ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР

Түрік флоьклоры да түрік тарихы сияқты бай бір өткенге ие. Бұл байлық осы күнде де көрініс тапқан және әлемнің әр түпкірінде өмір сүріп келген түркі халықтары өткеннен осы күнге алып келген бай фольклорларын дамытып және осы құндылықтырын жаңа ұрпаққа тапсырған. Ақындар айтысы да осы құндылықтардың бірі. Тарих бойынша ақындар өздері өмір сүрген қоғамнын сөзшісі болған, олар сол қоғамнын жағдайын, қоғамдағы ортақ және жеке әділетсіздіктерді, кемшіліктерді де сөз етуді өздерінің міндеті деп есептеген. Бұл жағынан халық өлеңдері де әзіл-оспақтық және сатиралық ерешеліктерге ие. Қоғамдық және жеке кемшіліктерді, жетіспеушіліктерде, әділетсіздіктерді т.б тура және астарлы жолмен күлкілі жақтармен көрерменге ұсынатын өнер түрі сықақ деп аталады. Сықақ мәдени өмірдің айрылмас бір бөлігі. Халық әдебиетінде сықақ өте ерте замандарға тамырын жайған бірігулердің қорытындысы. Ақындардың сықағында түрік мәдениетінің саяси, әлеуметтік, экономикалық т.б. ерешеліктері көрінеді. Сықақ ақындық әдебиет жемістерінен кекесін, өтірік сияқты түрлерінде бай бір көрініс тапқан. Айтыстар келемеждей негізінде ұсынылады. Айтыстарда қақтығысы, инелеу негізгі мақсат бола тұрса да әдеп құралдарының тысына шықпаған /1, 33/. Сықақ түсінігінің күлдіру мақсатының тысында астарлы түрде сатира мен өкпені де қамтиды. Сықақтың шекаралары ирониядан сөгіске дейін барады. Сықақтың кең бір мағына және мазмұны бар. Өкпенің қоршаған ортаға жансуынан, қоғамдық сынна сөз еткен маңызды бір әдебиет түрі /2, 138/. Түрік ақындық дәстүрінде «yalanlama» деп аталатын, ал қазақ әдебиетінде болса «өтірік өлең» деп аталатын әдебиет түрлерінен сықақ элементі халық мәдениетінің көрінісі. Ақындық әрекеттерде маңызды бір орынды иеленген өтірік өлең мен әсірелеу бөлімдері қарсылықты кезектес қара өлеңдерден /3, 57/ ұйқасқандай-ақ жалғыз ақынның да ұсына алатын өнер түрі. Қазақ әдебиетінде өтірік өлеңдердің алғашқы мысалдарын В.В. Радловтың 1866-1907 жж. жазған «Солтүстік Түркі тайпаларының ұлттық әдебиет мысалдары» атты шығармасынан көре аламыз. Осыдан кейін 1927 жылы Мәскеуде шыққан Ильяс Жансүгіровтың «Өтірік» атты еңбегінде көре аламыз /4, 6/. Өтірік өлең түрлеріндегі өлеңдерде ақылға сыймайтындай өтіріктерді айту негізгі мақсат. Осы жағынан қаншалықты оңай болып көрінгенімен өтірік өлеңдерді орындау ақындар үшін оңай болмаған. Өтірік өлең айту ерекше ұсталық пен қабілетті қажет етеді. Өйткені ол кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ақын белгілі бір мақсатқа бағытталған өтірік өлеңдерінде ой мен қиял күшін сатирамен біріктіріп және бір өнер жемісі ретінде тыңдаушыға ұсынуда. Қазақ халық әдебиетінде «Қырық өтірік», «Тазшабала» және «Алдар Көсенің хикаяларында» ешкімнің ойламаған өтіріктердің, қалыптардың, айлалардың айтылғаны көрінеді. Өтірік өлеңдерде болса қара сөз түріндегі бұл әдеби оқиғаның қалыппен әуенді қара өлеңмен орындалған түрі дей аламыз. Өтірік өлеңдерде ақындар өз жағдайларын сөз еткенімен негізінде жалпы қоғамның жағдайы жатады. Бұл өлеңдерде өтірік айтылғанымен астарында шындық жатады /5, 297/. Өтірік өлеңдерде бейнеленген элементтердің барлығы адамдардың көз алдындағы нәрселерден, жалпы баршаға белгілі оқиғалардан алынады. Алайда, олардың іс-әрекеттері мен сөздері шындыққа еш ұйқаспайтындай дәрежеге орындалады /6, 79/. Ырымдарды, кертартпалықты, надандықты ирониямен суреттей отырып келемеждейді. Бұл өз алдына бір фольклор құралдары мен оқиға күлкісінің қоспасы /1, 33/. Ақындар айтылған сөз бен айтылуы тиіс нәрселердің қайшылықтарына негізделген астарлы сатира мақсатындағы сөз өнерлерінің бірі болып табылатын истидрак өнері (мақтағандай болып сықақтау немесе сықақтағандай болып мақтау) жиі қолданылған. Ақындар кекесіндерінде ым-ишаралы сөздер таңдай отырып жалпы астарлы мағына қолданған. Сықақты әдеп, сыпайылық өрнегінде қалыптастырған. Халық өлеңдерінің сатира қажеттілігі осы өнерлер негізінде құрылған. Өтіріктің қаруы сатира екенін еске алатын болсақ, оны орындаған ақындар да кекетуге тырысқан, қалжыңдау үшін сатин күтіп отырған қарапайым біреулер емес, қоғамның түрлі жағдайларын, күлкілі тұстарын өзінін суырып-салмалығымен практикалық ақыл мен ұшқыр ойларымен жалпы әсірелеп ортаға шығарған жемістер. Қарапайым адамдар бір оқиғаны ақындар сияқты әрі күлкілі, әрі өнерлі түрде халыққа ұсынатындай қабілетті иемденбеген. Міне, ақындар да әрі осы қызықты өтіріктерді тауып ойға сыйдыра білген және бұны бір өнер ретінде ұсына алатындай ерекше бір дәрежеге жеткен. Қазақ халқының ертедегі айтыс дәстүрінде өтірік өлең айта отырып бір- бірін сынау, бақылау да болған екен. Бұл түрлер сатираға жақын болғандықтан, бұл түр өлеңдерде әсірелі бейнелеу сияқты әдістер көптеп қолданылған. Өтірікпен жарысу шындықпен жарысумен парапар. Қазақ ақындары өтірік өлең айтыстарын бастаған кездерінде «Өтірік па көргенім/ Қиял мекен көрмеймін» дей отырып өтіріктердің деңгейін тілдеріне тиек етіп өтіріктерін айтады екен. Бірақ қазақ фольклорында айтысты зерттейтін ғалымлар өтірік өлең түрлерін айтыс түрлеріне кіргізбеген. Бұнын себебі өтірік өлеңдерді орындаған ақындардың бұл өтіріктерді суырып-салма ма, әлде дайын өлеңдерді орындағандықтары тартыс тудырған. Ақындар өтірік өлеңдерді алдын ала дайындап жатқа сөйлеулері мүмкін деген пікірлері де бар. Алайда, ақын өтірік өлеңдерді ойындағыдай айта алмайды, қарсы- ласының жауабына қарай ұйқастырған. Жалпы алғанда қарсыласының өтірігіне қарсы бір өлең айтылғандықтан, бұл өлеңдердің жатқа орындалғандыған айту дұрыс емес. Қазақ ақындық өлеңдерінде сонғы жылдарда, әсіресе 80-жылдардан кейінгі айтарлықтай жанданған және жаңадан түрленген айтыстардың бір бөлігі өтірік өлең түрінде айтыс ретінде белгіленген. Теледидарда және концерт залдарында ұйымдастырылған айтыс жарыстарында қайым айтыс, жұмбақ айтыспен қатар өтірік айтыстар да өтеді. Мысалы бұл айтыстардың бірінде Әл-Фараби атындағы Ұлттық Университет пен Құрманғазы атындағы Ұлттық Консерватория студенттері жарысқан және Әл-Фараби Университетінің студенті ақын Серікзат Дүйсенғазы «Айға шықтым балықпен, жолда бензин/жанармай бітіп әуре болдым» дегенінде оған жауап ретінде қарсыласы: “Байқаймын бағаң сенің алар төмен, Мақтансаң Айға жетпей қалар төбең. Әріптес неге айтасың өтірікті, Балықтар жүреді ғой соляркамен, -!” деп әсерлі бір жауап берген. Бұл мысалдан ақынның қаншалықты зерек, суырып-салма және әсірелеуге қабілетті өнерпаздар екенін көре аламыз. Ақын қарсыласының өтірігіне жауап ұйқастырудың орнына бұл өрнекке жаңа бір пішін бере отырып қызықты бір ақыл мысалы және суырып-салмалық көрсеткен. Ақынға тек қана суырып-салма өлең айту жеткіліксіз, сонымен қатар епті ақыл иесі және өткір көзқарасты болуы шарт, жорамал жасауымызға түрткі болуы керек. Өтірік өлеңдерде тек қана өтірік айту жеткіліксіз. Қарсыласының айтқан өтірігінен де ең әсерлі ең жақсысын дәлелді түрде айтуы шарт. Қазақ өтірік өлеңдерінде ақындар жиі-жиі айтқандарының шындық екендігін, өлеңдерінде бір тұтам өтіріктің болмағандығын айта тұра негізінде сенуге тиісті өтіріктер екендігіне назар аударады. “Айттым да өтірік өлең желдеп кеттім, Артымнан көбелекке кел деп кеттім…” Айттым да өтірік өлең желдей естім, Қоңызды ұстап алып, мұрнын тестім… Бұл берілген мысалдарда алғашқы екі жол қайым айтыстардағы сияқты әр шумақтың басында қайталанады. Қарсыласы да қарсылық ретінде айтылған өрнекке жауап береді. “Айттым да өтірік өлең жұртқа жақтым, Қайырып құмысқаны қойдай бақтым. Сонаның сұрауымен бас құда боп, Қызына инеліктің үкі тақтым,” Деген ақынға келесі ақында былайша жауап қайтарады: “Айттым да өтірік өлең жұртқа жақтым, Күн бойы көбелекті күнге бақтым. Мың жылдық құда болып инелікпен, Үстіне мэуітіден шапан жаптым,” дейді Өтірік өлеңдерде жануарларды қолдану – олармен болған жағдайларды мүмкін болмайтындай етіп айту, әсірелеу бір дәстүр. Дәл осы жағдай түрік халқының өтірік өлеңдерінде жиі-жиі кездеседі. Бұның себебі өткені көшпенділікпен өткен және табиғатпен тығыз байланыста өмір сүрген түркі халықтарының оларды жақсы тануы және табиғаттың сол көшпенді өмірдің бір бөлігі болуы. Ақын Пүруани ақын Чобаноглумен өткізген айтысында жоғарыдағы мысалға ұйқас жануарларға байланысты әсірелеуге тақырып болған бір өтірік өлең айтқан: Чобаноглу қарама оң мен солға Кел бері, қу батаны құшақтамай Екі тасбақа мен бір құрбақа Піреу арбаға жүгірді, көрдің бе? /7, 220/ Жалпы өтірік өлеңдерде айтылған тақырыптарының бір-біріне сайкес келуі шарт емес. Ең бастысы сол өтіріктерді шындыққа жанастырмадан қарсыласынан да жақсы өтірік айту. Түрік әдебиетінде өтірік өлеңдерінің қазақ өтірік өлеңдерімен айтарлықтай ұқсастықтары бар. Түрік халқының саналылығы мен инелеуші ерекшеліктері біріктіріліп ортаға шығарылған. Осы кезде әсірелеу өнері көптеп қолданылған. Ақындар өтірік өлеңдерге әсірелеу, түймедейді түйедей қылу дейді /8, 2/. Аданалық ақын Қарамехмет осы түрдің ең жақсы мысалдарын ұсынған. Бұл өлеңдерде әсірелеу, әзіл-оспақ, әлеуметтік сықақ орын алуда. Өлеңдер таңқалдыру мен әсірелеу негізінде айтылған: Дәмді қарбыз өсер бұл жерде Сенбегендер келсін қарбыз кезегіне Біреуі жарылып ақты суы Сонымен толтырдым тоғыз бөшке Сатып алуға көп саудагер келді Қырығы қосылып бес қарбыз алды Біреуін ойдық мешіт болды Ішінде бір апта намаз оқыттым /9, 207/ Ақындар айтысында айтыс тармағының бір бөлімі өтірік өлең айтыстары. Әрдайым үйлестірілмесе де осы бөлімін ең көңілді жағы. Ақын Қарамехмет пен ақын Шыхлыоглу айтысында Қара Мехмет: “Құйрығынан тұттым қара, қуып жетіп Өлтірдім оны мен ура ура Алты қой жуып екі түйе Бір кішкене жылан көрдім не дерсін?” Өрнегіне қарсы Шыхлыоглу: “Әсеп, не дерсін бұл жағдайда Бір жағы аттыға бір жағы пошта Білмедім инженер ма ұста ма?” Құмырсқада жоспар көрдім не дерсін? деп жауап берген. Қара Мехмет бұның үстіне «Сені менен өтірік көрдім, не дерсін?» деген екен. Әрі қазақ, әрі түрік ақындық дәстүрінде өтірік өлеңдерде ортақ ерекшеліктер кездеседі. Мысалы: Өтірік өлеңдер жеке өлең болғандай- ақ айтыс түрінде де орындалуы мүмкін. Айтыс түріндегілері көбінесе екі адамның ортақ тақырып төңірегінде бір-бірінен де әсерлі өлеңдер орындауымен ерекшеленеді. Сонымен қатар ақын үнемі қарсылас ақынға дәл сол тақырып төңірегінде жауап беруге міндетті емес. Екі қоғамдада өтірік өлеңдер көңіл көтеріді, ойландырады, сынайды. Ақындар қоғамды және адам қатынастарын зерттеулерімен, оқиғаларды барлық жағынан талдауларымен ерекшеленеді. Бұл түрлерде халықтың ақынға деген көзқарасын, шексіз қошеметін көре аламыз. Халық арасынан шыққан ақындардың орындау пішіні табиғи. Ақын өзі өмір сүрген қоғамнын ерекшеліктерін өлеңдерінде қолданғаны үшін нәтижелі шығармалар ортаға шығады. Қарапайым айтылымдардағы өлең түріндегі мағына, жайлылық пен тақырыптардағы нағыз табиғат, шынайы өмір және адамзатқа лайықты элеметтер кездеседі. Ақынның өлеңдерінде көшпенді өмірге сай терең іздер көрінеді. Табиғи өмірге лайықты іздер ең жанды дәлелдерде орын алады: тасбақа, құрбақа, шыбын, маса, қоян, тышқан, құмырсқа, бөдене, бүрге, т.б. сияқты жануарлар өтірік өлеңдерде көптеп орын алады. Жергілікті диалекттерде күлдіруде негізгі элемент ретінде қолданылады. Ақындар өмірдегі сықақ пен әсірелеуді, қайшылықты көсетуге тырысады. Жағдайдың күлкілілігі ақындар сықағының негізін құрады. Өтірік өлеңдерде ең маңызды шарт өтірікті шындыққа жанастырмадан оны одан әрі әсерлі түрде тыңдаушыға жеткізу. Ақындардың өтірік өлеңдерінде астарлы және тура мағына бар. Сықақтың сатты болуы үшін әсірелеу, ғажаптылық, қайшылықтар, ақылға сыймайтын нәрселерді айту ақындардың ең көп қолданған әдістері болып келеді. Ақындар бұл өлеңдерінде астарлы мағынаны қолдана отырып сатираны жасырады. Кей кездерде тіпті қарама-қарсы нәрселерді де айтады. Жергілікті диалект ерекше- ліктермен тілде әзіл нысанасын жаратады. Ақындар сықақтарында ирониялық түсіндіруде мақтаудың астарында келемеждейді. Екі қоғамда да айтылған өтірік өлеңдерде халықтың тіршілік ерекшеліктерін, ойларын, көзқарастарын, ырымдарын, жұмыс шарттарын, дерт және қайғыларын, салт-дәстүрлерін көре аламыз. Бұл өлеңдер қоғамды жансытатын өлеңдер болып табылады. Қоғамның құндылықтары осы өлеңдерде көрініс табады. Екі қоғамда да соңғы жылдары өтірік өлең түріндегі айтыстар өте сирек кездесетін болды. Айтысқа көрсетілген қолдаумен бірге өтірік өлең түріндегі айтыстарға да қолдау көрсетілу керектігі маңызды бір мәселе. Бауырлас екі қоғамда да бұл түрлер бір-біріне жақындық көрсетуде ортақ өткеннің іздерін ортаға шығаруда.

Читайте также:  Орта ғасыр Батыс Еуропа роман және готика өнері

Оставить комментарий