Қазіргі этнологияда мәдениет ұғымының дамуы

Қазіргі қоғамдық ойдың басымдық алып отырған ұғымы — мәдениет. Мәдениет антропологтары мен әлеуметтанушылар жалпы алғанда, адам мәдениетті қоғамның мүшесі ретінде бойына сіңіреді (иеленеді) және оны ең бастысы тілдік симвонолизм арқылы жеткізеді деген пікірде қосылып отыр. Сонымен қатар мәдениеттің анықтамасына, оның аясы мен атқарар қызметіне байланысты өткір айтыс тартыстар да бар. Философиялық көзқарастан алғанда, мәдениет туралы қазіргі анықтамалардың мейлінше есте қалар ерекшелігі, олардың алдын ала не реалистік, не идеалистік әдістемемен топшылататынында болып отыр. Реалистер, тұтастай алғанда, мәдениетті адамның әлеуметтік мінез­құлқының атрибуты деп түсінуге бейім және әдетте сол арқылы оның әдет ­ мінезі, салт­дәстүрі және институтын анықтайды. Мәдениет, осындай мағынасында, адамдардың қоғамдағы өмірінен бөлінбейді; ол қоғамдық өмірдің әдісі болып келеді және өзі атрибуты болып табылатын реалды топтардан тыс өмір сүрмейді. Мәдениеттің реалистік анықтамалары туралы мысалдарды Тайлор, Боас, Малинковский және олардың ықпалына түскен көптеген авторлардан табуға болады. Сонымен қатар реалистердің арасында айырмашылықтар бар. Ол — олардың мәдениетті бүтіндей әлеуметтік терминдермен жекелікті ескере отырып анықтай ма немесе кез келген нақты мәдениеттің маңызды сипаты деп білетін жеке ерекшеліктерін еске ала отырып анықтай ма, соған байланысты. Боас, Сепит, ал, осыдан шамалы ғана бұрын Линд те мәдени процестегі жеке адамның роліне ерекше назар аударды, алайда тұтастай алғанда, бұрынғы кезеңге мәдениетті «стандартталған барлық әлеуметтік процедураларға» теңестіру бағыты және жанама жеке адамды топтың әдеттері мен салт­дәстүрлері әсер ететін инстанция ретінде қарастыру тән. Идеалистер болса, мәдениетті жеке адамдар басындағы идеялардың жиынтығы, «идеялар ағымы» «жалпы қабылданған таным» және «бірден бірге берілетін интеллект» деп түсінуге бейім. Бұл типке Осгуд берген анықтама мейлінше тән. Оның көзқарасынша, «мәдениет өндіріс туралы барлық, идеялардан, адамдар ұжымының мінез­құлықтары мен адамның өзі тікелей бақылап немесе араласып және осыны санадан өткізуі негізіңде алатын түсінігінен тұрады.» Басқа мәдени антропологтар мәдениетті мінез­құлық «паттерндері» мен өмірлік «жобалар» арқылы анықтауға бейім. Олар мәдениетті тұжырымдамалы «құрылыс», демек, шындықтан шығатын абстракция, өзі жүзеге асатын мәдени емес мінез­құлық деп түсінеді. Бұрындары Линтон, Клакхон мен Джиллин осындай көзқараста болған. Бұл ұстанымды мәдениетті бірден­бірге берілетін идеяға теңдестіретін авторлардың «субъективті идеализмінен» ажырату үшін «тұжырымдамалы идеализм» деуге болады. Мәдениетті түсінуге болатын немесе ақылмен қабылданатын бір әлдене деп анықтайтындықтан да бүл екі тұжырым да идеалистік. Мәдениетке деген идеалистік көзқарас кей жағдайларда мәдениеттің — мәдениетті ақыл­ ойды немесе «рухты» тәрбиелеу, сондай­ақ металды мәдениеттің өнімі деп білетін педагогтар жақтайтын — нормативті идеясына жақын. Демек, олар үшін, мәдениет дегеніміз — интеллектуалды идеалдардың жиынтығы және адамзаттың көркемдік жетістіктері. Вернер Джегер, атап көрсеткендей, «мәдениет, ол тәрбиелеу процесі болып түсініле бастағанда, алдымен мәдениеттілік хал ­ ахуалы, содан кейін тәрбиелеу мазмұны және, ақыр аяғында, әрбір жеке адам өз ұлтына және әлеуметтік жағдайына сәйкес тәрбиесі арқылы ашылатын бүкіл интеллектуалды және рухани әлем болып түсінілді». Қазіргі кейбір антропологтар мәдениеттің нормативті немесе идеалды элементтеріне ерекше назар аударудан бас тартқан сияқты, дей тұрғанмен де шын мәнісінде олар субъективті, жеке адамдық, идеалистік көзқарастарын сақтап қалды. Олар, өз көзқарасынша, мәдени дәстүрлерді бірден бірге беруде мейлінше ерекше тілдің ролін баса көрсетуге жөне осыдан да келіп мәдениетті, ең алдымен, ақыл­ой сырттан қабылдайтын идеялар жиынтығы деп қарастыруға бейім. Осынысымен де олар өз ­ өздеріне есеп берместен берклиандық субъективті идеализмнің өзіндік бір формасын ұстанады. Объективті, метафизикалық мәдени идеализм мен материализм, адам әлеуметтік мәдени мұраның қозғаушы күші және мақсатты себебі болып табылатын көзқарастағы гуманистік ұстанымның антитезасы болып табылады. Басқаша айтқанда, бет­бейнесіз объективті идеализм мен материализм үшін мәдениет — адамды сол жағдайына жеткізген және осыған өзінің тарихи тағдыры орайында бейімделуі тиіс — трансцендентальды, метафизикалық мән болып табылады. Субъективті идеализм тұрғысынан қарағанда, өзі жасаған және адам ақыл­ ойынан тыс өмір кеше алмайтын мінез­құлық нормалары мен идеалдарынан тұрады. «Материалдық мәдениет» қандай да бір болсын идеалистік тұрғыдан келгенде терминдегі қарама­қайшылықтар болып шығады, өйткені, «реалды» мәдени мән болып тұжырымдамалы нормалар мен паттерндер мойындалады, бірақ, ешқашанда оларды өздеріне сыйдырған артефакттар емес. Қазіргі этнологиялық теориядағы негізгі бір жаңылыс көзі антропологтардың басым бөлігінің мәдениеттің қарқынды, ізгілікті тұжырымдамасын әлеуметтік мұра идеясына кіріктірілген бет­бейнесіз, трансцендентальды түсініктермен біріктіруінде. Мәселе мынада: мәдениетті әрбір жеке адам белсенді қатысатын өмір салты деп түсіну керек пе немесе адам өз ата­бабасынан қабылдап алатын заттанған, объективті мұра деп түсіну керек пе? Осы сауалға жауап бере отырып мәдениеттің қазіргі теорияның пікірлері қақ жарылды: кейбір авторлар мәдениетті жүре пайда болған физикалық және рухани қабілеттер мен салт­дәстүр терминдерімен анықтаса, келесілері, өз көзқарасына, мәдениет деп аталатын сол бір мәнді құрайтын материалдық және материалдық емес әртүрлі өнімдердің тізімін жасай бастайды. Шатақ олардың көбінің ең алдымен мәдениеттің қарқынды, антро ­ поцентристік анықтамасын беріп алып, сонан соң ғана барып мәдениеттің мазмұнын бет­бейнесі жоқ мәдени өнімдермен нақтылайтын тереңдейді. Мысалмен айтқанда, тіпті Сепирдің өзі, мәдениет дегеніміз — «қоғамның не жасайтыны мен не туралы ойлайтынының» мәні деп бекітеді, ал, содан кейін, басқа мақаласында, мәдениет «өз бойына адам өмірінің әлеуметтік мұраға қалатын — материалдық та, рухани да элементтерін іске асырады» деп айтады. Бұған қоса әрбір мәдениетке бөлуге келетін, бірақ, тіршілікте бір­бірінен ажырамастай жеке адамдық және әлеуметтік полюстер кіреді. Коп авторлар атап айтқандай, өз шығу тегінде мәдениет әлеуметтік; оны адам, Тайлор атап көрсеткендей, «қоғам мүшесі болып» игереді. Біз өз мәдениетімізді әлеуметтік мұра ретінде өзгелер беретін тәжірибе мен үлгімен сіңіреміз және бұл мағынасында мәдениет, Мареттің сөзімен айтқанда, «жеткізілетін, берілетін интеллект» болып шығады. Алайда, Сепир мен Линд атап көрсеткендей, мұның өзі бізді шатастырмауы керек және мәдени мұраның модификациялануы мен өскін жеке адамның ролін көзге ілмеуге ешқандай негіз бермейді. Жеке адамдарға идеалды әлеуметтік паттерндермен толық келісе отырып қарекет ету тән емес деу аз, бірақ олар кейіннен жалпы жұрт мойындайтын көптеген өзгерістердің де бастамашысы болады. Антропологиялық және әлеуметтік әдебиетті талдау «антрополог әдетте мәдениетті айқын да жалпы жұрт мойындаған мінез­құлық стереотиптерінің өз байқауларының жиынтығынан бөліп алған немесе ол үшін вербальды қарым­қатынас кезінде ақпарат берушілері таңдап берген, мүмкін артық, мүмкін кемдеу механикалық сомасы орайында құрастырады… Әдеттегі ұғым бойынша, мәдениеттер — ойлау мен мінез­құлық паттерндерінің, топтың әртүрлі мүшесі үшін таусылмастай әртүрлі мағынасы болатын әншейін ғана абстрактылы конфигурациясы» деп байлам жасаған Сепирдің сыни пікірлерінің дұрыстығына сендіреді. Мәдениет, Сепир айтпақшы, өз ­ өздігінен берілетін нәрсе емес; ол бірте­бірте ашылатын әлдене. Егер тұлғаны мәдениетте реалистік тұрғыдан қарастыру керек болса, біз жеке адамдардың психологиялық дәлел ­ дәйектерін, олардың қабілет әртүрлілігін, олардың мінез­құлқына әлеуметтік институттар мен идеалдардың эсер ету деңгейін, сондай­ақ жеке адамдардың мәдени ортаға жасайтын кері әсерін есепке алуымыз керек. Сонымен, мәдени мінез­құлықты адам әлеуметтік тұрғыдан «қоғам мүшесі ретінде» сіңіруі және бүл ретте сол қоғам мүшелерінің барлығы үшін әлеуметтік немесе жалпылық болмауы мүмкін. Қоғам — мәдени қызметтің қажетті, бірақ жеткілікті емес шарты. «Табиғи жағдайда» өмір кешетін, мәдениеттен құр қалған жеке адамды елестеткен XVII ғ. философтарының адасқаны анық болса, мәдениетті әлеуметтен ген қазіргі ойшылдар шектен шығудың келесі біріне ұрысып отыр. Әлеуметтіктің және мәдениеттіктің категориялары, әдетте түсінілетіндей, бір­біріне тең емес, өйткені олар мәдени факты болып табылмайтын (мысалы, халық саны) әлеуметтік феномендер, сондай­ақ әлеуметтік факты болып табылмайтын (мысалы, жеке адамның өлең жазуы) мәдени феномендер де бол шыға алады. Егер жеке адам мен қоғамның әу бастағы полярлығын, жекелік адами қарым­қатынастар мен жалпы мәдени стереотиптердің шынайылығын ескерер болсақ, Дюркгейм мен Самнердің еңбектеріндегі мәдениетті әлеумет сияқты шектен шығуға да, кейбір психологтар бейім тұратындай оған толықтай жекелік сипат беруге де ұрынбауға болар еді. Антропологтар мен әлеуметтанушылардың мақсаты — белгілі бір мәдени тәжірибе немесе мәдени жетістік жеке тәжірибе мен жеке бастамадан шыға ма немесе олар жалпы тәрбиенің және дағдыларды қалыптастыру процесінің жемісі болып шыға ма — осыны анықтауда болып отыр. Қазіргі этнологиялық теория мен тәжірибедегі қайбір қайшылықтар белгілі бір деңгейде мәдениетті әлеуметтік дағдылар мен паттерндер категориялары арқылы түсінуге бейімдіктен туатын ішкі қайшылықтан туындайды: мәдениетті бұлай түсіну жекелік сипатты есепке алмайды және сонысымен қатар жекелік ерекшеліктерді, мәдени әртүрлілік пен өмірбаяндық тәжірибені зерттеу пәні етіп алады. Этнологиялық ойдың тарихи даму барысында адам мәдениеті ұғымы — физикалық та, рухани да жағынан — мәдениеттену процесі мен хал­ахуалын, сондай­ақ адамның өздігінен ­ өңделуі жетістіктері мен нәтижесін белгіледі. Реалистер әдетте мәдениет — мәдениеттену хал­ахуалын білдіретіні және «мәдениет» термині өзіндік ­ өңделуі процесі нәтижесінде пайда болып, мінез­құлық пен ойлаудың жеке және ұжымдық қырынан алынған модификациясы туралы идеяны білдіретінін алдыңғы қатарға шығарып келді. Ал, өз кезегінде идеалистер мәдениет, ең алдымен, ақыл­ой, интеллектуалды даму немесе мәдениет — идеялар (немесе дәстүрлер) ағымы, өткеннің әлеуметтік мұрасы дегенінде тұрып алады. Екі жақ та өздері бекіткендерінде әділ де, жоққа шығаратынында әділ емес екені анық. Мәдениетті өзіне пара ­ пар түсіну реалистік және идеалистік тезистердің одағын қажет етеді. Мәдениет қоғамда тұратын жеке адамдардың жүре­бара тапқан немесе өздерінен шығатын мінез­құлық пен ойды, сондай­ақ қоғам мүшелері ұстанатын және оларға бейімделгісі келетін интеллектуалды, көркем және қоғамдық идеалдар мен институттарды қамтиды. Басқаша айтқанда, мәдениетті ұғына тұра оның тәжірибелік те, теориялық та аспектін ­қабылдау керек. Нормативті, сұрқай, идея мәдениет егер мәдени тәжірибе жоқ болса және ол адамның әлеуметтік өмірдегі мінез­құлқы мен ойлауына әсер етпейтін болса күн кеше алмайды. Тәжірибеге асатын, реалды немесе нағыз мәдениет — яғни адамдардың қоғамдағы шын мәніндегі мінез­құлқы мен ойлауы — адамдардың өздері үшін жасаған немесе ашқан және өздерінің күнделікті өмірінде жүзеге асыруға тырысатын әлеуметтік идеалдарсыз мүмкін емес. Эмпирик ғалымдар алдында қандай да бір нақты мәдениетте теория мен тәжірибе бір­ біріне қаншалықты үйлесімді екенін және қандай да бір мәдениет болса да «шынайы» немесе «жасанды» екенін, бүл терминдерді Сепирдің пайдаланатын мағынасындағы мәнінде, яғни көптеген жақтас татыр оны қаншалықты бөлісетінін анықтау міндеті тұр. Осыған байланысты «теория» және «тәжірибе» терминдері екіжақты мағына білдіретінін атап айту керек. «Тәжірибе» дегенде, бір жағынан, қоғам мүшелерінің өздерінің зерделей білу ­ білмеуіне қарамастан, ресми түрде қабылданған мұраттар (идеалдар) мен сенімдерден өзгеше, іс жүзіндегі мінез тәртібі мен түсінік ­ танымдары танылып айтылады. Сепир атап көрсеткендей, бір қоғамның мүшелерін өзге бір қоғамдар өкілдерінен айырып көрсететін мінез ­ тәртіптің жаңаруы көп жағдайда санадан тыс өтеді. Екінші бір жағынан, «теория» және «тәжірибе» терминдері сондай­ақ тиісінше тарлау мағынасында ой мен қимыл ­ қарекетті білдіре пайдаланылуы мүмкін. Қандай жағдайда да теория мен тәжірибе дихотомиясы идеялар арасындағы эпистемикалық айырмашылық қана емес; ол әртүрлі тәртіптегі мәдени феномендерді мағынада. Теория мен тәжірибені мәдениеттің ешнәрсеге тұйықтауға болмайтын айқындаушы категориялары деуге болады; бүл тек қана идеяның әртүрлі типі емес, кез келген мәдениетке қатысы бар негізгі эпистемологиялық мәселе оның теориялық және тәжірибелік бөліктерінің үйлестігі қаншалықты екендігінде. Мәдени кірігу (интеграция) деңгейі де белгілі бір дәрежеде осы екі фактордың келісім дәрежесіне байланысты. Адам — мәдени хайуан, өйткені ол — ақылды жөне ойлай алатын хайуан. Адам өзінің қандай болуы керектігі жөніндегі мұраттарына туралы түсінігіне сай өмір кешеді және өзін қандай деп білетініне қарай қимыл ­ қарекет етеді. Алайда ол қоғам оған таңып отырған кейбір әлеуметтік идеалдар өзіне ұнамайтынын және өзінің жанына рахат бермейтінін ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір түсінеді. Мысалы, адам өмірін жақсарта түсу үшін оу баста ойлап табылған анықтаулар мен қимыл ­ қарекеттер бейнесі өзі үшін танадай қасиетті мақсатқа айналады да, әу баста орындалуы үшін ойлап шығарылған қызметтермен байланысын жоғалтады. Бірақ та идеалдарды өзгертіп және оны өзгерген тәжірибе жағдайларына қарай бейімдеудің орнына қоғам көбіне бұрынғы, ескі идеалдармен күн кеше береді. Немесе тәжірибеге тиісті өзгертулер енгізбестен, теориядан ауытқиды. Екі жағдайда да ұстанатын әлеуметтік­мәдени теория және жеке адамдар мен қоғамның нақты тәжірибесі арасында диссонанс пайда болады. Бұған қоса мәдениеттер арасында: олардың бірі көбіне теориялық спекуляцияларға, ал, өзгелері қимыл ­ қарекет, сыртқы мінез ­ тәртіпке бағытталғандықтан болатын айырмашылықты атап өту керек. Бір мәдениет өзін тәжірибеде жүзеге асуды мұрат етсе, басқасы — теориялық немесе экстатистік андаумен өтетін өмірді идеализациялы мүмкін. Бұл ретте ең жақсы мысал, шамасы, батыс және шығыс мәдениеттерінің дәстүрлі идеалдары және осыған сай уақытқа және экономикалық қызметке сай анықтаулары бола алады. Қарапайым мәдениеттер тұтастай алғанда тәжірибеге бейімделген және теориялық спекуляцияларға онша қызықпайды. Мэтью Арнолд жазба мәдениеттерде, өз көзқарасынша, тиісінше мінез­құлық пен әділетті ойды танытатын гебраизм мен эллинизм рухын айыра таниды. Осыдан да келіп біз осы тараудың басында баяндалған реалистік және идеалистік ұстанымдардың арасындағы тартыстың мәнін түсінеміз. Реалистер, біз көргендей, мәдениетті әдет­дағды, үрдіс, дәстүр, халық әдет­ғұрпы мен мінезіне орай анықтайды және мәдениеттің идеалды немесе нормативті жақтарын ескермеуге бейім. Егер осы көзқарастан қарар болсақ, әлеуметтік идеалдар логикалық жағынан алғанда шынайы тәжірибеден шығарылған орта статистикалық болып шығады. Реалистерге мәдениеттің нақты аспектілерін идеалды мәдениетпен шатастыру тән, өйткені олар жасырын немесе ұстанатын идеалдар өмірде жүзеге асады деп біледі, ал, іс жүзінде көп жағдайда олай емес. Бұл ұстанымды мен позитивтік адасу деп атар едім. Әдетте позитившілер рационалды немесе концептуалды идеалдардың өзіндік нақтылығы болатынын байқамайды да, оларды шарттан немесе тудыратын тәжірибеден немесе әдет­ғұрыптан бөліп қарау керектігін мойындаудан бас тартады. Мысалы, Джон Дьюи, «әдет­ғұрыптар қашанда да ақ лақтық стандарттарды тудырады, өйткені белгілі бір мінез­ құлық амалдарын белсенді түрде талап етеді» дегенді айтады. Әдет ­ ғұрыптар мен дағдылар нағыз өлшеуіш емес. Олар концептуалды өлшеуіштерді орнатуға немесе жөндеуге стимул болып қана қызмет ете алады. Салт­дәстүрлер мен әдет ­ ғұрыптар идеалды стандарттар бола алмайды. Олар тек тұжырымдамалы стандарттарды бекітуге немесе түзетуге ғана қызмет ете алады. Бұл норманың (немесе идеалды стандарттың) әсер­ықпалы өзі тудыратын өмірлік тәжірибеден бөлек. Болуы тиіс идеал салт­дәстүрге немесе тәжірибеге сай емес. Келесі бір жағынан алғанда, нормативті идеалистер әдетте мәдениетті әлеуметтік идеалдар категорияларымен анықтайды да, одан нақты өмірді алып тастайды (нақты өмірді есепке алмайды). Мұны нормативтік қате деуге болады. Қысқартып айтқанда, мәдениетті бейнелеу (баяндау) үшін тәжірибеде барды шолып шығу жетеді деу, қоғам мүшелері ұстанатын идеалдардың өмірде жүзеге асады делінуі сияқты қате. Әрбір мәдениеттің идеалдағы да, тәжірибедегі де қырлары бар да, қоғамтанушының міндеті олардың өзара байланысын және олардың қандай да бір нақты қоғамға интеграциялану деңгейін көрсету болып табылады. Нақты бір қоғамның идеалдағы және нақты өмір арасындағы мәдени өлшемі — оның мәдени интеграциясы деңгейінің маңызды индикаторы. Мәдениетті логикалық құрылым немесе абстракция деп түсінетін мәдени идеалистер — осыған қарамастан абстрактылы, философтар атайтын логикалық мәндер, жеке адам және қоғам сияқты нақты, өмірде бар мәндермен қалай өзара әрекеттесетінін түсіндіріп бере алмайды.

Читайте также:  ЖАЛПЫ ХАЛЫҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ БАЛАМАСЫЗ ЭЛЕМЕНТТЕР

Оставить комментарий