Қазақтың ұлттық санасындағы жеке тұлғаның қалыптасу

Құдайдың бұйыртқан әр күнінде шамаң келгенше еңбектенгенің жөн. «Мен асып туған асылмын, мен сондай керемет адаммын» деп ешкімге айта көрме, бірақ оның дәл солай екендігін іштей жақсы білгін. Өзің туралы білгенде ешқандайда өркөкіректік, мақтаншылық жоқ, қайта адамзатқа тән жаратушының күшін сезіне білудің орны тіптен бөлек. Әрбір жер басып, жеке тіршілік етіп, өзін­өзі ұстап жүрген адам өз жолын білетін Колумбының каравелласы екені анық. Бұл арада мен каравелла деп дене мен ақыл­ойды айтып отырмын, ал оны қозғалысқа келтіретін желкен — тіршілік ету. Ал тіршілік ету дегеннің өзі іс­қимылды білдіретін ұғым ғана, ал өмір айдынында кеменің барлық құралдарын — корпусын, желкенін, шоқжұлдыздарды пайдалана отырып, нағыз ерлерше өмір сүру дегеніңіз мүлдем бөлек нәрсе. Теңізде жүзетін құрал­саймандарға өмір сүрудің құрал­ саймандарын метафора етіп теңеуге болар, әзірге оны қозғамай қоя тұралық, өйткені, ақыл­ой (сана) мен тәжірибе тізгінін ұстау оңайға соқпайды, олар бейнелі нәрселерге сенгіш келеді. Әр адамның өмірін қайда және не үшін кетіп бара жатқаны белгісіз теңіздегі жалғыз кемеге теңейтін болсақ, ол сырттан қарағанда ғана бәрі дұрыс сияқты болып көрінеді, ал оның алдында қандай қауіп­қатер, түнек, болжап болмайтын тұман тұрғанын ешкім білмейді. Жолға шыққанда ештеңеге де арқа сүйей алмайсың, кеменің корпусына да, желкеніне де сенім артуға болмайды, ондайда тек маңдайға жазған жазмышқа ғана сенесің, күш иіні әрқашан өз орнында болуы тиіс. Ал ол кеменің сыртында емес, оның ішінде болуы керек. Егер күш иіні кеменің корпусына ауып кетсе, онда кеменің суға батқаны дей беріңіз. Мұндай жағдай теңіздің тыныш кезінде, жақсы ауа райында да болуы ғажап емес. Мен «Рухтың үрейден, елестен, көнеліктен арылуы» («Освобождение духа от страха, иллюзий, архаики») деген бұдан бұрынғы кітабымды жазған кезде тағдырды теңіз жорығына теңеуді білген жоқ едім, ержүректік туралы ойлағанымда, ержүректік дегеніміздің өзі адамның өзіне­өзі сенуі, өзінің күшін, қабілетін, түсінігін, ақыл­ойын, бәрін­бәрін ішкі әлемінде басқара білу екендігін түсіндім. Сол кітапта мен тағдырдың жазуы (жекелеген өмірдің бақыты) дегеніміз жинақылық, бар күш­мүмкіндікті жұмылдыру, мақсатты айқын қою екендігін түсіндім. Қорқыныштан, елестен және көнеліктен олардың байыбына бару арқылы арылу керек. Егер ақыл­ой құр елеске берілген болса, онда менің тағдырымның күш иіні менің өмірімнен тыс болатындығына көзім жетті, мұндай жағдайда менің өмірімнің шаруасы бітеді. Мен бұдан бұрынғы кітабымда тағдырыма төнген қауіп­қатердің алдын алып, оны күйреуден құтқаруға күш салдым. Мен онда күш иінін қалыпқа келтіргеннен кейін, менің каравеллам орнықты болғаннан соң, мен енді адам деген керемет атқа лайықты болу жағын ойлай бастадым. Өзінің шамасын білетін адам, барлық заттардың шын мәніндегі өлшеміне сай келетін адам дүниеде өзінің түсінігі бойынша әрекет етеді және дүниені түсінуіне сәйкес өзінің жолдағы ұстанған бағытын сағат сайын нақтылап әрі түзетіп отырады. Кеңістікті сыртқы және ішкі деп бөлу Қауымдық немесе ұжымдық дәуірде болсын, қай дәуірде де бұл кеңістік бір кеңістік болды, өмір дегеннің өзін адам демалатын ауамен салыстыруға болады. Оның ішіндегі де, сыртындағы да бір ауа. Өмірдің ішкі және сыртқы ауасының бірлігі ұжымдық моральді дүниеге келтірді, бұл мораль әлі күнге дейін өз дегенін істемекші. Бірақ оның өзі елес сияқты әсер етеді. Ұжымдық моральдің әлсіреуі ештеңемен салыстыруға болмайтын қорқыныштың күшеюіне әкеп соқтырады. Ұжымдық қуат бірлікте болып, күшейіп тұрған кезде қорқыныш бұғауланып жатты, ал ұжымдық көнерген кезде қорқыныш ұжымдық моральды баса көктеп кетті. Зұлымдық қайырымдылықты ығыстыратындай болып көрінеді, ал шын мәнінде Қайырымдылықты тұқыртатын Зұлымдық емес, сенімді бұғалықтайтын қорқыныш болып табылады. Сондықтан сенім де ұжымдық артықшылыққа ие, бірақ оның қайда кеткені тағы белгісіз. Дәуірдің алмасуы кеңістікті ішкі және сыртқы деп бөлуден көрінеді. Енді сыртқысы дүние деп, ал ішкісі өмір деп аталатын болды. Ендігі жерде өмір сыртқы кеңістікте жаратылмайды, онда тек пәні мен нысаны ғана қалды. Мен бұрынғы кітабымда сыртқы кеңістікті Болмыстың пәні деп атадым, ал мына жерде мен оны түпсіз тұңғиық және шексіз иірімге теңеймін. Сондықтан иірімнен аман­есен шыққан «Санта Мария» каравелласының жүріп өткен жолын көзге елестету қиын емес. Күн артынан күн, ай артынан ай өтіп, жыл артынан жыл өтіп, теңізді, мұхитты, кесіп өтіп, штормдар мен тымықтарды бастан кешкен желкенді кеменің артында адам өмірі болуы мүмкін емес. Өмір кеменің ішінде, сол кеменің ішінде сенім, білім, ерлік қана басқарады. Кеменің ішінде қорқынышқа орын жоқ, тек команда ғана иірімнен алып шығады, иірімнің оны қалай жұтатындығын команда ғана біледі. Енді тап сондай жағдай жағада да жалғасады. Енді жан сақтап, тірі қалған адамды «Санта Мария» каравелласы деп атаса болады. Иірімге өз еркімен кетпегендерден басқасының табаны жерге тиеді. Мына бір көрініс көз алдыма келеді: түн, кеменің желкені де, сұлбасы да көрінбейді, төрт бұрышты иллюминатордың сары түсті жарығы ғана көзге шалынады. Ал оның ішіндегі жағдай қалай? Христофор Колумб картаға үңілген, бұл картаға онша үңілуге болмайды, өйткені, оған континенттердің бәрі бірдей ене қоймаған, ол өзі сене қоймайтын картаға қайтадан үңіледі, «апырау­осы мен осы қайдамын?» деп өзіне­өзі сұрақ қояды. Мен ертең қай жерге баруым керек? Желкенді кеменің жүріп өткен жолындағы түсірілген карта ғана дұрыс, ал алдағы жол бұлдыр. Осы қараңғы түнде терезесінен от әрең көрінген кеме капитанның ғана ақыл­ойы және ерік­жігерімен ілгері жылжуда. Айнала қара түнек, жоғары да, төмен де тастай қараңғы, тек кемеден көрінген оттар ғана адамзаттың тіршілігінен хабар бергендей. Осы бір көріністе мені Колумбтың сенімі таңғалтады. Басқа бір еркі күшті қандай адам болмасын осындай қиын сәтте күмәнға бой алдыруы әбден мүмкін. Айнала тастай қараңғы. Тап осынау қиын сәттегі көріністе тек Колумб ғана адамзатқа деген сенім күшіне сене білді. Қазіргі жоғалып кетпей, тіршілік етіп жүрген адам драмасының көрінісі, міне, осындай. Қараңғы түнектегі жарық сәуле өзінің не өзгенің адасуын, қорқынышын білдіретіндей. «Санта Мария» тәрізді жарық сәуле болды делік, бірақ өзінің жандүниесін басқаратын жарық өзіне деген сенімнің аздығынан жолынан адасып, жететін жеріне жете алмайды. Жеке дербестік — бұл түнгі мұхиттағы «Санта Мария». Жеке дербестіктің әмірі маған тыныштық бермеді, «осы өз ғұмырымда нағыз, лайықты адам болу маған бұйырмаған ба?» деген сауал мені үнемі мазалаумен болды. Мақсатқа қол жеткізу — бұл жетілгендік дәрежесін білдіреді. «Санта Мария» каравелласы — жетілгендік белгісі. Христофор Колумб — жетілгендік белгісі. Тіршілік етіп, жер басып жүрген адам — өз тағдырының шағын не ауқымды кеңістігіндегі абсолюттік шама, ал тағдыр жалғыз әрі дара билік ететін менің өмірімнің қандайда бір кеңістігі десе болады. Сыртқы дүниенің иірімі Ендігі жерде сырттай моральдық жағынан топтасқан ұжым жоқ. Ал адамдарды баяғы кездегідей бір топқа шырқ үйіруге қойылған ескі нанымның қарақшысы да жоқ. Ұжымдық бірігудің күні өтті, жеке жарық сәулелердің күні туды, оны Жаратушы өзінің жаратқандарының бойына қалыптастырады. Бұрынғы өзгеріске түспейді дегендер өзгерді, соларға сәйкес немесе сәйкес болмайтын бақыт немесе қайғы­қасірет адам жанынан орын алады. Жаңа заманның түсініп болмайтын жақтарынан қорыққан мен өзімнің маңайымнан ұжымдық моральдің константтарын іздеп әуре болдым, тек сөзбен ғана құрылған бос әурешілік константтың қауызын ғана таптым. Сыртқы дүниеден арқа сүйейтін әрі сенімді ештеңені де таба алған жоқпын. Қазіргі кезде ешкім де ешкімге ешқашан қол ұшын бермейді, демек бұл өмір топтық құбылыс болудан қалды деген сөз, өміршеңдіктің бір­бірінен айырып болмайтын, бірін қуаттандырып, екіншісінің құр сүлдері қалатын бір денеден екіншісіне еркін ауысуы тыйылды. Сонда бұл қалай таусылады? Оның себебі не? Оған жауап әлі жоқ тәрізді. Таусылды, сонымен іс бітті. Ал қайбір кезде таусылған нәрсе басқа бір нәрсемен ауысады. Таусылды деп ешкім де айтқан емес. Маған тіршілік ету қиын болған кезде өз өмірімді кемсіткен мен емес. Мен өз тіршілігіме қиянат жасаған емеспін, оған уақыттың өзі әмір етті, демек енді басқаша өмір сүру керек. Қалай өмір сүру керектігін айта қоятын уақыт шіркінде тіл жоқ, уақыт жағдайды өзгертеді, оны біз қиналатын кез не дабыл ретінде қабылдаймыз. Оған толыққанды жауап беру жауап берушіге байланысты және жауап беруге одан әрі қарай қалай тіршілік ету сапасы байланысты болады. Ендігі жағдай мынадай сипат алады, жеке тірлік еткен әрбір адам өзін мән­мағынасы жағынан Марспен, Плутонмен, барлық құдірет атаулымен салыстыруы тиіс. Енді жеке рухани субстанция материалдық түрдің тасасында өзін кемсітпеуі керек. Адам тұтастықтың бөлігі болды, адам өзінің шама­ шарқын қоршаған ортаның ауқымымен де, бойындағы күш­ қуатымен де өлшеді. Сондықтан топқа енуіне тура келді. Қазір біздің заманымызда сыртқы дүниеде бұрынғыдай жылы алақан табының сезілмеуі жанға ауыр тиеді. Ендігі жерде сыртқы дүние — иірім, онда біздің арман еткеніміздің бәрі бар, бірақ ол алдамшы үміт; иірім бізді еміксіте түседі, бірақ оның өзі құр далбаса, жаныңыз жақсылықты күтумен құлазиды; бұл елестер шақыратын иірім. Бір қарағанда күтуге, елеске, үмітке сенушілікте тұрған ештеңе жоқ сияқты. Тіпті одан қауіптенудің де қажеті шамалы делік. Бірақ біздің заманымызда күту, үміт, елес ұжымдық уақыттың күтуіне, үміті мен елесіне мүлдем қарама­қарсы құбылыс. Оларда тек атауы ғана бір, әйтпесе мән­мағынасы оір бірінен мүлдем алшақ жатыр. Біздің заманымызда үміт пен күту ешқашан жүзеге аспайды, бұлар бізді көрер көзге мойытып, біздің тірлігімізді мүжи береді. Олар өмірдің бәрін жалмап қоюға дайын, ал одан ешкімге келіп­кетер қайыр жоқ. Шындығында бұл қажеттілік емес. Қазіргі кезде ұжымдық моральдан жұрдай болған сыртқы кеңістікте қасиетті ештеңе қалмады, онда тек бірыңғай материалдық қалқиған қарақшы кейпіндегілер ғана тіршілік етеді. Дербестік мораль күші әлі әлсіз, ол әзірге берік қалқан бола алған жоқ — сондықтан оған сыртқы дүние әрекеті жарақатын салады. Енді тіршілік атаулының бәріне өмір сүру оңайға тимейді, бірақ сол ауыртпалық әділеттік тұрғыдан болмаса қайтесіз. Бұл дәуір алмасуы, сыртқы дүние ала­қанына салып аялаудан қалған кезде біз басқаша өмір сүруге бейімделе алмай дал боламыз. Адамның қазіргі болмысы Қазіргі болмыстың өзіне тартатын күші бар. Қазіргі болмыс оның белгілері бар адамды жұмбақ етіп керсетеді. Қазіргі болмыс белгілері бар, бірақ олар мүлдем түсіндіруге болмайтын нәрсе. Басқа адамның қазіргі болмысын түсіне қою қиын, өйткені, ол адамның ішіне үңіліп, оның ішінде не жатқандығын білу мүмкін емес. Қазіргі болмыс — жеке рухани жарықпен жан­жақты жарықтандырылған жеке өмірдің шағын немесе үлкен кеңістігінен басқа ештеңе емес. Қандайда бір адам өмірінің қазіргі болмысын жай көзбен де байқауға болады, нағыз адамның өмірі түсінікті, оның істеген әрекеттері бөтен адамның көзқарасы тұрғысынан көңілге қонымды келеді. Нағыз адамның ертең не істейтіндігін, қойылған сұрақтарға қалай жауап беретіндігін алдын ала болжап айтуға болады. Нағыз адамның өзге жаратылыстан ерекшелігі жер мен көктей, ол тиісті қатаң қажеттілікке орай өмірден өз орнын табады, ол жарық сәуле және көктің денесі ретінде пайда болады. Бір адам көк әлеміндегі Юпитер сияқты көктің бір денесі, олардың шын мәнінде мән­мағынасы бірдей. Юпитердің идеясы оның бет­бейнесінің артында жасырынып тұрады, ал нағыз адамның идеясы басқа адамдарға жұмбақ. Нағыз адамның ішке бүгілген идеясы, сонымен бірге өзгеге берілетін идеясы сол нағыз адамды Юпитер сияқты өзіне тартып, өзін зорайтып, сенімді әрі тартымды етіп көрсетеді. Қазіргі болмыс — бұл нағыз қол жеткен жетістік. Әрбір қазіргі болмыс бір­біріне мүлдем ұқсамайды. Гандидің қазіргі заманғы болмысы және Че Геараның қазіргі заманғы болмысы мән жағынан өзара салыстыруға келер, бірақ олардың шатыстыруға болмайды. Өйткені, қазіргі болмыс — табиғаттың берген сыйы емес, жеке тұлғаның жеткен жетістігі. Қазіргі болмыс ­ осы адамға Жаратушының ұсынған өмір сүру салты идеясымен нақты өмірдің үйлесімдігі пайда болатын жетістіктің бір түрі. Нағыз адам Жаратушының қалағанын жүзеге асырады. Міне, сондықтан да нағыз адам өзінің іс­әрекеті мен сөздерінің біле отырып, мейілінше жұмбақ, сиқырлы және түсініксіз әлем болып көрінеді. Жаратушы ешқашан да адаммен бірге жұмыс істемейді. Қазіргі болмыс — бұл жеке жетістік, бұл жеке ерлік. Жаратушының табиғатпен ғана ісі бар, Жаратушы адамды жаратты, бірақ Жаратушы — ұжымдық дәуір дербестікке алмасқаннан бері қарай басқаша сипат алды: табиғатынан адамға тән нәрсе адамзат жетістіктерін біздің өзімізге кері берді (әрине, бұл күні кеше болған жоқ, дәуірде аумақтағы сияқты шекара болмайды; дәуір — бұл жаңа үрдістер, оны біреулер қабылдай алады, ал екінші біреулердің оған шамасы жетпейді; дәуір шекарасы иректелген әрі көзге көрінбейтін нәрсе.) Талай надан прозашылар Чехов сияқты жазғысы келіп талпынды, бірақ онысынан ештеңе шыққан жоқ, өйткені, Чеховтың әр әңгімесі оның өзінің сол сәттегі болмысына, барлық заттардың нақты өлшемінің жай­күйіне баратын жолдағы өзінің жеке іс­әрекеті. Қазіргі болмысты сол күйінде айна­қатесіз қайталай қою кімнің болсын қолынан келе қоймайды, өйткені, Жаратушыда кездейсоқ ойлау болмайды, қайталау да оған жат. Біз бір жерде тұрып, бір құбылысты не жағдайды әртүрлі сезінеміз, себебі біздің әрқайсысымыздағы ішкі ми әртүрлі, өзіндік ерекшелікке ие. Осыған байланысты бір және сол кезеңнің шығармаларын бір­бірімен салыстыра қаруға мүлдем болмайды. Жағдайға қатысты ерлік шын болуы мүмкін, өмірдің бетіне тура қарау — міне, осылар ғана қазіргі болмысқа баратын жол үшін ортақ болып есептеледі. Енді біз, Жаратушы және тірі адамдар, қатар тұрып еңбектенеміз, біздің атқаратын міндеттеріміз қиылыспақ емес. Жетілу ендігі жерде жеке адамның өзінен басқа ешкімнің де ісі емес. Дарвинизм заңы бойынша өзгерістер, әдетте оның артында әрқашан Жаратушының қамқорлығы тұрады, жекеленгендер арасында бола қоймайды. Бұрын ұжымдық дәуір кезеңінде дарвинизм адамзат табиғатында болғандай көрінді, бірақ жағдай өзгергеннен кейін ұжымдық табиғат шет қалды, міне, сондықтан да шарасыз қалғандар қатары көбейіп кеткен секілді. Енді ырық бермейтін дилема күшіне енді: не адам, не тотальды ешкім емес. Ұжымдасуда ешкім бола алмауың мүмкін, бірақ бақыттың пұшпағын иеленуге болады; енді тағы да ешкім бола алмайсың, сонымен қатар бақытқа да қолың жетпейді. Бақыттың құны шарықтап кетті, ал бақыттың мәні бұрынғыдан да асып түсті. Қазіргі болмыс бір орында тұрмайды, қазіргі болмыс қана дәуірлер арасындағы ирелеңдеген шекараны сызып береді; иректің шығыңқы жері — нағыз адамдардың іс­әрекеті, бұл адамзатқа жатпайтын ортадан адамзаттың жарып шығуы. Адамзат табиғатының батылдығы, шалт қимылы, шексіз берілгендігі иректің шығыңқы тұсында — алғы шепте шоғырланады. Нағыз адамдар әрқашан Бүгін мен Ертеңнің арасындағы көзге шалынбайтын қырларында жүреді, үнемі тәуекелге барады, және Ертең бір жерден жарып шығады. Нақты адам: нағыз және керемет Қазіргі болмыс туралы сәл көтеріңкілеу айтсақ керек, қазіргі болмыс дегеніміз кейін біреулерге ескерткіш қоятындай тағдыры сияқты болып көрінетін шығар. Бұл қазіргі болмысты біздің тіршілік аямыздан алшақтатып жібереді, жалындаған жас кезімдегі бағыт­ бағдар ұстай алмайтын жағдайды еске түсіреді. Қазіргі болмыс онда еліктеу құралына айналды: ол кітаптарда, суреттерде, пластинкаларда болды; қазіргі болмыс қолға түспей, оның бейнелері жастық шақты азапқа салып, өзін төмен санауға әкеп соқтырды. Бұл өте сұмдық нәрсе. «Освобождение духа от страха, иллюзий, архаики» атты кітабымда жазғандықтан оны қайталап жату артық болар, одан тек мына жағдайларды еске сала кетсем деймін: мен осыншама жасқа келгенімше адамды кемсітудің, оны төмендетудің небір түрлерін көрдім, нағыз, керемет адамды үлгі тұтып, тірі адам оған әрқашан төменнен жоғары қарау керек болды, кітаптағы адамдарға қарағанда тірі адам әрқашан өзін тобырдың бірі сезінді. Күнделікті нақты адам ешқашан лайықты идеал бола алмайды — ұжымдасушылық және жалған ұжымдасушылық мәдениеттің тірі адамға деген көзқарасы, міне, осындай. Тірі адам өзіне деген ондай қатынасты өзінің қарапайымдылығынан көреді. Қарапайымдылық келмеске кетті. Бұрынғы басқа да ұжымдасушылықпен бірге иірімнің бөлігіне айналды. Уақыт аралығында адамға деген ешқандай да, жақсыға да, жаманға да жатпайтын ұжымдық қатынас болды. Уақыт аралығында қатынас принципті ұжымдық қатынас, адам үстінен қарайтын ұжымдық сот жоқ жерге бастайды, тек өзіңе ғана қатысты қатынас бар бар, оның қарапайымдылықпен ешқандай байланысы да жоқ. Мен осы идеяны жан­жақты саралай келіп, оны жақтаймын, бұл екіге екі қосқанда төрт болады дегендей қолға ұстап, көзбен көретіндей идея болып табылады. Адам өзінің қадірін білмей өмір сүруі мүмкін емес. Біртұтас, алғашқы қауымдық ұжымда қатынас әрқашан да игілік атаулыға бағытталды. Жалған ұжымдасушылықта игілік ұжымға тиесілі болып көрінеді, бірақ оны сыбайластық арқылы иеленеді және бөліске салады. Жалған ұжымдасушылықта игілік — қоғамдық қатынастарды емес, оның суррагаттарын байыту.

Читайте также:  Архитектура новых жилых комплексов Казахстана

Оставить комментарий