Азаматтардың демократиялық қоғамдардағы басқару туралы түсініктері

Биліктің монарх пен оның бодандары арасында тұрған аралық институттар идеясы аристократиялық қоғамда әбден табиғи нәрсе болып көрінетін, онда билік жекелеген адамдардың немесе әулеттің қолында болып шығатын, оларға өздерінің шығу тегіне, біліміне және байлығына орай ешкім тең келмейтін, сөйтіп олар басқаларға билік жүргізуге жаралғандай болатын. Теңдік ғасырында бұл идеяның, әрине, кереғар қасиеттеріне қарай адамдардың ақыл­ойында ізі қалмады; оны санаға тек жасанды түрде ғана сіңіруге және онда зордың күшімен ғана ұстап тұруға болады. Сонымен бірге адамдар өздерін басқаратын біртұтас әрі орталықтандырылған өкімет идеясын іс жүзінде ойланып жатпастан қабылдайды. Айтпақшы, философия мен діндегі секілді саясатта да демократиялық халық қарапайым да жалпылама ойларды ықыласпен қабылдайды. Күрделі тұжырымдамаларды парасат қабылдай бермейді, және адамдарға, барша азаматтары бір үлгіге сәйкес келетін және біртұтас өкімет басқаратын ұлы ұлт ретінде сезіну ұнайды. Теңдік дәуірінде біртұтас және орталықтандырылған билік идеясынан кейін адамдардың ақыл­ойында біртұтас заңдар идеясы өзінен­өзі дерлік туындайды. Әрбір адамның өз көршілерінен айырмашылығы шамалы болғандықтан, ол өздерінің біріне қолданылатын заң қалған барлығына неге таратылмайтынын түсінбейді. Түкке тұрмайтын артықшылықтардың өзі онда жиреніш туғызады. Бір ғана қоғамның саяси ннституттарындағы құйтақандай айырмашылық оның азаматтарының наразылығын туындатады. Сондықтан адамдарға таңдардың бірдейлігі жақсы басқарудың аса маңызды шарты болып көрінеді. Барлық әлеуметтік топтарға бірдей таратылған бірыңғай заң ұғымы аристократия ғасырларында адамзат санасына жат болғанына сенімдімін. Ол кезде сана бұл идеяға әлі келе алмайтын еді немесе оны теріске шығаратын.

Парасаттың осынау қарама­қарсы ұмтылыстары сайып келгенде соқыр инстинктке және бекем дағдыларға айналатыны соншалық, олар кісінің ерекшеліктеріне тәуелсіз адамдарды билей бастайды. Ортағасырлық өмірдің шексіз алуандығына қарамастан, сол кезде бір­біріне мүлдем ұқсас индивидуумдар ұшырасатын, алайда бұл заң шығарушыға олардың әрқайсысына әрқилы міндеттер мен әртүрлі құқықтар жүктеуге кедергі болмайтын. Және керісінше, қазіргі кезде үкімет біркелкі салттар мен заңдарды өздерінің арасындағы Ортақ нәрсе тіптен аз халық топтарына таңып әлек болуда. Әлдебір халықта тіршілік жағдайы теңесе түскен сайын жеке индивидуумдар ұсақтай береді, сонымен бір мезгілде тұтас алынған қоғам неғұрлым ұлы бола түседі, немесе, дәлірек айтсақ, әрбір азамат барлық басқа азаматтарға ұқсас жанға айналып, тобырдың арасында жұтылып кетеді де, біздің көз алдымызда өзінің тұтастығымен тамаша халық бейнесі пайда болады. Осының бәрі, әрине, демократия дәуірінің адамдарына қоғамдық айрықша құқықтар туралы өте жоғары, ал кісі құқықтары туралы мейлінше қарабайыр ұғымдар туғызады. Олар осы аталғандардың біріншісінің пайдасы ­ бәрінен жоғары, ал кісінің мүддесі ­ештеңе емес дегенмен оп­оңай келіседі. Олар бүкіл қоғамды бейнелейтін билікте кемеңгерлік пен білімдарлық осы қоғамды құрайтын адамдардың кез­келгенінен артық және әрбір азаматты жетелеу биліктің құқығы ғана емес, міндеті де екендігімен ықыласты келіседі. Егер біз өз замандастарымызды жақсылап танып­біліп, олардың саяси көзқарастарының қайнар көздеріне дейін жеткіміз келсе, біз онда мен жаңа ғана келтірген идеялардың талайын көрген болар едік және бір­бірімен соншалықты жиі соғысқан халықтардың ортақ нәрселері соншама көп екендігін аңғарып, тегінде, қайран қалармыз. Американдар әрбір штатта жоғарғы өкіметті халықтың өзі орнатуға тиіс деп біледі. Алайда өкімет органдары құрыған бойда, американдар биліктің барлық нәрсеге құқығы бар екендігіне ықыласпен келісіп, оларды әлденеден шектеуді ойға да алмайды.

Читайте также:  НЕМІС ТІЛІ ГРАММАТИКАСЫН ОҚЫТУДА ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ӘСЕРІ

Американдар жекелеген қалалардың, отбасылардың не жекелеген азаматтардың айрықша артықшылықтарға ие болуы дегенді түсінбейді. Олар кез­келген заң бір штаттың түрлі түкпірінде, сонда тұрып жатқан барлық азаматтарға бірдей қолданылуға тиіс екендігіне кәміл сенеді. Бұл көзқарас қазір Еуропада да барған сайын кеңінен таралып, тіпті халық билігі догматын мейлінше өршелене теріске шығаратын ұлттардың өзінің санасына сіңе бастады. Бұл ұлттар билік табиғаты жөнінде американдардан басқа көзқарас ұстанады, алайда олар оны бір тұрғыдан қарастырады: олардың екеуінде де аралық биліктің қажеттігі туралы түсінік көмескіленіп, жойылып барады. Құқық тек индивидуумдардың шектеулі тобының ғана етене еншісі деген идея адамдар санасынан тез өшіп, оның орнын жалпы бүкіл қоғам үшін құдіретті де бірдей заң туралы түсінік ала бастады. Бұл түсініктер, адамдар оз құқықтарында және тіршілік жағдайларында теңескен сайын санада беки әрі күшейе түсті. Бұл идеяларды теңдік туғызады және оз кезегінде теңдікті орнату процесін жеделдете түседі. Осынау революциялық қайта құру неғұрлым батыл жүргізілген Францияда Еуропаның кез­келген басқа еліне қарағанда осынау көзқарас азаматтар санасын толық билеп алды. Егер біздің түрлі партияларымыздың серкелерінің сөздерін мұқият тыңдасақ осы көзқарастарды құптамайтын ешкімнің де жоқ екендігіне көзіміз жетеді. Көпшілік үкімет қанағаттанғысыз жұмыс істейді деп санайды, бірақ бәрі де ол әлі де белсендірек қимылдауға және бәрін өз қолына алуға тиіс деген пікірге тоқайласады. Тіпті өзара қырқысып жатқандардың өздері осы мәселеде бір көзқарасты ұстанады. Қоғамдық билікті орталықтандыру, оның бәрін қамтып, барынша қуатты болуы, оның заңдарының бірдейлігі ­ міне, бүгінде пайда бола бастаған барлық саяси жүйелердің сипатты белгілері осындай. Бұл белгілерді біз ең ғажап қиялдардың негізінен табамыз. Олар адам армандарына да ілесе жүреді. Егер осындай түсінік қарапайым адамдардың ойына өздігінен келе қалса, олар дүниенің құлағын ұстап отырғандардың санасына тіпті жеңіл енеді. Еуропаның ескі қоғамдық құрылысы құлдырап, быж­тыж болып жатқан уақытта, монархтар өзінің билігі мен өзінің міндеттері жөнінде жаңа көзқарастарға келуде. Олар ақыр соңында мынаны түсінді: өздері бейнелейтін орталық биліктің жеке өзі, біртұтас жоспарға сәйкес мемлекеттегі барлық істі және барлық азаматтарды басқара алады әрі басқаруға тиістігі.

Читайте также:  Естай Беркімбайұлы өмірбаяны

Еуропаның монархтары, батып айта аламын, бұрын ешқашан құптамаған осынау көзқарастар бүгінде барған сайын олардың санасына тереңірек сіңіп, енді өзге тұжырымдамаларға жол бергісі келмейді. Осылайша, бүгінде адамдар, біз елестете алатыннан әлдеқайда жақындаса түскен; олар жоғарғы билік кімнің қолына берілетіні жөнінде бір­бірімен ұдайы айтысып жатады, бірақ ол биліктің өздері жөніндегі құқықтары мен міндеттеріне оңай бағынады. Барлығы үкіметті бәрін де болжай алатын .ірі атқара алатын біртұтас әрі табиғи биліктің көрінісі деп қабылдайды. Кез­келген басқа саяси идеялар екінші дәрежелі әрі өтпелі көрінеді, тек осы ғана бұлжымастай, мызғымастай, ештеңемен салыстыруға келместей ақиқат болып қалып отыр. Көсемсөзшілер мен қоғам қайраткерлері оны қаяу түсірмей қабылдайды, тобыр соған жармаса кетеді; басқарылатындар мем билеушілер оны бірдей қызу құптайды; ол барлық жерде бар, ол үнемі бар болып келген сияқты. Демек, бұл идея адамзат парасатының кездейсоқ туындысы емес, адамзат қоғамының осы заманғы ахуалының жаратылыстық алғышарты болып отыр.

Оставить комментарий