Қазақтың «Жарғы» заңдарының қалыптасу ерекшеліктері

Қазақ құқығы дүниесі мен құқықтық дүниетанымы қазақтар мен олардың ата­ бабалары өмір сүрген орталық Азия мен Еуразия кеңістігінде сан алуан империялар мен әлеуметтік­саяси режимдер бірін­бірі толассыз ауыстырып отырған ғасырлар қойнауына кетеді Қазақтар мен олардың ата­бабалары жер шарының осы бөлігінде шешуші, басты орынға ие болған көшпелі малшылар конфедерациясына кірді. Мұның өзі барлық көшпелі қоғамға тән жалпы жағдай болатын. Қазақтың көшпелі қоғамы аясында, оның құқықтық дүниетанымы өзіндік ерекшеліктерге ие болды. Адамгершілік құндылықтарға негізделген дала демократиясының институттары кең құлаш жайған көшпелі қоғамда пікірталас қисындылығының құрамы ретінде әділ сот пен шешендік ділмарлықтың рөлі өте жоғары қойылып, өзін­өзі басқару еркіндігіне деген ұмтылыс айқын сезіледі. Бұл қырынан қазақ қоғамы, өзі қалыптасқан көшпелі далалық негізін әлдеқайда басып озды. Егер әлемде көшпелі өркениет болған және әр жерде өзінше көрініс тапқан деп болжасақ, шын мәнінде көшпелі өркениет түсінігі өміршең десек, менің пікірімше, көшпелі өркениеттің ең дамыған нысаны Қазақстан аумағына тән болған. Бұл қандай да бір субъективті ой шеңберінде көшпелі аймақтардың бірін жоғарылату, асыра мадақтауға бағытталған зерттеу елесінің нәтижесі емес. Мұның сырын — жағрапиялық, әлеуметтік­ саяси, адами құндылықтармен астасып жатқан үш фактордан із ­ деген жөн.

Бірінші фактор — Орталық Азияны мекендеген халықтардың басым бөлігі үшін орта ғасырлық тарихи жағдайда өмір сүрудің бірден­бір негізін құраған мал шаруашылығын дамытуға барлық жағынан қолайлы болып келген, халқы сирек қоныстанған ірі табиғи кеңістіктің болуы. Көшпелілер осы шөбі құнарлы, суаттары мол, жайылымдық ­ шабындық, алқаптар, орманды аймақтар, кең далалық кеңістік кіретін — солтүстікте Ертіс — Енисей аймағынан бастап, оңтүстікте Балқаш көлі мен Сырдария өзенше дейін, батыста Орал, Еділ — Жайық, алқабынан Қарақұм, Мойынқұм құмдарына дейін, шығыста Жетісудың қайнар көздеріне, Жоңғар қақпасына дейін жүз мыңдаған шаршы километр жерді алып жатқан, «Жаннат бұрышы» деп аталған ұлан­ғайыр жер сілемін қоныстады. Осы кең аумақ Қыпшақ даласы аталып, әдебиетке «Шығыс Дешті Қыпшақ» ретінде енді Шыңғысхан өз заманында осы жерді ірі әрі маңызды аймақ атауымен өзінің үлкен ұлы Жошыға берген еді. Кейіннен осы жердің ірі бөлігінде өзге ордалардан айырмашылығы мол «Ақ Орда» құрылды.

Читайте также:  ТІЛ ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Екінші фактор — осы ұлан­ғайыр жерде еркін психологияға ие көшпелілер бірлестіктерінің өмір сүруі. Оның қайнар көзі мен негізін мыналар құрады: а) көшпелі өмір үрдісі еркіндігі мен оның дәстүрлі мәдениетін қызу қолдаушылар; ә) ғұн, қыпшақ, монғол және Темір әулеті империясы қол астындағылардан түрлі себептермен бөлінген қоныс аударушылар. Осы империялар билеушілері үздіксіз, қажытқан жорықтар жасады. «Қоныс аударушылар» үшін бұрынғы келген орнында қысымға ұшырау, сондай­ақ үйреншікті дүниеге көзқарас және көшпелі халықтар дүниетанымына қайшы келетін жана ережелерді, оның ішінде клерикалды ­ діни, милитаристік мекемелер ережелерін күштеп қабылдатуға ұмтылу айтарлықтай рөл атқарды; б) жайылымдық ­көшпелі жерлерді және өзін ­ өзі басқару еркіндігін іздеушілер. Қыпшақ даласы көшпелі халықтардың дүниетанымы негізінен өз базасы шеңберінде өзінің көпғасырлық тұрақты дамуы барысында қалыптасты.

Үшінші фактор — Қыпшақ даласы (Шығыс Дешті Қыпшақ) деп аталған кең байтақ аймақ — көшпелі өркениет пен еркін көшпелілердің көп жағдайларда жалпы адами құндылықтармен үндес мәдениетін бойына сіңірді. Қоғамда Сөз құдіреті мен Заң құдіреті өмірлік күшке ие болды. Ол бай мен кедей, ақсүйек пен бағыныштыларға бөлінген әлеуметтік теңсіздікке негізделген қоғамның өзінде де жеке санада бастапқы күшке ие болды.

Қазақ құқығы («Жарғы») — Шығыс Дешті Қыпшақта (Қыпшақ даласында) көшпелі қоғам дамуының жалпы және ерекше жолын көрсететін селективті құқық. Ол Орталық Қазақстан тарихында көптеген ғасырлар бойында бірін­бірі алмастырған көшпелі бірлестіктердің құқықтық массивтерінің табиғи іріктелуі болып табылады. Әрине, онда ғұндар мен түрік қағанаттарының, қыпшақтар мен Монғол империясының іздері бар.

Ескерілуі тиіс жайт, қазақ құқығы («жарғы») қазақ хандығында басты рөл ойнағанымен, бүкіл хандық көлемінде жалпы мемлекеттік құқық болып саналған жоқ. Бұл мемлекеттің көшпелі халқына қатысты еді, әрі отырықшы халық құқығымен қалалық құқық пен егіншілік құқықтан айтарлықтай бөлек өмір сүріп. Бұл олардың арасында өзара байланыс болмады дегенді білдірмейді бәріне бірдей ортақ құқықтық нормалардың барлығын жоққа шығармайды. «Дала құқығына» ішкі тұрақтылық пен ұстамдылық көбірек тән еді. Отырықшы орталықтармен тығыз байланыста бола тұрып, ол өзіндік тұрғысы мен құрылымын өзгерткен жоқ, керісінше, оның негізгі — көшпелі қоғам нығая түсуімен бірге далалық құқық та күшейе түсті. Көшпелі бірлестіктер үнемі Орталық Азия хандықтары мен ордаларының экономикалық тұрақтылығы мен әскери қуатының негізгі және тірегі болды. Қалалар мен отырықшы орталықтар жиі үздіксіз жүргізілген өзара тартыс пен соғыс жылдарында талан­таражға ұшырады, қирады. Ал, көшпелі бірлестіктер өмір ­ күйінің ширақтығына, бейімділігіне байланысты осындай ауыр сынақтарға аз ұшырады. Егер де мұндай жағдай орын алса, көшпелілердің басына түсе қалса, олар өздерінің өмірге икемдігі арқасында ежелгі қалпына тезірек оралады. Көшпелі қазақ қоғамының тұрақтылығы мен бекімділігіне рулық құрылыммен қатар, «Дала заңдары» да айтарлықтай ұйытқы күш болды. Көшпелі қоғам өз қалпында, өз негізінде қаншалықты сақталса, оған тән «Дала заңдарының» қоғамдағы алатын орны да соншалықты мықты болды. Керісінше, ежелгі құқықтық мекемелер мен заңдардың өз күші сақталса, көшпелі қоғамның талай қиын кездерден өтуіне, ішкі бірлестігінің сақталуына зор жәрдемін тигізді. Осы тұрғыдан алғанда көшпелі қоғамды оның ішкі заңдарынан бөліп қарау ретсіз.

Читайте также:  ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ МӘНІНДЕГІ ШЕКАРАЛАР

Қазақ құқығы («жарғы») кең­байтақ қыпшақ даласында еркіндік пен бостандық саясында, көшпелілердің дүниетанымы, өзіндік теңдік, өзін­өзі басқару ұғымдарының негізінде қалыптасып, дамыды. Ру ішіндегі және руаралық байланыстарда, сондай­ақ басқару қатынастарында шыншылдық, әділдік және адалдық сияқты моральдық құндылықтарды тәрбиелеп, бекітуге ерекше көңіл бөледі. Бұлар қоғамдық идеология деңгейіне дейін көтеріп және қоғамдағы игіліктің, құқықтық тәртіп пен бейбітшіліктің күшіне айналды. «Ар» түстік адамдық қадір­қасиет ұғымынан да үлкен ұғым, адамның рухани негізін білдірген қоғам мен қазақтың «жарғы» құқығынан көрініс тауып, жоғары бағаланды. «Ар» ұғымына адами мазмұн береді Оның мазмұны мен салмағын келесідей нормативтік және сондай­ақ моральдық қағидалардан көрінеді. «Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы»; «Өлімнен ар күшті»; «Жігіттің құны — жүз жылқы, арды құны — мың жылқы».

Қазақтың «Жарғы» құқығының бірегейлігі оның көшпелі өркениет шеңберінде туындап, сол дәуірдің арман­мақсаты мен көптеген құндылықтың белгілерін қамтуында. Бұл орайда ол әлемдегі тарихи маңызы бар құқықтық жүйелер арасында өзінің лайықты орнын иелене алады және иеленуі тиіс те.

Оставить комментарий