Загрузка…

ҚАЗІРГІ ПОСТМОДЕРНИСТІК ПОЭЗИЯ

Постмодернизм бүгінгі әдебиетшілердің назарына көптен ілігіп жүрген әдеби құбылыс деп саналады. Ол — қазіргі әдебиеттің басты ағымы. Ең алдымен постмодернизмді ағым ретінде не болмаса ХХ ғасырдың құбылысы ретінде тану үшін постмодернизмнің негізгі қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтап алуымыз керек. М.Эпштейннің ойынша постмодерн – модерннен кейін немесе модернизмнен соң пайда болады. «Это два нравно значных понятия «пост», одно из 75 которых «постмодерность (соотносимая с «модерностью»), есть длительная эпоха, в начале который мы живем – второе же «постмодернизм» (соотносимый с «модернизмом») есть первый период, вход в эту большую эпоху. Если две большие эпохи, модерная и постмодерная зеркально отражаются друг в друге, то естественно что последний период эпохи модерности, а постмодернизм это первый период эпохи постмодерности» М.Эпштейннің сенімі бойыншабіз постмодерн мен постмодернизмнің арасында тұрмыз. «Модернизм Батыста 1960 жылдарға дейін созылса, Ресейде одан да ерте 1920 жылдары постмодернизмге, коммуникациялы формацияға орын беруі тегіннен тегін емес», — дейді М.Эпштейн [1,54]. Модернизм (Modernism) әдебиеті ХҮІІІ ғасырдың ортасында — романтизм, реализм секілді байырғы әдебиеттік үлгілерге қарсы немесе оның басқаша бейнелену әдісімен кемелденген түрі негізінде қалыптасқан ағым. Ол жаңаша түрленіп, постмодернизм (postmodernism) деп аталған. Қарапайым сөзбен айтар болсақ, постмодернизм әдебиеті модернизм әдебиетінің дәстүрлі әдебиетпен отаспайтын тәсілдеріне мұрагерлік ете отырып, оны ең жоғары өреге көтеріп қана қалмай, ары қарай дамыған түрде, модернизм әдебиетінің түрліше тәсілінен де өзгеше, өзіне ғана тән бейнелеу әдістерін қалыптастыру негізінде туған. Әр ұлттың әдебиетінде көркемдік әдіс, бағыттар, ағымдар әр кезеңде әр түрлі жағдайда өзгеше қалыппен пайда болып, дами бастайды. Қайсыбір әдіс, бағыттар басқа топыраққа тамыр жібермей жатады. Ол орта табиғатына байланысты.Ал, қазіргі постмодернизмнің қазақ әдебиетіндегі көріністері тұтас бағыт деңгейіне көтерілмеген, олар өзара ара-жігін де ашып дараланбағандықтан, бүгінгі күн бедерінде көркем-әдеби ағым ретінде өмір сүруде.Бірақ, біз бұл үдерісті жылдамдатуға да, кідіртуге де құқылы емеспіз. Постмодернизм қазақ топырағына кенжелеу келіп жатқан әдеби ағым болса да бұл жөнінде ақындардың да, ақын шығармашылығын зерделей қарайтын ғалымдардың да өзіндік пікірі бар. Филология ғылымдарының докторы, академик С.Қасқабасов постмодернизм туралы өз ойын былайша білдіреді. «Шынтуайтына келгенде модернизм дегеннің өзі – жаңа деген сөз. Постмодернизм – өндірісі қатты дамыған постиндустриялы елдерде кең таралған. Өйткені, олар бұрынғы классикалық әдебиеттен қол үзіп кеткен. Біз болсақ, классикалық реализмнен, классикалық әдебиеттен қол үзгеміз жоқ. Одан қол үзе алмайтын себебіміз, бізде әлі постиндустриялық қоғам құрылған жоқ. Ол үшін өндіріс өте мықты дамып, капитализмнің ең биік шыңына жетіп, бүкіл өмірдің бәрі индустриялануы керек, қалалық ұлт болып қалыптасуымыз керек. Сосын бүкіл қалалық өмір мен далалық өмір араласып, құжынап жатуы тиіс. Бірақ біз оған жеткен жоқпыз. Сондықтан постиндустриялық қоғам болмай тұрып, постиндустриялық қоғамның өмірін суреттей алмаймыз. Алайда, постмодернистік тәсілді меңгеріп алған біздің кейбір қаламгерлердің ісі сыртқы көрініс қана.Кейіпкердің сандырақтауы, елес көруі, болмаса кейіпкердің басқа бір нәрсені ойлап, басқа бір әлемге шарлауы, осының бәрі шындап келгенде, өз әдебиетіміздің әсерінен шыққан нәрсе Постмодернизмнің сыртқы көрінісі қандай деген сауалға жауап беретін болсақ, ол – өмірдің бейнесінен алыстап кету, ойда жоқ нәрсені айту. Я болмаса, елес қуып, адамның екіге бөлінуі, екі ойлы болуы, сандырақтапбір нәрсені айтуы» [2,4]. Бір қарағанда, постмодернизм түрлі «измдердің» бір нұсқасы сияқты. Қолдан жасалған нәрсе сияқты көрінуі де мүмкін. Көкейімізде біздің әдебиет реалистік бағытта дамуы тиіс деген сауалдың да жатқаны жасырын емес. Бірақ, өмірдің өзін суреттейтін әдебиет реалистік болумен қатар, сондай-ақ адамның қиялын да суреттеуі керек. Өмірде жоқ нәрсені көрсетумен де әдебиет – өнер. «Қазіргі қазақ поэзиясына бұлқыныс, сілкініс керек. Поэзиямызды неғұрлым тезірек модернизациялауымыз керек. Қазақ поэзиясы, әсіресе, жас ақындарымыз әлемдік поэзияға жіті көзбен қарап, ескіні есте сақтауға қалдырып, модернизм жолына түсуі керек, жастар жаңаша жазуға ұмтылуы жөн. Бұл қолдан келмейтін нәрсе емес. Өзімізде бәрі бар. Сол бар нәрсені іске қосу керек. Поэзиямызды модернизациялағанда есте болатын ең маңызды проблема, жаппай науқаншылыққа жол бермей, өзіміздің ұлттық дәстүрімізді, әсіресе өлеңдегі ұлттық ерекшелігімізді, ұлттық ұғымымызды, ұлттық философиямызды берік ұстануымыз парыз. Жаңа өлеңдегі жаңа формаға, жаңа өлшемге, жаңа логикаға әр ақынөзінше бірте-бірте көшкені дұрыс 76 болмақ. Әлем елдері поэзияның жаңа бағытына көшіп алса да, біздің қазақ поэзиясы ескі әләулаймен әлі келе жатыр.Біз әлі төрт жолы бір шумақтан тұратын ескі өлең құрылысынан шыға алған жоқпыз» [3, 10], — дейді ғалым Әубәкір Нілібаев. Ал, ағымның негізгі сипаттары қандай деген сауалдың да жиі мазалайтыны рас. Мұның бәрі қазақ әдебиетінде де постмодернистік бағыттағы өкілдердің бар екенін, осы бағытта да біраз ізденістер мен сынақтар жасалынып жатқанын және олардың бәрі саналы түрде емес, шығарманың ішкі көркемдік тұтастығынан туындап, ішкі үндестігінен, табиғи заңдылығынан шығып отырғанын да көрсетеді. Демек, қазіргі өлеңтанудағы көрініп отырған жанрлық өзгерістерге шығарма көркемдігін әр түрлі тропалар жүйесімен тұтастырып тұрған сипатты тануға болады. Қазаққа өлең, өлеңге ақын көптік етпейді. Бүгінгі жас поэзиямызда Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс, Ардақ Нұрғазы, Тоқтарәлі Таңжарық, Ұларбек Нұрғалым, Қуаныш Дәлей, Гүлманат Әуелхан, Ықылас Ожай, Ырысбек Дәбей, Серік Боқан, Азамат Тасқараұлы сияқты ізденіс үстіндегі бір топ жас ақын сол бір соны соқпақтарға түрен салғысы келетіндігімен қуантады.Өзін-өзі тануға ұмтылыс жасап жатқан ақындарымыздың түрлі ізденіске баруының астарына үңіліп көрейік. «Қазіргі қазақ ақындарынан постмодерндік ағымға мейлінше жақын тұрған – Тыныштықбек Әбдікәкімов. Оған өлең құрылымы мен поэтикалық жүйе, өзіне ғана ұқсас ойлау жүйесі куәгер. «Ақпан прозасы»: Алтын тәжді күн – анау, Қызыл түкті құлағы неткен ұзын. Жердің милығына дейін, Судың құйрығына дейін жеткені шын!? Күміс тонды Ақпан – мынау, Ақ тырнақты аязымен алып түсердей бет терісін! Алаштың несін айтасың, Ата тілі отыз тіске қамаулы, Ата Мекені обалсыздарға тонаулы. Шүлдірлек көкпегі үшін, Нан табу мектебі үшін, Оқалы шекпен үшін, Қыңсыған көк итке айналдырды, тәңірлік Көк Бөрісін… [4, 23]. — дейді ақын. Қасқырдың анасы – табиғат. Ол – біздің арғы бастауға қатысты ырықсыздық деңгейіндегі тұрақты сағынышымыз. Бөрі – біздің тотеміміз. Адамның ой астарында осындай ежелден таныс нысандарға кезіккенде барынша жігерлі кейіп алуға ұмтылады. Ақын біткен Абылды іздеп өксиді, Жаратылған қара жүрек Қабылдан», -(Маралтай) деп пенде болса да, періштелікке ұмтылған әдебиеттегі кейінгі толқынның көркемдік әлемі сан алуан. Қазіргі лирикадағы сан тарау ізденістердің негізі – шынайы сезінуден, толғанудан туындайтын сезімдерді жеткізе білуден бастау алса, бұл тарапта постмодернист Маралтайдың жаңашылдығы «жүрегіне жұлдыз шашып ойнаған түн», «қобыз тартып қаңқылдап көшіп бара жатқан жан», «даланы бауырына алып құлаған қара түн», «адам тәнінен қонарға жер таппаған періште», «санаға сарыған сайқал тағдыр», «аппақ айдың анарындағы дақ», т.б. бейнелеулерден көрінеді. Постмодернистік поэзияға тән транслиризм, психолиризм сияқты тәсілдер Маралтай өлеңдеріне жат емес: Түн мекені түнекке Серік таппай бойлаған. Біздің ғазиз жүрекке 77 Жұлдыз шашып ойнаған [5, 28]. Түннің мұндай қалпы мен әрекетін ақынның ақындық көзі мен түйсігі ғана аңғарса керек. Таптаурын баяндау мен қалыптасқан дағдыдан өзгеше өрнекке құрылған өлең. Махамбетке Ықыластың жасаған сатқындығын мысал еткен Маралтай ақын да жалғыздықтан өзге шынайы достықтың жоқ екенін астарлай жеткізіп, сенер ешкім таппайды. Көбейіп кенет жалқы боп, Ере алмай заман көшіне. Сүйеніп, сенер халқы жоқ, Махамбет түсіп есіме. Теңселіп үйге қайтамын, Батыр боп, кейде ақын боп. Жалғыздық әнін айтамын, Жалғыз болмасқа хақым жоқ. (Махамбеттің мүсіні) [5, 19]. Жалпы, ақын қолдан саналы түрде рухани мертіккен тұлғаны тудыруы керек. Осылай ғана қалыпты түсініктің арнасы бұзылады, инфляцияға ұшырап құнсызданған бейнелеу тілі осылай үрейдің орнын үреймен ойын, яғни эксперимент басқанда ғана мәдениет алға жылжиды. Ал, Ақберен — осындай қадамға барған ақын. «Айнадағы бейнеге ұқсасам да, Сол біреуге тартпаған ішімдегім!» «Біреудікі – өксігім, жымиғаным»[6, 31]. Ақын өз ішінен екіге жарылған. Ішіндегі оған жат біреу кім? Сананың екіге жарылуы көрінеді. Абсурд қаһарман бейнесін жасайды. Лирикалық қаһарман ішіндегі ыңылдап отырған біреудің көңіл-күйін сипаттап, өзі сыртта бақылаушы болып қалады. Өзін тынымсыз ізденіс үстінде көрсететін Ақберен жыры көбінде жұмбақ сырларға оранып, оны өзіне ғана тән өзгеше бояумен беруді мақсат ететін сияқты. Мысалы: Менің жұмық көздеріммен бір кісі, Жылап отыр… Сондай оның күлкісі… …Оның жасы — мыңжылдықтар құрдасы, …Оның сөзі — мың мұңлықтың сырласы… …Менің соқыр саусағымды шошайтып, Бәз-біреуге күрсінеді қош айтып. Содан кейін менен шарап сұрайды, Сіміре сап тұңғиыққа құлайды, Жүрегімді масайтып… Бір қазада еріп келген қорымнан, Бұл кісімен мұңдас едім бұрыннан. Жетімек шал… Орын беріп ішімнен… Содан бері қара дертке ұрынғам [6, 43]. Біз осы өлеңді оқып отырып енді «жетімек шалдың» кім екенін іздейміз. Ол ақынның өзі емес пе, өзегін жарған қайғы-мүң емес пе деген әр түрлі ойларға барамыз. Ақын бізді күмән торына қамайды. Оның ғарыштан, беймәлім дүниеден іздеген жұмбағын біздің де бірге іздескіміз келеді. Ақбереннің тағы бір ерекшелігі өз ойын сылдыр сөзден көрі оқиға немесе суретпен жеткізуге тырысатындығы. Құмардың шөбін тістедім Құмырсқаша ойланып… Жусанды иіскеп айықтым, Жымиған гүлдер ішінен…, — деген тәтті де сәтті жолдар жай ғана сурет болмастан өзіндің философиясымен көкірегіңді жылы ағынымен жуып өтеді. 78 Ал, ақын Ерлан Жүністің өмірді қабылдауы мүлде басқаша, өркениет қанат жайған, технократтанған таңда жарқын болашаққа деген күмән ақынның қыр соңынан қалмайды. Ешкімге сенгім келмей, Ешкіммен күлгім келмей, Ешкімді көргім келмей, Ештеңе білгім келмей, Еш әнге салғым келмей, Ешкім де болғым келмей, Ешқайда барғым келмей, Ешқайда қалғым келмей, Лә-лә-лә, келем, лә- лә, Тұманға сіңіп кетем. Өзім де, өзге де, қала – Мен жайлы ән емес екен! [7, 42]. Жалғыздық пен қоғамды жатсыну философиясын көреміз. Қаламгердің ішкі трагедиясы, мазасыз болмысы жалғыздығында, «бейүміттілігінде». Ақын күресуге бел бумайды. Шарасыздықтың әніне салады. Сұр үйлер – үйілер, үйілер, Сұр көше – көше,көше… Жан бүгін жалғыз билер Естіген күйге кеше [7, 52]. Автордың ойы жұмбақ. Уақыт өте көшелер орнынан көшіп, сұр үйлер үйінді болып қалады. Жайдақ тілге аударсақ, осылай болар еді. Астарлы ойдың астында жалған дүниенің өткіншілігі жатыр. Оқырман поэзия қарапайым болсын, түсінуге жеңіл болсын дейді. Яғни, менің қатарыма келіп тұрсын дейді. Қарапайымдылықтың екі түрі бар. Бірі – оқырманның қарапайымдылығы, дәлірек айтқанда, қарабайырлығы. Екіншісі – ақынның қарапайымдылығы.Оқырманның қарапайымдылығына жету үшін – төмен түсу керек. Ақынның қарапайымдылығына жету үшін – өрлеу керек. Зерттеуші А. Ісмақова өзінің бір зерттеу мақаласында американдық әдебиеттанушы Ихаб Хасанның постмодернизмнің белгісіздік (неопределенность), (фрагментарность) үзіп алынған сәт, деконизация, утрата «Я», ирония, гибридизация, карнавалность, сконструированность, т.б. сынды қасиеттерін санамалағанын айтады. Бәріне күдікпен қарау – әлемді танудың кілті іспеттес. Маңаймыздағының бәрі жалған, әрбір өтірік өзінің уысында шындықтың өзінде бір тамшы болса да у бар деп санайды бүгінгі постмодернистік авторлар»[8, 3]. Демек, қазіргі қазақ поэзиясында постмодернизмнің беталысы бар. Постмодернистік ағым арнасына кеп түскен қаламгерлеріміз бүгінгі күннің ғана авторлары болғандықтан да, олардың аяқ алысы немен тынады, әдебиетке не береді, дұрыс па, бұрыс па, оқырман қалай қабылдайды — келешек үлесіндегі дүние деп білеміз. Әзірге әдеби құбылыс ретінде қабылдауымыз керек. Ағылшын тіліндегі «post» сөзінің уақыт жаңалығына емес, сапаға қаратылғанын ескерсек постмодернизм деген атаудың өзі жаңа әдеби қозғалыс.Кез-келген дәстүрдің басы жаңашылдықтан басталатыны сияқты, жаңашылдықтың да келе-келе дәстүрге айналуы мүмкін. Уақыт – таразы, сондықтан кез-келген жаңашылдық дәстүрге айнала бермей, өткінші құбылыс болып қана, жылдар шаңына жұтылып кетуі де бар. Жаңалыққа үрке қарау, үрке қарай отырып оған бойымызды үйрету, қабылдау ежелгі әдетіміз. Әлемдік әдебиеттің озық үлгілеріне еліктеу және оның қазақы болмысын жасау — жаңа ағымшыл жастарымыздың ғана емес әдебиетіміздің де мұрат-мақсатының бірі. Қуанарлығы бүгінгі қазақ поэзиясы осы сауалға өлеңмен жауап іздеп, әр ақын шамасынша іздену үстінде. Сүтпен бітіп, сүйекпен қайнасқан ата-бабамыздың асыл рухы бағзы көкбөрілігімен даралана 79 жосылып, әлем әдебиетінің алдына шықпаса артында қалмайтындығына сендіреді. Бүгінгі жаңа есімдердің ертеңгі жарық жұлдыздар шоғырын құрайтынында күмән жоқ.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar