ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ КОРЕЙ ОТБАСЫНДАҒЫ КОНФУЦИЙ ІЛІМІНІҢ РӨЛІ

Конфуций ілімі б.з.д. 6 ғасырда Қытайдағы Чжоу әулетінің тұсында пайда болып, Кореяға біздің заманымыздың 3-4 ғасырларында еніп, тарай бастады. Конфуций ілімі буддизм және даосизм діндерімен шамамен бір уақытта Корей түбегіне енгеніне қарамастан бірде мемлекеттік деңгейге дейін көтеріліп, бірде қуғынға ұшырағаны туралы тарих беттерінен біле аламыз. Корей тарихында конфуций ілімі Корея қоғамының барлық саласы мен мәдениетіне үлкен әсер етті. Негізінен бұл ілім Чосон мемлекеті (1392- 1910) кезеңінен бастап Алтын Ереже немесе ұлттық діл ретінде елдің мемлекет саясаты, экономикасы, қоғамы, мәдениеті мен білім беру саласын түгелдей қамтыды /1/. Осылайша ХІV ғасырдың аяғында Кореяда Чосон мемлекеті орнап, билікке Ли әулеті келген кезден бастап, конфуций ілімі мемлекеттік идеологияға айналған болатын. Ли әулеті Кореяны ХХ ғасырдың басына дейін билегендіктен конфуций ілімі ұзақ уақыт бойы корей қоғамында маңызды орынға ие болып, кәрістердің санасына түбегейлі сіңді деп айтсақ та болады. Конфуций ілімі Кореяның мәдени және идеологиялық өмірінің негізін құраған нағыз тиімді жағдайларды туғызғандықтан саясат пен қоғамдық басқаруға қолайлы болатын. Конфуций ілімінің шарықтаған шағында барлық ғылыми және қауымдық ойлардың барлығы конфуций ілімінің қағидаттарына сай келуі қажет болатын. Яғни, Кореяның барлық салауатты білім беру орындары тәрбие шаралары осы ілім категория- ларына сүйеніп, осы ілімді оқытып, барлық сауатты да көзі ашық кәрістер конфуций ілімінің категориялары мен қағидаттары тұрғысынан талдау жасап, осы ілімге сай ойланатын болған /2/. Қазіргі кезге дейін конфуций ілімі корей қоғамының негізгі сүйеніші болып, парасатты қоғамның ерекше этикасы мен нормаларын қалыптастырған болатын. Өзін-өзін дамытуға бағытталған конфуций қағидаларын орындай отырып, кәрістер адам болмысының мінсіз қасиеттері мен үйлесімді қоғамды дәстүрлі түрде қалыптастыруға тырысты. Ал, Конфуций- дің қоғам туралы айтқан сөзінде: «Отбасы — мінсіз қоғамның шағын үлгісі» деп айтқан сөзінен отбасының қаншалықты маңызды екендігі туралы айтпай-ақ түсінуге болады /3, 37/. Алайда, берілген мақалада біз Корея қоғамы отбасындағы осы ілімнің рөлін қарастырсақ деген ойдамыз. Ең алдымен конфуций іліміндегі отбасының орнын анықтау үшін осы ілімнің отбасы туралы қағидаттарына көз жүгіртсек. Конфуций ілімінің негізгі қағидаттары әр бір адам ұстануы тиіс тәртіптің бес түріне негізделеді. Ол адамзатты сүю, парызды орындау, сенімді және шыншыл болу, ата-анасын құрмет тұту, кішіге қамқор болу және адал болу. Конфуцийдің нақ осы қағидаттары кейіннен әлеуметтік және саяси негізгі идеологияға айналған болатын. Конфуций ілімімен қауышқан әрбір мемлекет осы негіздерге сүйенген болатын. Отбасындағы тәртіп мемлекет тәртібі- мен қатар орынға қойылды. Отбасында балалар ата-анасын құрметтеу қажет- тігіндей мемлекеттің барлық азаматтары билеушісін құрмет тұтуы қажет. Ал, билеуші, өз кезегінде, әкедей қамқор, әділетті болып, өз «балаларына» мейірімді де кешірімді болуы тиіс болды. Осындай қарым-қатынастың негізі адамзатқа деген сүйіспеншілік болуы тиіс еді. Отбасының бақыты мен тыныштығын сақтау үшін отбасы мүшелерінің барлығы өзіне тиесілі орнын білуі қажет болатын. Яғни, әкесі — әке ретінде, анасы ана ретінде, балалары мен қыздарының әр қайсысы өз орнында тиесілі қызметін атқаруы қажет /2/. Осыған тереңірек тоқталатын болсақ, осы қағидаларға сай, әкесі баласына жақсы ниетпен қарауы тиіс, ал балалары әкесіне бала ретінде құрметпен қарауы қажет; ағасы інісіне ізетпен қарап, інісі ағасын құрметтеуі қажет; ерлі-зайыптылар арасында отбасы иесі әйеліне әділетті болуы тиіс, ал әйелі, өз кезегінде, жолдасына қызмет етуі тиіс; ел билеушісі өз халқына әкедей қарап, халқы өз билеушісіне сенімді болуы қажет /4/. Корей ұлтының дүниеге көзқарасының қалыптасуына мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік қатынастардың негізінде жатқан, ата-ананы құрметтеу, халықтың өз билеушісіне бағынуы, кішінің үлкенге бағынуы мен әйелінің күйеуіне бағынуы сияқты қағидаларға сүйенген конфуций ілімі маңызды рөл атқарды. Құрметтеу қағидасы қоғамның барлық саласына енген: отбасынан бастап мемлекеттке дейін, яғни отбасы мемлекеттің үлгісі пайда болады. Мұндай қарым-қатынасты мінсіз реттеудің негізі болып келген «баласының ата-анасына деген құрметі» қағидасы адамзат қарым-қатынасының ең негізгі түбірі болып табылатындықтан, отбасы- ның қоғам мен мемлекеттің негізіне айналғанына себепші болды. Сондықтан, кәрістердің санасы мен ділінде отбасының орны орасан зор. Осыған байланысты Конфуцийдің «Мемлекетті басқармас бұрын адам баласы өзінің ішкі әлемін ретке келтіріп, өз отбасының мәселелерін шешуді үйренуі қажет» деген сөзінде осы ілімнің отбасы туралы негізгі қағидатын аша түседі. Осылайша, Кореядағы және басқа да жерлердегі кәрістердің өмірінде отбасының орны ерекше. Қазіргі кездегі екі Кореяда да баланың ата-анасына құрметіне мемлекеттік тұрғы- дан да көп көңіл бөлініп, қоғамның санасына түбегейлі сіңіп қалған дәстүр ретінде көп көңіл бөлінеді. Қазіргі кездегі техникалық өркендеу заманында индустриализация мен урбани- зацияның шарықтаған кезеңінде отбасы формалары мен қағадаттарының өзгеруі ешкімді таң қалдырмас. Бұрынғы дәстүрлі үлкен отбасылардың бөлшек-теніп, жеке бөлініп шығып, қала өміріне ыңғайлы кішігірім отбасыларының көбеюі де заңды болмақ. Алайда осындай өзгерістер кәрістердің отбасына деген көзқарастары мен құрметіне қалай бейімделген екен. Енді сол туралы біраз айта кетсек. Қазіргі заманда бүкіл әлемдегі өзекті мәселелердің бірі әйелдер теңдігі Кореяда да белсенді түрде қозғалып, әйелдердің қоғамға шығуына жол ашты. Оған мысал ретінде әйелдердің бұрынғыдай тек үй шаруасымен ғана айналыспай, жұмысқа шығуына да мүмкіндік туғызды. ХХ ғасырдың сексенінші жылдарының орта- сына дейін корей қоғамында әйелдің рөлі дәстүрлі түрде қарастырылып, әйелдің жұмыс істеу мәселесі қарастырылмаған болатын /5/. Кореяның экономикалық дамуына қарамастан, дәстүрлі ер адамға негізделген отбасы үлгісін әлі күнге дейін сақтап келеді. Осыған дейінгі ұстанған отбасы қағидаты бойынша тұрмасқа шыққан әйел жұмыс істеуді ойланбайтын. Тұрмысқа шыққанға дейін ол әйел жұмыс істеген болса да, тұрмысқа шыққаннан кейін ол міндетті түрде жұмыстан шығуы қажет болды. Бірақ әйелдің жұмыстан шығуы оның отбасының экономикалық жағдайына қатыспауын білдірмейтінін де атап кету қажет. Ол әйел өз жолдасының өндірісі немесе отбасы иелігіндегі кәсіпорнында жұмыс істей алуына жол ашылған болатын. Яғни шетте жұмыс істеуі жақтырылмағандығын да білдіреді. Алайда, жағдайы нашар отбасында әйелдің жалға жұмыс істеуіне рұқсат беріледі. дегенмен, қалай дегенде де көптеген отбасында отбасы иесінің табыс үлесі артық, немесе тіпті табыстың негізгі көзі болуы қалыпты жағдай болды. Бұған қарамастан, бала тәрбиелеу мен үй шаруашылығын жүргізетін әйел отбасы қаржысын қадағалауға да жауапты болып келеді. Осыдан кәрістердің дәстүрлі түрде әйелді «чипсарам», яғни аударылғанда «үйдің адамы», немесе «ансарам», яғни «ішкі адам» деп аталуы ғажап емес. Енді қазіргі жас отбасылар жағдайына келетін болсақ, соңғы кездегі корей қоғамында «матпори пубу», аударылғанда «екеуі де табыс табатын жұбайлар» деген ұғымды білдіретін сөздің пайда болуы қазіргі корей қоғамында тұрмысқа шықаннан кейін де жұмыс істейтін отбасылар санының көбеюін білдіретін болса керек. ХХ ғасырдың аяғынан бастап осы мәселеге байланысты зерттеулер жүргізіліп, тіпті отбасын зерттеу орталық- тарының пайда болуы да осы мәселеге көп көңіл бөлетінін көрсетеді /6/. Осыған байланысты қоғамдық өмірден өз орнын таба білген әйелдердің көбісі қандай мамандықты таңдайды деген сұрақ туындайтыны сөзсіз. Осы мәселеге байланысты А.Ланьков өзінің «Современ- ные корейские средние слои: вопрос о трудоустройстве женщин» мақаласында: «Особой популярностью среди образо- ванных и стремящихся к квалифи- цированной работе кореянок пользуются профессия учительницы, ибо в этом случае женщина, с одной стороны, имеет доста- точно времени для занятий семьей, а с другой, будучи государственной служа- щей, во многом гарантирована от явной дискриминации по половому признаку, ко- торая по-прежнему весьма сильна в боль- шинстве частных корейских фирм» деп жазады /5/. Осыған сүйенетін болсақ, корей әйелдері мұғалім-дік, немесе оқытушы мамандығына бой бұратының түсінуге болатын сияқты. Ал көптеген отбасылардың өз қызының жоғары білім алуына ерекше көңіл бөлуі олардың келешекте қоғамнан өз орнын табуына көмегін тигізеді деген көзқарасына қарағанда жақсы жұбай табуына көмектеседі деген сенімін білдіретіні туралы да атап кеткен жөн. Алайда, бұған қарамастан, қазіргі кезде жоғары білімге ие болған қыздардың тұрмысқа шығуға асықпайтынын да байқап қалуға болады. Өз-өзінің жағдайын жасай алатын әйел адам, сонымен қатар жігіттер де отбасы ауыртпашылықтарына төзуден бас тартатынын осылайша білдіретін болса керек. Осыған байла- нысты, бұған дейін корей қоғамында тек «тэкачжок»(«үлкен отбасы» яғни ата-әжесі мен ата-анасы және балаларымен бірге өмір сүретін) және «хеккачжок» («жеке отбасы» яғни отбасының бөлек шығуын білдіріді) деп аталатын отбасы үлгілері туралы білетін болсақ, енді, соңғы кездері, жалғыз басты отбасылар деген ұғымды да жиі естіп қаламыз. Ал енді балалардың ата-анасына деген құрметі туралы сөз қозғасақ, қазіргі кездегі корей қоғамында бұл ұғымның сақталып қалғандығын байқай аламыз. Бірақ бұрынғы кездегідей ата-анаға деген құрмет ата-анаға түбегейлі бағынуды білдіргені- мен, қазіргі кезде баланың ойымен санасуды да қамтиды. Қазіргі кездегі жас кәрістер үйлену үшін міндетті түрде ата- анасының мақұлдауын күтеді. Ал кейбіреулері әлі де бұрынғыдай ата-анасы таңдаған қызға үйленетіні әлі де корей қоғамындағы ата-анаға деген құрмет пен бағынуды, сонымен бірге ата-анасының ойын дұрыс деп санайтындығын білдіретін болса керек. Осымен бірге кәрістердің ғұрыптарындағы «хуангап» деп аталатын ата-анасының алпыс жасқа толу тойының тойлануының балаларының мойнында екендігі де ата-анасын құрметтеу қағида- тының бір көрінісі ретінде қалыптасып қалды. Бұл ғұрып тек ата-анаға деген құрмет қана емес, ата-анасына сүйіспенші- лігін де білдіретін болса керек. Қазіргі кездегі қазақ отбасы туралы сөз қозғасақ, ғасырлар бойы сіңіп қалған туыстық қатынастың беріктігі, ата-анасына құрмет, бауырларына деген қамқорлық, үлкенге бағыну сияқты қағидаттарды байқай аламыз. Жетпіс жылғы кеңес өкіметі билігі мен күштеп енгізген өз басын қамтамасыз ету ұғымдарына қарамастан, қазақтың отбасына деген көзқарасының өзгермей сақталып қалуы, қазақ өміріндегі отбасы рөлінің маңыз- дылығын көрсетеді. Корея отбасының өзгерістері ХХ ғасырдың сексенінші жылдары басталған болса, Қазақстан қоғамында мұндай өзгерістер алпысыншы- жетпісінші жылдары өткендігін де байқай аламыз. Алайда капиталистік қарым- қатынастың қазақ қоғамына қалай әсер еткені әлі де көптеген зерттеулердің алғашқы мәселесі болмақ. Мақаланы қорытындылай келе, қазіргі корей қоғамындағы отбасы рөлінің жаһандану мен индустриализация шарт- тарының күшеюіне қарамастан бұрынғы- дан аса қатты өзгермегендігін байқаған- дығымыздай, біздің қазақ қоғамындағы отбасының рөлі де осылайша сақталып, заман өзгерістеріне төтеп беріп, сақталса деген ниетпен аяқтасақ дейміз.

Читайте также:  Фрейдтің психоаналитикалық концепциясының құндылықтары мен мақсаттары

Оставить комментарий