ҚАЗІРГІ ИРАН ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР РӨЛІ

Адам ресурстары — дамыған әлем елдерінің мәселелерін қарастыруда, саяси тұрақты және әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалауда маңызды факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан да қазіргі кезде дамушы елдердің тұрақты дамуы, әлемдік көрсеткіштерге жету мақсатында, адам ресурстарының сапасын көтеруде арнайы қаржыландыру жұмыстарын жүргізуге тырысады. Әйелдер қоғамның айтарлықтай бөлігін құрап, әр түрлі міндеттерді, соның ішінде отбасылық және әлеуметтік- экономикалық қызметтерді атқара отырып, даму үстінде. Иран Ислам Республикасындағы 67 млн. жалпы халық санының 49% құрайтын әйелдер, мемлекеттің белсенді еңбек ресурстарының айтарлықтай бөлігін қамтиды. Бұған қоса, Иранның өсу демографиясы бойынша халықтың орта жасы не бары 30 жас екенін ескеру қажет. Сондықтан да Иран Ислам Республикасы үкіметінің алға қойған маңызды мақсаттарының бірі – жастар мәселесіне аса үлкен көңіл аудару, олардың дамуына қаржы бөлу болып табылады. Иранда бұл стратегиялық қадам — әйелдерді экономикалық және әлеуметтік қызмет- терге барынша көптеп тарту негізінде жатыр. Иранда Ислам төңкерісі мен Иран Ислам Республикасының негізін салушы Имам Хомейнидің прогрессивті ой пікірлерінің арқасында әйел құқық- тарының толықтай қолданылуы мен мойындалуына, тұлға болып қалыптасуына және дамуына барлық мүмкіндіктер жасалды. Оның айтуынша, әйелдер ислам төңкерісінің жеңіске жетуіне үлкен рөл атқарды және олардың белсенділігі кейбір жағдайларда ер адамдардан да асып түсті. Иран Ислам Республикасынның ата заңы иран әйелінің статусын анық айқындап қана қоймай, мемлекетке олардың қалыптасуына қолайлы жағдай- лар мен рухани және материалдық құқықтарын жетілдіруді, теңсіздікті жоюды міндеттейді. Ислам төңкерісі жеңісінен кейінгі алғашқы жылдары әйелдерді әр түрлі саяси орталарға тарту жұмыстары жүргізілді. Әйелдер және әйел ұйымдары ислам төңерісі мен халықтық қозғалысты қолдаудың маңызды тұтқасы болып қалыптасты. Әйелдердің мемлекеттік жұмыстарға тағайындалуы, әйел партияларының және арнайы әйел ұйымдарының пайда болуы мен дамуы және Иран мен Ирак арасындағы соғыс кезіндегі әйелдердің рөлі – осының барлығы төңкерістен кейінгі алғашқы онжылдықтағы мемлекеттің әлеуметтік-саяси өміріндегі әйел рөлінің көтеруілінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады. Әсіресе, 90 жылдары әйелдердің ел өмірінің барлық саласына белсенді араласуына қолайлы жағдайлар туындады. Соңғы онжылдықта әйелдерге байланысты мәселелермен айналысатын жекеше билік ету құрылым құру туралы жаңа ойлар қалыптаса бастады. Мәдени-әлеуметтік Жоғарғы Кеңес жанындағы Әйелдер Кеңесі — әлеуметтік-мәдени жұмыс саласындағы алғашқы саяси-мемлекеттік органы болып қалыптасты. Бұл Кеңес 1987 жылы Жоғарғы Кеңестің үкімімен құрылды. 1990 жылы ел ішінде әйелдер комиссиялары құрыла бастады. Әйел мәселелерін шешу мақсатында атқарушы билік құрамында әйелдерге арналған ұйым құру ұсыныстары жасалынды. Осыған сәйкес 1991 жылы әйел мәселелерімен айналысатын арнайы бөлім құрылды. 1997 жылы бұл бөлім президенттің бұйрығымен әйелдердің әлеуметтік-саяси өмірге қатысуы туралы «Орталық» болып қайта құрылды, нәтижесінде, екі әйел вице-президент және президент-кеңесшісі орнына тағайын- далып, министрлер құрамына енді. Ал, ислам төңкерісінен кейінгі екінші онжылдықтағы маңызды жетістіктеріне – депутат сайлауына қатысушы әйелдердің және мәжіліс депутаттығына сайланған әйелдер санының айтарлықтай өсуін жатқызуға болады. Сонымен қатар, осы кезеңдерде мемлекеттік емес әйел ұйымдарының рөлі де өсті. Ал, 1995 жылы Пекинде өткен бүкіләлемдік конферен- цияға Иран әйелдерінің көптеп қатысып, баяндама жасауын халықаралық сахнадағы әйел белсенділігінің озық көрсеткіші деп санауға болады. Әлеуметтік зерттеу көрсеткіштері — әйелдердің кез-келген ғылым саласында ер адамдардан қалыспай, кейде тіпті, олардан да асып түсетінін көрсетіп отыр. Әйелдер өз отбасында балаларын тәрбиелеу, оларды қоғамға дайындау, тіпті балаларының мамандық таңдауларына көп көңіл бөлетіндігін де айта кеткен жөн. Ислам революциясына дейін Иранда қыз баланың біліміне қаражат бөлу пайдасыз болып есептелінді. Өйткені, алған білімі ертеңгі күні тұрмыс құрып, үй шаруасымен айналысатын болған соң, еш жерде қолданыста болмайды деген түсінік қалыптасқан. Ал бүгінгі таңда бұл қағида өзгерді. Қазіргі таңда әйелдер мен қыз балалар ер балалардан қарағанда жоғарғы және орта оқу орындарында көптеп білім алуда. Ислам төңкерісінен кейінгі екінші онжылдықта әйелдер арасында сауат- тылықты арттыруда аса үлкен шаралар жүргізілді және нәтижесінде 1998 жылы сауатты әйелдер саны 93%-ке жетті. Сонымен қатар, тек қыз балалар мен әйелдерге арналған кәсіби-техникалық оқу орталықтарының саны 48-ге дейін өсті. Елдің мәдени өміріндегі әйел рөлінің өсуі және жоғарғы оқу орындарына түсуші әйел санының көбеюі назар аударарлықтай. 1998 жылы жоғарғы оқу орнына түсушілердің жалпы санының 54%-н әйел адамдары құраса, ал 2003 жылы олардың саны 63%-ке жетті. Ислам төңкерісінен кейінгі үшінші онжылдықтан бастап мәдениет пен ғылымның дамуына әйелдер көп үлесін қоса бастады. Жоғарғы оқу орындарына түсуші әйелдер санының шамамен 60%-ке дейін өсуі, олардың қоғам өміріне белсенді қатысуының нәтижесінде, мемлекеттік емес әйел ұйымдарының көбеюін байқауға болады. Егер 1995 жылы әйелдер басқаратын мемлекеттік емес ұйымдар саны 59 болса, 2001 жылы олардың саны 248-ге дейін өскен. Статистика көрсеткіштеріне сүйенетін болсақ, әйелдер ғылымның қай саласында болмасын әсіресе, медицина, инженер саласында да олардың саны ер адамдармен тең немесе кей салада тіпті сан жағынан артып та отырады. Мысалы, 1999-2000 оқу жылында медицина факультетіндегі жалпы студенттің 58%-н әйелдер құраған. Ал, ғылыми жұмыспен және жалпы білім беру саласындағы әйел қызмет- керлері санының өскенін статистика мәліметтерінен көре аламыз. Ислам революциясынан кейінгі алғашқы жыл- дары ғалым әйелдер саны мардымсыз болса, ал қазір жоғарғы оқу орындарында қызмет істейтін профессор-оқытушылар жалпы санының 30%-н, мектеп мұғалім- дердің 50,5%-н әйелдер құрайды. Сонымен қатар, ауруханадағы медицина қызметкерлерінің 85% астамы, ал мемлекеттік аппараттағы қызметкер- лердің 22% әйелдер. 2003 жылғы ресми статистика көрсеткіштері бойынша мемлекеттік орындарда 710,2 мың әйел жұмыс жасайды. Жоғарыда айтылғандардың дәлелі ретінде аса биік жетістіктерге жеткен иран әйелдеріне біраз тоқталайық:  2003 жылы Нобел сыйлығының лауреаты, иран жазушысы Ширин Эбадиді атауға болады. Ол өткен жылдың 2-ші желтоқсанында Тегерандағы пресс- конференцияда баяндама жасап, әйел құқықтары туралы сөз қозғады. Ширин ханым соңғы 20 жыл ішіндегі адам құқығы жөнінде, соның ішінде әйел құқықтарын атап көрсетті. Сол жылы 10-шы желтоқсанда Норвегияның Осло қаласында Ширин Эбади Нобел сыйлығымен марапатталды.  Ирандық жазушы әйелдерге келетін болсақ, Pen сыйлығының лауреаты Зива Шахибті айтуға болады. Оның «Талибандардың» билік басына келген кездегі ауған әйелдерінің жағдайлары туралы жазылған «Му-йе сийаһ» атты кітабы 18 тілге аударылып, әлемге таралған.  Ал, алғаш рет грузин тілінде «Хане дар зир-е асман» атты кітаптың авторы Голи Тарағиді осы қатарға қосуға болады. Оның алғашқы кітаптары 1969 жылдан бері жарық көруде. Олар: «Хадэсе-йе пичидэ», «До джаһан», «Ман һам че Гевар һастам». Осы шығармалардың басты тақырыбы – адам жайлы. Әр адамның өмірінде болатын қиындықтарға төтеп бере алу қабілеті және дұрыс шешім жасай білуі туралы баяндалған.  Иранның әділет министрінің кеңесшісі, отбасы, әйел және бала жұмысына міндетті, алғашқы сот қызметіндегі әйел Пуран Валавиюнді де атауға болады. Ол осы жылдың наурыз айында Мәскеуде өткен халықаралық конференцияға қатынасып, «Иран Ислам Республикасының конституциясындағы әйел орны» атты баяндама жасады. Ол баяндамасында әйелдердің тұрмыс құру мен ажырасу кезінде өз құқықтарын қорғау мақсатында, осы жылы Иранда қабылданған жаңа үкімдер мен заңдарды таныстырып өтті. Соның ішінде, ерлі- зайыптылар айырылысқан жағдайда балалары 7 жасқа дейін анасымен бірге қала алады, ал бұрынғы заң бойынша бала еш талқыланбастан, әкесінде қалатын. Сонымен қатар, әйелдерге байланысты өлім жазасы уақытша тоқтатылғанын ерекше атап көрсетті.  13 жыл бойы «Әйел журналын» басқарып келе жатқан Шахло Ширхятты атауға болады. Оның әр жаңа номерінің кейіпкері — әлемдегі Нобел сыйлығының лауреаттары, әйел–режиссерлар, жазушылар. Журналдың әр бір жаңа басылымы әйелдерге заң жүзінде әр мәселелерді қалай шешу керектігі жөнінде кеңестер ұсынады. Бұл журнал бүкіл Иранға 40 мың басылыммен таралып, бүгінде иран әйелдерінің сүйікті журналына айналған.  Осы қатарға қазіргі кезде америка азаматтығын алғанымен, тегі ирандық, ғарышқа алғашқы турист әйел ретінде ұшқан Аноуше Ансариді де қосқым келіп отыр. Оның бұл жеңісі жалпы әйел қауымы үшін мақтан тұтарлық ерлік деп есептеймін.  Иранда ислам талаптарына сай, спорттың 18 түрінен 1993 жылдан бері 4 жылда бір рет өткізіліп келе жатқан әйелдерге арналған олимпиада жарыстары өтеді. Спорт жарыстарында мылтық атудан алдына жан салмайтын Фатима Рахими мен гольфтің кәсіби ойыншысы Шахин Бахрами және спорттың басқа түрінен де ерекше көзге түскен спортшы – әйелдер де бар. Жоғарыда келтірілген мәліметтер Иран әйелдерінің өз құқықтарына байланысты алға қойған мақсаттарына жетуде тынбай еңбек ету үстінде екенін, тіпті, олардың өзін-өзі жетілдіруіне арналған арнайы қаржылай несие беретін кооперативтік қоғамдардың құрылуының өзі көптеген нәрселерді аңғартады. Иран елі тек сөз жүзінде ғана емес, сонымен қатар, іс жүзінде де өз халқының бақытты да лайықты өмір сүруіне жағдай жасап, қолдау көрсетіп отырғанын көруімізге болады. Иран Ислам Республикасының негізін қалаған Имам Хомейни әйел жайында былай деген болатын: «Әйел — ұлы адам. Ол — қоғамды тәрбиелеуші. Бүкіл адамзат әйелден тарайды. Бақыт пен бақытсыздық әйелге ғана тәуелді. Қандай да қоғам болмасын, өзінің бастауын әйел затынан алады. Сондықтан да, әйелдің қоғамдағы орны әрқашан да жоғары әрі құрметті болмақ».

Читайте также:  Досан Тәжиев өмірбаяны

Оставить комментарий