Азаматтық тағатсыздық туралы

Адам туғанда азап пен рахат құшағында дүниеге келеді. Ол билікке олардың біріншісін жойып, екіншісіне қол жеткізу үшін ұмтылады. Билік адамды әбден бұзғандықтан, оның соны аңсауына шек жетпейді. Ол өз халқын билеп­төстеуді місе тұтпай, оның көзқарастарын билеп­төстегісі келеді. Өз отандастарының ақыл­парасатын билеп­төстеуге оның ұмтылысы жаулап алушының өз көршілерінің жері мен қазынасын тартып алуға деген ұмтылысынан кем түспейді. Ол ақыл­ойын өзі құл ете алғандардың ғана нағыз қожайынымын деп есептейді. Осы мақсатқа жету үшін ол күш қолдануға жүгінеді, уақыт ете келе ол күш парасатты бағындырады. Адамдар ақыр соңында ездеріне күшпен таңылған көзқарастарға сене бастайды. Толғаммен қол жетпейтін нәрсені зорлық­зомбылық істейді. Тақсырлардың тағатсыздығы ­ әрқашан олардың билікке құштарлығының нәтижесі. Олар секілді ойламау – олардың билігіне шек қою деген сөз, бүл олардың билігіне тең билік бар деген сез. Бұл олардың ызасын қоздырады. Кейбір елдерде не үшін ерекше қатты жазалайды? Билікке қарсы шығуға батылы барғаны үшін. […] Шындап келгенде, тақсыр өз ұлтының күшімен ғана құдіретті; өзін басқарудың кемеңгерлігімен ғана құдіретті; осынау басқару тапсырылған адам сол ұлттың ішінен таңдап алынуға тиіс. Сондықтан ақылды адамдарды қуғынға салып, барлық азаматтарды қара түнекте ұстайтын басқару пошымы тұсында халықтың ұлы министрлерді тудыруы мүмкін емес. Білім беру қауіпті деп саналған жерде, білім өзі жойылады, ал халық ер кеуде надандықтың аса таяғынан ыңырсиды. […]

Сұлтан жұрттың ләм­мим демей бағынатындығына риза. Ал бодандарында жақсылықтың ізі де қалмағаны, мемлекеттің әлсіреп бара жатқаны, оның азып­тозып құруға айналғанында оның шаруасы жоқ, тек сырқаттың ұзақтығы оның шын себептерін жасырсын, тек оған дүмше дәрігер айыпталмасын. Сұлтандар мен олардың уәзірлері бір­ ақ нәрседен – ел ішінде кенет туып кетер толқулардан қорқады. Оташы туралы не айтсақ, уәзірлер туралы да соны айтуға болады: олардың жалғыз тілегі мемлекет те, ауру да тек өздерінің қолында өліп кетпесе болғаны. Ал мұның сыртында олардың өздеріне міндеттелген режимнен де өліп кету! мүмкін екендігі оларды абыржытпайды, тек өздерінің абыройына нұқсан келмесе болғаны. Жалғыз адам билейтін үкімет тек бүгінгі күнмен айналысады. Халықтан еңбекқорлық, жақсылық емес, көмпістікпен ақша талап етіледі. […]

Читайте также:  Маңғышлақ жартыаралындағы 1870 жылғы Адай бүлігі

Оставить комментарий