ҚАЗІРГІ АРАБ ӘДЕБИЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕРІ

Көптеген зерттеушілердің пікірінше, араб қоғамында стихиялық, экспрессивтілік, терең тамырлаған сезімталдылық пен поэзияға, мета- фораға, символизмге деген ерекше бейімділік деген секілді қасиеттер барлығы көрінеді. Араб көркемдік шешендігінің ортасында қы- зыл тіл тұрады. Сөз әдебиет саласында ғана емес, сонымен қатар музыка, сурет, архитек- тура, мүсін өнері саласында да негізгі элемент болып саналады. Абд ар-Рахман Муниф (1933-2004) — XX ғасырдың ең талантты романистерінің бірі. Ол Амманда туылған, әкесі саудтық саудагер, ана- сы Ирактан болған. Балалық шағын осында өткізген. Оттомандық империяның құлағанына қарамастан, бұл — қалалары көп, оңай өтіп кетуге болатын шекаралар мен араб отбасылары мен саудагерлердің Иерусалимнен Каирға, Бағдаттан Дамаскіге емін-еркін көшіп жүре беретін әлемі болған. Осы аймақтағы Дамаск пен Бейруттан басқа жерлердің барлығы Ұлы- британияның билігінде болатын. Шекара құм- нан өтетін, бірақ, тікенегі бар сымдар мен қаруланған күзетшілері болмайтын. Бастауыш мектепке Абд ар-Рахман Муниф Иорданияда барса, орта мектепке Бағдатта, ал университетке Каирда барады. Кейіннен өзінің балалық шағын «Қала тарихы: Аммандағы балалық шақ» ме- 74 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2(55). 2011 муарлық кітабында баяндап, 40-шы жылдардағы оқушылардың өмірлерін суреттейді. Кейде өзге араб елдерінің қалаларының аттары шатастырылып, енді бірде мүлдем еске түспей жататын, бірақ, мұғалімнің Палестина қалаларын сұрауы мұң екен, оқушылар қолда- рын көтеріп, бірі-бірімен жарыса «Иерусалим, Яффа, Хайфа, Газа, Лиддам, Рамаллах, Акра, Хеврон» деп жамырап қоя беретін. Палестина жері халық деген ұғымнан да үлкен нәрсе бола- тын. Көне палестиналық қалалардың аттары Мунифтің жүрегінен әлі кетпеген болатын. Ол балалық шағында өзі куәгер болған палести- налық қашқындардың көрген қасіреттерін ұмыт- паған. Бақилық болардан бірнеше ай бұрын ол Шарон туралы Шығыс Арабиядағы «ең жеккө- рінішті нәрсе» деп көрсеткен. Бозбала шағында жазғы демалысын өзінің отбасымен Араб түбегінде өткізеді. Дәл осы жерде ол алуан түрлі ертегілер мен тарихи оқи- ғаларды естіп, бәдәуилер, мұнай саудагерле- рімен кейіннен оның романдарында көрініс тапқан, әмір-нувориштермен әңгімелеседі. Өзінің замандастары секілді ол да 1948 жылғы палестиналық катастрофаға қатты қын- жылады ды, нәтижесінде нағыз араб ұлтшылы болады. Египет аренасында Насердің пайда болуы мен бүкіл араб әлеміне жайылған рево- люция толқыны оны бей-жай қалдырмады, ол жауынгер-социалист болды. Король отбасысына қатысты саяси оппозицияға қатысқаны үшін 1963 жылы ол саудтық азаматтығынан айыры- лып, Бағдадқа көшуге мәжбүр болады. Бұл жерде ол мұнай өндірісінің экономисі ретінде жұмысқа тұрып, Арабия мен Месопотамия құмының астын жайлаған, «сұйық алтынның» мағынасын түсінеді. Оның тауар қарым-қаты- насы мен өндірістік тиімділігінен хабары ро- мандарында пайдаланылған. 1970 жылдың соңында Бағдадтағы Баас партиясын басқарудағы мүшеліктен бас тартып, Дамаскіге көшіп барғаннан кейін, Абд ар- Рахман Муниф көркем проза жаза бастайды. Қызу саяси өмірі аяқталып, енді ол толығымен шығармашылыққа ден қойып, бірінен соң бірі 15 роман жазады. Араб түбегінің көне бедуинді елден, мұнайға шомылған, мемлекеттік жүйесі гибриттік тайпалық жүйеге айналғандығы жай- лы баяндайтын, 5 кітаптан тұратын «Тұз қала- лары» атты туындысы оны араб әлеміндегі ро- маншы беделін арттырды. Ол Сауд Арабиясын- да мұнай қорлары табылғаннан кейінгі таңыр- қану, қорқыныш және сонымен байланысты басқа да қиындықтарды суреттеді. Оның араб билеушілерін суреттеген порт- реттері астыртын болғаны соншалық, олар араб көшелері мен алаңдарында күлкі тудыратын. Нагиб Махфуз бен Абд ар-Рахман Муниф – араб әдебиетінің патриархтары. XX ғасырдың басы мен Насер келгенге дейінгі Каирдағы отба- сылық өміріндегі Бальзактік қайта құрылу Мах- фузға Нобель сыйлығын алып келді. Көптеген сыншылар (Мунифтен басқасы) осы бір сауд жазушысы да дәл осы сыйлыққа лайық деп есептеді. Бірақ оның мұнай әмірлеріне, король отбасына, оның айналасындағыларға қатысты қатал әрі сюрреалистік сатирасы оның шығар- машылығын ресми мәдениетке қарсы қойды. Оның кітаптарына Сауд Арабиясы мен бүкіл Парсы шығанағында тыйым салынды. Мунифтің жазушылық шеберлігі – шын мәнінде ондай қасиеттері жоқ кейіпкерлерді интеллектуальдылық, халықтық секілді ерекше қасиеттеріне ие сияқты етіп бейнелеу. Бес рома- нының үшеуі – «Тұз қалалары», «Ор», «Түн және күн айналасындағы түрлі тақырыптар» шығармалары ағылшын тіліне аударылып, АҚШ-та басып шығарылды. Журналистермен кездесулердің бірінде оған неліктен романның атын «Тұз қалалары» деп атағандығы жайлы сауал қойылған, сонда жазушы: «Тұз қалалары – бұл ұзақ жасамайтын қалалар. Оларға су жеткенде, алғашқы тол- қындар тұзды ерітіп, үлкен мөлдір ғимарат- тарды жоқ қылып жібереді. Ертеде, өздеріңіз білетіндей көптеген қалалар жоқ болып кетті. Қазіргі сансыз қалалардың да құлауын алдын- ала болжау айтарлықтай қиын емес, себебі жылусыз, қуанышты адамдардың көңіл-күйінсіз олар өмір сүре алмайды. XX ғасыр аяқталды, бізге қараған Батыс тек мұнай мен мұнай долларын ғана көреді. Сауд Арабиясында әлі күнге дейін Конститутция жоқ, адамдар қара- пайым құқыларынан айырылған, әйел затына үшінші таптағы адамдарға секілді қарайды. Мұндай жағдай күйініш сезімін тудырады, өзін- өзі сыйлау мен патриотизм сезімінің жоқтығын көрсетеді». Жазушы 11 қыркүйектегі қарақшы- лардың көбісі саудтықтар болғанына таң қалма- ды. Ол бұл туралы қырық жыл бойы ескертіп келген болатын. Оның ең соңғы эссе жинағы Ирак туралы болатын. Ол Саддам Хусейнді жек көретінін жә- не бүкіл араб елдеріне демократияның қажеттігі туралы жазатын. Ирактың қайта отарлануы оның бойында традикализмді тудырғанын эссе- лерінен байқауға болады. Жаңа жағдай оны көр- кем прозаны шетке қойып, қаламды жергілікті диктаторлар мен соғыс тудырушы империалис- терге қарсы қару ретінде пайдалануға мәжбүр етті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі он- жылдықта, көптеген араб халықтары саяси және әлеуметтік тәуелсіздікке ие болу проблемасына Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №2(55). 2011 75 тап болғанда, көркем әдебиет: шынайылықты өткен мен қазіргінің ресми санкцияланған үлгісі етіп қарастыратын әлемді жасаушы құрал ретін- де қарастырылғаны анық. Модернизм — Батыста туылған, кризис күйін суреттейтін, XX ғасыр әдебиеті пен өнерінде дамыған философия-эстетикалық қозғалыс. Модернизмнің ықпалымен XX ғасырдың соңын- да араб әдебиетінде қиял-ғажайып пен шынайы- лық араласып, аңызға бірігу пайда болады. Мұнда субъективті және объективті рационал- дылықтың ара жігі ажыратылмаған. Сонымен қатар, адамға билік жүргізетін трансценденттік күш ретінде табиғат емес, адамның өзі жасаған өркениеті көрсетілген, ал, құпияға толы ғұмыр әлеуметтік және тұрмыстық тәжірибесі мол күнделікті өмірмен алмасады. Жаңа миф кейіп- кердің жекешеленіп, барша жұрттан бөлініп, өзінің жан дүниесімен жеке қалу жағдайында туылады, осыдан мифологизмнің психологизм- мен, ішкі монологпен, «ой-сана ағысы» әдебие- тімен үйлесуі шығады. Қазіргі араб әдебиетінде көркем модернизмнің келесі түрлерін атап өтуге болады: — суретшінің өзіне ғана тән мифологема жүйесін жасауы (мысалы, тунистік жазушы Махмуд әл-Масадидің енгізілген идеясы мен образдардың тереңдігі жағынан керемет болып табылатын «Тоған» шығармасы); — ойлаудың терең мифтік-синкреттік жүйе- сін қайта жаңғырту (әр түрлі уақыттар мен кеңістіктердің бірігуі, кейіпкерлердің «айналу- лары» т.б.); — көне мифологиялық сюжеттердің қазіргі заманға сай етіліп қайта өңделуі (Н. Махфуздың «Біздің орам аңыздары»); — реалистік баяндауға жеке мифологиялық сарындар мен кейіпкерлердің енгізілуі (Алжир- дің мықты жазушыларының бірі Абу әл-Хамид Бенхаддугидің «Джазия мен дервиштер» романы), нақты тарихи образдардың универ- салды мағыналар және анологияларымен байы- тылды; — әлемге мифологиялық көзқарастың эле- менттері жойылмаған тұстағы ұлттық тұрмыс пен ойлаудың фольклорлық және этникалық ерекшеліктерін қайта жаңғырту (ливиялық Ибраһим әл-Кунидің шығармалары). Араб әлемінде ұлттық және әлеуметтік шын- дық құлап, баршаның көз алдында талқандала бастағанда, әдебиеттегі жаңа ағымдар реализм- нің ескі формасын итеріп шыға бастады. Қалай болғанда да, Эдвар әл-Хараттың пікірінше, араб әдебиетіндегі модернизм этикалық, ашық айт- қанда ойлаудың фантасмагорлық-топтық мүм- кін емес формаларынан бастау алған. Бұл ойлау «Мың бір түн» ертегісінен, абстрактілі фигу- ралы емес каллиграфиялық оюлардан туындап жатыр. Осылайша араб модернистік жазушысы немесе ақыны өзінің бай ұлттық мұрасынан сусындайды. Араб әдебиетіндегі сезіну мен ойлаудың қазіргі модернистік техникасының ескі реалис- тік әдіске қарама-қайшы екенін, оның баяндау- дың алдын ала анықталған ретін бұзып, класси- калық сюжеттен тайғаны, кейіпкердің ішкі жан- дүниесіне үңіліп, уақыттың бірізділігі шекара- сын өзгертуі, тілдегі қасиетті жүйені өзгертіп, шынайылық арқылы оған арман, аңызды қосуы арқылы кеңейтуге дейін барғанынан көре аламыз. Жалпы модернистік ағымның ішінде бір- бірінен алшақталмаған, керісінше араласып, бір- біріне жиі дөп түсетін ағымдарды ерекше атап көрсетуге болады. Солардың бірі — «ішкі дүниені көру» ағымы, мұнда адам мен оның ортасы тұрақсыз импульс, көңіл-күй, ылғи да қозғалыста болатын сезімдер мен ойлар ретінде көрініс табады. Бұл ағымдағы шығармалар адамның әу бастан жасырын шын- дығын жан-жақты зерттеулмен айналысады. Мұнда нақты уақыт жоқ, диалог пен түсініксіз сюжет өң мен түс, ішкі мен сыртқы ортасын- дағы бөгетті жылжытуға көмектеседі. Нақты және материалды нәрсе сұйық күйге айналып, созылмалы консистенция орын алады. Мұндағы сюррелистік образдылық табиғи, интонация міндетті түрде поэтикалық, сезімтал, нәзік немесе орын алған жағдайға қатысты қалың, берік, энергияғңа толы болуы керек. Бұл ағым- дағы еңбектер әлеуметтік проблемалардан бас- талып, психологиялық немесе эмоциональды жаққа қарай кетеді, ал олардың авторлары «шындық», «тұрмыс» т.б. сұрақтармен шектен тыс қызығып кеткен. Бұл салада сириялық романист Хайдар Хайдар, египет жазушылары Мұхаммед Хафез Рагаб, Мұхаммед Мабрук, Махмұд Авад Абд әл-Әл, Эдвар әл-Харрат, тунистік Мұхаммед Сандж әл-Қатарилер жазған. Екінші ағым, керісінше, сыртқа көңіл бөле- тін, сыртқы шынайылықты бүге-шүгесіне дейін бейтарап түрде суреттейді. Дегенмен, пардок- салды түрде шынайылықтан көрініп тұратынға кетіп қалады. Адамның бөлінуі, алшақтануы мұнда өз шегіне жетеді. Заттар, сипаттар, көрі- ністер суреттегідей беріледі. Интонация аз, эмоциональдықтан жұрдай. Мұндағы басты нәрсе — шынайлықтан бас тарту, өмірге деген махаббат. Жалғыз ғана шындық ретінде өзіндік «мен», индивидуальдық ойлау көрініс тапса, сыртқы әлемнің барлығы толығымен мойындал- майды. Бұл салада жазылған әңгімелер мен новеллалар толығымен пессимизммен нәрлен- 76 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2(55). 2011 ген. Солай болса да, бұл шығармалардағы негіз- гі ізденіс — езгілеу мен жатбауырлық жоқ әлемді іздеу. Соңғы онжылдықтың жазушысы Махмұд әл-Вардани осы типтес, қазан төңкерілісінің нә- тижесі туралы көркем шығарма жаза бастады. Египеттік Абду Губейр мен ливандық жазушы Ілияс Хуридың шығармашалығы да осы ағымға жатады. Болашағы зор, іс-қимылға бай, ең қиын ағым — осы заманғы мифологиялық ағым. Себебі, ол осы заман болсын, тарихи орта болсын, аңызға, фантазияға, фольклорге және бір уақытта күн- делікті тақырыптарға, көріністерге сипаттарға негізделеді. Бұл ағымдағы кейбір шығармалар кең көлемдегі оқырмандарға ие болады, себебі бұл жұмыстардың айтарлықтай біраз бөлігі көңіл көтеруге мән бөледі. Осы заманғы мифологиялық ағымда талайы әрі жемісті еңбек еткен Иахья әт-Тахир, Гамал әл-Гитани (өзінің ерте шығармаларында), Мұхаммед Мустагаб, Нәбіл Наум Горги, Санд әл-Қафрави, Мухсин Йунис, Йусуф Абу Раййа, Абду Губейр және Ибрахим Фахми, Эдвар әл-Харрат («Рамах және айдаһар» және «Басқа уақыт»). Ирактың Мұхам- мед Худайр мен судандық ат-Таййиб Салихта («Бандар-шах») осы ағымға өз үлестерін қосты. Екі сириялық эмигранттар Хайдар Хайдар мен Закария Тамирдің де кейбір шығармаларын осы ағымға жатқызуға болады. Реалистік ағымды шартты түрде «неореа- лизм» деп атауға болады, себебі бұрынғы реа- листерден бұл жазушылар әлеуметтік байланыс- тары өздеріне дейінгілерден әлдеқайда терең зерттеп, ізденіп, бар құндылықтар жүйесін ша- қыруға дейін барды. Көлем деңгейінде инто- нация, жеткізу әдістері алдыңғы реалистермен бірдей сияқты көрінгенмен, оларды ерекшелей- тін қаталдылық, нақтылық, өткірлік бар. Сын- шыл Суналла Ибраһим, тіке саяси тұжырым- дама әдісімен әйгілі Йусуф әл-Қаид, Гамил Атыййа Ибраһимнің нәзік және көркем өнері, Мұхаммед әл-Мақзандидің анық, стильді көр- кем прозасы және басқа да авторлардың шығар- малары ерліктің мысалы болып, шындықтың шынымен де таусылмайтындығын көрсетеді. 90-шы жылдары араб әдебиетінің сахнасын- да тағы бір ағым пайда болды, ол – постмодер- низм. «Современное зарубежное литературове- дение» (Москва, Интрада, 1996) атты энцикло- педиялық анықтамаға сүйенер болсақ, постмо- дернизм, ең алдымен, «әлемді қабылдаудың, әлемді сезінудің ерекше әдісі, нақты бір мента- литеттің сипаттамасы» болып табылады екен. Бұл ағымды ұстанатындардың алға ұсына- тын негізгі ұғымдары — «әлем хаос сияқты», «әлем мәтін секілді», «беделділердің кризисі», авторлық бетперде, баяндаудың фрагменттілігі және т.б. Постмодернизмнің қалыптасу пробле- масы мен оның функционалдануы бүкіл жаһан- дық кеңістікке қатысты болды, себебі, ол тек әлемге деген көзқарас тақырыбын ғана емес, терең эмоциональды, қазіргі адамның оны қор- шаған ортасына қатысты сезінген ішкі реак- циясын бейнелейтін әлемді сезіну тақырыбында қозғайды. Араб әдебиетіндегі сыншылар постмодер- низмді (ма ба’да хадаса) жергілікті мәдениетке сәйкес келмейтін көптеген батыстық тұжырым- дамалардың бірі ретінде қарастырылды. Деген- мен, постмодернизм араб әдебиетінің қазіргі жағдайдағы деңгейін анықтауға өз көмегін ұсы- нады. Сонымен қатар, ол ХХ ғасыр соңындағы әдебиеттің алатын орнын да анықтауға мүмкін- дік береді. Қазіргі әдебиеттегі бағыттардың бірі ретінде әлі күнге дейінгі әдебиеттің әлеуметтік мақсаты мен жазушының әлеуметтік жауапкершілігіне (илтизам) нық сенімді атауға болады. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы әдебиеттің екі жетекші белгісі – міндетті түрде контекстің болуы (мәдени, әлеуметтік, экономикалық және саяси) және формасы мен тілді еркін тәжіри- беден өткізу. Әлеуметтік қызығушылықты ту- дырудың міндетті түрде болуы эстетиканың маңыздылығын түсінудің өсуімен байланысты болып келеді. Әли әл-Йусуфидің «Тавкит әл-бинка» (1993) романының аты түсіндіруді қажет етеді. Автор- дың түсіндіруінше, бинка – барлық жерде жүретін, адамдардың өміріне араласатын кіш- кентай жәндіктер. Оларды көруден қалғанда о дүниеге аттанасың. Найзағай – олардың король- дерінің бірі. Олар өлген адамдардың құпия- ларын сақтайтын, бірақ, инсектицидтерді шаш- қаннан кейін сирек көрінетін болып кетті. Олар- ды кәрі әжей Хассинийа ғана көреді… Бірақ, «бинка» кітаптың соңында «панки» сөзінің арабша транскрипциясы деп беріледі, ал панки басты кейіпкердің Париждегі досының әкесін өлтіреді. Роман бір отбасының тарихын баяндайды, мұнда үш ұрпақ: бірінші – атасы Йунус, оның әйелі Хассинийа, екінші — әкесі Зийад, оның әйелі Сарра, оның бауыры Монсеф және әйелдің қайтыс болған сіңілісі, үшіншісі – ұлы Тариқ, оның туысқан ағалар мен әпкелері бар. Бұл кейіпкерлердің бәрі шығармада көрініс тапқа- нымен, негізгі іс-әрекет Тариқ пен әкесі Зийад- тың арасында болады және бұл бірінші және екінші бөлімде баяндалады. Бірінші бөлімде оқиға Тунистің батысына қарай 130 км қашықтықтағы таудағы Джебба ауылында орын алады. Бұл — электр тоғы да, суы да жоқ 60-шы жылдардағы ауыл. Егіншілердің Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №2(55). 2011 77 қалаға кетуіне байланысты бұл ауыл ақырында қаңырап бос қалған ауылға айналады. Жазушы суреттейтін әлем шынымен де ертегі сияқты, себебі мұнда перілер, жындар, ергежейлілер, үй перісі мекен етеді. Бірақ бұл отбасы құрдымға кетіп бара жатыр, себебі олардың жері енді өңделмейді. Оған көрші де таласады, ал жердің сатылуы отбасы мүшелерінің арасындағы талас пен өлімнің себебі болады. Осыған қарамастан Тариқ бұрынғы ауылдағы өмірді өзінің өмірінің жәнаттық кезеңі ретінде қабылдайды. Кітаптың соңында ол қаладағы туысқан бауырларының үйін паналайды. Романда өлім көптеп кездеседі. Алдымен анасының өлімі. Оны құтқаруға мүмкін болса да, отбасы мүшелері оны істе- мейді. Одан кейін, жартылай есі ауысқан әжесінің өлімі. Солай дей тұрса да, дәл осы әжесі Тариққа үлкен сабақ берген еді. Ақырын- да атасының өлімі оның таңғажайып оқиғалары ауылда тірі қалған әр адамның жадында, деген- мен, батарейкамен көрсететін телидидардың өзі де енді оған бақталас болып тұр. Олардың әрқайсысы қайтыс болуымен Тариқтың өміріне шешуші ықпалын тигізеді. Баласы өмір сүретін ауыл әлемі әкесі өмір сүретін қала әлеміне, Парижге қарама-қайшы. Ол қалаға үлкен қажеттілікке тап болғандықтан келіп, өмір сүру үшін әр түрлі салада жұмыс істейді. Оның француз қыздармен қарым-қаты- насы оған көптеген проблемалар алып келеді. «Осындай жағдайдың өзінде кішкентай да болса махаббат болуы керек», — дейді қыздардың бірі оған. Бірақ оның жеке өзі болғанды ұнататыны- мен не істесе болады? «Егер сен өзінің өткенің мен болашағыннан бас тартсаң, сен құрисың», — дейді оған баласы. Ұлтшылдық пен расизмнің арасында қандай тәуелділік ба? Зийад өзінің көңілдестерінің бірінен СПИД-ті жұқтырып, қайтыс болады. «Тариқ және әкесінің досы «пье-нуар» Филип (Пье-нуар – бұрынғы фран- циялық колониялардан шыққан қашқындарды Францияда төмендетіп атайтын атау) кек алуды ойлап, кінәлі болған Лишанды өлтіреді. Олар «Лишанды өлтіруді патриоттық іс жасау» деп ұғады.

Читайте также:  РАЗВИТИЕ ЭТНОПЕДАГОГИКИ КАК НАУКИ И УЧЕБНОЙ ДИСЦИПЛИНЫ ЗА ГОДЫ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА

Оставить комментарий