Қазіргі кезеңдегі Қазақстан мен Франция қарым-қатынастары

Опубликовано Сентябрь 23, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 5 (1 голосов)

 

Егемендігін жариялаған сәттен бастап, Қазақстан Республикасының басты міндеті халықаралық қатынастар жүйесінде лайықты орын алу болып табылады. Францияның халықаралық сахнадағы беделі зор екендігі даусыз. Жоғары экономикалық әлеуеті, әлемдік саясаттағы ықпалы Францияны Қазақстанның Еуропа- дағы артықшылық берілетін серіктестері қатарына шығарады. Екі ел арасындағы ең жоғары деңгейдегі байланыстар – екіжақты қатынастарды дамытуда аса маңызды. Елімізде Францияға деген қызығушылық айтарлықтай жоғары екендігін атап өту қажет. Оны осы мемлекет жөніндегі ғылыми зерттеулердің деңгейі көр- сетеді. Қазақстан мен Францияның ынтымақтастығын жүзеге асырудың ауқымдылығы мемлекеттердің интеграцияға және ғаламдастыруға бағытталған бағдарының оңтайлы әрі практикалық құрамдасы болып табылады. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміз көпвекторлы сыртқы саясатын анықтады. Әлемнің көптеген елдерінде Қазақстан Республикасының алғашқы елшіліктерінің пайда болуы ел үшін маңызды тарихи оқиға болды. Халықаралық қатынастар жүйесін қалыптастырудың бастапқы кезінде ҚР Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының негізгі күші шет мемлекеттермен саяси, сауда- экономикалық, әскери, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың келісім-құқықтық құжаттарын дайындауға бағытталды.

Республиканың сыртқы саяси бағыты мемлекеттер 46 №3 (47) 2015 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік арасындағы қарым-қатынастарда көпшілік мойындаған қағидалар мен халықаралық құқық нормаларын бекіту үрдістерін орнықтыруға бет алды. Мысалы, тек 1992 жылдың өзінде ҚР СІМ-нің қатысуымен принципті сипаттағы көпжақты және екіжақты 13 келісім, сонымен қоса ағымдағы мәселелер бойынша 30 мәлімдеме мен меморандум бекітілді. Осы халықаралық келісімдер Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастыққа кіруіне жол ашты, елдің егемендігін, қауіпсіздігін, территориялық тұтастығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды. Сыртқы дипломатияның негізгі мақсаты ел экономикасын қайта реформалау мәселелерін шешу және оның тұрақты дамуын қамтамасыз етуде сыртқы факторларды, халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын тиімді пайдалану болды. Сыртқы байланыстарды әр бағытта дамыту ел экономикасының әлсіз тұстарын мейлінше төмендетуге, сырттан саяси және экономика- лық қысым көрсету мүмкіншіліктерінің алдын алуға бағытталды. Әлемдік тауар мен капитал нарығында еліміздің мәртебесін нығайтуға жағдай жасайтын Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жоспарының стратегиялық мәні бар.

ДСҰ-ға кіру жоспарлары мен соған қатысты шаралар еліміздің нарықтық экономика механизмдерін нығайтуға бағытталған экономикалық реформалар арнасында жүріп келеді. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру талаптарына қатысты 20 жылға созылған келіссөздерді аяқтады. 22 маусым күні ұйымға қосылу туралы құжаттар жұмыс тобы мүшелерінің ресми мақұлдауына ұсынылғаннан кейін Ұйымның бас кеңесіне бекі- туге беріледі [1]. Қазақстан Франциямен өзара қарым-қатынасында оның Еуропалық одақты қайта құру, ортақ сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласындағы саясатты қалыптастыру жөніндегі бастамалар ұсынудағы белсенді рөлін, сонымен қоса ЕО-ның Ресей және Түркиямен жақындасу ұстанымын негізге алады. Қазақстанның Орталық Азия мен Закавказьедегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудағы саяси-стратегиялық маңызы бекітілді. Қазіргі уақытта Франция Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты дамытуда Қазақстанға аса көңіл бөліп отыр және еліміздің аймақ- тық держава ретінде қалыптасуына қолдау көрсетуге ниетті, соның ішінде БҰҰ мен ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығы арқылы АӨІСШК үрдісі мен аймақтағы ынтымақтастық бойынша қазақстандық ұстанымдарға ықпал етуді көздеп отыр. 47 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ №3 (47) 2015

Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2000 жылы маусым айындағы Парижге сапары барысында екіжақты өзара қарым- қатынастың кең мәселелері қарастырылды, соның ішінде агроөнеркәсіп кешені, өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жобаларды іске асыру, жаңа технологиялар өндіру, инфрақұрылым, көлік, экология, сонымен қатар француздық мұнай-газ компанияларының отандық көмірсутектер экспортының балама бағдарларын табуға көмек көрсету мәселелері талқыланды. 2004 жылы 10 наурызда Париж қаласында Қазақстан- Француз экономикалық ынтымақтастығы бойынша үкіметаралық комиссиясының 6-отырысы өтті. Басқосуда жаңа технологиялар, биотехнология, ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу мен теміржол көліктері саласындағы өзара әрекеттестік мүмкіндіктері талқы- ланды. Осындай іс-шараларды ел өнеркәсібін инновациялық- индустриялық жаңарту жолындағы нышан ретінде қарастырған жөн. Қазақстанның сыртқы саяси тұжырымдамасында француздық вектор басым маңызға ие. Сонымен қоса, екі мемлекет те өз кезеңінің тарихи шындығын негізге алады. Қазақстан Францияны көпполярлы әлем қозғалысының жетекшісі ретінде таниды. Біз үшін бұл елдің өзге мемлекеттермен ынтымақтастықты дамыту- дағы сындарлы тәсілі мен Батыс елдеріне тән даму үлгілерінің сипатына өзгерту енгізусіз, демократиялық үрдістердің «катализа- торы» рөлінен аулақ болуға тырысуы маңызды. Демократиялық қайта құру, сондай-ақ экономикалық реформаларды жүзеге асыру кезінде де Франция елімізге Орталық Азияның аймақтық локомотиві ретінде қызығушылық танытты.

Франция әуел бастан- ақ, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кандидатурасына қолдау көрсетті. Франция Республикасы Еуропалық Одақтың жетекші мемлекеттерінің бірі екендігі – тарихи қалыптасқан жағдай. Онсыз Еуропа тағдырына қатысты бірде-бір шешім қабылданбайды. Көптеген маңызды мәселелер бойынша оның ұстанымы анықтаушы рөлге ие және де басқа мемлекеттерге үлгі болып отыр. Франция- мен ынтымақтастық орнатуы Қазақстанның қазіргі халықаралық қауымдастықтағы ұстанымдарын нығайтуға жол ашады, еліміздің өркендеуіне, оның ішінде, экономика саласының кемелденуіне көмектеседі. Франция да Қазақстанмен қарым-қатынасын дамытуға мүдделі. 48 №3 (47) 2015 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік Оның геосаяси жоспарында біздің ел әлемнің екі бөлігін – Еуропа мен Азияны байланыстырушы көпір, құрлықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ететін және экономикалық келешегі зор ел ретінде қарастырылады. Қазақстан мен Францияның достық, ынтымақтас- тық пен өзара түсіністік туралы келісімін бекітуге қатысты Сырт- қы істер бойынша комиссиясының баяндамасында «Франция Орталық Азияға, ең алдымен, Алматы арқылы шығады» делінген.

Франция Республикасы Қазақстан Республикасының тәуелсіз- дігін 1992 жылы 7 қаңтарда мойындады. Ал дипломатиялық байланыстар Франция Сыртқы істер министрі Роллан Дюмның 1992 жылы 25 қаңтарда Алматыға сапары кезінде орнатылды. Іссапар нәтижесінде Алматыда Сауда өкілеттілігі, кейін Франция Республикасының елшілігі ашылды. Екіжақты қатынастардың дамуындағы маңызды кезең 1992 жы- лы қыркүйекте басталды. Н.Ә. Назарбаевтың Францияға ресми сапары кезінде екі ел арасындағы Достық, өзара түсіністік пен серіктестік туралы келісімге қол қойылды. Сонымен бірге Фран- ция жоғары деңгейдегі мемлекетаралық құжатқа қол қойған алыс шет мемлекеттердің алғашқысы еді. Екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дамуы 1993 жылы Франция Президенті Франсуа Миттеранның Қазақстанға жасаған ресми сапарымен жалғасын тапты. Жоғары деңгейдегі саяси диалог Президент Жак Ширак кезінде де белсенді жалғасты. Мысалы, 1995–1999 жылдары екі ел басшылары арасында 6 кездесу өтті. Кездесулер барысында халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша ұстанымдардың ұқсастығы немесе жақындығы көрініс тапты. Ядролық қаруы бар мемлекеттер қатарындағы Франция Қазақстанға алғашқылардың бірі болып қауіпсіздік кепілдігін берді. Оның дәлелі – Франция- ның Қазақстанды аймақтағы тұрақтылық кепілі ретінде қарастыруы.

Еліміз аймақтық және халықаралық тұрақтылықты нығайтуда салмақты бағыт ұстанып отырған мемлекет беделіне ие [2]. 1993 жылы 16-17 қыркүйек күндері Франсуа Миттеранның Қазақстанға ресми сапары барысында үкіметаралық деңгейдегі көптеген құжаттарға қол қойылды. Атап айтсақ, Мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; Ғылым мен жаңа технологиялар саласындағы бірлескен декларация; Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мен Франция Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім; екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасындағы 49 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ №3 (47) 2015 Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік ынтымақтастық туралы хаттама. Сонымен бірге Алматы мен Париж арасында тікелей әуе байланыстарын орнату туралы уағдаластыққа да қол жеткізілді. Алдағы уақытта да Франция мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңей- туге көңіл бөлу жоспарланды. Франция 300 млн француз франкы сомасында несие желісін ашты. 2008 жылы 10-12 маусым күндері Н.Ә. Назарбаев Франция Республикасына ресми сапармен барып қайтты. Сапар барысында Елбасы бүкіл әлемге әйгілі «Талес» компаниясының аэроғарыш- тық өнеркәсіп кәсіпорнына ат басын бұрып, Концерн президенті Дени Ранкоймен кездесті.

Бұл кәсіпорын жер серігі жүйесіне арналған құралдарды өндіріп құрастырады және сынақтан өткі- зеді (біздегі KAZSAT-1 және KAZSAT-2 жер серіктерінің барлық тиімді жүктемесін осы француз өндірушілері жасаған). Осы сапар барысында Қазақстан мен Франция арасында Стратегиялық әріптестік туралы келісімге, Туризм саласындағы ынтымақтастық- қа, Әскери кеңес құру және көлік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Н. Саркози Н.Ә. Назарбаевқа Францияның жоғарғы мемлекеттік наградасы – «Құрметті легион орденінің үлкен кресін» табыс етті [3]. ҚР Президентінің осы сапарының нәтижелері бойынша БАҚ адамзат өркениетінің жаңа кезеңі тарихында Франция еуропалық интеграция қазығының біріне айналды деп атап өтті. Француздық фактор – әлемдік қауымдастықтың жаһандық саясатында негізге алынатын факторлардың бірі. Достық қатынастар мен ізгі ынтымақтастық дәстүрлеріне сүйене, БҰҰ Жарғысы, ЕҚЫҰ шеңберінде қабылданған Хельсинки актісі мен құжаттардың мақсаттары мен қағидаларын бұлжытпай орындайтынына ниет білдіре отырып, Қазақстан мен Франция бірқатар басым бағыттар бойынша өзара әріптестіктің маңызды әрі нақты аспектілері тура- лы келісім жасасты. Мемлекет басшысының сапары екі ел арасындағы қарым- қатынастың сапалы жаңа кезеңін ашты. Н.Ә. Назарбаев пен Н. Саркози қол қойған құжаттар Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы «жаңа серіктестік» стратегиясын жүзеге асыру- дағы бастама болды.

Мемлекет басшылары еуропалық және еуразиялық кеңістікте бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында өзара әрекеттестікке дайын екендіктерін білдірді. Осы келісімнің тармақтары тараптардың құқық, заңнама 50 №3 (47) 2015 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту міндеттерін айқындап қана қоймай, жаппай қырып-жою қаруларын таратпау, қауіпсіздік- ке төнген қауіп-қатерлермен күресу жолындағы өзара әрекеттес- тікке, тұрақты дамуға көмектесуге міндеттейді. Сондай-ақ екі мемлекет басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және оны одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу мәселелеріне назар аударды, әскери-техникалық және энергети- калық салалардағы серіктестік жөнінде, инновациялық техно- логияларды енгізу мәселелері мен экология, туризм, мәдениет пен ғылым салалары туралы пікір алмасты. 2002 жылы Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар көлемі шамамен 4,5 млрд АҚШ долларын құрады. 2003 жылы 1 қарашада елімізде шетелдік компаниялардың қаты- суымен 5338 бірлескен кәсіпорын мен 8104 шетелдік кәсіпорын тіркелді, қазіргі уақытта 3806 бірлескен және 5886 шетелдік кәсіпорын іске қосылды.

Инвестиция көлемі 2003 жылдың соңына қарай 16 млрд АҚШ долларын құрады. 2003 жылы инвестицияның жалпы көлемі 4,6 млрд АҚШ долларына жеткен. Табыстың жоғары деңгейі Теңіз, Қарашығанақ мұнай-газ кен орындары инфрақұрылымдары мен Каспий түбін барлау, зерттеу және дамыту бойынша ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырумен байланысты. 2004 жылдың бірінші тоқсанын қоса алғанда, тау-кен өндірісі өнеркәсібіне 2000–2003 жылдары 10 млрд АҚШ доллары бөлінді, ал бұл сол кезеңдегі тікелей инвестицияның жалпы көле- мінің 58,8%-ын құрады, оның 98 %-ы мұнай шикізаты өндірісіне тиесілі. Салалық көрсеткіштер бойынша барлық тікелей инвес- тицияның 55%-ы Қазақстанның ұзақмерзімді экономикалық өсімін қамтамасыз етуші мұнай-газ кешеніне бөлінген. 1993 жылдан бері Шеврон 2 млрд АҚШ доллары, Agip KCO 600 млн АҚШ доллары, Exon Mobile 1,8 млрд АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлген. Қазақстанның «Эльф Акитен» француз компаниясының бөлім- шесі саналатын «Эльф мұнай-газ» фирмасымен ынтымақтастық туралы келісімі алғашқы келісімшарттардың бірі болды (1992 ж.). Келісімшарт бойынша Ақтөбе облысы аумағындағы 19,3 мың шаршы шақырымды құрайтын зерттеу-барлау жұмыстары аймағында операциялар жүргізу мен оны жүзеге асыру көздел- ген. Қазақстан тарапынан «Темірмұнай» АҚ құрылды. 1992 жылы территорияға геологиялық зерттеуді ұйымдастыру мен бұрғылау жұмыстарын күшейту бойынша әзірленген бағдарламаларды жүзе-ге 51 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ №3 (47) 2015 Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік асыру үшін 40 млн-нан астам АҚШ доллары бөлінді. «Эльф мұнай- газ» Қазақстанға 15 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы құйды (геологиялық барлау және т.б. жұмыстарға 8 млн АҚШ доллары) [4]. Тұтастай алғанда, Қазақстанның даму тәжірибесі ел эконо- микасына шетел инвестицияларын тартуға мүмкіндік берді. Жас, тәуелсіз мемлекет басшысы ретінде Н.Ә. Назарбаевтың алдында елдің ішкі-сыртқы саясатында мемлекет тарапынан атқа- ратын аса ауқымды міндеттер тұрды. Оны жүзеге асыру үшін, ең алдымен, саяси келісімдер қажет еді. Олардың ішіндегі маңыздысы Қазақстан мен Франция арасындағы достық, ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы келісім болды (1992 ж.). Бұған қоса, Н.Ә. Назарбаев «Жаңа Еуропаның Париж хартиясына» да қол қойды. Осылайша, Қазақстан өзіне жалпы еуропалық үдерістің толыққан- ды қатысушысының барлық міндеттерін жүктеді [5]. Экономика саласындағы Қазақстан-француз байланыстары өз жалғасын тапты. Бұған 1998 жылы Париж қаласында үкіметаралық жұмыс тобының кезекті IV отырысы шеңберіндегі үкіметтік делегациялардың келіссөздері ықпал етті. Соның нәтижесінде, инвестицияларды өзара қорғау мен ынталандыру туралы келісім- шарт пен қосалқы салық салуды алып тастау туралы конвенцияға қол қойылды, екі ел арасындағы тауар айналымы өсімінің тұрақ- ты үрдістері айқындалды. 1998 жылы тауар айналымының көлемі 380 млн франкты құрады. 2000 жылға қарай Қазақстанда 38 өкілеттілік және ірі француз компаниялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар тіркелді. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс, денсаулық сақтау, туризм салаларында француз фирмаларымен байланыстар орнатылды. Екі ел арасындағы тауар айналымы тұтастай оң өзгеріске ие болды. Қазақстан экспортының негізгі бөлігі мақта, жүн, бериллий, фосфор, казеин, полистирол, былғары шикізатына тиесілі. Франциядан машина (көлік) құрылысы, электроника, фармацевтикалық өнер- кәсіп пен агроөнеркәсіп өнімдерін сатып алды. Сондай-ақ косме- тика және парфюмерия өнімдерін сатып алу ауқымы да көрініс тапты. Екі елдің отын-энергетика кешені, құрылыс, көлік, геофизика, агроөнеркәсіп секторы, телебайланыс, әуе қозғалысын бақылау, ақпараттық, бағалы әрі сирек жер металдарын өндіру мен қайта өңдеу аясындағы өзара әрекеттестіктер де болашаққа негізделді. Жалпы, Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы тиімді серпін ала бастады. 52 №3 (47) 2015 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік 2009 жылы 28 қаңтарда Парижде Қазақстан-Франция әскери кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Бірінші отырыс «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында орын алды. Ортақ инновациялық өндірістер құру үшін жаңа әзірлемелер ашу және ел экономикасына француз инвесторларының сенімін ны- ғайту арқылы екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі қарай дамытудағы маңызды кезең болып табылды [6]. Қазіргі уақытта Қазақстан-француз байланыстары саяси, экономикалық, ғылыми, әскери-техникалық ынтымақтастықтың дерлік барлық бағыттарын қамтиды. Алайда екі тарап та өзара тиімді ынтымақтастық әлеуеті тиісінше жүзеге аспай отырғанын мойындайды. Франция Қазақстанда өзінің бағыттарын жетілдіруге мүдделі. Соңғы жылдары француз кәсіпкерлері Қазақстанға жиі ат басын бұрып жүр. Француз фирмалары мен компаниялары- ның қатысуымен 20 бірлескен кәсіпорын құрылды, оның ішінде 8 кәсіпорын материалдық өндіріс саласымен айналысады. Қазақстанда француздық 10 фирма өкілдігі тіркелді. Франция әлемдік экономикалық даму көрсеткіші бойынша елеу- лі рөлге ие. Бұл, ең алдымен, оның экономикалық дамуының жоға- ры деңгейіне байланысты. Бүгінде Франция ЖІӨ көлемі бойынша – төртінші орынды (АҚШ, Жапония мен ГФР-дан кейін), шетелдік қаржы түсімі бойынша – үшінші, шетелдегі инвестициялар ауқымы бойынша төртінші орынды иеленіп отыр. Францияның экспорты мен импортының 60%-дан астамы, негізінен, Еуропалық Одақ елдерімен сауда үлесіне тиесілі. Қазақстанның Францияға қызығушылығы экономикалық ынты- мақтастықтың зор әлеуетіне, оның жоғары технологиясы мен ірі қаржылық мүмкіндіктері болуымен байланысты. Француз экономикасының жоғары өнімді аграрлық секторы да ерекше ықылас тудырады. Қазіргі таңда Францияның аграрлық секторы өз өнімінің көлемі бойынша Еуропада бірінші орынды, ал экспорт ауқымы бойынша екінші орынды иеленіп отыр. 2014 жылы ҚР мен Францияның тауар айналымы 5 млрд долларға жетті. Қазақстан үшін Франция маңыздылығы жөнінен бесінші сауда серіктесі болып табылады. 2005–2014 жылдар аралығында инвестиция көлемі 8 млрд долларды құрады [7]. Осылайша, Қазақстан мен Францияның сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастығының тарихи алғышарттары олардың экономикалық ішкі процестерінің дамуында жатыр. Ең алдымен, 53 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ №3 (47) 2015 Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік екі ел экономикасының жандануы мен жақындасу қарқынын анық- тап берген Қазақстандағы мемлекеттік меншікті қайта құрудың, жекешелендіру үдерістерінің серпіні мен ерекшелігін атап көрсет- кен жөн. Әскери саладағы Қазақстан-француз ынтымақтастығының басты бағыттарының бірі екі елдің халықаралық келісімдер шеңберіндегі өзара байланыстары болып отыр. Мысалы, Еуропа- дағы қарулы күштер туралы келісім және Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары бойынша Вена келіссөздер құжаты (ВҚ-(99)94) осындай халықаралық құжаттар болып табылады. Аталған құжаттар қағидаларын орындау жауапкершілігі Фран- ция Республикасындағы ұқсас құрылыммен байланыс жасайтын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Қару-жарақтарды қысқартуды және инспекциялық қызметті қамтамасыз етуді бақылау жөніндегі орталыққа жүктелді. Екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың басқа бағыттары халықаралық ұйымдардың қызметі аясында, соның ішінде ЕҚЫҰ- да өз көрінісін тапты. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2000 жылы маусымда Парижге сапары екі ел арасындағы саяси байланыстар- ға жол ашты. Халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасулар кезінде Франция басшылығы Қазақстанның аймақтық интеграция- лық үдерістерге қосқан үлесіне, оның АӨІСШК жиналысында бастамалар көтеру ісіне және республикамыздың БҰҰ, ЕҚЫҰ және т.б. ұйымдармен белсенді ынтымақтастығына жоғары баға берді. Осылайша, энергетика, инвестиция, банк секторларын құрайтын екі елдің экономика саласындағы өзара қатынастардың нығаюы саяси әрі әскери саладағы ынтымақтастықтың күшеюіне әкелетіні жөнінде қорытынды шығаруға болады. Қазақстан нарығына француздық ірі компаниялардың енуі екі жағдайда мүмкін болып отыр: біріншіден, осы бизнесті қорғап қана қоймай, оның алға жылжуына қалыпты жағдай туғызып отырған елдің қолайлы инвестициялық жағдайы мен сенімді құқықтық жүйесінің болуы, екіншіден, тату көршілік қатынастар мен республика- ның интеграциялық үдерістерге белсенді қатысуы арқылы қол жеткізілген аймақтағы тұрақтылық. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, оларды жүзеге асыру үшін Қазақстанда барлық жағдай жасалған. Келешекте әскери саладағы Қазақстан мен Франция арасындағы қатынастар едәуір нығаймақ. Өзінің президенттік билігі тұсында Н. Саркози басқа 54 №3 (47) 2015 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік мемлекеттерде жүргізілген тәжірибе сияқты дағдарысқа қарсы ұлттық бағдарлама әзірледі. «Дағдарысты басқару» бағдарламасы өзінің саяси қолдаушыларының арасында оң бағаға ие болды. Оның басты ерекшелігі – бюджет қаражатының бөлінуі мен оның орындалуын қадағалайтын арнайы мемлекеттік құрылыстың құрылуы [8, 254-259]. 2007 жылдың ақпанында Н. Саркози Еуропадағы саяси көшбас- шы рөлін өзіне қайтару үшін Жерорта теңізі одағы жобасын ұсын- ды, бірақ бұл идея іске асқан жоқ. Сонымен қатар 2011 жылдың басында Жерорта теңізіндегі Араб елдерінде және Ливияда болған оқиғаларға НАТО-ның араласуы, Париждің аймақтағы жетекші рөлді өзіне қайтаруға талпынуы мен ЕО-ның сыртқы саясатты қалыптастырудан бас тартпауы Францияның белсенділігін анық көрсетіп отыр. 2009 жылы қазанда Н. Саркози жалпы сомасы 6 млрд долларды құрайтын 24 келісімшартқа қол қойды. Француз компаниялары атом энергетикасында, білім, ғарыш және т.б. салаларда жұмыс атқара бастады. Сондай-ақ мұнай бағыты бойынша Каспийде Хвалынск бірлескен жұмыстары жөнінде пікір алмасты. Өкінішке қарай, жобалардың басым бөлігі іске аспады және болашақта екіжақты ынтымақтастықты жүзеге асыратын ірі жобалар бар екендігі анықталды [9]. 2011 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовтің Францияға сапары барысында еліміз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына бақылаушы мәртебесіне өтініш білдірді, сондай-ақ Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы виза тәртібі қарастырылды. Қазіргі Францияның сыртқы саясаты үш негізгі мақсатты көздейді: — өзін сақтау: «қордың сыртқа кетуі; — әлемде белгілі бір рөлді иелену үшін өз тарихын, саяси бағыты мен мәдениетін сәйкестендіруі; — елдің беделінің түсуіне, «құлдырау» жүйесіне бар күшімен қарсы тұру. 2012 жылғы 6 маусымдағы президенттік сайлауда Ф. Олланд жеңіске жетті. Ф. Олланд өзінің бағдарламасында дәстүрлі француз социалистеріне салықты қалталылардың мойнына ілуді, әлеуметтік салада қаражат көлемін сақтауды және жұмыссыздықпен күресу- 55 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ №3 (47) 2015 Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік ді уәде етті. Француздар Олландтың бағдарламасын француз сипатындағы «жаңа бағыт» ретінде қабылдады. Екі ел арасындағы ең маңызды мәселе – білім беру саласы. Қазіргі уақытта «Болашақ» бағдарламасы бойынша Францияда көпте- ген қазақстандық студенттер білім алуда. Жоғарғы оқу орындары- ның тікелей келісімшарттары бойынша тұрақты түрде студент- тер мен оқытушылар тәжірибе алмасып тұрады. «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Қазақстан- француз технология трансферті орталығы» құрылды. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы сыртқы саясатын қалыптастыруға және халықаралық сахнада өзін таны- туға мүмкіндік алды. Бүгінгі күні еліміз дүниежүзі мемлекеттері арасында лайықты орнын иеленді, аймақта ғана емес, әлемнің бар- лық елдері қызығушылық танытып отырған мемлекет. Франция- мен қарым-қатынасын дамыту – Қазақстан сыртқы саясатындағы басты басымдық, қазіргі кезеңде елдің экономикалық дамуына бірден-бір әсер етуші фактор ретінде қарастырылады. Елдің басты мақсаты – Франциямен екіжақты ынтымақтастық- ты арттыру және әріптестікті жоғары деңгейге жеткізу. Кеңею тұрғысында Франция Орталық Азия елдеріне жақындады. Осыған байланысты ЕО мен ҚР арасында серіктестік және ынтымақтас- тық туралы келісім жасалып, арнайы хаттамаға қол қойылды. Аталған құжат күшіне енгенде, Еуроодақтың жаңа тоғыз мүшесіне таратылды. Қатысушы мемлекеттердің көзқарасы бойынша оның осылайша кеңеюі (территорияның, тұрғындардың кеңеюі және т.б.) бұрын-соңды болмаған. Міне, осындай қарым-қатынастар елдер арасын жақындастыра түсетіні сөзсіз. Қазақстан мен Франция қарым-қатынасындағы қызығушылық өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықта жатыр. Еуропалық Одақ елдері Қазақстан Республикасының ерекше геостратегиялық және географиялық орналасуына басымдық (ірі экономикалық, ресурстық, адам әлеуеті) береді Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты қызметіндегі негізгі басымдылық экономикаға ашықтығы болып табылады. 2000 жылы қазанда Еуропалық Одақ Қазақстанды нарықтық экономикалық мемлекет ретінде мойындады, яғни ҚР мен Франция жаңа даму сатысына көтеріліп, еліміз сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың еуропалық бағытына бет алды. 56 №3 (47) 2015 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік Қазақстан Республикасы мен Францияның өзара қарым- қатынасының негізгі бағыттары – сауда-экономикалық байланыс, ТАСИС бағдарламасындағы экологиялық, мәдени мәселелер мен Орталық Азиядағы есірткі айналымымен күрес төңірегіндегі мәселелер. Бүгінгі таңда мұндай ынтымақтастық энергетикалық қорлар мен мұнай-газ саласына бағытталып отыр. Елімізде Total, Areva, GDF-SUEZ сияқты ірі француз энергетика компанияларының өкілдіктерінің ашылуы – Қазақстан мен Франция индустриалды стратегиялық серіктестік ретінде дамып келе жатқанының жарқын дәлелі. Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастар да соңғы жылдары жемісті дамып келеді. Ғылым, білім және мәдениет саласындағы Қазақстан-француз ынтымақтастығы 1993 жылғы Өнер және мәдениет саласындағы үкіметаралық келісімнің, 1994 жылғы Қазақстан ұлттық ғылым академиясы мен Францияның ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының арасындағы келісімнің шеңберінде дамып отыр. Бүгінде сол жасалған келісімдер екі ел халқының мәдениет пен өнер саласындағы байланыстары- ның негізіне айналды. Екі ел жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті нығайту мақсатында жыл сайын халықаралық білім беру форумдары өткізілуде. XXI ғасырға Франция әлемдік деңгейдегі демократиялық держава және ең ірі әлемдік мәдениет орталығы ретінде қадам басты және де бұл ел адамзат тарихында баға жетпес байлық қалдырып келе жатқан мемлекет ретінде танымал. Францияны «әлем зертханасы» деп бекер атамаса керек. Себебі, ол жерде мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың жаңа формалары зерттелген. Француздар қашанда әлемді жаулап алатын идеяларымен ерекшеленген. Сол сияқты, еуропалық бірігу идеясы да осылай орныққан. Ал еуропалық интеграцияда Батыс Еуропа елдерінің жетекші факторы Франция болып табылады, ол көшбасшылық рөл атқарып, еуропалық интеграцияның моторына айналды. Қазақстан үшін көшбасшы мемлекеттермен көпсалалы қарым- қатынасқа түсу өте маңызды. Франция мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар бүгінгі таңда өте кең салаларды қамтып, жемісті жүзеге асып келеді. Оның үстіне, Қазақстан Франция тәжірибесін өзінің ішкі саясатында, жергілікті басқару жүйесінде, экономикалық реформалар жүргізуде кеңінен пайдаланып отыр.

Оставить комментарий

Загрузка...