Загрузка…

ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ИСЛАМ ФАКТОРЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

Ең бірінші кезекте, мұсылман жұртшылығы Исламды – дін, өркениет және мемлекеттіліктің жаңа моделі ретінде қабылдағаны дұрыс. Шығыстың ұлы діндерінің ішінде ең кейінгісі болуына қарамастан, мәдени-діни мұрағат құндылығы соншалықты, оны діндердің ішіндегі пәктігі ең биік, имамы жоғары, дүние-мүлікті тек экономикалық жағынан адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыратын өмір игіліктері ретінде көрсететін Құдай жолы екендігіне еш күмәніміз жоқ. Оған қоса, тақырып етіп отырған Ислам дініне басқа ұлт өкілдері де еш кедергісіз кіре алады, Исламды, көп жағдайда, «діндердің ішіндегі ең бейбіттісі» деп атау себебі де осыдан болса керек. Ислам өзінің пайда болу барысында Таяу Шығыстың мәдени-діни дәстүрінің осал жақтарын жеңіп, өз бойына нақтылықты, тіптен догматикалық ілімге тән қатаңдықты бойына сіңіре алды. Бұл қатаңдыққа Исламның бес парызы – калима , бес уақыт намаз, ораза ұстау, зекет, қажыға бару; ешбір қарсылықсыз бір Аллаға, сонымен қатар оның Жердегі елшісі (халиф – Құдайдың орынбасары) Мұхаммад (с.а.с.) Пайғамбарымыз және соңғысының барлық сахабаларына құлшылық ету міндеттеледі. 184 Жоғарыда айтылып кеткен діни қатаңдық ислам туралы басқаша ойлайтындарға, өз діннен безгендерге (мунафиктерге) және өз дініне адал еместерге (кәфірлерге) деген шыдамсыздық, олармен дін үшін соғыс (джихад), бұл джихадты жүзеге асыру үшін қару- жарақ, әскердің болуы (газауат) және аталып кеткеннің барлығының негізінде барша мұсылман қауымының (умма) байланыстырушысы, көрінбейтін, алайда үзілмес дәнекері пайда болуының сарынын енгізді. Бұл діни специфика Исламның негізгі бағыттарын анықтады, атап айтқанда көзге көрінерлік еш бейнесі жоқ, бүкіл әлемге билікті жүргізетін жоғары күшке табыну (таухид), ислам өркениетіне тән дін мен саясатты, дін мен билікті ажырамай, бірыңғай етіп көрсету. Ислам мемлекеттілігі ежелден бері келе жатқан шығыс елдері конгломераты мен халықтарының арасындағы этникалық, мәдени, тарихи және өркениетті, яғни діни әртүрлілігінің ізін жойған бір монолиттік бірыңғай жүйенің қалыптасуына әкелді. Халифаттың тарих сахнасы үшін азғантай өмір (661 – 1258 жж.) сүргеніне қарамастан, ондағы орныққан ислам мемлекеттілігі халифат ыдырағаннан кейін де, бүгінгі күнге дейін де өмір сүруде[1]. Бүгінгі таңда, бүкіл әлемде ислам факторы маңызды рөлге ие. Ірі мемлекеттердің геосаясаттық мүдделерін анықтай отырып, әлемдік экономика, саясат, халықаралық қатынастарға күнннен-күнге тереңдетіп қатынасады. Батыстың көптеген саясаттанушылары мұсылман әлемін қазіргі халықаралық өмірдің маңызды, қозғаушы күші ретінде қарастырып, болашақта бейбітшілік және тәртіп сақталуының мысалы ретінде ұсынады [2]. Ислам факторының маңыздылығы артуының бірнеше айқын себептері бар, атап айтқанда: стратегиялық маңыздылық және мұсылман әлеміндегі ел мен халық саны. Бүгінгі таңда Азия, Африка және Еуропада халқының көп бөлігі мұсылмандар есебінен құралған 50 мемлекет бар, ал әлемнің барлық 6 құрлығында 120 мұсылмандық қоғамдастық (умма) бар деп саналуда, олардың ішінде көбісінің саяси және қоғамдық белсенділігі жоғары. Сонымен қатар, айтып кетерлік жайт – мұсылмандардың Еуропа және Оңтүстік Америка жерлеріне қоныс аударуы жылдан-жылға өсуде. Тұрақты және жоғары қарқынмен мұсылман елдерінде халық санының өсуі байқалады, осылайша, 1990 жылы 974,5 млн адам болса, 2000 жылы адам саны 1 263 млн-ға өсті. Жыл сайын бұл мемлекеттерде халық саны орташа деңгеймен 2,6 % -ға, ал бүкіл әлемдік деңгейде бұл көрсеткіш 1,7%-ға тең. Адайда өнеркәсібі жоғары дамыған елдерде бұл көрсеткіш 0,9% құрайды, және жылдан-жылға оның өсу қарқыны құлдырау жағдайында. Мұсылман әлемі белгілі бір периодпен қайталанып тұратын демографиялық жарылыстардың негізгі ошақтарының бірі болып саналғанымен, бұл аймақтағы туылу деңгейінің жоғарылығы мұсылмандық руханилықпен түсіндіріледі, ал жергілікті ресми билік өкілдері ислам заңдарын аяқ астына таптауға даттары бармай, жанұя жоспарлап, адам санын көбейту мәселелеріне ешқандай шектеу қоймайды. Осыған қоса, мұсылман мемлекеттерінің территориясынан минералдық шикізат көздерінің табылуы (мұнай, газ) маңызды рөлге ие, себебі Батыс елдерінің әскери жағынан және экономикасы үшін бұлар стратегиялық маңызды факторлар [3,4,5]. Жаңадан мұсылман мемлекеттерінде әскери ресурстар потенциалының тұрақты дамуы байқалады. Негізінен бұл мүмкіндіктер шетелден жаңа үлгідегі әскери қарулардың, жаңа заманғы әскери инфрақұрылым бойынша шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу есебінен жүзеге асырылады. Жалпы айтқанда, қазіргі кезде мұсылман елдерінде ұлттық әскери өнеркәсіпті нығайту мақсатымен көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр [6] Соңғы жылдары мұсылман елдерінің халықаралық саясатқа ықпал етуінің артуы байқалып, ұлы державалардың бұған амалсыз мойын сұнуға тура келді. Әсіресе Пакистан, Иран, Сауд Арабиясы, Мысыр, Индонезия және бірқатар елдерінің ішкі саяси амбицияларының өсуі көп байқалады. Жиі болмаса да, мұсылман елдерінің бірігіп әрекет ететіндерін қалауы анық көрінеді, бұған дәлел – 1969 жылы құрылған «Ислам конференциясы» ұйымы [7]. Мұнай және газ есебінен келетін зор қаржы капиталын иеленетін мұсылман елдері, олардың ішінде әсіресе Сауд Арабиясы, Пакистан, БАЭ және Кувейт исламизм идеясын 185 тарату мақсатымен басқа мемлекеттерге үнемі материалдық қолдау көрсетіп отырады. Ислам экстремизм таралуына әсерін тигізетін қозғаушы күштерінің бірі «Талибан» афган қозғалысы болды. Көптеген шетелдік мамандардың пайымдауынша, көп жағдайда практикамен дәлелденген әрекеттерімен ислам пропагандасы басқа елдердің ішкі істеріне тікелей (жабық немесе айқын) қол сұғуға дейін барады [5,9,11]. Бүгінгі таңда даму қиыншылықтарын басынан кешіріп тұрған ислам әлемінің жағдайы тұрақты емес, оның поляризация үрдісі жүріп жатыр. Бұл тұста исламдағы экстремистік тенденциялар, озбыр ұлтшылдық бағыттағы саяси альянстар және діннен пайда болған экстремизм күшеюде. Ислам фундаментализмі және экстремизмінің кенеттен озбыр, теріс ықпал етуінің пайда болу бірнеше себептері бар. Олардың ең негізгісі – халықтың, тұрғырдардың колониалдық тарихы бар, нашақорлықпен байланысты, оған қоса әлемде теріс заттар және іс-әрекеттер атауын иеленетін жайттардың пайда болу отаны болып есептелінетін капитализм қоғамының дамуымен байланысты негізгі идеологиялық құндылықтардың, социализмнің жойылып кетуі. Радикалды исламизмнің таралуының енді бір себебі ретінде шешімін таппаған араб-израиль қатынастары, Ирак және Ливиямен байланысты шешілмеген даулар, мұсылман елдері арасындағы жалпы шекаралық, территориалдық, этникааралық, конфессияаралық мәселелер көрінеді. Ішкі саяси қиын жағдайда шешімін таппаған және таба алмайтын мәселелердің шиеленісу ошағындағы мұсылман елдерінің тұрғындары өз болашақтары үшін айқын перспективаны көрмей, исламның теологиялық басқару үлгісіндегі және саяси билік Аллах өкілі қолындағы «алтын ғасыр» уақытын уағыздайды [9-12]. Батыс мамандарының пайымдауынша, ислам экстремизміне қарсы тұру негізгі шараларының ішінде фундаменталистік қозғалыстан орын табатын қарама-қайшылықтарды өз жағына пайдалы етіп қолдану, бұл дегеніміз – мұсылмандардың қазіргі өмірге лайықтау үшін күресетін діни реформаторларды қолдау.[7] Жалпы айтқанда бүгінгі таңда ислам факторы рөлінің деңгейі жоғары қарқынмен өсуде және ислам фундаменталистердің қолдарында бар барлық мүмкіндіктер әлі де сарқылмаған. Сол үшін ислам экстремизмімен болған күресті діндер арасындағы келіспеушілікке айналдыруға болмайды, себебі бұл басқа да мемлекеттер арасындағы ашық конфликтіге ұласып кетуі әбден мүмкін [8-13] Сол үшін де мемлекеттер арасындағы бейбіт қарымқатынасты сақтау мақсатында әрбір азаматтың пайдасы тиюі керек. Кез келген үлкен мәселе кішкеньай бөлшекмәселелерден құрылады демекші, әрбір нәрсенің шегін білу қажет, әсіресе дипломатиялық қатынастарда, әсіресе, араб елдері арасында… Исламның ерекшелігі сонда… әрбір нірсенің шегін білуде және түсінуде, мұсылмандар инабатты да ибалы болғагдығын жақтағандықтан және де бұл өмір бағытын үстанатындықтан, олардың территориясында өзіңді сәйкесігше ұстанған жөн…

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar