылды. Миф әу бастан әдет­ғұрып түрінде көрінетін күн мен жұлдыз әлемінің мәңгілік табиғи айналымы болып табылады (мысалы, Үркер шоқжұлдызы ауа райы өзгеруімен, жыл мезгілдерінің ауысуымен байланысты). Миф адамның танымға ұмтылуындағы бірінші бастау болып табылады, бірақта әлеуметтік және тарихи даму процесінде тотемдік наным, мифтік кейіпкерлер сакральсызданып, этиологиялық бастаулардағы әдет­ғұрыптың қасиетті бөлігінен біртіндегі ажырап, жоғала берген, содан кейін оны дін, өнер мен ғылым, оның ішінде философия мен эстетика алмастырған. Бастаулар тәрізді өте күрделі мәселе туралы сөз қозғағанда мынаны әрқашан есте ұстаған жөн: миф атаулының бәрі де ең алдымен «дүниенің жұмбақ сыры туралы түсінік» (рудың, тайпаның, қоғам мен адамның шындығы). Бұл — «білім», бұл ­ «ұғынушылар үшін ақиқат». Бұл жұмбақ әлемді ешкім де ойлап таппаған. Ол әу бастан құдай мен табиғат тәрізді шексіз, онда құдайлар да, қастық әрекет ететін жын­перілер де мекен етеді. Түркі халқы өзінің мың жылдық тарихи және әлеуметтік экономикалық даму барысында өзінің ерлік рухын, санасы мен тарихын, дүниеге, табиғат пен адамға деген көзқарас жүйесін қалыптастырды. Бұл жүйеде тамыры тереңде жатқан түркі мифологиясының маңызы ерекше. Бір сөзбен айтқанда, оны бүкіл түркі мәдениеті мен ғылымының іргетасы деп білу керек. Түркі астральды мифі ежелгі адам жасаған құндылықтың өнегелілік­әдептік өлшемі ретінде ғана емес, сонымен бірге күрделі әрі қауіп­қатерге толы дүниедегі уақыт сынынан өткен ерекше стратегиясының белгісі ретінде көрінеді, сонымен қатар дүниенің, ғарыштың, табиғат пен адамның жаратылуы туралы «сөзсіз растығын» алға тартады. Түркі астральды мифі мың жылдық тарихы бар даналықтың, «білімнің » алтын қазынасы болып табылады. Оның қасиетті бастауларының жаратқанға қатыстылығы түркі поэзиясында әбден орныққан, сөз өнеріне жоғары өнегелілік, магиялық әсер ету, білімділік, айырықша талғампаздық, тыңдарман назарын аударту тәрізді қасиеттер береді. Мұндай сөз сиқырының себептері мен белгілерін ашу, мұндай киелі мұраға зер салу өте маңызды, өйткені, бұл түркінің ұлттық бейнесі мен ерлігін, тарихи болмысын іштей қалыптастыратын және сырттай бекітетін рухани субстанциясының қасиетті кілті болып табылады. Бірқатар астральды мифтер дүниеге қатал көзқарасты бейнелей отырып, түркі жауынгерінің, аңшысы мен жылқышысының ұғымына жақын күн іспетті жауынгер мен жылқышыны сыртқы әлеммен біріктіріп қояды. Бірақта оның өзі астральды символ, жауынгердің, жылқышы не бұғы өсірушінің сыртқы қарапайым бейнесінде көшпенді­жауынгердің, жылқышының дүниеге деген ерекше көзқарасы бар. Ал басқа астральды мифтерде керісінше түркі патшаларының тұрмыс салты, болмысы, мінез­құлқы туралы бағалы мағұлматтар кездеседі. Онда мемлекеттік, құқықтық және өзге де мәселелерге көп көңіл бөлінеді. Ондай мағұлматпен танысып, дүниеге көзқарасын ашып көрсету үшін мифтің құрылымы мен мифологиялық кейіпкерлердің рухани әлемін (ішкі бейнесін) көрсететін негізгі сюжеттерді талдаудың орны ерекше. Астральды сюжеттер мен мотивтерге тоқталмас бұрын мифтің эстетикалық бастауына тікелей қатысты бір елеулі мәселені шешіп алуымыз керек. Әу бастан қалыптасқан дүниеге көзқарас элементі ретінде философтық бастау мифтің тілі мен тұжырымында ешқандай рөл атқарған жоқ, бұл бастауды қалыптастыратын және реттейтін әдет­ғұрып пен салт­дәстүрге тұтастай бағынған олардың сакральды мазмұны миф болып табылады. Мұндай жағдайды эстетикалық саладан да байқауға болады. Мифтің әдет­ғұрыпты жасайтын рухани бірлігінің элементтерін құрайтын эстетикалық бастау жай практикалық міндеттерді орындай отырып, оның сакральды магиялық функциясына тұтастай бағынады. Сонымен эстетикалық та, философиялық та бастаулар мифте, әдет­ғұрыпта ғана бағынышты рөл атқарды. Бірақта бастаулар ретінде түркі астральды мифінің эстетикалық бастамасы туралы айта отырып, ауызша­поэтикалық мәдениеттің тағы бір таңғаларлық қасиетін көруге болады. XX ғасыр басына дейін көшпенді өзінің шығарған ауызша туындысын сөз өнерінің керемет әрі ғажап үлгісі екендігіне толық мән бермеді десе болады. Олар мұны өмір салтының бip бөлігі деп түсінді, табиғи әрі оны әлеуметтік тұрғыдан қажет құбылыстай көрді. Халық поэзиясы өзінің табиғаты жағынан, танымдық жағынан мифология әлемінен ұзап кете алмады, яғни дала төсінде тотемдерді, мифологиялық кейіпкерлерді, қандайда бір символдар мен әдет­ғұрыптардың сакральсыздануы экономикалық және шаруашылық­рулық қатынастар үрдісінен әлдеқайда баяу жүрді. Дейтұрғанмен мақамды­жыр өнері ретінде халық жырды жоғары бағалады, ал әнші өзінің талантымен танылатын болды. Қазақ жырларындағы эстетикалық бастау ең алдымен далаға тән ұғым ретінде мифологияның, мифологиялық сюжеттердің, әдет­ғұрыптардың басым бөлігінің сақталуы тұрғысынан дамығаны кереметтей феномен деп түсіну керек. Көне мифологияны сол табиғи түрінде сақтап қалған классикалық эпостар дер едік, халықтың ғажайып жадының арқасында сакральдық пен мифологиялық әсер арқылы эпос көшпендінің дүние және сұлулық туралы ежелгі түсінік­пайымдарын жоғары көркемдік нысанда бере білді.

Читайте также:  Еуразиялық одақ туралы реферат

Оставить комментарий