Қазақтың мәртебелі Қасым ханы

Ұзақ замандар бойы қазақ тарихынан хандар шежіресін сызып, өшіріп тастап, мыңдаған жылдық халық ғұмырнамасын жадағай, жалаң етіп көрсету — соңғы толқын ұрпақтың санасына арына ауыр соққы болды. Арысы Оғыз хан (Огуз хан) беpiп — Абылай ханға дейінгі елдіктің тұтастықтың, туыстықтың түбінде табылудың (мемлекет) бepiк символы болып келген мамыр тарихына қара күйе жағылып, ол туралы жазылған арғы ­ бергі тарихтағы ақиқат құнды деректер өртеліп немесе «темір зынданға» қамалды. Бip дәлел келтірелік. Жуықта ғана Мәскеу көгілдір экранынан (28 наурыз, 1992 жыл) «Facbip сенсациясы» деп аталған хабар берілді. Ол хабарды бipey көріп, бipey көрмеген шығар. Сондықтан оқырмандарға ұғынықты болу үшін осы хабарды көшіріп басқан «Қазақ әдебиетіндегі» қысқа мақаланы (3 ­ Cәyip, 1992 жыл) қайыра келтірелік: «1992 жылы 28 наурыз күш «Игорь жасағы туралы» жырдың тағдырына байланысты Мәскеу теледидары күллі түркі дүниесі, оның ішінде қазақ халқы үшін аса маңызды дүниені дүр сілкіндірген хабар берді. КГБ архивінің патша жандармериясына жататын «Жырдың» шынайы авторы Баян жыраудың жартылай күйген cypeтi шығыпты. Мұны хабарлаған орыс ғалымы жаңалықты «Ғасыр сенсациясы» деп бағалады. Баян жырау қыпшақ ханының ұлы екен. Күллі орыс зиялыларының дүние жүзі әлеуметінен мың жыл бойы тығып ұстаған құпия жария болды.

«Азия» кітабында «Жырдың авторы кім болғанда да қыпшақ тілін жақсы меңгерген адам болуы керек» деген Олжастың жорамалы айдай келді». Мiнe халқымыздың киелі аруақты тарихы қалай бұрмаланып, қалай оқытылып келгенін осы аз мысалдың өзінен ­ ақ айқын аңғаруға болады. Біздің тарихымыз сол Тeмip «зынданнан шықпай жатыр.» Осындай тарих тұңғиығында жатқан жарқын бейнелердің бipі туралы қысқаша әңгімелесек деп едік. Бүкіл Жетісу мен ұлан ұзақ Сарыарқа даласына дейін созылып жатқан Ақ Орда хандығының ұлы әміршіci Жәнібекұлы Қасым ханның (1450 — 1521 жылдар шамасы) өмipi мен ел үшін атқарған өлшеусіз еңбегі ұшан теңіз. Ол өзінің туған әкесі Жәнібек хан заманында қол жеткізе алмаған ел іргесін бекітіп ноғай, өзбек ұлыстарына әмірін жүргізіп, Астрахань, Қырым Ciбip (Көшім хандығы) елдерімен кейде тағу, кейде бату дипломатиялық саясатпен өз беделін өткізе білген адам Дешті Қыпшақтағы Ақ Орда ұлысының (мемлекетінің) даңқы Қасым хан ел билеген шақта Шығысы — Бейжің (Пекин), батысы — Мәскеу патшалығынан асып Еуропа мен таяу Шығыс елдерінің талайына мәлім болды. Қазақ мемлекетінің айдыны Ұлы Жібек жолындағы сансыз бай шаһарлары мен сауда жолындағы керуен сарайларымен де асқақтай түсті. Біздің жұртымызға сол заманда ­ ақ Үндістанның жібек сарайы, үнді шәйі, ауғандықтардың ақ тарысы, қытай фарфорлары, білте мылтықтары таңсық емес еді.

Читайте также:  Жүсіп мерген туралы ертегі

Қасым хан заманында қазақ кенттердегі зергерлік, қолөнері дами түсті. Ұсталық дүкендерінде соғылған қыпшақ қылышының қайқы қара (болат) қылышының, көк сүңгінің (найзаның), қамал бұзар қару — сақпанның даңқы алты алаштан асып, төрткүл дүниеге жайылды. Хан сарайындағы бектер мен мырзалар, таркандар, кей қуат, сұлтандар ата тегі жағынан тiптi қазақ түгіл түркіге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жат жұрттық ақылды, өнерлі қайраткерлер де болды. Мұның бәрін Қасым хан жатсынған жоқ, қайта бірдей тең ұстап, «болар ұлға бұлдық жоқ, үш атадан кейін құлдық жоқ» деп өзінің «Қасым ханның қасқа жолы» алты мемлекеттік заң, праволық жарғысына енгізіп кетті. Бұл кезеңде «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заман Түpкi қағанаты кезіндегі халықтың «қағанағы ­ қарқ, сағанағы ­ сарық», «қазақ байдың баласымыз, алты алаштың ағасымыз» деп келетін уыстан баяғыда­ақ шығып кеткен үстемдікке, айбынды мемлекет болуға деген аңсар арман қайта ояна бастағанды. Ел еңсе көтеріп, Моғолстан мен Мәуеранахр жеріндегі ежелгі қалаларын қайта өзіне қаратқан Қасым хан қарсы қылыш көтерген қандастары Қырымның ханы Қиырлы мен Ноғайлының ханы Шағым бекті қан майданда тізе бүктіріп, бала ­ шаға, туыс ­жекжаттарымен түгел қолға түсіріп, тұтқын етеді. «Қасым ханның ақылы мен айласын, көрегендігін досы түгіл, дұшпаны да мойындаған, шежіресінде қырық кісінің ақылы бар қазақ ханы — Қасым хан» жөнінде жоғары баға берілген. «Құс қанаты талатын жері бар, байлыққа бөккен елі бар, мың сан түмен қолы бар» қазақ ханы Қасым ханның өмip тарихы мен қоғамдық қызметін, жорық жолдарын анықтап, тарихи деректер мен құжаттар негізінде айқындай түсу келешектің ici. Ел аузында әлі күнге дейін айтылып келген «Қасым ханның қасқа жолы» деген сөз, не сөз, оның түпкі мағынасы нені меңзейді, неге дәл осы Қасым ханның атымен байланысты аталады? — деген көптеген сұрақтарға жауап беру әзірше өте қиын. Дегенмен көне деректерде (Рузбихан, Мұхаммед Хайдар, Мұхамед, Салық, Захираддин Мұхаммед Бабыр) Қасым ханға тікелей байланысты бipaз құнды мәліметтер ұшырасып отырады. «Ел билігін eкi ауыз сөзбен шешкен» Қасым хан туралы талай аңыз ­ дастандар да туған. Оның «Қасқа жол» атанған билік Ережесі заманында хатқа түспеді ме, түспеді де, біз ол жағынан мүлде бейхабармыз.

Читайте также:  СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖАПОН РОМАНЫ

Алайда, кейінгі замандарда ауыз әдебиетіне сіңісіп, әдет ­ ғұрып, салт ­ дәстүрге байланысты айтылатын мақал ­ мәтелге айналып кеткен билер cөзi, кeciмi, төрелігі сол «Қасым ханның қасқа жолы» атты билік ­ праволық Жарғыдан бастау алатыны байқалады. Қазақ даласының болашақ көркеюі мен дамуына Жібек жолының, Шаһарлардағы керуен сарайларының, Кipe жолының қаншалықты маңызы барына тұңғыш рет мән берген Қасым хан болғандығын кейір құжаттардан аңғаруға болады. Ол заманда eкi қылмысқа өлім жазасының тағайындалуы соған меңзейді. Біріншісі кici өлтіру — (Қасым ханның билік жарғысы бойынша «Қанға —қан», екіншіci керуен талау — (Қасым ханның билік жарғысы бойынша «Керуен соғу» — яғни өлімге бұйыру). Бұл eкeyi де аса ауыр әpi ақталмас күнә саналған. Қасым ханға дейін керуен жолындағы саудагерлерді тонағаны үшін «айып» төлеп қана құтылып келген жолбасарлар, енді ханның мына қаһарлы жарғысынан кейін тауаны қайтып, жүректері шайлығып қалады. Бұл кезде Шыңғыс ханның eкi ұлынан тараған eкi ұрпақ хандары (Жошы және Шағатай) өзара билікке, жерге таласып, қан төгісіп жатқанда Қасым хан ең алдымен қазақ мемлекетінің соғыссыз, бейбіт жолмен дамуына ерекше ынта білдіріп отырды. Сырдария бойында ежелгі керуен кенттерін бауырына басып, айырылғысы келмеген Жошының тұқымы Шайбақ ханның (орысша мұны Шайбани деп жазады) Қазақ даласына қарсы жариялаған ғазауат соғысы басында недәуір табысты басталғанмен аяғы үлкен жеңіліске ұшырайды. 1510 жылы қазақ сұлтандары ipi жеңіске жетеді. Бip жағы Шыңғыс хан тұқымы, екінші жағы Әмір ­ Темір (Ақсақ Тeмip) ұрпақтары кезек жеңісіп, бірінің жығысын екіншіci жығып жүргенде Қасым ханның «ара ағайындық» саясат ұстап, аңдап басқаны оның ақылды ел ағасы болғанын анықтай түседі.

Мәселен Әмip ­ Тeмip ұрпағы мен Омар шейхтың баласы Бабыр, Жошы әyлeтiнiң мұpaгepi Әбілхайырдың немеpeci Мұхаммед Шайбани арасындағы ұзаққа созылған дау ­ жанжалды, қырғын соғысты өз мақсатына шебер пайдаланып отырды. Ол «қай жеңгенің мeнiкi» деген әккі дипломатияның адамы болғанын, қажетті жерінде қалың әскерімен жау бетін қайтаруға қабілетін әскербасы болғанын сол замандағы көзі көрген тарихшылар жазып кеткен. Қасым ханның кездеген мақсаты — берекесі қашқан, қиюы кеткен Әмір Тeмip иелігін қайта қалыпқа келтіріп, тұтас түркі халқына билік жүргізу болды. Ел болудың мақсаты жалғыз соғыс қана емес, ең әуелі берекелі бiтiм, келісім екенін жақсы білген Қасым ханның қол астына пана іздеп келген атақты ноғай мырзалары, қарақалпақ бектерін дүрбіт, торғауыт, ойрат нояндары да болды. Қасым хан өз алдына Сырдария бойынан Ciбipгe дейін хандық құрған 1428 жылдан 1468 жылға дейін қырық жыл бойы өз тағында мызғымай отырған Әбілқайыр ханның мемлекет басқару жүйесін өзіне мұра тұтты. Өз әкесі Жәнібек заманындағы ата жауы ойраттардың қазақ даласына баса көктеп кіріп, (1452 —1455 жылдар) Ташкентке дейінгі ұлан ­ байтақ аумақты қанға бөктіргенін де еш уақытта жадынан шығармаған секілді. «Қасқыр да қас қылмайды жолдасына» деген асқақ қағиданы бepiк ұстанған Қасым хан батыс Монғолиядағы ойраттардан хан ордасына қашып ­ пысып келген бұрынғы ата жауының ұрпақтарына да жылы қабақ білдіріп, бауырына тартты. Монғолдың «күнде бау» дәстүрін сақтап, аңдалық сертке ақырына дейін адал бола білген Тарихшы Рузбихан өз тұстасы Шайбақ ханға ішін тарта отырып та, Қасым ханның ұлылығын жоққа шығармайды. Ол Қасым ханды: «Күн сәулелі хандардың ханы» деп аса жоғары бағалайды.

Читайте также:  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИСЛАМ ДАМУ БАНКІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Қасым хан заманындағы «Ноғай ұлысы», «Өзбек хандығы» деген тарихи бірлестіктер қазіргі түсінігімізден мүлде алшақ жатқанын мойындауымыз керек. Еуропалық полис мемлекеттік жүйе орта азиялық хандық мемлекеттің құрылымына ешбip жәрдем бере алмайды, керісінше, оқырмандарды шатыстырады. Қасым хан кезіндегі Сайрамды, болмаса Самарқанды, болмаса Ташкентті билесе, сол мемлекеттің тұтқасына ие адам деп түсіну ұшқары пікip екеніне назар аударатын кез жетті. Ағайынды хандардың бipі мемлекет, бipі қала негізін қолына ұстап отыруы — Шыңғыс хан заманынан келе жатқан дәстүр. Сондықтан Қасым ханды Самарқанда отырмадың, «Астана жоқ», ендеше хандығың да болған емес дегендей түсінікке қазақтың ұлттық тарихнамасы тұрғысынан жан ­ жақты, ғылыми жауабын беру әділетті болар еді. Сонымен бipге Жошы ұлысы, бірде Дешті Қыпшақ, бipece «Көшпелі өзбек ұлысы» атанып, әр тарихи дәуірде әр түрлі аталып келген жұртымыздың Қасым хан кезінде бip ­ақ атауы болғанын, оның «Ақ Орда» аталғанына көз жеткізе түсеміз. Қасым ханның тарихи рөлі сонда — ол ата жұртымыздың іргесін бекітіп, хандық мемлекетін нығайтып, халқымыздың ұлттық санасының қалыптасуына ұйтқы бола білді. «Қасым ханның қасқа жолы» атанған тұтастай хандық, билік жүйесі ұзақ ғасырлар бойы халық кодексіне, билік, сот мектебіне айналып, жұртымызға тарихи қызмет атқарып келді. Халқымызға Қасым хан eciмi сонысымен даңқты болып қала береді.

Оставить комментарий